Авторы:Үмбетей жырау.
Толғаудың аты: Бөгенбай батыр өлімін Абылай ханға естірту.
Тақырыбы:Бөгенбай батырдың қазасын Абылай ханға естірту болды.
Идеясы:
Шығу тарихы:
Баян Аула, Қызыл тау,
Абыралы, Шыңғыс тау,
Қозы-Маңырақ, Қой-Маңырақ,
Арасы толған көп қалмақ,
Қалмақты қуып қашырдың, Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың,
Ақ Шәуліге қос тігіп, Ауыр қол жиып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың,
Қабанбай мен Бөгембай,
Арғын менен найманға
Қоныс қылып қалдырдың.
Осы аталып отырған жерлер үзаққа созылған күрестерден соң Жоңғар тауларынан шыққан ойрат тайпалары басып алған қазақтың байырғы мекендері болатын. XVIII ғасырдың орта шенінен бастап бұл қоныстар қайтадан қазаққа өтті. Осы жеңісті жорықтар кезінде қазақ қолының басында жүрген батырлардың бірі Бөгембай еді. Тек бұл ғана емес. Бөгембай - жоңғарға қарсы күрестің қиын күндерінде, қазақтар ауыр жеңілістерге үшырап, Сайрам, Түркістан, Ташкенттердің бірінен соң бірінен айырылғанда, ақтабан-шұбырындыға үшырап, атамекенінен босқан кездерде еңсесі түспеген, жүрегі шайлықпаған санаулы ерлердің бірі еді. Бұл кезде Бөгембай қалмақтарға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болды. Үш жүздің хан, сұлтандары бір сәт мәмілеге келіп, бас қосып, жоңғарға қарсы соғысты қайта ашқанда, ол алдыңғы сапта шапты. Қазақтардың 1728, 1730 жылғы жеңісті жорықтарында Бөгембайдың атқарған рөлі ерекше.
Сондықтан «дүшпанға қарсы оқ атқан», үрей болған қалмақты талқандаған,
Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей Бөгембай,
Жалаң қия жерлерден
Жазбай түсіп тұлкі алған,
Білегі жуан бүркіттің
Тегеурініндей Бөгембай, -
дүниеден көшкенде Үмбетей жырау көзінің жасын көл қылады, батырдың өлімін аза түтады, оның тірісінде халқына еткен қызметін еске алып, марқұмды мадақтайды.
Бөгембай қабірінің басында жоқтау жырын айтқан соң, жырау батырдың аманатын орындауға Абылай ханның ордасына барады, ел сүйіктісінің өлімін хабарлайды.
Бұл жыр естірту түрінде келеді. Бұрын қазаны естіртудің өзі өнер болғаны мәлім. Әдетте, естіртуші қайғылы хабарды бірден тоқ еткізбей, әңгімені алыстан орағытып бастайды, алдымен түспалдап сөйлеп, қара жамылуға тиіс адамды ауыр хабарға дайындап алады.
Үмбетей де ескі салтты бұзбайды. Жырау алдымен Абылайдың өз басынан, халық басынан өткен ауыр кезең жайынан толғайды. Бұдан соң қуанышты күндерге келеді, жеңісті жорықтарды, ондағы батырлардың көрсеткен қайратын мадақтайды. Осыдан соң жырау дүниенің аумалы-төкпелі екенін, қазасыз пенде жоқ екендігін еске салады, әйткенмен, өлімнің артынан тағы да қуаныш болатынын, бір батыр өлсе, оның орнына тағы бір батыр туатындығын айтады. Сонымен, Үмбетей өзінің қаралы хабаршы екендігін, атақты батырлардың бірі дүниеден көшкенін естірту үшін келгендігін жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |