Ислам және өнеге


алаға көңіл бөлу – Пайғамбар



Pdf көрінісі
бет58/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71
алаға көңіл бөлу – Пайғамбар 
сүннеті
Ғаламға ұстаздық жасап, бүкіл саналы ғұмырын 
адамзат бақытына арнаған пайғамбарымыз Мұхаммед 
Мұстафа 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 балаларға қаншалықты 
көңіл бөлген? Бұл жөнінде үмбетіне қандай үлгі-өнеге 
қалдырды? Ізгілік пен мейірім жаршысы ретінде бала 
тәрбиесінің  қай  тұстарына  ерекше  назар  аударды? 
Сүйікті елшінің өміріне осы тұрғыда бір көз жіберіп 
көрсек. 
Адамзаттың  таңдаулысы  (с.а.с.)  бала  өмірге  кел-
мей жатып-ақ оған қамкөңілділік танытатын. Баланың 
өмір  есігін  ашқанын  қуаныш  көретін.  Туыла  салысы-
мен,  мұсылмандық  тәрбие  нышандарын  жасайтын. 
Айталық, қызы Фатима (р.а.) босанып, немересі Хасан-
ды алғаш көргенде, үстіндегі сары жаялығын шешіп, ақ 
жаялыққа ораған
277
. Бұл оның сәби жынысына сай түсті 
таңдағанын білдірсе керек. 
Сәби туылғанда, сүйінші бергенді ұнататын. Өзінің 
ұлы  Ибраһим  туылғанда,  сүйінші  сұрап  келген  Әбу 
Рафиға  сый-сияпат  тарту  еткен
278
.  Жаңа  туған  сәбиді 
құшағына алып тұрып, игі дұға тілейтін, сосын құрманың 
сөлін  таңдайына  жағып,  алғашқы  дәм  таттыратын 
277
  Ибн  Абдилбәрр,  әл-Исаба  фи  тәмиизис-сахаба,  4-т.,  337-
338-б.
278
  Ибн  Абдил-бирр,  Әбу  Омар  Юсуф  ибн  Абдиллаһ  ибн 
Мұхаммед (қ.ж. 463), әл-Истиаб фи марифатил-асхаб, Каир, 
1328, ¼. 


180
Ислам және өнеге
болған
279
. Айша анамыз бұл жайды: «Пайғамбарымыз 
өзіне  әкелінген  нәрестелердің  әрбіріне  береке  тілеп, 
дұға оқитын», – деп еске алған
280

Балаларды «жүректің жемісіне» (сәмәрәтүл-құлуб), 
«көздің  нұрына»  (құрратул-айн)
281
  теңеген  мейірім 
жаршысы Ардақты елші (с.а.с.) Абдуллаһ ибн Аббасқа 
бала кезінде: «Иә, Аллаһ тағалам, бұған хикмет үйрете 
гөр!» – деп дұға жасаған
282
. Ал Әнәсқа (р.а.) байлығы 
мен бала-шағасының көп болуын, ұзақ өмір сүруін, бер-
ген  садақаларының  қайырлы  болуын  тілеген
283
.  «Ата-
ананың  баласы  үшін  жасаған  дұғасы  қабыл  болады», 
–  деген  Пайғамбарымыз  бала  тәрбиесінде  Аллаһтан 
тілек тілеп, дұға жасауда үлкен мән бар екенін осылай 
ұқтырып отырған. 
Нәрестелерге туыла салысымен ат қойған кездері 
болған.  Бірақ,  көбіне  бұған  нәресте  туылғаннан 
кейінгі  жетінші  күнді  дұрыс  көрген.  Сәбиге  азан 
шақырып, ат қоюды ата-ананың балаға деген алғашқы 
міндетінің  біріне  жатқызған.  Сондай-ақ  әрдайым 
балаға  мағыналы,  жақсы  ат  қоюға  шақырған.  Бұның 
мәнін:  «Сендер  қиямет  күні  өз  есімдеріңмен  және 
әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар. Олай болса, 
балаға  әдемі  есім  қойыңдар»
284
,  –  деп  түсіндірген.  Ең 
әдемі есімдердің қатарына Абдуллаһ (Аллаһтың құлы) 
және Абдуррахман (Рахманның құлы) деген қос есімді 
жатқызған. Кей нашар аттарды мағынасы дұрыс, естір 
құлаққа жағымды есімдерге өзгерткен. 
279
  Муслим, Таһарат, 101.
280
  Әбу Дәуіт, Әдеп, 108.
281
  Фәтхул-бари, 11/255.
282
  Тирмизи, Мәнақиб, 50; Ибн МажаМуқаддима, 11.
283
  Муслим, Фәдаилус-сахаба, 141-144; Тирмизи, Мәнақиб, 50.
284
  Әбу Дәуіт, Әдеп, 70.


181
Тәрбиенің негізі – имандылық
Немерелері  Хасан  мен  Хұсейін  (р.а.)  өмірге  кел-
генде,  немерелі  болғанына  шүкіршілік  білдіріп,  ар-
найы құрбандық шалған (ақиқа). Қызы Фатимаға (р.а.) 
сәбилердің  үлпілдек  шашын  алып,  алынған  шаштың 
салмағындай  садақа  беруді  тапсырған
285
.  «Нәрестеге 
берілген  сүт  адамның  болашақ  табиғаты  мен  мінез-
құлқын  қалыптастырады»
286
,  –  деп,  адал  сүтпен 
қоректендірудің маңызын ұқтырған. Қандай да бір се-
беппен баланы басқа біреу емізген жағдайда, харамға 
ауыз  салмайтын  адал  жанға  табыстауға  көңіл  бөлуді 
аңғартқан. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жылаған баланы жұбатуға 
да ерекше көңіл бөлетін. «Кімде-кім жылаған баласын 
жұбатуға  тырысса,  Аллаһ  тағала  жаннатта  оған  риза 
болғанға  дейін  нығметтерін  үйіп-төгеді»
287
,–  деген  ол 
жамағатқа  намаз  оқытып  тұрғанда,  жылаған  баланың 
дауысын естісе, намазды тезірек бітіруге тырысатын.
Бірде  таң  намазын  әдеттегіден  жылдам  оқып 
бітіреді.  Сахабалардың  бірі  бұған  таңданып: 
«Уа,  расулаллаһ,  бүгін  намазды  неліктен  жылдам 
аяқтадыңыз?», – деп сұрағанда, «Арт жақтан жылаған 
баланың  дауысын  естімедің  бе?  Анасы  барып  тезірек 
жұбатқанын қаладым»
288
, – деген жауап естіген. 
Үйіне  кіре  бергенде,  баланың  жылаған  дауысын 
естіп: «Мына бала неге жылап жатыр,
 
көз тиюге қарсы 
оқытпап па едіңдер?»
289

 деп сұрағаны да бар. 
285
  Мустәдрәк, 3-т., 179-б.
286
  Фәйзул-Қадир, 4-т., 55-б.
287
  Дәйләми, Муснәдул-Фирдәус, II, 147-б.
288
  Ибн  Хажар,  әл-Мәталибул-алия  би  зәуаидул-мәсанидис-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет