Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет48/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71
ыйлық беруде не сыр бар?
Сыйлық  алуды  әркімнің-ақ  ұнататыны  белгілі. 
Өйткені  сыйлық  алғанда,  адамның  жаны  жады-
рап,  көңілі  көтеріліп,  іштей  бір  марқайып  қалатыны 
рас.  Елең  еткізер  қуанышты  жағдайларда  болма-
са,  жайшылықта  оның  бұйыра  бермейтіні  тағы  бар. 
Иығына шапан жабу, астына ат мінгізу, алдына қоралап 
қой, үйірлеп жылқы салып айдату, сәлемдеме ретінде 
азын-аулақ сый-сыяпатын беріп жіберу – о бастан қазақ 
дәстүріне сіңісті жомарт мінезділік пен құрметтеудің, 
шын көңілден сыйлаудың белгісі. Ондайда сый көрген 
жан  да  қауқылдасып,  өзін  құрметтеген  жанды  төріне 
отырғызғанша асығады. «Тонға емес, орамал жолға жа-
рап, сый тартуды атамыз ырым еткен», – деп Мұқағали 
ағамыз айтқан бұл кәде VII ғасырдағы Күлтегін сөзінде 
«Жырақ жүрсең – жаман сый береді; жақын жүрсең – 
асыл сый береді» деп тасқа ойып жазылған екен. 
Ғұмырында  ешкімнен  сый  көрмеген,  кішігірім 
де  болса  сыйлық  алмаған  адам  кем  шығар.  Әркім-ақ 
әйтеуір бір қуанышты сәтінде (туған күн, мерейтой т.б.) 
жақындары  мен  достарының  сыйлықтарын  қабылдап 
жатады. Өйткені оны өзіне жасалған ыстық ықылас деп 
ұғады. Ондай жанды әркез құрметпен еске алады. 
Ірі  хадис  жинақтарында  осы  сыйлық  мәселесіне 
арнайы  бап  енгізілгені  бұл  мәселенің  Ислам  дінінде 
айтарлықтай  маңызы  бар  екенін  байқатады.  Әр  ісі 
даналыққа  толы  сүйікті  пайғамбарымыз  Мұхаммед 
(с.а.с.)  сыйлыққа  үлкен  мән  берген.  Хадистерінде 


149
Адами мінез – арға сын
сыйлық  берісудің  адамдардың  бір-біріне  деген 
сыйластығын,  татулығын,  өзара  сүйіспеншілігін 
арттыратындығын білдірген: 
«Бір-біріңізге сыйлық беріңіздер! Өйткені сыйлық 
сүйіспеншілікті арттырады, жүректі кірбіңнен тазарта-
ды»;
«Сыйлық  берісіңіздер,  бір-бірлеріңізді  жақсы 
көріңіздер»; 
«Жейтін  нәрсе  сыйлаңыздар.  Бұл  несібелеріңізді 
молайтады»; 
«Бір-бірлеріңізге  барып  қал-жағдай  сұрасып 
тұрыңыздар.  Сыйлық  берісіңіздер.  Өйткені  зия-
рат  –  сүйіспеншілікті  нығайтады,  ал  сыйлық  – 
жүректі  жамандықтардан  (өшпенділік,  қатігездік, 
дұшпандықтан) тазартады». 
Байқасақ,  сыйлық  берудің  астарында  бір-бірінің 
үйіне бас сұғу, зиярат ету, қал-жағдай сұрасу, көңілін 
аулау,  қуанышына  ортақтасу,  тілектестік,  ниеттестік, 
қуанғанына қуану, көңілдегі кірбіңді шаю, арада болған 
дүрдараздықтарды  ұмыту,  татуласу  секілді  бірнеше 
ізгі  амалдар  жатқанын  көреміз.  Ал  бұл  өз  кезегінде 
адамдар  арасында  сүйіспеншілік  пен  бауырластыққа, 
жақындыққа жол ашатыны сөзсіз. 
Пайғамбарымыз 
садақа 
қабылдамағанмен 
сыйлықты  қабылдайтын.  Өйткені  садақа  алуға  өзіне 
әрі  әулетіне  тыйым  салынған  еді.  Сол  себепті  үйінде 
жаңа зат көрсе, оның садақа я сыйлық екенін сұрайтын. 
Садақа  болған  жағдайда  дереу  кедей-кепшіктерге  та-
ратып,  сыйлық  болған  жағдайда  ғана  қабыл  алатын. 
Пайғамбарымызға  сыйлық  есебінде  келетін  заттар 
көп  болған.  Оны  сол  кезеңдегі  әдет  бойынша  көбіне 
жан-жақтан  патшалар  жіберген.  Сыйлықтардың  ара-


150
Ислам және өнеге
сында  жейтін  заттар  да,  түрлі  киім-кешек  те  кезде-
скен. Айталық, Эфиопия патшасы Нәжаши қарапайым 
тігілген  қара  түсті  шәркей,  шыны  кесе,  үш  тал  сүңгі, 
Эфиопияның  бедері  бар  алтын  жүзік  сыйласа,  Мы-
сыр патшасы Мұқауқыс жібек мата, Мария және оның 
сіңлісі Сирин атты екі күң, Мәбур атты құл, бір қашыр, 
шыны кесе, сүрме, айна, тарақ, шапан жіберген. Әйла 
патшасы ақ түсті қашыр, Йемен патшасы Зуязан құны 
33 түйелік аса бағалы жібек киімдер тарту еткен. Бұндай 
тарту-таралғы жіберуден Иран басшысы Кисра секілді 
өзге патшалар да шет қалмаған
195
.
Аллаһ  елшісі  сыйлықтардан  жақындары  мен 
таршылық  көріп  отырған  мұсылмандарға  да  тарата-
тын. Қасында адамдар отырған кезде, бір сыйлық келе 
қалса,  егер  таратуға  келсе,  дереу  қасындағыларға  да 
үлестіретін.  Өйткені,  «Біреуге  сыйлық  берілгенде, 
қасында адамдар отырса, олардың да бұнда үлесі бар», 
– дейтін. 
Пайғамбарымыз сыйлық қабылдап қана қоймай, өзі 
де артынша ол кісілерге сыйлық жіберетін. Кейде сол 
мөлшерде, кейде тіпті артығымен жасағанды ұнататын. 
Бірде  бір  бәдәуидің  сыйлаған  бір  ботасына  қайтарым 
ретінде тұп-тура алты бота сыйлаған еді
196

Жарларына,  жақындарына,  сыйлас,  қимас  кісі-
лерге,  алыстан  келген  қонақтарға,  т.б.  сыйлықтар 
беретін.  Әсіресе,  сырттан  келген  қонақтарды  сый-
лықсыз  қайтармайтын.  Тіпті  көз  жұмар  алдындағы 
соңғы өсиеттерінің бірі елшілерді сыйлықсыз құр қол 
жібермеу  болғандығы  мәлім.  Пайғамбарымыз  әр  кел-
195
  Хадис  ансиклопедиси.  Кутуби  ситта.  Хедие.  құраст.  И. 
Жанан. 16 т. Б.165.
196
  Тирмизи, Мәнақиб, (3940, 3941).


151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет