Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет60/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71
Ислам және өнеге
алатын»
298
.  Ханафи  мәзһабының  ғалымдары  осы  ха-
дистен  үкім  шығарып,  намаз  оқып  тұрған  кезде,  осы 
секілді мәжбүрлік жағдайда, артық қимыл жасауға бо-
латынын айтады. 
Бір  күні  Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  немерелері  Ха-
сан  мен  Хұсейінді  арқалаған  күйде  мешітке  кіреді. 
Жамағатқа  намаз  оқыту  үшін  орнына  барып  тұрады 
да,  балаларды  оң  жағына  отырғызады.  Аллаһ  расулы 
сәждеге  барған  кезде,  сәждені  ұзақ  жасайды.  Намаз 
біткен  соң  халық:  «Уа,  расулаллаһ,  намазда  сәждені 
көбірек  созуыңыздың  себебін  білуге  бола  ма?  Әлде 
бұл Аллаһ тағаланың әмірі ме?» – деп сұрайды. Сонда 
Пайғамбарымыз: «Жоқ, – бұл Аллаһтың әмірі емес. Не-
мерем арқама мініп алды. Өзі түскенге дейін, күткенді 
дұрыс көрдім»
299
, – деп жауап береді. 
Басқа риуаяттарда хазірет Пайғамбар (с.а.с.) намаз-
да сәжде жасағанда немерелерінің арқасына мініп ала-
тыны,  сәждеден  тұрар  кезде  жайлап  жерге  түсіретіні, 
құлап кетпесін деп қолымен ұстап, рүку жасаған кезінде 
аяқтарын  ашып  тұратыны,  намаз  біткен  соң  оларды 
бауырына  басып,  сүйетіні  жайлы  айтылады.  Кейде 
сахабалар  бұндай  сәттерде  намазға  кедергі  жасамау 
үшін  балаларды  көтеріп  алмақшы  болған  кездерінде, 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға тиіспеуге ым жасайтын. 
Намаздан кейін  «Балаларды алып анасына апарайық» 
дегендерге де, «Тиіспеңдер», − дейтін. Біраздан кейін 
өзі немерелеріне: «Аналарыңа бара қойыңдар», – деген-
де,  олар  өз  еріктерімен  тұрып,  үйлеріне  қарай  жүгіре 
жөнелетін. 
Жұма  күні  бірде  Пайғамбарымыз  хұтба  оқып 
жатқан  болатын.  Немерелері  Хасан  мен  Хұсейін 
298
  Бұхари, Әдеп, 18 (8/8).
299
  Мүстәдрак, 3/165-166; Мәталибул-Алия 4/72 (3997 Х.).


185
Тәрбиенің негізі – имандылық
сүріне-қабына  мешітке  кірді.  Пайғамбарымыз  (с.а.с.) 
сөйлеп жатқан жерінен тоқтап, мінберден түсіп, екеуін 
көтеріп алады да, мінберге қайта шығады. Екеуін алды-
на отырғызып: «Аллаһ тағала: «Балаларың мен дүние-
мүліктерің  сендер  үшін  сынақ»
300
  –  деп  қалай  дұрыс 
айтқан! Олардың құлап-сүрініп келе жатқанын көрген 
кезде шыдай алмадым, айтып жатқан сөзімді бөліп, ба-
рып оларды құшағыма алдым», – дейді
301

Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  тек  қана  өзінің  балалары 
мен немерелерін ғана емес, сахабалардың да балаларын 
жақсы көрген. Усама (р.а.) өзінің балалық шағындағы 
бақытты  сәтін  былай  баяндайды:  «Аллаһ  расулы 
бір  тізесіне  мені,  екінші  тізесіне  немересі  Хасанды 
отырғызды, сосын бізді құшағына қысып: «Уа, Жасаған 
ием, бұларға рақымдылығыңды төге гөр, себебі мен де 
оларға мейірімдімін», – деді»
302
.
«Баласы  бар  –  баламен  бала  болсын»
303
,  –  деп 
өсиет қалдырған Пайғамбарымыз жас сәбилерге ерек-
ше  мейіріммен  қараған.  Кейде  өзі  де  немелеріне  ат 
болып,  кейде  иығына  мінгізіп  жүріп  ойнатқан.  Бірде 
Пайғамбарымыздың  Хасан  мен  Хұсейінді  иығына 
отырғызып  алып,  көтеріп  ойнатып  жүргенін  көрген 
Омар (р.а.) бұған қатты сүйсініп «Әй, балақайлар, мініп 
алған  сәйгүліктерің  қандай  тамаша!»  –  дейді.  Сон-
да  Пайғамбарымыз  оған  «Олар  да  осал  атқамінерлер 
емес»
304
, – деп жауап береді. 
300
   «Тәғабун» сүресі, 15-аят.
301
   Нәсәи, Жұма, 30
302
   Бухари, Әдеп, 22.
303
  Дәйләми, Мүснәдүл-фирдауси, ІІ, 136\6. 
304
  Мәталибүл-алия 4/72.


186


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет