Ісіктер. Ісік алды аурулар. Қатерлі және



бет3/4
Дата04.11.2023
өлшемі1,84 Mb.
#121811
1   2   3   4
Аналық безі обыры (ісік) - эпителиалды дамитын аналық бездердің қатерлі ісігі.
Аналық бездің барлық қатерлі ісіктерінен эпителиалды қатерлі ісіктер 80-90% құрайды. Эпителиалды ісіктердің көзі болып аналық бездің тері эпителиі.
Аналық бездің екіншілік обыры қатерленген целиоэпителиалды кистомалар нәтижесінде дамиды (онкология институтының мәліметтері бойынша, барлық целиоэпителиалды кистомалардың 45,8% қатерленеді), псевдомуцинозды кистомалар, герминогенді ісіктер (дермоиидты кисталар), жыныс стромасының ісіктері (гранулезожасушалы ісіктер, андробластомалар, текомалар).
Құрсақ қуысы бойынша ісіктердің жайылуы серозды сұйықтықпен өтеді, жиі құрсақ қуысының ішкі қабырғасы зақымдалады, әсіресе оң жақ диафрагмаасты кеңістік, сонымен қатар, имплантационды жолмен зақымдалатын үлкен сальник. Сондай-ақ, ісіктердің диссеминациясы парааорталды және паракавалды түйіндерге лимфа жолымен өтеді.
Лимфалық дренаж және лимфогенді метастаздану, жатырдың кең байламына және жамбастың құрсақ қабырғасында болады, сыртқы мықын, жабылатын және құртасты қосады. Ісік сирек жатырдың дөңгелек айналымы жолымен түйіндерге жайылады, кейіннен шап лимфа түйіндері қосылады. Көптеген жағдайда асқынған кезде науқастарда ретроперитонеалды лимфотүйіндер де анықталады.
Гистологиялық жіктелуі
Аналық бездің эпителиалды қатерлі ісіктерінің негізгі жіктелуін БДҰ және FIGO өндеген. Номенклатура жасушаның түрін, ісіктің орналасуын, қатерлену деңгейін көрсетеді.
Эпителиалды жүретін аналық бездің қатерлі ісіктері:
Қатерлі серозды ісіктер,аденокарцинома, папиллярлы аденокарцинома,папиллярлы цистаденокарцинома,беткейлі папиллярлы карцинома,қатерлі аденофиброма, цистаденофиброма.
Қатерлі муцинозды ісіктер.
Аденокарцинома,цистаденокарцинома,қатерлі аденофиброма, цистаденофиброма.
Қатерлі эндометриоидты ісіктер.
Карцинома:
Аденокарцинома.
Аденоакантома
Қатерлі аденофиброма, цистаденофиброма.
Эндометриоидты стромалды саркомалар.
Мезодермалды (мюллеровалар) аралас ісіктер, гомологитті және гетерологитті.
Ашықжасушалы (мезонефроидты) ісіктер, қатерлі. Карциномалар, аденокарциномалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет