«Бамдат жəне ақшам намаздарынан кейін Ихлас сүресін 11 рет оқыған адамға жаннатта сарай беріледі» (Хараити)
Сұрақ: Бір хадис шəрифте, таң тамазын оқып, екі тізе үстіне
отырғанда аяғын малдас құрмай жəне ешнəрсе сөйлемей он рет «Лə илаhə иллаллаhу уахдаһу лə-шəрика лəh лаhул-мулку уə лаhул- хамду йуhйи уə йумит уə hуə алə кулли шайин қадир» деп айтқан
адам сол күні əр түрлі жамандықтардан, шайтанның жамандықтарынан
сақталып көп сауаптарға қауышатыны білдірілген. Егер аяғы ауыратын
болса, аяғын малдас құрып отырып оқыса, мешіттен шығар кезде жолда
оқыса немесе орындыққа отырып оқыса да сол сауап беріледі ме?
Жауап: Бір істің рұхсат (оңай жолы) жəне азимет (қиын жолы)
болады. Бірақ ең дұрысы Хадис шəрифте білдірілгені.
Құран кəрім де екі тізе үстіне отырылып, қыбыла тарапына бұрылып
əдеппен оқылады. Бірақ қажеттілік болса, қиналса орындыққа отырып
оқуға болады.
Жолда кетіп бара жатып жаттан оқыса да болады. Дұғалар да
осылай, қажеттілік жағдайы болмаса, қиналмаса тізе үстіне отырып оқуы
керек.
Аяқтары ауырып, үйіп қалатын адамдар аяқтарын малдас құрып
отырып оқуының зияны жоқ. Жолда немесе орындыққа отырып оқу жаиз.
Ең абзалы хадис шəрифте білдірілгені сияқты əдепке сай оқу.
Сұрақ: Намаздан кейін истиғфар қалай оқылады?
Жауап: Намаздардан кейін 3 рет əстағфируллаh айтылады. Бірақ
уə əтубу илəйhқа дейін оқу абзал болып табылады.
Хадис шəрифте былай делінген:
«Əр намаздан кейін 3 рет «Əстəғфируллаhəлазыйм əллəзи лə илаһə иллə hу əл-həййəл-қəййумə уə əтубу илəйh» деп айтқан адамның бүкіл күнəлары кешіріледі.» (Мəрақил-фəлаh)
Бұл истиғфарды муəззиннің жоғары дауыспен оқуының бидғат екені
Əл-Ибда кітабының 59-бетінде жазылған.
Сұрақ: Намаздарды бітіріп, Құран кəрім оқылғаннан кейін Фатиха
деу қажет пе?
Жауап: Намаздардан кейін Құран кəрім оқу да, оқымау да жаиз.
Яғни оқыса да болады, оқымаса да болады. Егер уақыты бар болса,
Құран кəрім оқу үлкен сауап болғаны үшін оқу, əрине өте жақсы. Құран
кəрім оқу Сүбханə раббикə аятынан кейін Фатиха сүресін оқуға себеп
болады. Ал Фатиха сүресін оқу үлкен сауап болып табылады.
Хадис шəрифте былай делінген: