1
|
Жанры
|
Толғау
|
2
|
Тақырыбы
|
Ерлік, елдік арман.
|
3
|
Күрделі ұғымдар, соны тіркестер
|
Күдері, қамқап, төменде бидің кеңесі, құлаты тау, нарша, кеуде бір жер, шөлең бір жер,
барағым, шүлеңгір мырза, Қайрауықтың ащы күйіндей, жүз бүркеншік, шілтен, т. б.
|
4
|
Көркем айшықтары
|
Эпитет: төбел бие, құлаты тау, асқар бір тау, т.б.
Метафора:
Әлпеті шамның шырағы, Мұхиттан сүзіп шығарған, Қымбатты гауһар бағасы.
Теңеу: Атымтай жомарт секілді, Қайрауықтың ащы күйіндей, дауысы азандай, желіні қазандай, жаралы қудай, жарылған мұздай, жұлындай жаратып,
Эпифора: ...ме екеміз?!
|
5
|
Құрылысы
|
7-8 буынды, екі бунақты. Қара өлең ұйқасы, Аралас ұйқас.
|
6
|
Композициялық құрылымы
|
Жорыққа аттаныс
(1-23 тармақтары);
Бейбіт ел құру арманы
(24-37 тармақтары);
Сән-салтанат құру-(38-70);
Байлығының өсіп-өнуі
(71-88 тармақтары);
Жар таңдау, ұрпақ жалғау арманы (89-106 ).
Түйінді ойы, сауалы
(107-108 тармағы)
|
7
|
Түйінді ой – тірек сөз
|
Қамқапты киер ме екеміз?!
Бидің кеңесін құрар ма екеміз?!
Қолды бір бастар ма екеміз?!
Олжа қылар ма екеміз?!
өз алдына ел қылсам,
Атағым жұртқа білінсе.
Мырза атанар ма екеміз!?
Ерлерден салсам нөкерді
Беглердің қызын айттырсам,
Бала берсе тезінен,
Артылып туса өзімнен.
Осынша дәулетті
Көтеріп тұра алар ма екеміз!
|
8
|
Идеясы
|
Жарқын күндердің картинасын сомдау арқылы халықтың ой-арманын асқақтату. Ерлікке, елдікке шақыру.
|
83.әтіқара ақын жырларындағы тарихи оқиғалардың көрінісі.
XVIII ғасырда жасаған қазақ ақын-жырауларының ішіндегі ең мәшһүрлерінің бірі - Тәтіқара. Халық әдебиеті қазыналарын жазбай танитын Шоқан кезінде Тәтіқара жырларына назар аударып, оның бір өлеңінің жолма-жол тәржімасын да жасаған болатын.
XVIII ғасыр әдебиеті жайында сөз болса Тәтіқараның аты аталмай қалмайды. Жұртшылық санасындағы Тәтіқара - қазақ халқының тарихындағы қиын кезеңдердің біріндегі сырт жауларға қарсы кұрестің ұраншысы, өз отандастарын басқыншылармен қайтпай ұрысуға шақырушы жауынгер ақын, жортуыл кернейшісі.
1756 жылы қытайлар қазақ жеріне енеді. Абылай екі рет ұрысып, екеуінде де шегінуге мәжбүр болады.Яғни соғысқа байланысты ақынның «Кебеже карын кең құрсақ» толғауы дүниеге келді.
Қалмаққа жорыққа аттанған батырларға еріп Абылайдың тұңғыш ұлы бала жігіт Жанбай да кеткен екен, сол сапарда қаза тауыпты. Баласының өлімі жанына батқан хан бас көтермей жатып алады.Жаугершілік заманда өлім, қаза - әдепкі құбылыс. Ол таңдап, талғап алмайды, жалпыға бірдей. Сол жорықта жалғыз Абылайдың ұлы ғана өлген жоқ, талай жас қыршынынан қиылды, сол себепті ел билеп отырған әмірші тек өз қара басының ғана қайғы-зарын шегуі - кейбір шонжарлардың да, жұрттың да қытығына тиеді. Сол көптің атынан Тәтіқара сөйлейді. Абылайдың кеше ғана «Түркістаннан келген үл» екендігін, оны осы жүрттың өзі хан көтергендігін айта келіп ақын:
Үш жүздің баласы
Ақылдасып, жолдасып,
Хан көтеріп еді,-
Үш жүздің баласын
Бір баласындай көрмеді,
Ат құйрығын сұзіңдер.
Аллалап атқа мініндер,
Хан талау қылып алыңдар,-дейді.
Бірде Абылай ханның жортуылда жолы болмапты. Өкшелеген жаудан құтылуға айналғанда алдыдан өткел бермес тасыған өзен кездеседі. Жұрт ұйлығып қалыпты. Бәріне де харап болу қаупі төнеді. Сонда Тәтіқара қолма қол:
«Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы –болат найза!
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт сағыр менен дулаттағы,
Деріпсәлі, Маңдайды айт қыпшақтағы!
Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт уақтағы!
Ағашта, биікті айтсаң, қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген–
Еменәлі Керейде ер Жабайды айт», – дегенде, аты аталған батырлар ақынның соңынан тасып жатқан өзенге түсе бастапты. Бұлардың артынан қалың қол да еріп, судан аман өтіпті-мыс».
Тәтіқара өлеңдерінен жаугершілік заманның жорықтары мен қиян-кескі алмағайып ұрыстарының көрінісі анық көрінеді:
Көп қытайдың жылқысы
Тұрымтайдай құнысты.
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Ер Абылай қорыққан жоқ,
Әншейін еңкейе беріп жылысты.
Бәсентиін Сырымбет
Оқ жіберіп ұрысты.
Ақынның ханмен арадағы жай-күйі де өлеңдерінің ауанынан танылады.
«Кеше бұл тұрымтайда ұл еді-ау
Түркістанда жүр еді-ау,
Әбілмәмбет ағаңа
Қызметші жүрген ұл еді-ау,
Үйсін Төле билердің
Түйесін баққан теріс аяқ құл еді!» деп келетін сөздер Тәтіқараның ханға тура айтар өктем үнін, қолдаушы қауымы бар тұлға болғанын айқындайды. Ханға қайрыла сөйлеу, уәж айту жыраулар дәстүрінде болғанын Асан Қайғының Жәнібек ханға айтқан «Ай, хан мен айтпасам білмейсің» Шалкиз жыраудың Би Темірге толғауларынан, Жиембет жыраудың «Әмірің қатты Есім хан» толғауларынан көреміз. Абылайдың өткен өмірін еске сала сөйлеу Бұқар жырау толғауларында да кездеседі. «Үйсін Төле билердің, Түйесін баққан теріс аяқ құл еді» деп келетін өлең жолдары сол кезеңдегі ақын, жыраудың сөз қалыпы, мәнері болуы немесе ел билеуші хан мен бекті тәубесіне шақырып, тұқырта айту дәстүрі деуге де болады. Қалай дегенде де, бір үлгіде айтылған сөз оралымының өзге тұлғаға да телінуі хандық дәуір әдебиетін әлі де терең зерделеу керектігін байқатады.
Достарыңызбен бөлісу: |