Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»



бет2/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
хандықт

Әбу Наср әл-Фараби( 870-950 )
ӘбуНасрәл-Фараби - энциклопедист-ғалым, философ, математик, музыка теоретигі, әдебиет зерттеушісі, ақын. Кезінде оны ғылыми қауым «екінші ұстаз» («Муаллим ас-соний»)депте атаған. Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі екінші ғұламасы саналған.
Әл-Фараби 870 жылы Қыпшақ даласындағы Отырар қаласында әскери қызметкердің отбасында өмірге келген. Отырар қаласын кезінде Тұрарбант, Тарбану, Фараб деп түрліше атаған. Ал қыпшақ-тароны «Қарашоқы» қаласы дейтін болған. Әл-Фарабидің толықаты-жөні: Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби деп айтылады. Тарихи деректер бойынша, Әл-Фараби орта бойлы, мығым денелі, қайратты да қайсар, батыл кісі екен. Бала кезінен-ақ ат құлағында ойнайтын шабандоз әрі садақпен құралайды көзге атқан мерген болыпты.
Әдебиет теориясы бойынша көптеген зерттеулер жазғанын Фараби шығармаларының сақталып қалған тізімдерінен білеміз. Араб ғалымы Ибн Әби Усайбаның (1203-1270) айтуы бойынша, Фарабидің өлең құрылысын зерттеуге арналған «Өлең және ұйқас туралы сөз», «Өлең ырғағы туралы», «Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат» деп аталатын зерттеулері болған. Бұл салада Фарабидің бізге толық күйінде жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады. Олардың бірі - «Өлең өнері» деп аталады. Бұл еңбек негізінен араб поэзиясының теориялық мәселеріне арналған. Мұнда өлеңнің мазмұны мен формасы арасындағы үндестік мәселесі, сондай-ақ бәйіт, газел, месневи, т. б. Сөз болады.
Екіншісі - «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» деп аталатын зерттеу. Мұнда Фараби грек поэзиясының жанрларына,терминдеріне, өлең өлшемдеріне талдау жасайды. Соңғы жылдары Әл-Фарабидің бұрын ғылымға белгісіз болып келген аса құнды бір шығармасы Братислава университетінің кітапханасынан табылды. Арабша жазылған бұлғылыми еңбек «Китаб ашшеьер» («Өлең кітабы») деп аталады. Бұл шығарманы араб тілінен өзбек тіліне аударып, оған алғы сөз, ғылыми түсініктер жазып, жеке кітап етіп шығарған белгілі өзбек ғалымы А. Ирисов болды. Әл-Фарабидің «Өлең кітабы» - көлем жағынан шағын ғана туынды. Мүмкін мұның өзі алғашында көлемді шығарма күйінде жазылған болуы да ықтимал. Кейінірек белгілі бір себептер әсерімен кітап көлемі әдейі қысқартылып, бізге тек тезис күйінде жеткен болуы да ғажап емес. Фарабидің бұл зерттеуі жеке кітап күйінде сақталмаған. Ұлы ғалымның он екі бөлімнен тұратын логика саласындағы кітабының ішіне қосылып, сонымен бірге түптелген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет