Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет67/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

әулана және ораза
Сопылық  ілімнің  көрнекті  өкілі,  исі  мұсылманға 
ортақ  діни  қайраткер,  рухани  алып  Мәулана 
Жәлаладдин  Руми  –  Құдайға  ғашықтығымен,  тақуа 
ғұмыр  кешуімен,  жалпақ  жұртты  рухани  сусында-
туымен әлемге танымал тұлғалардың бірі. Ғалымның 
көптеген шет тілдерге аударылған «Мәснәу-и шәриф» 
пен  «Диуаны  хикмет»  еңбектері  тұтастай  Ислам 
тағылымдарын,  рухани  тазалық  пен  имандылықты 
дәріптеуге арналған. 
Мәулана  мұсылмандық  парыздарды  өтеп  қана 
қоймаған,  оның  тереңіне  үңіліп,  ерекше  ықыласпен, 
зор  махаббатпен  атқарған.  Рамазан  айы,  ораза  ту-
ралы айтқан төмендегі сырлы, ғажап ойлары осыны 
аңғартатындай. 
Ораза айы келді! Баршаңызға құтты болсын! Уа, 
• 
құлшылық  сапарында  оразаға  дос  болған  жан! 
Сапарың сәтті болсын!
Ораза  айы  келгенде,  сол  айға  жеткізген  Хақ 
• 
тағалаға шүкір етіп, қуанышпен қарсы ал. Өйткені 
бұл айдың келгенін жақамағандарға ораза ұстау 

 харам. Олар оразадан садаға кетсін. 
Мен айды көрейін деп, тамның төбесіне шықтым. 
• 
Өйткені шын көңіліммен оразаны қатты сағынып 
едім. Оны қатты күтудемін. 
Уа, мұсылмандар. Жаратушыға ғашық болғалы, 
• 
мен онсыз да шалқыған күй кешумен келемін. Ес-


210
Ислам және өнеге
түстен сол кезден бері айырылғам. Аһ, оразаның 
не деген бақыты бар, керемет байлығы бар, күйі 
бар! 
Оразаға құлшыныс таныт, сабыр сақта, оразаны 
• 
тастама, үнемі Хақтың разылығын көзде!
Адамның намаз оқуға көңілі аууы, ауыз бекітуі 
• 

 
пендені Хақтың өзіне жақындатуының белгісі.
Рамазан  айы  келді,  қолымызға  ғашықтық  пен 
• 
иман патшасының байрағы берілді. Ендігі жерде 
тағамнан  бойыңды  аулақ  ұста.  Өйткені  көктен 
рухани азық келді, әрі рухани дастархан жайыл-
ды. 
Бізді  жаман  қылықтар  мен  күнә  жасауға 
• 
итермелейтін  лас  нәпсіміз  тазалануға  зәру. 
Рамазан  айы  келгенде,  күнә  қапасының  есігі 
қирап, жан нәпсіге бағыныштылықтан арылады, 
миғражға шығады, Сүйіктімен кездеседі. 
Сабыр 
• 

  жанға  жағымды  бұлт  тәрізді.  Одан 
даналық  пен  рухани  игіліктер  жауады.  Осы 
себепті,  Құран  кәрім  де  осы  сабырлық  айында 
түскен. 
Исламның  ғимаратының  негізін  бес  бағана 
• 
құрайды. Аллаһқа ант етейін, осы бағаналардың 
ең күштісі − ораза. 
Аллаһ  тағала  осы  бес  негіздің  әрқайсысында 
• 
оразаны,  оразаның  тағдырын  жасырған.  Онсыз 
да ораза Қадір түні сияқты жасырын ғой. 
Сен  оразаға  қасиет  тұнған  зат  секілді  қара. 
• 
Ораза адамға жан бітіреді. Көңілін марқайтады. 


211
Тәрбиенің негізі – имандылық
Таңғаларлық  нәрсе  көргің  келсе,  оразаға 
таңырқа. 
Ораза  жанның  көзін  ашу  үшін  тәннің  көзін 
• 
бітейді. Сенің көкірек көзің соқыр болғандықтан, 
оқыған  намаздарың  мен  жасаған  ғибадаттарың 
санаңа сәуле бітіріп, ақиқатты көрсетпейді. 
Ораза  адамдықты  айуандықтан  ажыратуға 
• 
арналған. 
Шайтанның  қарның  жаратын  қанжар  іспетті, 
• 
шайтанды  өлтіріп,  нәпсінің  қанын  ағызу  үшін 
әлемде оразадан асқан не бар?
Нәпсімен соғысқа түсіп жеңгісі келген күрескер 
• 
үшін  ораза  −  жасақтаған  жүз  мың  қолдан  да 
артық. 
Оразаның  сағыныш  зарын  тартқандардың  жан 
• 
сарайын  тазартатындығы  соншалық  –  бейшара 
балықтың өзін су соншалықты тазарта алмайды. 
Ораза 
• 

  Аллаһ  тағаланың  ерекше  құлдарын 
Сүлеймен 
пайғамбардың 
сән-салтанатына 
бөлейтін жүзік немесе тәж. Бұл сиқырлы тәжді 
таңдаулы құлдарына ғана кигізеді. 
Ауыз бекіткен жанның күлкісі 
• 

 ораза ұстамаған 
жанның  сәждедегі  күйінен  әлдеқайда  жақсы. 
Өйткені ораза Рахман иенің дастарханынан дәм 
бұйыртады. 
Өзің байқамайсың, тамақ жеген кезіңде ішіңе кір 
• 
толады. Ораза болса монша секілді. Сені әрі руха-
ни әрі барлық кірлерден, барша жамандықтардан 
тазартады. 


212
Ислам және өнеге
Сен  білім  нұрымен  нұрланған  айуан  көріп  пе 
• 
едің?  Тән  де  бір  −  айуан.  Айуанның  қамын 
күйттеймін деп оразаны тастама.
Сен  уахдат  теңізінен  жеке  домалап  түскен  бір 
• 
тамшы  секілдісің.  Негізіңе  қалай  оралмақсың? 
Міне, ораза тасқын секілді, жаңбыр секілді сені 
жетектеп апарып теңізге қосады. 
Көк  дастарқанына,  рухқа  тән  дастарқандарға 
• 
пәк кісілер ғана жиналды. Міне, ораза саған сол 
кісілермен бірге бір ыдыстан дәм бұйыртады. 
Жан  сарайым  Құран  нұрына  малынсын  десең, 
• 
мынаны біл, Құран нұрының сыры − оразада. 
Нәпсіңмен  айқасқа  түскенде  «Мен  оразам-
• 
ды  соншалық  оп-оңай  бұза  салмаймын»  деп 
бойыңды теже, алақаныңды ысқыла, аяқтарыңды 
нықта, табандылық таныт!
Ораза  сені  көңілі  күндей  жарқын,  жаны  таза 
• 
күйге  жеткізеді.  Кейіннен  патшамен  кездесетін 
мереке  күні  өзін  құрбандыққа  шалады.  Сені 
менмендіктен арылтады. 
Кімде-кім  сау  жүзін  сарғайтса,  оразаның  жібек 
• 
киімін киеді. 
Бұл айда дұғалар қабыл болады. Ауыз бекітушінің 
• 
қиналысы көкті тебірентеді. 
Ораза құдығында отырып сабыр еткен кісі Жүсіп 
• 
пайғамбардай махаббат Мысырында сұлтан бо-
лады. 


213
Тәрбиенің негізі – имандылық
Енді тағамды күйсеуіңді қой, дәмді ораза келді. 
• 
Бүгінге  дейін  ішіп-жеудің  игілігін  көрдің,  енді 
оразаның игілігін көр. 
Уа,  сәресіге  тұрып,  сәресі  асын  ішкен  кісі!  Аз 
• 
сөйле, тіпті үндемей-ақ қой. Сен үндеме, ораза-
ны түсінгендер, ораза жайлы сөз етсін. 
Құстардың  қанат  қағуы  періштелердің  қанат 
• 
қағуымен  салыстыруға  келе  ме?  Құстар  жем 
үшін  ұшады,  періштелер  болса  оразаға  қарай 
қанат қағады. 
Шайтанның  бүкіл  айла-шарғысы,  оқтары 
• 
оразаның  қалқанына  тигенде  быт-шыты 
шығады. 
Отыз күн бойы Рамазан теңізінде әрлі-берлі жүз. 
• 
Соңында оразаның інжуіне қолың жетеді. 
Кейбір қиындықтары кезіксе де, оразаның мың 
• 
бір  түрлі  игілігі  бар.  Оразаға  деген  сағыныш 
мүлдем бөлек. 
Рамазан айында ішіп-жеуге, тамаққа, жаман сөз 
• 
сөйлемеуге  сабыр  сақтағандықтан,  осы  сабыр 
сенің  рухани  түсінігіңді  молайтады.  Көкірек 
көзіңді ашады. 


214
Э


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет