Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет56/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71
Ислам және өнеге
оң  жағында  отырған  кісіге  де  ішкізетін.  Егер  ол  кісі 
жасы кіші болса, рұқсатын сұрап барып, сол жағындағы 
кісіге де ұсынатын. Қандай да бір оқиғаны жасы кіші 
адам  баяндамақ  болса,  оны  тоқтатып,  жасы  үлкеніне 
айтқызатын
235
. Хадистерінде осындай ибалыққа, сыпайы 
мінезге шақырып былай деген: «Үлкендерімізге құрмет 
көрсетпеген,  кішілерімізге  мейірімділік  танытпаған 
бізден емес»
236
, «Аллаһ тағала жасына бола үлкен кісіні 
құрметтеген жанға, ол қартайғанда да өзін құрметтейтін 
кісілерді нәсіп етеді»
237
; «Түсімде тістерімді мисуакпен 
ысқылап жатыр екенмін. Бір уақытта қасымда бірі егде, 
бірі жас екі кісі пайда бола кетті. Мен қолымдағы ми-
суакты жасы кішісіне бергім келіп еді, алайда сол мезет 
маған «Жасы үлкеніне бер» деген дауыс естілді»
238
т.б. 
Сүйікті елші (с.а.с.) көрген жақсылығын ешқашан 
ұмытпайтын. 
Өзіне  жақсылық  жасағандарға  өзі  де  әрдайым 
сый-құрмет  көрсетуге  тырысатын.  Бар  байлығын  Ис-
лам  жолына  арнап,  өзіне  үлкен  қолдау  білдірген
239
 
алғашқы жары Хадиша анамызды (р.а.) үнемі еске алып 
отырғандығы осының айғағы
240

Бір  жолы  үйіне  бас  сұққан  Хадиша  анамыздың 
сіңлісі  Хауланың  дауысын  естіп,  марқұмды  тағы  да 
тебірене еске алғанына Айша анамыз (р.а.) қызғанышпен 
реніш білдіріп: «Аллаһ сізге одан да қайырлысын берген 
жоқ па?!» деп өзін меңзеген еді. Сонда Пайғамбарымыз 
235
  Бұхари, Жизия, 12.
236
  Тирмизи, Бирр, 15.
237
  Тирмизи, Бирр, 75.
238
  Мүслим, Рүя, 19.
239
  Ахмед ибн Ханбал. VI, 118.
240
  Кандемир, Чакан, Күчук, Пейгамберимизден хаят өлчулери, 
ІІ, 505.


173
Тәрбиенің негізі – имандылық
(с.а.с.): «Жоқ, Аллаһ тағала маған одан артық ешкімді 
берген емес. Ешкім айтқаныма сенбеген кезде, ол сеніп 
еді.  Ел  менен  теріс  айналғанда,  сол  ғана  ақиқатты 
айтқанымды  мойындап  еді.  Ешкім  маған  ештеңе  бер-
меген кезде, сол ғана маған дәулетін тосып, қолдап еді. 
Әрі Жаббар ием содан маған ұрпақ нәсіп етті»
241
, – деп 
жауап берген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің сүт анасы-
на да зор құрмет көрсеткен. Арада көп жыл өтіп, Мек-
ке  азат  етілгеннен  кейін,  өзін  іздеп  келген  сүт  анасы 
Халимаға  шапанын  төсеп,  төрге  отырғызған
242
.  Хауа-
зин тұтқындарымен бірге әкелінген емшектес бауыры 
Шәйманы  да  сыйлап,  айтарлықтай  көңіл  бөліп,  тай-
пасына  қайтарында  мол  тарту-таралғымен  шығарып 
салған
243
.  Мекке  кезеңінде  мұсылмандарды  үш  жыл-
дай  оқшаулап  шөлге  тықсырғанда,  пұтқа  табынушы-
лар  бекіткен  қатаң  ережені  жойып,  мұсылмандардың 
Меккеге  оралуына  көмектескен,  Тайыфтан  қайтқанда 
Пайғамбарымыздың  Меккеге  кіруіне  көмектесіп, 
қамқорлық танытқан Мұтғим ибн Ади Бәдір соғысында 
мүшріктер  арасында  өліп  еді.  Мұтғимның  баласы 
Жабир  соғыстан  кейін  тұтқындарды  қайтару  үшін 
Пайғамбарымызға  жолыққанда,  кезінде  әкесінің 
мұсылмандарға  жасаған  жақсылықтарын  еске  алып: 
«Мұтғим  ибн  Ади  тірі  болып,  тұтқындарға  кешірім 
сұраса,  бәрін  босатар  едім»,  –  деп,  өзінің  жасаған 
жақсылықты ұмытпайтын опалылығын байқатқан еді. 
Ансарларды  да  үнемі  аузынан  тастамай  игі  дұғасына 
241
  Ахмед ибн Ханбәл, VI, 118. -
242
  Әбу Дәуіт, Әдаб, 128. 
243
  Бәйхақи, Дәлаил, ІІ, 308. 


174
Ислам және өнеге
қосып  отырғандығы  оның  жақсылықты  ешқашан 
ұмытпаған қасиетін аңғартуда
244

Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) дархан пейілді өте 
қонақжай еді. 
Құранда  Ибраһимнің  (а.с.)
245
ең  ізгі  қасиеттерінің 
бірі ретінде аталған бұл мінез Пайғамбарымызға да тән 
еді. Құтты шаңырағынан үнемі қонақ үзілмеген деуге 
болады. Ибн Сағыдтың айтуынша, Әбу Хұрайра (р.а.) 
расулаллаһтың аш жүретіндігі жайлы әңгіме қозғағанда, 
Ағраж бұның себебін сұраған. Сонда Әбу Хұрайра (р.а.) 
бұны ол кісіге келімді-кетімді қонақтардың көптігімен, 
үнемі  жанынан  айырылмай  бір  топ  адамдардың 
жүретіндігімен,  оның  үстіне  қасында  сахабалары  не 
суффа  асхабы  болмаса,  Пайғамбарымыздың  асты 
ауызға  алмағандығымен  түсіндірген
246
.  Арабстанның 
әр  қиырынан  өзін  іздеп  келген  қонақтарға  барынша 
көңіл бөлетін. Мейлі елшілік мақсатпен келсін, мейлі 
жай келсін, ол кісілерге жақсы қарауды тапсыратын
247

Мәселен,  Бәни  Ханифа  қонақтары  өздерін  Рәмла  ибн 
Харистың  үйінде  күткенін,  таңертең  және  кешке  нан 
мен ет, бір жолы нан мен сүт, бір жолы нан мен май 
беріп сыйлағандығын айтқан
248

Мәдинаға келетін елшілер немесе басқа да кісілер 
қонақтарға арнайы дайындалған Рәмла ибн Харистың 
үйінде
249
  немесе  Абдуррахман  ибн  Ауф
250
,  Фәруа 
244
  Бұхари, Мәнақибул-ансар, 2.
245
  «Зарият» сүресі, 24-27.
246
  Ибн Сағыд, І, 408. 
247
  Қараңыз: Чакан, Сиясетли Мұхаммед, 56-57.
248
  Ибн Сағыд, Табақат, І, 316.
249
  Ибн Сағыд, Табақат, І, 316.
250
  Кәттани, Тәратиб, ІІ, 23. 


175


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет