Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Жыраулар поэзиясындағы тарихи тұлғалар образын сипаттаңыз



бет97/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
90. Жыраулар поэзиясындағы тарихи тұлғалар образын сипаттаңыз
Жыраулар поэзиясында батыр тұлғасының танылуы – аса өзекті мәселе. Жыраулар поэзиясында ерлік, батырлықтың мадақталуына жорық-жортуылдың молдығы бір себеп болса, екіншіден, бұл тұстағы бүкіл поэзияның жауынгерлік рухы жыраулардың өмірдегі әлеуметтік орнына да байланысты болды.
Біздіңше, жыраулар поэзиясында батырлық көріністердің орын алуындағы негізгі өзекті мәселелерді, себептерді алысқа бармай-ақ, негізгі екі себеп айналасынан іздестірген дұрыс сияқты. Жыраулар поэзиясында батырлық көріністердің жырлануының бірінші себебі – сол кездегі замана сұранысы. Замана сұранысы дейтін себебіміз – сол кездегі түрлі саяси-әлеуметтік жағдаймен тығыз байланысты. Елдің елдігін анықтайтын негізгі фактордың бірі – сол елдің намысын қорғар көрнекті батырларының болуы. Өз елін нығайтудың бір жолы көршілес елдерді шауып, ел іргесін кеңейту деп санаған тынышсыз заманда, елді, елдікті қорғау аса маңызды мәселе болғаны белгілі. Аумалы-төкпелі шайқастардың шешуші жеңісін тағайындайтын да батырлар, сол арқылы елді сақтайтын да батырлар болған. Әр елдің немесе әр рудың батыры сол елдің басты мақтанышы, бет-беделі болған.
Ақшаұлы Бөгенбай (1678 - 1175) – Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – Орта Жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен. Бөгенбай батырдың даңқты есімі кешелі - бүгінгі қалың қазақ даласын аралап, батырлық пен ерліктің рәмізіндей болып кеткелі қашан...
Батырдың атасы Әлдеуік – қазақтың атақты ханы Есім ханның атақты батырларының бірі болған. Ғұмырының дені атүстінде жортуылмен өткен. Қатағанның Тұрсын ханымен соғыстағы ерен ерлігі үшін оны Түркістанның әмірі етіп тағайындаған. Өз әкесі Әлдеуікұлы Ақша заманында дұшпанына бет қаратпаған айтулы батыр, айбынды қолбасшы сарбаздан тұратын әскерін басқарыпты. Үмбетей жыраудың: «Алатаудай Ақшадан, асып тудың Бөгенбай» деуі де, Ақшаның қандай айбынды батыр болғанын танытып тұрғандай.
Тәуке хан, кейде Әз-Тәуке (толық есімі Тәуекел-Мұхаммед Баһадүр хан Қазы, жазба деректерде Тевеккуль-Магаметь-Багатур хан, Баатыр Теука-хан, Тевкей, Тявка, Тевки, 1635 жылға дейін - 1715 жылдың жазы/күзі) – 1652 жылдан бастап Кіші жүздің ханы, ал, шамамен, 1672 жылдан кейін Қазақ Ордасының билеушісі. Салқам Жәңгір ханның ортаншы ұлы. Шешесі Бану ханым қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Аппақ сұлтанның інісі, Уәли (Уәлибек) сұлтанның ағасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет