Ісіктер. Ісік алды аурулар. Қатерлі және


Жатыр мойны эрозиясының пайда болу себептері



бет2/4
Дата04.11.2023
өлшемі1,84 Mb.
#121811
1   2   3   4
Байланысты:
126022.pptx

Жатыр мойны эрозиясының пайда болу себептері
Эрозия туа біткен болуы мүмкін (псевдоэрозия немесе эктопия) және жүре пайда болған (жарақат алу немесе инфекция салдарынан) болуы мүмкін. Әдетте, жатыр мойны эрозиясы жасанды түсік жасатқан, гормоналды бұзылыстары бар, жыныстық инфекциялары бар және қынап дисбактериозы бар әйелдерде жиі кездеседі.
Жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар: урогенитальды хламидиоз, трихомониаз, микроплазмоз және уреаплазмоз, гонорея, папиллома вирусты инфекциясы, екінші типті герпес вирусы немесе генитальды герпес. Әйелдердің жыныс мүшелерінің басқа да қабынушы аурулары. Қынаптың қабынбалы аурулары ( вагиниттер, кольпиттер, бактериалды вагиноз, молочница). Жатыр монының шырышты қабықшасының механикалық зақымдалуы ( бала босану, жасанды түсік тастау, дөрекі жыныстық қатынас).
Эрозияның дамуына келесі факторлар әсер етеді:
Гормоналды бұзылыстар; Етеккір циклының бұзылуы; Жыныстық өмірді ерте бастау және серігін жиі ауыстыру; Иммунитеттің төмендеп кетуі. Жатыр мойны эрозиясы белгілері (симптомдары) Жатыр мойны эрозиясының ешқандай клинникалық белгілері болмайды: ауруды тек гинеколог маманға тексерілу арқылы білуге болады. Алайда, кей жағдайда, эрозия бар екендігін, жыныстық қатынастан соң қынаптан қызғылт немесе қоңыр түсті сұйық бөлінулердің болуы арқылы білуге болады. Сонымен қатар жыныстық қатынас кезінде ауырсынулар сезілуі мүмкін. Қуықтың асты ауырады.
Жатыр мойны эрозиясының диагностикасы
Гинеколог дәрігер жатыр мойнын айнамен тексеру арқылы аурудың бар екенін анықтай алады. Бірақ эрозия оптикалық жабдық – колькоскоп – арқылы тексеріледі. Тексеру кезінде дәрігер сараптама үшін жағынды немесе патологиялық өзгеріске ұшыраған жерден (биопсия) кішкентай тері үлгісін алады. Бұл тері үлгісі микроскоп арқылы толық тексеріледі. Диагнозды растағанда типтік емес жасушалардың болмауына аса көңіл бөлу керек. Өйткені бұл — онкологиялық процестің белгілірінің бірі.
Жатыр мойны эрозиясын емдеу
Эрозияны дәрі-дәрмек арқылы және дәрі-дәрмектің көмегінсіз (Мысалы: термиялық күйдіру, лазер, сұйық азот және т.б. арқылы) емдеуге болады. Жатыр мойны эрозиясын дәрі-дәрмектер арқылы емдеу. Дәрі-дәрмек арқылы емделгенде қабынуға қарсы дәрілер қолданылады. Олар эрозияның пайда болу себептеріне әсер ету арқылы, зақымдалған жасушаларды қайта қалпына келтіруге септігін тигізеді. Егер де эрозия қынаптың инфекциялық ауруының (хламидиоз, микоплазмоз) салдарынан пайда болса, алдымен осы ауруларды емдеп болып, кейін эрозияны емдеуге кірісу арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Зақымдалған жасушаларды жылдам қалпына келтіру үшін вагиналды шамдар, ерітінділер, жақпа майлар белгіленуі мүмкін. Бұл дәрі-дәрмектер микробтарға қарсы әрекет етіп, жатыр мойнының шырышты қабықшасы жасушаларының жылдам қалыпқа келуіне септігін тигізеді. Жатыр мойны эрозиясының бетіне жағылатын дәрі-дәрмектер зақымдалған жасушаларды сау жасушаларға алмастыру арқылы әсер етеді. Бұны химиялық коагуляция деп атайды. Алайда тек дәрігер ғана алынған сараптама көрсеткіштері бойынша дұрыс ем қабылдау жолы мен керекті дәрі-дәрмектерді белгілей алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет