Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Шал өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері, тақырыптық қырлары



бет95/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Шал өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері, тақырыптық қырлары. Шал ақын шығармаларының тақырыптары әр алуан. Шал ақынның бізге мәлім шығармаларын топтастыра келе олардың қамтитын тақырыптарын жүйелер болсақ: ақыннның бірқатар өлеңдері ислам діні мәселелірін, адам өмірі, өмірдің мәні, жақсы мен жаман парқы (жақсы жігіт, жаман жігіт, жақсы келін, жаман келін, жақсы әйел, жаман әйел), адам болмысы, фәни мен бақи жайлы көзқарастары, адам өмірінің кезеңдеріне (жастық, кәрілік) байланысты шығарған өлеңдері, дидактикалық мәндегі өлеңдері бар.
Он беста тартып міндім аттың жалын,
Сол кезде айтқан сөзім от пен жалын, – дегеніндей Шал ақын он бес жасынан ақындығы танылып, кейін ел ішінде айтулы ақын даңқы тараған деседі.
Дария сия болса қамсыз қалам,
Жер жүзі қағаз болса рақаттанам.
Мұсылман қасіретімді шығара алмас,
Жиылып жатса-дағы перзент табам, - деген ақын ойларынан оның жаза білгенін байқауға болады. Ақын көп өлеңдерін қағазға түсіріп отырғанын:
Мен өзім талай сөзі хатпен жазғам,
Әзілден мерт болады артық қазған,
Өткен іске өкінсем өмірім зая,
Тұяққа ілінгенді қайта жазбан,– деу арқылы анық көрсетеді.
Ақынның көп өлеңдерінде ислам ілімі қағидаларын жете білгені әрі насихатшысы болғанын көреміз. Мұсылманша сауаты болмайынша ислам іліміне тереңдеу қиын. Ал Шал ақынның дін туралы ойлары өзінің де ислам ілімін терең зерделегенін әрі дін жолын берік ұстанғанын байқатады.
Шал ақын өлеңдерінде халықтың әлеуметтік тұрмысы, шарушылық жайы, отбасы қарым-қатынасы да сөз етіледі. Әрине, ақынның өткір тілі қарапайым дүниелердің өзіне өзгеше көзқарас жасап, баға беру, пайымдау мәніне көбірек саяды.
Ақынның уытты тілі әсіресе қысқа қайырымды өлеңдері мен айтыс шумақтарында байқалады. Айтыстарының тұтас мәтіні сақталмай, ел ішінен бірер қайырымды жолдары ғана жиналғанын, сол сөз қағысулардың өзінен ұтымды ой мен уәжді көреміз.
Халық ішінде шал ақынның өлеңдерінің таралуы оның нысаннан өткізе айтар тапқырлығынан, тұшымды ой мен сөзді дөп айтар шешендігінен екені даусыз. «Әйел туралы», «Жігіт туралы», «Кедейлік туралы», т.б. өлеңдері өмірдің жақсы, жаман сыбағасын татып, мәнін терең түсінген адамның ой пайымдары.
Шал ақын шығармашылығында адам өмірінің әр кезеңі сипатталады. Адамзаттың балалық балғын күндерінен кәріліктің шарасыз шағына дейінгі өмір жолы көрінеді. Табиғат пен жаратылыс алдындағы пенденің шарасыздығына философиялық пайым жасайды.
Ақын бірде:
Нәпсің бір көкжал бөрідей,
Иманыңбағлан қозыдай,
Егер тыю салмасаң
Иманыңды деп кетер. – десе, енді бірде:
Ашу– дұшпан болғанда, нәпсі – жауың,
Ақыл – тұрған алдыңда асқар тауың,
Жүрекке ашу келіп толған шақта,
Денеңнің біле алмассың ауру-сауын, – деп көркем баламалар жасайды. Ақын тілінде көркем теңеулер, метафоралар, көркем параллелизмдер молынан ұшырасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет