Искакова Ш. Г


© «Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстанаграрлық-техникалық



Pdf көрінісі
бет2/179
Дата25.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#86881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
© «Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстанаграрлық-техникалық 
университеті» РМК, 2015  



Алғы сөз 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 
халқына жолдауында «Үш тілің тұғырың» деп үш тілге - қазақ тілі, орыс 
тілі, ағылшын тіліне назар аудару туралы айтып өтті. Ағылшын тілі - 
бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен 
журналистиканың барлық салаларында кеңінен колданылып келе жатқан 
тілдердің қатарына жатады. 
Ағылшын тілін оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге 
көбеюуде. Ағылшын тілін оқып үйрену үшін, қазақ тілі негізінде 
құрастырылған бұл оқу- əдістемелік құралы жоғары оқу орындары қазақ 
бөлімі студенттеріне жəне өз бетімен ағылшын тілін үйренушілерге 
ұсынылып отыр. Оқу-əдістемелік құралы ағылшын тілі бағдарламасының 
талаптарына сай жазылған.
Оқу əдістемелік құралының мақсаты ағылшын тілінде оқудың негізгі 
ережелерімен таныстыру, оқу бағдарламасы көлемінде сөйлеу, жазу, оқу, 
аудару дағдыларына үйрету. 
Оқу құралы екі бөлімнен тұрады. Әр сабақтың құрамы негізінен келесі 
түрде:
1. Грамматикалық 
тақырыптар 
мен 
ережелер. 
Лексика-
грамматикалық жаттығулар 
2. Оқу ережесіне сай жаттығулар мен тест. Өткен материалдарды 
пысықтау. 
Берілген 
грамматикалық 
тапсырмалар 
негізінен 
студенттің 
тақырыпты қалай түсінгендігін тексеруді жəне өтілетін функционалдық 
үлгілерді қолдануға үйретуді мақсат етеді. Жоғарыда көрсетілген
мақсаттарға жету үшін əр сабақты белсенді түрде меңгеруге арналған 
сөздер мен жалпы лексика-грамматикалық терминдер жəне олардың
қолданылуын бекітуге арналған жаттығулар мен тест берілген. Оқу 
құралының арнайы бөлімі грамматикалық материалды қайталауға жəне
ғылыми-əдебиет көздеріне тəн кейбір қиын грамматикалық құбылыстар 
мен синтаксистік құрылымдарды жаттықтыруға арналған.
Оқу құралы қазақ аудиториясының студенттеріне көмегін тигізері 
сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет