Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет49/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

Адами мінез – арға сын
ген кісіге сыйлық берерде оның қоғамдағы беделін, ор-
нын  ескеретін.  Киім-кешек,  жеміс-жидек,  иіс  май,  ат, 
түйе, ет, жер, құрма бақшасы т.б. Пайғамбарымыз бер-
ген сыйлықтар қатарына жатады
197
 .
Айша  анамыздың  айтуынша,  «Пайғамбарымыз 
сыйлықты  қабылдайтын  әрі  сыйға  өзі  де  сый  жасай-
тын»
198
. Кері жағдайда «Біреу сізге жақсылық жасаса, 
қайтарым  жасаңыз,  егер  қайтарым  жасай  алмасаңыз, 
оған игі дұға тілеңіз. Тіпті сіздің осы дұғаңыздың өзі 
оған берілген қайтарым екенін біліңіз»
199
, – дейтін.
Бұған  қоса,  ешқандай  сыйлықты  азырқанбауға 
шақыратын.  Хадис  тілімен  айтқанда,  «қойдың  қара 
сирағы болса да» берген сыйлықты ризашылықпен қабыл 
алу, шын көңілмен рақмет айту, өзің берген сыйлықты 
артынан қайтарып алмау, діндегі игі мақсаттарын ой-
лап сыйлықты таза ниетпен беру, сөзін өткізу, жағыну 
я ауызбастырық секілді жымысқы пиғылды көздемеу, 
сыйлыққа көңіл бөліп мүмкіндігінше оны кәдеге жара-
ту т.б. сыйлық берісудің мұсылмандықта қалыптасқан 
әдебіне  жатады.  Берілген  сыйлықты  кәдеге  жарату 
төңірегінде мынадай ғибратты әңгіме бар. 
Бір  ауылда  өзінің  әулиелігін  жұрттан  жасыру 
үшін ел көзіне бал сатушы болып көрініп жүрген бір 
кісі бар екен. Бір күні қасына келген алушысы: «Кей-
де  ішегім  бүріп  ауырғанда,  бал  жесем  ғана  басылып 
қалады.  Құдайға  шүкір,  өткен  жолы  да  сізден  алған 
балдан шипа дарып, жаным жай тапты», – депті. Сон-
да әулие кісі тосыннан: «Бір шейхтің мүриді ұстазына 
197
  Хадис  ансиклопедиси.  Кутуби  ситта.  Хедие.  құраст.  И. 
Жанан. 16 т. Б.166.
198
  Бұхари, Хиба 11.
199
  Aхмед II, 96.


152
Ислам және өнеге
тәспі сыйласа керек», – деп әңгіме бастапты, – Шейх 
жоғалып  кетпесін  деп  жай  уақытта  тәспіні  суырмаға 
сап  қойғанмен,  әлгі  мүридінің  келе  жатқанын  көрсе 
болды,  берген  тәспісін  алып  тарта  бастайды  екен. 
Бұны байқаған басқа бір шәкірті шыдамай: «Ұстаз, бұл 
қылығыңыз көзбояушылыққа жатпай ма, тәспі берген 
мүридіңіздің келе жатқанын көргенде ғана дереу тәспіні 
алып тарта бастайсыз?» – деп сұрапты. Сонда ұстазы: 
–  «Менікі  ешқандай  да  көзбояушылық  емес,  қайта 
Исламдағы  әдептілікке  жатады.  Өйткені  сыйлық  бер-
ген адам берген сыйлығын сенің қолданып жүргеніңді 
көргенде іштей қуанып қалады», – деп түсіндіреді. 
Бал сатушы қасындағы кісінің осыған ұқсас әдепті 
істі  орындағанын  меңзеп,  өзінің  бұған  іштей  қуанып 
қалғанын әңгімесімен сездірген екен
200
.
Сыйлық  беру,  сый-сияпат  жасау,  сыйлағанын 
көрсету  кәдесі  о  бастан  қазақ  дәстүріне  сіңісті  деуге 
толық негіз бар. Оны «Көгентүп» деп аталатын қонақ 
балаға тарту етілетін аша тұяқ салтынан, қандай да бір 
қуанышқа ортақтасқанда мал атау, бәсіре арнау, сыбаға 
сақтау сынды дәстүрлерден байқаймыз. Халқымыз кел-
ген қонақты «қуыс үйден құр шығармай» жол жасап, 
ырым байлататын болған. «Абай жолы» романындағы 
мына бір үзіндіні келтіре кетсек: 
Барлас пен Байкөкше ақын Абайдың оқуда жүрген 
жас кезінде ауылға келіп біраз уақыт жатқан еді. 
Ертеңінде  ақындар  аттарын  ерттеп,  жүрерге 
тақағанда, Абай шешесін тысқа шығарып алып: «Апа, 
екеуіне де жақсы қып тұрып сый беріп аттандыршы!» 
– деді. 
200
  Ахмет Шахин. Дини хикайелер. 98 Б.


153
Адами мінез – арға сын
Қонақтар қымыз ішіп болып, енді қоштасарға кел-
генде, Ұлжан Барласқа қарап бір сөз айтатындай пішін 
білдірді. Қонақтар іркіліп қалған еді. 
–...Тағы  да  келе  жүріңдер.  Анау  кәрі  әжесі  мен 
бізді  көп  сейілттіңдер.  Жолдарың  болсын!  Келген 
сапарларыңа тыста бір азырақ ырым байлаттым... Ала 
кетіңдер... Риза, қош боп аттаныңдар! – деді. 
Абай тысқа шығып, Барластарды аттандырып жа-
тып, енді көрді. Осы үйдің екі жылқышысы Беркімбай 
мен  Жарқын  Барласқа  арнап  бір  семіз  көк  атты, 
Байкөкшеге  арнап  бір  торы  құнанды  ноқталап  тұр 
екен. 
Екі ақын екеуін жетекке алып, тағы да «қош, қош» 
айтып, жүріп кетті
201
..
Иә,  сыйлық  беру  –  адамдардың  іңкәр  сезімін  оя-
тып, бір-біріне деген құрметін арттырады. Шынайы ізгі 
ниет қалыптастырып, аралас-құраластықты, достықты, 
бауырмашылдықты, 
сүйіспеншілікті 
нығайтады. 
Жүректі  кірбіңнен,  кірден  тазартып,  арадағы 
салқындықты жылылықпен алмастырады. 
«Сыйға  сый...»,  «Асықты  жілік  бергенге 
жамбасыңды сақта», «Иесін сыйлағанның итіне сүйек 
таста»,  «Сыйласаң,  сый  көрерсің»,  «Дос  бергеннің 
түсіне қарама» деп мақалдаған қазақ атамыз да «Әркім 
сыйлағанның құлы» дегенді бекер айтпаса керек. 
201
   Әуезов М. Абай жолы. Алматы, Жазушы, 2003. 1 т. Б. 56.


154
И


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет