215
Тәрбиенің негізі – имандылық
тет өзінің пәлсапалық-тәрбие мектебін ашты. Эпиктет
кедейшілікте, жұпыны ғана тірлік кешті. Оның жиған-
терген бар дүние-мүлкі: сабаннан жасалған төсек, ағаш
орындық пен май шам ғана болды. Ол қайтыс болғанда,
көне мұра ретінде бұл дүниелері аукционға салынып,
шамамен 13 кг-дай күміске тең келетін қымбат ақшаға
сатылды. Эпиктет өзі ешқашан да қолына қалам алып
ештеңе жазбады. Шәкірттері бәрін жазып алып отырды.
«Эпиктет жетекшілігі», «Эпиктет әңгімелері», «Эпиктет
талқылаулары» атты кітаптарын да солар жинақтады.
Өз пәлсапасында Құдайға сенуді, тағдырға толықтай
бағынуды, жақсылықсүйгіштікті, жанашырлықты,
сыпайылық сынды моральдық құндылықтарды барынша
жақтап өткен. Ол насихат айтқан сайын, өлімді еске алып
отырған: «Өлім үнемі есіңде тұратын болса, қажетсіз
нәрселерге өлермендік жасамайсың», – дейді. Барынша
кішіпейілікке шақырады. Кімнің болса да пікірін сый-
лай білуді жақтайды. «Біреу сен жайлы жаман айтса, сен
оған бола ашуланба, одан да былай де: «Бұны айтқан
кісі қайта менің басқа да жамандықтарымды білмейді
екен. Білсе, бұны ғана айтпас еді». Елге бір нәрсе айту
үшін алдымен іспен көрсету керек екенін мына сөзінде
білдіреді: «Надандардың алдында салиқалы нәрселер
айтып өзіңді жақсы көрсетуге тырыспа. Одан да сол
жақсы нәрселерді өзің істе. Мәселен, қонақта өзіңді
қалай ұстау керектігін айтып білгішсінбе. Одан да
өзіңді солай ұста». Эпикеттің айтып кеткен тағы да мы-
надай көптеген ойлы сөздері бар:
Не қаласа соны істейтін адамды «құл» деуге
келмейді.
Туған жеріңнің ғимараттарын емес, азаматта-
рын биіктетсең – сол сенің ең үлкен жақсылығың.
216
Ислам және өнеге
Биік үйлерде ойы аласа адамдар өмір сүргенше, аласа
үйлерде адамгершілігі биік тұлғалардың өмір сүргені
әлдеқайда артық.
Ақылды өз құмарлығымен күреседі, ақымақ соның
айтқанына жығыла береді.
Егер елдің сен жайлы жақсы айтқанын қаласаң,
өзің ешкімді жамандаушы болма.
Атақ-даңқ, ақша, құмарлықты жақсы көрген адам
халықты жақсы көре алмайды. Жақсылықсүйгіш адам
ғана халықты жақсы көреді.
Піл сүйегінен жасалған, алтындалған қымбат бір
сандықшада улы жылан мен улы шаянның жатқанын
білсең, сен ол сандыққа аса құмартпас едің, оны алғың
да келмес еді. Қайта алыстан оған абайлап, сақтықпен
қарайтын едің. Ендеше, барынша үлде мен бүлдеге
оранып былқ-сылқ еткендерді көре қалсаң, олардың да
сыртқы көрінісіне сен қызықпа. Бойыңды аулақ салып,
қайта сақтықпен қара.
Түстік асыңды ішіп отырғанда, сен мына екі
қонақты: жан мен тәнді сыйлап отырғаныңды ұқ.
Бірақ сенің тәнге бергенің кейін жоқ болады да, жанға
бергенің мәңгі өзіңмен қалатынын біл.
Біреумен сөз таластыру аса жағымсыз жайт. Ол бір
маспен әңгімелесу сияқты. Айтқаныңа не масты көндіре
алмайсың, сау болғандықтан не өзің мастың айтқанына
көнбейсің.
Біреумен әңгімелесе қалсаң, мына үш көзқарасты
ұстан: ақыл жағынан ол сенен артық па, тең бе, төмен
бе?! Егер ол сенен ақылдырақ болса, онда оның
айтқандарын тыңда. Егер ол ақымақтау болса, онда
оған өзің ақыл айт. Егер ол сенімен тең болса, онда оны
217
Тәрбиенің негізі – имандылық
құптай отырып әңгімелес. Егер осыны үш нәрсені есіңде
ұстасаң, ешкіммен дауласпауға өзіңді үйретесің.
Бақытты болудың бір ғана жолы бар – біздің
еркімізге бағынбайтын нәрселерден аулақ бол.
Істеуге тыйым салынған нәрсені ойша істеуден де
аулақ бол!
Сенің ісің – саған берілген міндетті жақсы орындау
ғана, ал саған міндетті таңдап беру – басқаның ісі.
Жақсы сөйлей білу өнер болса, сонымен қатар,
құлақ
қойып жақсы тыңдай білу, түсіне білу де өнер.
Театрда бір жас жігіт: «Мен өте ақылдымын,
өйткені көптеген философтармен әңгімелескем», – деп
мақтаныпты, сонда Эпиктет оған: «Менің де бай таныс-
тарым көп-ақ, бірақ мен бәрібір кедеймін ғой», – деген
екен.
Эпиктеттен: «Бай адам қандай адам?» деп
сұрағанда, «Ешкімнен тіленбейтін, өз-өзіне көңілі тоқ
адам», – деп жауап берген.