Искакова Ш. Г


Ағылшын тіліндегі саналмайтын



Pdf көрінісі
бет7/179
Дата25.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#86881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   179
Ағылшын тіліндегі саналмайтын зат есімдер қазақ тіліндегі көптік 
мəнді зат есімдермен мағыналас. Ағылшын тіліндегі саналмайтын зат 
есімдер тек жекеше түрде қолданылады, олардың алдына артикль 
койылмайды. Саналмайтын зат есімдермен келген етістіктер тек жекеше 
түрде қолданылады. Мысалы, Here is some information for him. 
Сонымен қатар олар сан есімдермен қолданылмайды. Мысалы, 
some information. Ағылшын тіліндегі кейбір зат есімдерге -s жалғауы 
жалғанғанымен, олар саналмайтын зат есім болып есептеледі де, етістік 
жекеше түрде қолданылады. Мысалы: The news is bad today. Ағылшын, 
қазақ тілдеріндегі зат есімнің бұл категорияларының өзіндік ерекшеліктері 
бар - олар затты топтап атайды, сонымен қатар оларға практикалық тілде 
жалғаулар жалғанбайды. Оларға төмендегі зат есімдер жатады: 
а) 
жаратылыс құбылыстарының атаулары: 
rain - жаңбыр, snow — қар, snow storm - қарлы боран 
ə) ұсақ заттар, ұнысқан майда заттар мен үгітінді заттардың атаулары: 



flour - үй, hair - иаш, dust - шаң, wool - жүн 
б) 
сұйык заттардың аттары: 
tea - май, oil - сұйық май, sour milk - айран, milk - сүт, coffee - кофе 
в) 
газ тектес ұшатын заттардың аттары: 
steam - бу, air - aya, smoke - түтін, fog - туман 
г) 
дерексіз үғымдарды білдіретін заттардың атаулары: 
mind - ақыл, ой, sense - сезім, sorrow - қайгы, қасірет, honesty - адалдъқ 
г) 
өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: 
gold - алтын, silver - күміс, steel - құрыш. 
Ескерту. Ағылшын тілінде кейбір саналмайтын зат есімдер кейде 
саналатын зат есімдер ретінде де қолданылады, бірақ олардың мағыналары 
басқаша болып өзгереді. Мысалы, 
Our boss needs some paper to write on. — Біздің басшымызға жазу 
үшін қағаз қажет. My father bought a paper to read. — Менің əкем газет 
сатып алды. 
Can you lend me an iron? - Үтігіңізді бере тұрмайсыз ба? 
There is much iron in Kazakhstan. - Қазақстанда темір көп. 
Енді саналатын жəне саналмайтын зат есімдерді салыстырып көрейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет