Ислам діні сайты


Сұрақ: Дұға еткенде аспанға қарап дұға етудің зияны бар ма? Жауап



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата21.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#102915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Снимок экрана 2023—06—09 в 15.43.48

Сұрақ: Дұға еткенде аспанға қарап дұға етудің зияны бар ма?
Жауап: Дұға еткенде аспанға қарау дұрыс емес. Аллаhу та’ала
мекенге мұқтаж емес. Кейбір бидғатшылар сияқты Аллаhу та’аланы
аспанда деп ойлау өте қауіпті. Бұхаридің риуаят еткен бір хадис
шəрифінде, намаз оқып жатқанда аспанға қарау қатаң түрде тыйым
салынған. (Əл-Əнуар)
 
Сұрақ: Намаз оқығанда, төсекке жатқан кезде дұға немесе кəлимəи
тəухидті аузымыз жабық күйде (іштей) көңілмен, дауыссыз оқуға бола
ма?
Жауап: Қыраат – ауызбен оқу деген сөз. Өз құлақтарымен есіте
алатындай дəрежеде дауыссыз оқу, яғни ауызды қимылдатып оқу жай
дауыспен оқу деп аталады. Жанындағылардың есіте алатындай
дəрежеде дауыстап оқу, жоғары дауыспен оқу деп аталады. Жай
дауыспен оқығанды бір екі адамның есітуі мəкрух болмайды. Дауыстап
оқу, көп адамның есітуі деген сөз. (Бəззазийə)
Өзі есіте алмайтындай дəрежеде жай дауыспен оқылған намаз
сахих емес. Дұға етер кезде де өзі есіте алатындай дəрежеде дұға ету
керек.
Кəлимəи тəхлилді айтқан кезде де ғибадат сауабын алу үшін
тілімен, өзі есіте алатындай дəрежеде айту керек. Хатми тəһлил оқыған
адамдар да ең кемінде өзі есіте алатындай дəрежеде айтулары керек.
Кəлимəи тəһлил ғибадат үшін емес, көңілді тазалау үшін оқылған кезде
тіл қимылдатылмайды. (Рəддүл-Мухтар)
 
Сұрақ: Хадис шəрифте: «Таң намазы мен ақшам намазынан
кейін Хашр сүресінің соңғы үш аятын оқыған адам шəhид болып
өледі» деп айтылғаны үшін мен таңғы жəне шам намаздан кейін үнемі
оқимын. Бірақ мешітте намаз оқыған кезімде имам оқиды біз тыңдаймыз.
Мен оқымасам, маған да сол сауап беріледі ме жəне шəhид болып
өлемін бе?
Жауап: Құран кəрімді оқу сүннет, тыңдау парыз болып табылады.
Тыңдаған адам оқыған адамнан көбірек сауап алғаны үшін, бөлек оқудың
қажеті жоқ. Əр түні Əмəнəррəсулуді оқып жүрген адам имамнан тыңдаған
болса, өзінің бөлек тағы да оқуы қажет емес. (Шира)
Сұрақ: Хадис шəрифте бамдат жəне ақшам намаздарынан кейін
Хашр сүресінің «hуəллаhуллəзи» ден бастап соңғы үш аятының оқылуы
керектігі білдірілген. Алайда көп жерлерде Лəу əнзəлнəдан бастап
оқылады. Жəне хадисте намаздардан кейін ихлас сүресі 10 рет оқылу
керектігі білдірілген, ал сіз 11 рет оқылатынын айтқансыз. Не үшін бұлай
жасалады?
Жауап: Бір мəселе жөнінде бірнеше риуаят айтылса ең абзалын
таңдаған жақсы. Хашр сүресінің соңын Лəу əнзəлнəдан бастап оқу абзал
болып табылады. Намаздан кейін ихлас сүресінің 10 немесе 11 рет
оқылуы білдірілген. 11 рет оқу абзал болады.
Хадис шəрифте былай делінген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет