Ислам діні сайты


«Құран кəрімде қайыры ең көп болған сүре – фатиха.»



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата21.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#102915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Снимок экрана 2023—06—09 в 15.43.48

«Құран кəрімде қайыры ең көп болған сүре – фатиха.» (И.
Ахмед)
«Құран кəрімнің ең қасиетті сүресі – Фатиха» (Хаким)
«Фатиха сүресі бүкіл дерттерге дауа» (Бəйһақи)
«Фатиха сүресі уларға қарсы шипа.» (Əбушшəйх)
Бір сахаба Фатиха сүресін оқығанын айтқан кезде Пайғамбарымыз
былай деген: «Ант етемін, Аллаhу та’ала Тəуратта да Инжилде де
Зəбурда да Фатиха сүресінің ұқсасын түсірмеген. Ол намаздарда
қайталанып оқылатын жеті аят болып, маған берілген ұлы
Құраннан болады. (Тирмизи)
Пайғамбарымыз 
алейһиссалам 
Жəбрейіл 
алейхиссаламмен
отырған кезде бір періште келіп айтты: «Сенен алдын ешбір
пайғамбарға берілмеген, тек саған ғана берілген екі нұрмен сені
сүйіншілеймін. Бұлар Фатиха сүресі мен Бақара сүресінің соңғы
аяттары. Осы екеуін оқитын болсаң, қалағаның міндетті түрде
беріледі» (Мүслим)
«Фатиха сүресі Аллаhу та’аланың ашуының алдын алады»
(Шира)
Бір тайпа басшысын жылан шағып алады. Сахабалардан бірі
Фатиха сүресін оқыған кезде Аллаhу та’аланың рұқсатымен əлгі
адамның ауруы жазылады. Тайпа басшысы оған бір отар қой сыйға
тартады. Сахаба оны алу жаиз не жаиз еместігін білмегені үшін сүйікті
пайғамбарымыздан сұрайды. Пайғамбарымыз «Не оқыған едің?» деп
сұрайды. Ол Фатиха сүресін оқығанын айтқанда, оған былай деді:
«Фатиха сүресінің шипа болатынын қалай білдің? Сол
қойларды алып, жаныңдағылармен бөліс.» (Арифин)
Дұға оқылуы білдірілген жерлерде Фатиха оқу жақсырақ болады.
Намаздардан кейін дұға етілуі хадис шəрифтерде білдірілген. Фатиха
сүресі дұғалардың ең жақсысы екенін білдіру үшін түсірілген. Имам
«Фатиха» деген кезде əркімнің дауыссыз оқулары жақсы болады.
Өйткені дұғалардың соңында хамд ету мүстаhаб. Ал хамд етудің ең
жақсысы Фатиха сүресін оқу. (Бəриқа)
Намаздардан кейін Құран кəрім оқу, Құран кəрім оқылғаннан кейін
Фатиха оқу жаиз. Оқылмаса күнə болмайды. Бірақ оқылса сауап болады.
Сұрақ: Кейбір адамдар Құран кəрім оқылғаннан кейін Фатиха деп
айтудың жəне оқудың бидғат жəне харам екенін айтып фитнə шығаруда.
Осы жөнінде дін кітаптарында не айтылған?
Жауап: Мұхаммед Масум Фаруқи хазреттері 1-том, 197- мəктүбінде
«Дін ұлыларымыз бес уақыт намаздардан кейін қолдарын көтеріп Фатиха
оқымаған. Намаздан кейін қажеттіліктеріне қауышу мақсатында Фатиха
оқу бидғат» деп айтқан.
Бұл жерде өз қажеттілігіне қауышу үшін намаздардан кейін
қолдарын көтеріп Фатиха оқудың жаиз еместігін білдіруде. Қалыпты
түрде Фатиха оқудың зияны жоқ.
Бұл жөнінде «Малумати нафиа» кітабының «Ақиқатқа сен,
арандатушыға алданба» бөлімінде былай айтылған: «Намаздардан жəне
дұғалардан кейін Фатиха сүресін оқу бидғат па, бидғат емес пе? Мұның
жауабы Мұхаммед Хадимидің, Бəриқа кітабының 137-бетінде ұзақ
жазылған. Қысқаша түсіндіріп өтейік: Ғалымдардың көбісінің айтуы
бойынша дұға оқылуы білдірілген жерлерде Фатиха оқу жақсырақ.
Намаздардан кейін дұға ету керектігі де хадис шəрифте білдірілген.
Бидғат, Ислам дінінің иесінің рұқсатынсыз жасалатын ғибадаттар болып
табылады. Фатиха сүресі дұғалардың ең жақсысын білдіру үшін
түсірілген. Мұның намаздардан жəне дұғалардан кейін оқылуына бидғат
деген адам болмаған. Əркімнің жоғары дауыспен оқуы болмайды. Имам
фатиха дегенде əркім дауыссыз оқулары жақсы. Өйткені дұғалардың
соңында хамд ету мүстаhаб. Хамд етудің ең жақсысы да Фатиха оқу.
Парыз бен сүннет арасында оқу жəне қалауларына қауышу мақсатында
оқу мəкрух.
Бұл жерде де Фатиха оқудың жақсы екені білдірілуде. Тек жоғарыда
айтылғандай қалауларына қауышу мақсатында оқудың мəкрух екені
білдірілуде. Хор болып жоғары дауыспен парыз бен сүннеттің арасында
оқудың дұрыс еместігі білдірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет