Ислам және өнеге


« О раза айы келді болып қонақ!»



Pdf көрінісі
бет62/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

«
О
раза айы келді болып қонақ!» 
немесе бабаларымыз оразаны қалай 
насихаттаған?
Құранда  парыз  етілген  оразаға  ата-бабаларымыз 
ешқашан бей-жай қарамаған. Ауыз бекіткен жанның сау-
абын жомарттығы мол Жасаған иенің өзі өлшейтіндігін, 
бес  күндік  тіршіліктің  мәні  құлшылықта  екендігін, 
бұ  дүниенің  
 
бейнет,  ақыреттің  
 
зейнет  екенін 
жақсы  түсінген.  Сол  себепті  ғапылдыққа  ұрынбай, 
мұсылмандық парызды өтеуді міндет деп қараған. Жы-
лына бір келер отыз күн оразаны барынша құрметпен 
қарсы  алған.  Рамазан  айында  Жаратушының  мейірімі 
төгіліп,  рақымы  жауатынын,  сүйікті  пайғамбарымыз 
Мұхаммедтің  (саллаллаһу  алайһи  уә  сәлләм)  өнегесін 
дәріптейтін, пәни өмірдің – жалған, бақи өмірдің – ар-
ман  екенін  түсіндіретін  жарапазан
326
  айтқызған.  Ел 
бірлігінің ұйытқысы дінде екенін жақсы білген бабала-
рымыз тіршілігінде мұсылмандық міндеттерді халыққа 
насихаттап  отырудан  жалықпаған.  Қол  қусырып, 
құбылаға бет түзеу, ораза ұстап, бес уақыт намазды қаза 
қылмау  көкейіне жиғаны, көкірегінде иманы бардың 
белгісі деп білген. 
Шортанбай ақынның мына өлеңінде ол жақсы бей-
неленген:
Құбылаға бас қоймақ  
Мұсылманның тарығы. 
326
  Арабша «Жә рамазан» – «рамазан келді» сөзінен шыққан.


191
Тәрбиенің негізі – имандылық
Ораза, намаз қаза қылмасаң,
Көңіліңде Құдай барлығы
327

Иә,  көңілінде  Құдай  бар  пенде  қасиетті  Құранды 
парақтағанда,  Жаратушы  иенің  «Мен  жындар  мен 
адамзатты өзіме құлшылық қылсын деп жараттым»
328
 
деген жарлығын білмеуі мүмкін емес. Ал, бұны білген 
ақылы толысқан, парасатты адамның құлшылыққа көңіл 
бөлмей  жүруі  тағы  қисынсыз  жайт.  Өйткені,  Абайша 
айтқанда,  «ақылдығы  –  иман,  имандыға  –  құлшылық 
парыз» емес пе?! 
Рас,  мұсылман  адам  –  рухани  тазалыққа  көңіл 
бөлуімен,  дінді  таза  ұстануымен,  татулық  пен 
ағайынгершілікті күзетуімен ерекшеленеді. Ол ең әуелі 
Хақты тануға, өзіне жүктелген бес парызды орындауға 
талпынып,  ыждаһаттылық  көрсетуі  тиіс.  Әбубәкір 
Кердері бабамыз бұны былай деп ұқтырған: 
Мұсылман болсаң  іждәт қыл, 
Иман, руза, намазға. 
Ағайын болсаң, тату бол,
Әуес болма аразға!
Құлшылық  –  Хақтың  разылығына  бөлену  және 
сауап  үшін  жасалады.  Ақыретте  амалдар  таразыға 
тартылғанда, сауабым көбірек басса екен, күнәларыма 
кіпарат кешірім болса екен деген үмітпен атқарылады. 
Ешкім-ешкімге  ақша  ұстатып,  дүние  беріп  есептесе 
алмайтын,  ешкімнің-ешкімге  көмегі  тимейтін,  әркім 
өз  басын  қайғы  етіп,  қиналған  сәтте  пайдасы  тиіп, 
шапағаты  жете  ме  деген  зор  тілекпен  атқарады.  Па-
рызды уақтылы орындамағанның есебін қайтіп берем, 
327
  Он ғасыр жырлайды. Алматы,-2006. Б.202.
328
  «Зариғат» сүресі, 56-аят


192
Ислам және өнеге
жазаға  ұшырамайын  деген  қорқыныштан  да  арыл-
майды.  Әбубәкір  Кердері  бабамыз  келесі  бір  өлең 
шумақтарында осыған тоқталған: 
Пайдасын өзің көресің, 
Ғибадат қылып Аллаһға. 
Бір жаныңды нұрласаң. 
Жаныңа ғазап хақ болар 
Ораза, намаз, зекет, хаж
Атқарып уақыт тұрмасаң. 
Қазақ  халқы  құлшылық  жасау  пендешіліктеріміз 
бен  біліп-білмей  жасаған  күнәларымызды  жуып-
шаяды деп түсінген. Ол негізсіз де болмаған. Өйткені 
жақсы істердің жамандықтарды жоятындығы қасиетті 
Құранда  жазылған
329
,  хадистерде  де  жиі  ескертіліп: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет