Искакова Ш. Г



Pdf көрінісі
бет15/179
Дата25.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#86881
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   179
Possessive case 
Ағылшын тіліндегі зат есімнің тəуелденуі. Possessive case қазақ 
тіліндегі Ілік септікпен сəйкес келеді. Зат есім сөйлемде өзінен кейінгі зат 
есімнің анықтауышы болып, whose? — кімдікі? кімнің? кімдердің? деген 
сұрақтарға жауап береді. 
Ағылшын тіліндегі бұл септіктегі жанды, жансыз заттарды; 
жинактау мағынасындагы құн, салмақ, арақашықтык,, уақыт ұгымдарын; 
теңіздердің, планеталардың атауларын білдіретін зат есімдерге дəйекше 
(апостроф') жəне -s жалғауы жалғануы аркылы жасалса, қазақ тілінде -
тың, -дың, -тің, -дің, ның, -нің, -лық, -лік т.с.с жалғаулықтары арқылы 
жасалады. 
Aidana's sister. - Айдананың сіңлісі. 
The cow's legs. - Сиырдың аяқтары. 
The family's pride. - Отбасының мақтанышы. 
People's honour. - Халықтың намысы. 
Eight hours' working day. - Сегіз сағаттық жұмыс күні. 
At the day's distance. - Бір күндік жол. 
A week's leave. - Бір апталық демалыс. 
The sun's ray. - Күннің сəулесі. 
The Venera's light. - Шолпан жұлдызының жарығы. 
The Aral Sea's ecology. - Арал теңізінің табиғаты. 
Ағылшын тілінде егер затқа (нəрсеге) екі адам иелік ететін болса, 
тəуелді септіктің дəйекшесі жəне -s жалғауы соңғы зат есімге жалғанады, 
қазақ тілінде де жалғаулық соңғы зат есімге жалғанады: 
Marat and Kasym's flat. - Марат пен Қасымның пəтері. 
Ағылшын тілінде көпше түрде қолданылатын көптік жалғаусыз зат 
есімдерге тəуелді септікте дəйекше жəне -s жалғанады: 
Children's mother. - Балалардың анасы. 
Егер көптік жалғаулы зат есім ілік септікте тұрса, оған тек дəйекше 
қойылады да, анықталушы зат есім артикльсіз жазылады: 
The students' tests are good. - Студенттердің бақылау жұмыстары 
жақсы. 
Gender 
(Зат есімнің род категориясы) 


18 
Қазақ тілінде род категориясы болмайды. He, she, it қазақ тіліне тек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет