Искакова Ш. Г


ол болып аударылады. Ағылшын тілінде he ерлер



Pdf көрінісі
бет16/179
Дата25.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#86881
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   179
ол болып аударылады. Ағылшын тілінде he ерлер туралы айтқанда 
қолданылады: boy scout, man student; mate nurse, he - goat, he - elephant. 
She, керісінше, əйелдер, қыздар, бикелер туралы айтқанда 
қолданылады: she-goat, she - elephant, girlfriend. Кейде -ess жалғаулары 
əйел адам екендігін білдіруде колданылады: waitress, lioness, actress, 
hostess. 
Lady сөзі сыпайыгершілікті көрсетеді, бірақ бұл сөз əйелдер туралы 
ресми, ғылыми жəне медициналық контексте қолданған жағдайда ғана 
қолданылады: Lady - doctor, business lady, lady of quality, Lady Diana. 
 
Артикль (The Article) 
 
Ағылшын тілінде екі артикль бар: белгісіз жəне белгілі артикль. 
Белгісіз артикль one сан есімінен, белгілі артикль that (анау) сілтеу 
есімдігінен шыққан.
Артикль қолданылады: 
- əрбір жалпы есім алдында. 
Артикль қолданылмайды, егер зат есім алдында: 
- сілтеу немесе тəуелдеу есімдіктері, 
- тəуелдеу септігінде басқа зат есім, 
- есептік сан есім
- no болымсыздығы тұрса.
Мысалы: This is my book. I have no book. It’s teacher’s book.
Зат туралы бірінші рет айтқанда белгісіз артикль а (an) 
қолданылады. Осы затты екінші рет айтқанда белгілі артикль the 
қолданылады. 
Белгісіз артикль. 
Белгісіз артикль бір класқа жататын заттардың ішіндегі бірі деген 
мағынадағы зат есімнің алдында қолданылады.
Мысалы: I bought a book yesterday.(сондай заттардың бірін) I have an 
apple. (бір)
Егер де сөз дауыссыз дыбыстан басталса, онда сөздің алдында а [ə] 
артиклі қойылады. 
Мысалы: а table үстел, a book кітап 
Егер сөз дауысты дыбыстан басталса, онда сөздің алдына аn [ən] 
артиклі қойылады. 
Мысалы: an apple алма, an old man шал, қарт адам. 
Белгісіз артикль тек жекеше түрдегі саналатын зат есімдердің 
алдаында тұрады. Саналмайтын зат есімдер мен көпше түрдегі зат 
есімдердің алдында артикль қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет