Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ Қайрат ж о л ды ба й ұ л ы



Pdf көрінісі
бет18/24
Дата03.03.2017
өлшемі8,77 Mb.
#6782
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

 
сөзі  араб  тілінде  белгілі  бір  нэтижеге, 
мақсатқа  жету  үшін  яки  бір  істі  істеу  үшін  бар  қажыр- 
кайратьщ мен ынта-жігеріңді гөгу, тырысу,  күресу  деген 
сиякты мағыналарды білдіреді.
«Жинад»
 
ұғымыныц аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда 
теріс  бағыттагы  акпарат  салдарынан  көптеген  адам- 
дар  жиһадтты  кару  алып  соғысу  деп  біржақты  тұсінеді. 
Әрине,  мұндай  тусінік  жиһадтың  мағынасын  шектейді. 
Қүранда «жинад»
 
сөзі 35 жерде өткенімен төрт жерде ғана 
тікелей соғыс магынасында келген. Кдаанда соғыс ұгымы 
«харб»,  «мухарабэ»,  «маграка»,  «цитап»
 
терминдерімен 
білдірілген.  Бірак,  жиһад  сөзі  соғысты да  камтыганлык- 
тан,  көпшілік  жиһад  делінген  кезде  тікелей  соғысты 
түсінеді.
«Жинад» 
-
 адамның Алла Тағаланы тануына  кедергі 
келтіретін  барлық  тосқауылдарды  жою.  Жаратушы  мен 
адамның арасындағы бөгетгерге сауатсыздық, элеуметгік 
жағдайдың төмендігі, ерік-ойға, санаға жасалған шектеу- 
лер  жатады.  Ендеше,  «Жиһад»
 
деп  осы  бөгеттерді  жого 
үшін жасалатын барлық іс-шара, күреске айтылмак.
Алла  ризалығы  ұшін  істелген  эрбір  іс-қарекет 
«жиһад» саналады.  Қандай да болсын  киын жагдайларға 
карамастан күн сайын уздіксіз бес уакыт намаз оқу, кейде 
аптап  ми  кайнатар  ыстықга  ораза  үстау,  Алла  Тағаланы 
өзге жандарға түсіндіру үшін істелген эрбір іс, қоғамдагы
265

ИМ АНИГҮЛ
кейбір 
керітартпа 
келеңсіздіктерді141 
түзету 
үшін 
аткарылған үлкенді-кішілі барлык шара исламдағы жиһад 
ұғымьшыа аясына кіреді.
Жиһад -  еи әуелі өзіңді түзету. Ішкі дүниеңді, жүрегің- 
ді  тазарту.  Болмысыңды  қызғаншактык,  канағатсыздық, 
сабырсыздық,  жалқаулық,  тэкаппарлық  секілді  куллі 
жаман  қасиетгерден  арылтып,  олардың  орнын  көркем 
қасиеттермен  толтыру.  Қысқасы,  нэпсіңмен  эрдайым 
үздіксіз күрес. Себебі, эуелі өз басын түзете алмаған адам, 
нәпсісін  жеңіп,  кэміл  адам  болу  жолына  түспеген  жан 
өзгені қалай түзетіп, тура жолға қалай шакырмак.
Сыртқы  күрестен  бұрьш  ішкі  күресті  қолға  алудың 
маңыздылығы  айтпаса  да  түсінікті.  Себебі,  адам  өзінде 
жоқ нәрсені басқаға калай бермек? Пайғамбарымыз бірде 
соғыстан шаршап,  шалдығьш келе жатқан сахабаларына: 
«Біз қазір кіші жинадтан үлкен ж иьадқа қайттың»
 
де­
ген кезде,  сахабалары:  «Уа, Расулуллан,  «үлкен  жиьад» 
деген не?»-
 
деп, таң қала сауал қойды.
Пайғамбарымыз: «Ол — вз нэпсіңмен күрес»,-
 
деп жа­
уап қайырды. Міне, кордіңіз бе? Неге? Өйткені, нэпсімен 
күрес  қояға қару алып дүшпаннан  соғысқаннан да қиын. 
Олай дейтініміз, сыртқы дүшпанның кім екені, қайда екені, 
қашанға  дейін  болатындығы  белгілі.  Сондыктан онымен 
күресу  оңай. Ал, нәпсің болса, олай емес. Ол сенің ішідде. 
Қай жакган,  калай келіп айласын асыратыны да белгісіз. 
Оның  дүшпандығы  белгілі  бір  уақытпен  шектелмейді, 
эрдайым сенімен бірге. Міне, сондыктан 
П а й ғ а м б а р ы м ы з  
сыртқы  дұшпанмен  күресті  «кіші  жинадқа»
 
жатқызса, 
нэпсімен күресті «үлкен жиңадқа»
 
балаған.
141  Қазіргі  танда  кен  етек  алған  болмаш ы   себептермен  ажыр  - 
су,  тастанды  бала,  жемқорлық,  иманнам  бейхабар  гұмыр  кешу 
с и я к ш  келенсіздікгерді түзету үш ін ж асалған эрбір салиқалы іс, 
кажырлы күрес жиһадка жатады.
266

ИМАНИ ГҮЛ
Пайғамбарымыз баска бір хадисінде: «Нагыз жинад 
жасаушы 
к і с і -
өзінің нзпсісімен күресуші» деп,
 
нәпсімен 
күрестің маңыздылығын тағы бір рет айшықгай түскен.
Жиһад  ұғымы  адамға, 
қоғамға,  жағдайға  карай 
турленіп  отырады.  Бір  дәрігердің  өз  саласывда  кэсіби 
деңгейге қол жеткізу үшін тынбай талпынуы мен ізденуі, 
экономика  маманының  мұсылмандардын  әлеуметтік 
жағдайларының  түзелуі  үшін  жүмсаған  кажыр-қайраты, 
мүғалімнің  сауатты  турде  бала  оқытуы  -   мұның  бэрі 
жиһадка  жатады.  Мүсылмандардын  керекті  каржыны 
тірнектеп жинап,  өздеріне мешіт, медресе тұргызуы; жоқ- 
жітіктерге  көмектесіп,  жетім-жесірлерге  қарайласқан 
қалталы  азамаггардың  бүл  істері  де  Хақ  жольгндагы 
күреске -  жиһадқа жатады.
Пайғамбарымыз  бір  хадисінде:  «Жесірлер  мен 
мгскіндер  үшін  жумыс  істеуші  кісі  Алла  жолында 
зкинад жасаушы адамга тец»т
 
дейді.
Кейде  нагыз  сөз  сапгайтын ұрымтал  түста  бір  ғана 
кесімді сөз айту да, сездін кері эсер ететін тұсында сабыр 
сақтап,  тіліңді  тістеу де  жиһадка  саналады.  Тіпті,  кейде 
Қажетгілігіне қарай тек қабағыңды шыту яки күлімсіреу- 
ДІҢ  де  жиһадқа  саналуы ғажап  емес.  Қысқасы,  істелетін 
эрбір  істід  Хақтың  ризашылығына  қарай  реттелуіне 
«экинад»
 
делінеді.
Жиһад мэжбүр жағдайда карумен де болады. Барлық 
дипломатиялық 
байланыстар 
нэтижесіз 
аяқталып, 
келіссоздерден  толықтай  үміт  үзілген  шақта  отанды 
корғау үшін колға кару алып жиһад жасауға рүқсат.
Пайгамбарымыздың  дэуіріндегі 
жиһадка, 
яғни 
мұсылмандардың  Хак  жолындагы  курестеріне  назар
142  Бухари,  китабун-нафақат.  Және қараңыз Әбу Зәкария  Мухиддин 
Иахия ӘнНәуәуий, узІшулМутгакин, Ітом, 227бет. Муэссисәтур- 
Рисәлә, Байрут  І99ІЖ.
267

ИМАНИ ГУЛ
аударсақ,  жоғарыда  айтылған  жиһадтың  барлық  тұріне 
куэ боламыз.
Хазіреті 
Мүхаммед 
(с.а.у.) 
пайғамбарлыгыньщ 
алғашқы  үш  жылында  исламды  жасырын  насихат- 
тады. 
Мүсылмандардың 
бұл  кезендегі 
жиһадтары 
дұшпандардмн  көзіне түспестен,  пайғамбарымызбен жа­
сырын түрде кездесіп түруы болатын.
Пайғамбарлықтың 
төртінші 
жьшынан 
бастап, 
Адамзатгың  ардактысы  (с.а.у.)  елді  жаңа  дінге  жа­
рия  түрде  шакыра  бастады.  Міне,  осы  кезде  Мек­
ке  мүшріктері  иман  келтіріп,  жаңа  дінге  кірген  ат 
төбеліндей  аз  ғана  мүсылмандарды  келеке,  мазақ  етіп, 
сан-алуан  қиыншылыкгарға  душар  етті.  Осы  кезеңцегі 
мүсылмандарға  тиесілі  жиһад  -   мүшріктердің  жан  шы- 
датпас  азаптарына  сабыр  етіп,  жаңа  дінді  насихаттауды 
тоқтатпау  болатын.  Әз  сахабалар  мұны  ең керемет түрде 
атқара білді.
Мүшріктердің  жан  түршігерлік  азабына  душар 
болған  кейбір  мүсылмандарға  пайғамбарымыз  (с.а.у.) 
Эфиопия  еліне  көшуді  бүйырды.  Жағфар  жэне  баска  да 
онымен  бірге  барған  бірқатар  ардақты  сахабалар  Эфио­
пия патшасы Нэжашиға жаңа дінді жеткізіп, оның иманға 
келуіне  себеп  болды.  Осылайша  бұл  көш  жай  ғана  көш 
емес,  Жағфар  сынды  әз  сахабалардың үлесіне  тиген  сол 
кездегі дін жолындағы жиһадтың нағыз өзі болатын.
Мүшріктер  мүсылмандарды  азаптаптауда  жана  бір 
айлаға  көшті.  Мүсылмандарды  өзге  халыктан  бөлектеп, 
сауда-сатгьщ секілді жалпы адами барльщ катынастарына 
тыйым  салып,  оларды  қоғамнан  оқшаулап,  саяси- 
экономикалық  байкот  жариялады.  Тоз-тоз  болып,  аш- 
жалаңаш  күй  кешкен  мүсылмандар  бүл  қиын  кезенде 
де  сабыр  сактап,  жаңа  діндерін  тастамастан,  өздеріне 
жасалған зұлымдықтарға табандылық танытты.  Осындай
268

қиын  кезеңде  Хадиша  анамыз  қолындағы  бар  дүниесін 
мұсылмаидарға  үлестіру  арқылы  озіне  тиесілі  жиһад 
міндетін  атқара  білді.  Исламнан  бүрыіг  Меккенің  аса 
ірі  байларының  санатына  жататын  Хадиша  анамыз  бар 
байлығын Хақ жолына жүмсағандықтан, өзі қайтыс болғаң 
кезде ақыреттік кебініне бір орам бөз де табылмаған еді.
Сол  киын  кезендерде  Әбу  Бэкір  өз  уйінде  Құран 
оқитын.  Бірақ  Күранды  ішкі  бөлмелерінде  емес,  ел 
жүретін  жакка  карайтын  сырткы  бөлмеде  оқитын. 
Көшеден  ары-бері  өткен адамдар Әбу Бэкірдің  тебіреніп 
оқыған Қүранынан  эсерлене бастады.  Әбу Бэкір аркылы 
Құранмен  табыскан  көптеген  адамдар  мұсылмандықты 
қабылдап жаггы. Міне, Әбу Бэкір киын заманда өзінін бір 
гана Күран оқуымен де жиһад міндетін атқара білді.
Мүшрікгердің  жан  шыдатпас  ауыр  азаптары  күн 
санап  артып  жатты.  Осындан  кейін 
мүсылмандар 
ғибадаттарын  емін-еркін  атқарып, жаңа дінніц канат жа- 
юын қамтамасыз ету үшін  Меккедегі туған жерлерін, бар 
дүние-мүлік,  туған-туыстарын  тастап,  Мәдина  каласына 
хижрет  етті  (көшті).  Сөйтіп  мүсылмандар  Мэдинада  екі 
жылдай  ғүмыр  кешті.  Мекке  мүшріктері  олардың  Мек- 
кеде  калган  бар  мал-мүліктерін  талан-таражға  салып, 
өртейтінін өртеп, күртатынын кұртгы. Қалған дүниелерін 
үлкен  керуендермен  Шамға,  Сирияға  сатуға  жіберді. 
Мүсылмандар  бүлардың  бәрінен  хабардар  еді.  Енді 
олар  Мэдина  қаласының  маңайынан  өтіп  бара  жатқан 
мүшріктердің 
керуенінен 
өздерінің 
мал-мүліктерін 
кайтарып алуды ниет етті. Алайда, мұны білген Меккелік 
мүшріктер  мүсылмандарға  карсы  үлкен  эскер  жіберді. 
Яғни  мүсылмандардың  ниетіері  соғыс  емес,  өздерінің 
талан-таражға түскен дүниелерін  кайтарып алу болатын. 
Бірақ мүшріктер соғысты қалады. Міне, Алла Тағала осы- 
дан  кейін ғана  мусылдандардын  рухын  көтеріп,  әлсіздер
_____________ ___________________ИМАНИ ГҮЛ
269

ИМАНИ ГҮЛ
мен  қорғансыздарға  қорған  болу  мақсатында  күн  санап 
қиянат  жасауда  шектен  шыккан  кэпірлердің  шамасын 
көздеріне  керсету  үшін  соғысқа  алғашқы  рет  мына  аят 
аркылы  рұксат  берді.  «Өздеріне  к ар сы   согыс  аш ы лған 
мүсы лмандарға  (мүш ріктермен)  соғысуға  рүқсат 
берілді.  Өйткені  олар  зүлы м ды ққа  үш ы рап,  жәбір 
көрді.  Әлбетте,  А лла  Т агала  оларга  жэрдем  беругс 
толы қ  күш і  жетеді.  О лар  ешбір  себепсіз  тек  «Раббы- 
мы з -  Алла» дегендері үшін отаіідары нан куылды ...»1"
Демек,  ездеріне  ешбір  себепсіз  зүлымдық  жасап, 
сан-апуан  қиыншылыктарға  душар  етіп,  елінен-жерінен 
кетуге  мэжбүрлеп,  мал-мүліктерін  талан-таражға  салған 
адамдарға  карсы  соғысуга тек  он  бес  жылдан  кейін  ғана 
рүқсат етілді.
Исламда  негізгі  үстаным -   бейбітшілік.  Бұл  туралы 
Алла  Тағала  былай  дейді:  «Егер  олар  сендерден  аулак 
түрса, әрі сендермен соғыспаса, тіп ті сендермен бейбіт 
түруды  үсы нса,  онда  А лла  Т ағал а  сендердіц  оларға 
ш абуыл ж асаулары на  еш қандай жол бермеді»144.
Алла Тағала өзге дін өкілдерімен бейбіт гр іы р  кешу- 
ді  былай  қойғанда,  мүсылмандардың  оларға  жақсылық 
эрі әділдік танытуларына карсы еместігін білдірген.
«Дін турасы нда сендермен соғы спаған әрі сендер- 
ді  өз  отапдары ннап  қуы п   ш ы ғарм аған   адамдарға 
ж ақсы л ы қ  
ж асаулары ца 
және 
оларға 
әділетті 
болуларына  А лла  Т ағала  қарсы   емес.  Ө йткені,  Алла 
Т ағала эділеттілік ж асағандарды  ж ақсы  көреді»145.
Соғыс  —  дипломатиялық  жолдар  түгелдей  іске 
аспаған  жағдайларда  ғана  амалсыз  барылатын  ақырғы 
шара.  Ал  бейбітшілікке,  келісімге  қайтадан  мүмкіншілік 
туған  жерде  соғьтсқа жол  жоқ.  Яғни,  қарсы  жақ соғысты
143 Х ажж сүресі, 39-40 аят.
144 Н иса сүресі, 90-аят.
145 М умтахина сүресі, 7-аят.
270

ИМАНИГҮЛ
токтатып,  келіссөз  сұраса,  мұсылмандар  да  соғысты 
тоқтагып,  келіссөзге  жүгінулері  абзал.  «Егер  олар 
келісөзге,  бейбітшілікке  (ниет  білдірсе)  ж ақы ндаса, 
сен де ясақында»1"
Исламда қарулы согыска тек мынандай жағдайларда 
ғана рүқсат етіледі:
1. Қорғану мақсатында. Шабуыл жасаған жауга карсы 
соғысу.  Қүранда:  «Сендермен  соғыскандарға  қарсы 
сендер  де  А лла  жолында  соғысыңдар.  Б ірақ  шек- 
тен  ш ы қпаңдар.  Алла  Тағала  шектен  ш ыққандарды 
ж аксы  көрмейді»147 -делінеді.
2.  Өзіңе  шабуыл  жасайтыны  нақты  анықталған 
ДҢаыпанға согыс такгикасы бойынша бірінші болып шабу­
ыл жасауға рүқсат етіледі.
3. Жазалау максатында.
4.  Түрлі зүлымдықтарға жол бермеу мақсатында.
Пайғамбарымыздын (с.а.у.) барлық соғыстарына көз
жүгіртсек, тек осы айтылған себептерге ғана сүйенгеніне 
куэ  боламыз.  Ендеше,  соғыс  -   тек  Алланың  ризалығы 
үшін Оның рүқсат еткен жағдайларда ғана болуға тиіс.
Жай  кезді  былай  койғанда,  соғыс  жағдайында  да 
Ислам  озбырлық  эрекетгерге  жол  бермейді.  Айталык, 
согыста  эйелдерді,  жас  балаларды,  согысқа  катыспагап 
Карт  кісілер  мен  ешкіммен  шаруасы  жоқ  монахтар- 
ды  өлтіруге  қатаң  тыйым  салды.  Өсіп  тұрғап  ағаштар 
мен  егін  алқаптарын  өртеуге,  түйе,  сиыр  сиякты  мал- 
дарды  өлтіруге,  әр  түрлі  өзге  діннін  ғибадатханаларын 
қиратуға жол бермеді. Дүшпан зскерлерінің елі денелерін 
тілгілеп,  көздерін  ойып,  мұрындарын  кесуге  де  қатаң 
тыйым  салды.  Пайғамбарымыз  соғысқа  кетіп  бара 
жатқан  колбасшыларына  мынандай  ескертулер  жасады:
146 Ә нф ал сүресі, 61-аят.
117 ііакара суресі,  190 аят.
271

ИМАНИ ГҮЛ
«Алланьщ  атымеч  жолга  шыгыцдар.  Алла  жопында 
күресіңдер.  Согысатын  адамдарыцмен  араларыцда 
келісімдер  бар  болса,  оны  қадагалаңдар.  Шектен 
шықпаңдар, согыс кезінде өлтірген адамдарга «мусле» 
(өлі  денелерін  тілгілеп,  көздерін  ойып,  мурындарын 
кеспеңдер) 
жасамаңдар. 
Балаларды, 
эйелдерді, 
қарт 
кісілерді, 
гибадатхапалардагы 
адамдарды 
олтірмеңдер
»'48
Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) 
тіпті 
өзіне 
карсы 
соғысып  жаткандарды  қарғауы  былай  тұрсын,  оларға 
«Алла  Тағалам,  олар  Сенің  кұлдарың,  біз  де  Сеніц 
күлдарыңбыз...»,  «Алла  Тағалам,  олар  білмейді,  Сен 
оларды  кешіре  гөр!»  деген  кең пейіл  игі тілекте  болган. 
Пайғамбарымыздың  өмірбаяныньщ  атақты  жазушы- 
сы  Қади  Мухаммед  Сүлеймен  эл-Мансүрдын  «Сира- 
my рахматан  лил-аламин»
 
атты  кітабындағы  келтірген 
санак  бойынша  һижри  жыл  санауымен  ІІ-ІХ  жылдар 
аралығында  болған  барлық  соғыстарда  дұшпан  эрі 
мүсылман  қатарынан  бар  болғаны  1018  кісінің ғана көз 
жүмғаны  төңірегіндегі  мәліметтерді 
ескерер  болсак, 
соғыс  деп  эй-шэй  жоқ  кан  төге  берудің  де  дүрыс  емес 
екендігін аңғарамыз. Ал  1914-1918 жылы болған Бірінші 
дүниежүзілік  соғыста  21  миллион  адам  жараланып, 
олардың 7 миллионы өмірмен кош айтысканы белгілі'49.
Жогарыда да айтылғандай,  согыс -  тек  бейбіт шешу 
жолы  түгелдей  таусылған  кезде  барылатын  соңғы  жол. 
Рүксат етілген бүл соғыстың өзін жекелеген адамдар, яки 
белгілі  бір  топ  бүйрық  беріп  бастата  алмайды.  Соғыска 
катысып-катыспауды  шешетіи,  «жинаді»
 
деп  атган  сала- 
тын,  «согысыцдар!»
 
деп  бұйрық беретін  тек кана мемле-
Ахмед ибн Х апбэл, М уснәд,  1/300. эбу Д эуід, Ж ихад, 82.
149  Идрис  Шснгул.  Куран  кайнаклы  һошгорі  ве һурриет.  Иеки умігг
журналы, 24*бет. № 4 7 ,2 0 0 0  ж.  Стамбул.
272

ИМАНИ ГҮЛ
кет болуы тиіс. Әйтпесе, кез-келген соғыскүмар адамныц 
ашқан согысы жиһадқа жатпайды.
Элемде  болып  жаткан  тсррорлык  эрскетгермен 
Исламныц  ешкандай  байланысы  жоқ.  Ислам  созі 
«бейбітшілік,  амандык-есендік»  деген  магьшага  саяды. 
Ислам  діні  -   жер  бетінде  бейбітшілік  пел  тыныштыкты 
орнату  үшін  жіберілгсн  Құдайлык  соцғы  діп.  Mine, 
сондыктан  эр  мүсылмам,  тіпті,  сэлем  бсргспніц  озінде 
қал-жагдай  сүрап  емес,  «бейбітшілік  пен  тыныштыкты 
тілеп  амандасады.  Мүсылмандардың  солсмдссудс  аіі- 
татын 
«эссәпаму  алейкум»
  сөзі 
«сендерге  Алланы// 
бейбітшілігі  мен  есекдігі,  тышштыгы  Сюлсыи!»
  де­
ген  мағынаны  білдіреді. 
«Ислам»,  «сэдам»,  «мүсылман» 
сөздерінің 
барлығынын  түбірі  бір.  Ягни,  бсйбітшілік 
пен  тыныштықгың  мағынасын  камтитын  создер.  Ислам 
бсйбітшілікгі  уагыздайтын  дін  болса,  мүсылман  баласы 
сол  бейбітшілікті  озінін  отырьш-түруында,  сэлемі  мсн 
сейлеуінде,  өзгеяермен  карым-катынасында,  қыскасы, 
эрбір іс-эрекетінде іс жүзіпде корсетуші түлга болмак.
«Бейкүнә  бір  адамды  олтіру  -   күллі  адамзатты 
олтірумен тең»150 Бүп ереже  касиетгі  Қүранда аіітылган. 
Олай  болса,  каншама  бейкунэ  адамнык,  періштеден 
булдіршін  сәбилердіц  жанын  қиган  лацкестік  эрекетгер 
исламға,  Қүранга,  мүсылманшылықка  жата  ма?  Тіпті, 
адам өлтіру былай тұрсын, малды коркытудьщ озі Ислампі 
теріс. Сойылатьш малдын козінше пышагьш кайраган са- 
хабасына Алланыц соцгы  слшісі  Мухаммед (с.а.у.)  катты 
ксйіп:  «Сен малды псшерет оптірмекещ? Пышагьщды 
малды жатңызбас бурын қайршиадың ба?»'!'
 
дсп сскср- 
ту жасаса, тагы  бір хадисінде: 
«
Қаруды цалжыцдап  бол­
са да озгеге кезенбе!»
 
деп, адамды  олтіру былай  түрсьш,
ІМ М аида сүрссі, 32-аят.
ш  ол-Мусталрак алас-сахнхайн лііл-Хакнм,  17-том, 422-бст.
273

ИМАНИ ГҮЛ
өзгенің  көңіліне  аз  да  болса  үрей  салудың  өзі  исламға, 
шынайы мүсылмаігга жат эрекет екенін түсіндірген.
Беліне  бомба  байлап,  өзгелердің  жанын  қию  үшін 
өзіне  де  қол  жүмсаған  жанкештілер  өздерін 
«шейітпіз» 
деп  есептейді.  Шейіггік  мэртебе  бейкүнә  жандарды 
өлтірумен келетін оп-оңай нәрсе емес.
Өзін-өзі  өлтіру  -   исламда  үлкен  күнэ.  Құранда 
«Өздеріне өздерің қол ж ұм сам аңдар!»152 делінген.
Біз  дінімізді  қасиетті  кітап  Қүраннан  эрі  оны 
түсіндіруші  соңғы  пайғамбар  Мұхаммедтсн  (с.а.у.) 
үйренеміз. Ал енді  осы мүсылманшылық қағидаларының 
қайнар  көзі  саналған  Қүран  мен  Пайғамбарымыздың 
өмірінде  өзіне  қол  жүмсап,  бейкүнэ  жандарды  қыру бар 
ма?  Тіпті,  соғыс  жағдайында  да  соғысқа  катыспаған 
адамдарды  өлтіру -  дінімізде  харам  саналып  жатса,  жай 
уақытта күнде қүбылмалы саяси ойындар үшін жүздеген 
бейбіт жатқан күнәсіз жандардың жанын киюдың қандай 
ауыр күнэ екені айтпаса да түсінікті.
Қоғамның  пайдасы  үшін  болса  да  исламда  қандай 
да  бір  адамның  қүқы  аяқ  асты  етілмейді.  Жалғыз  ғана 
адамның құқы -  жалпы коғамның қүкындай  қымбат.
Исламда мақсат қандай улы, таза  болса,  оған апара- 
тын жолдар да сондай таза, ұлы болуы тиіс.
Террорлық эрекетгер арқылы ешбір проблема қазірге 
дейін шешілмеген әрі бұдан кейін де шешілмейді.
Барлық  лаңкестік  әрекеттер  — ислам  үшін  жасалған 
күрес емес, керісінше, исламға қарсы қиянат.
Кейінгі  кезде  Ислам  мен  терроризмнің  бірге  айты- 
луы  -   тырнақ  астынан  кір  іздейтін  ислам 
дүш пан дар ы  
үшін  таптырмайтын  олжа  болды.  Сондықтан  қандай 
қиын  жағдайға  душар  болса  да  мүсылмандар  исламның 
атына кір  келтіретін  лаңкестік  эрекеттерден  аулак болуы
152 Н иса сүресі, 29-аят.
274

ИМАНИ ГУЛ
керек.  Себебі,  белгілі  бір  жағдайлар,  дағдарыстар  мен 
саяси ойындар күнде өзгереді. Ал 
діннің
 үстаным, ереже- 
қағдилары  мэңгілік.  Өтпелі  жағдайлармен  діннің  атына 
кір келтіруге болмайды.
Қазіргі  таңда  болып  жатқан  барлық  жарылыс, 
лаңкестік  әрекеттерді  ислам  дініне  жабу  кең  етек 
алды.  Алайда,  солардын  барлығын  істеп  жатқан 
м.үсылмандар  ма?  Бұған  «иә»  деп  жауап  беру,  эрине, 
қиын.  Мүсылмандыкты  бет-перде  етіп,  лаңкестік 
эрекеттерге  барып  жаткандар  кімдер?  Кей  жагдайда 
олардың  қатарында  соғыстарда  эке-шешесінен,  туған- 
туыстарынан  айырылған,  немесе  басқа  да  рухани 
күйзелістерге  түскен  адамдар  да  болады.  Ондай  адам- 
дар  кеудесін  кернеген  ішкі  ыза-кек  пен  күйіктің  сал- 
дарынан  барлык  іске  баруы  мүмкін.  Мүндай  адамдар 
психологиялық  түрғыдан  алғанда,  діннің  рүқсат  етпе- 
ген  нэрселерін  де  жасауға  бейім  тұрады.  Өз  істеріне 
шариғаттан  элсіз болса да негіз  іздей  бастайды.  Я  бол- 
маса  кейбір  езгелердің  ойыншығына  айналып,  бопса 
тұзағына  іліккен  мүсылмансымақ адамдар.  Бұған  қоса, 
мүсылманның  атын  жамылған  әлдебір  үйымдар,  тіпті 
алпауыт мемлекеттер саяси мақсаттары үшін шала сауат- 
ты  кейбір  дүмбілездерді  арнайы  дайындап,  Құрандагы 
кейбір аяттардың бас-аяғын қыркып монтаждап, 
«шейіт 
болып,  жұмаңца  кіресің»
  деп  ланкестік  эрекеттерге 
айдақтауы да мүмкін. Яғни, зомбиге айналған адамдар.
Бүгінде  кейбір  арнайы  дәрілерді  ішкен  адамдардың 
өлімнен де қорықпай, өз жандарын қиып та жіберетіндігі 
белгілі  болды.  Мысалы,  Шриланка  аралында  өсетін  бір 
шөптің  жойылуы  үшін  Дүниежүзілік  денсаулык  сақгау 
ұйымы  (WHO)  110 миллион  қаржы  бөлді.  Бүл шопті же- 
ген жастарда өлімнен корку сезімі жоғалып, өздеріне  оп- 
одай  кол жұмсайды  екен.  Тіпті 
«Lsd»
  аггы дэріні  белгілі
275

ИМ АНИГҮЛ
бір адамға арнайы лагерлерде күнде тамағына қосып беру 
аркылы миындағы өзіндік ойларын өшіріп, орнына қалаған 
пікіріңді  күйғаннан  кейін 
«ecstasy»
  секілді  химикаттар 
аркылы  8-10  сағаттық  лаңкестік  эрекеттерді  орындатуга 
болады'53.  Мұндай  дәрілер  арқылы  өлімнен  корку  деген 
сезімі  өшірілген,  тіпті  өлімді  ансайтын  мэңгүрт адамдар 
арқылы  кез-келген  лаңкестік  әрекеттерді  жүзеге  асыруға 
болады.
Осындай  жолдардың  түрлі-түрлісімен  жасалып 
жатқан  лаңкестік  әрекеттерді  Ислам  дініне  жауып,  оны 
«террористтік дін»
 етіп көрсету -  оған жасалған тарих- 
та бұрын-соіщы болмаған ауыр киянат. Терроризмнің діні, 
ұлтьт болмайды. Жапонияныц Токио қаласындағы метро- 
да біркатар адамның өліміне себеп болған 
«Аум  Сенрике» 
сектасының  жасаған  лаңкестік  эрекетін  ешкім 
«Будда 
терроризмі»
 деген жоккой. 2000-2004 жылдар аралығында 
болған  Испанияның  Мадрид  каласында  орын  алған 
бірнеше  лаңкестік  әрекеттерді 
«Христиан  терроризма» 
деп тірі жан айыптаған жоқ.  Ендеше, мүсылманның атын 
жамылған кейбір лаңшыл адамдардың жасаған террорлык 
эрекеттері  неге  бейбітшілікгі  уағьтздайтын  Ислам  дініне 
жабылуы  тиіс?  Бүл  тек  күн  санап  көркейіп,  өсіп  келе 
жаткан дінімізге жаны қас дүшпандардың жапкаи жаласы 
мен жаккан күйесі ғана.
Құрандағы: 
«О ларды  
(мүш ріктерді) 
қяйда 
көрсеңдер  сол  жсрдс  өлтіріңцер»154  аятын  лаңкестер 
өз  істеріне  ақтау  ретінде  колдана  алмайды.  Себебі, 
бүл  аят  соғыстың  қызып  түрған  кезінде  қолына  кару 
алып,  мұсылмандарды  олтіру  ниетімен  соғыс  майда- 
нына  шыкқан  дутпгіан  эскерін 
«сендер  де  өлтіріцдер»
153 Кұрастырған: Ергун Чапан, Ислама гөре терер вс интихар садц  -
рылары, 9 8 ,103-бетгер. Станбул. 2005 ж.
154 Бақара сүресі,  191-аят.
276

ИМ АНИГҮЛ
деген  мағынаны  білдіреді.  Әйтпесе,  бейбіт  жаткан  кез- 
келген  өзге  діндегілерді  «цайда  көрсецдер,  сол  жер­
де  өлтірщдері»
 
деген  мағынаны  біддірмейді.  Исламда 
мұсылман  елкесінде  тұратын  өзге  дін  өкілдерін  елтіру 
былай  т^рсын,  оларға  мүсылман  болмағанын  желеу 
етіп,  титтей  де  болса  эділетсіздік  жасау  дүрыс  емес. 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде:  «Кім де кім бір 
зиммига  (мусылмап  еліпде  іщратин  өзге дін  өкілдері) 
қиыншылың  көрсететін  болса,  мен  ол  адамныц 
душианымын. Ал мен кімиің душпапы болсам,  онымен 
ақырет күні жеке есептесемін»,
 
- делінген.
Баска 
бір 
хадисге: 
«Кімде 
кіч 
біздің 
Қарамагымыідагы  зиммиді  өлтірсе,  жзичаттың 
иісіп  де  иіскемейді»,-
 
деп,  келісім  бойынша  мүсылман 
өлкесінде түрып  жатқан  басқа дін өкілін  елтірген адам- 
ның жэннаттан мақүрым калатындығын білдірген. Міне, 
дініміздің  осы  кеңшілігінщ  аркасында  ғасырлар  бойы 
мұсылман  елдерінде христиандар бейбіт ғүмыр
 
кешуде. 
Олардың діни рәсімдері мен жеке істеріне мұсылмандар 
араласпаған.  Оларға  пікір,  жэне  сенім  бостандығы 
берілген.  Қазірге  дейін  Мысыр,  Туркия,  Сирия  сияқты 
мұсылман  мемлекеттерінде  шіркеулердің  мешіггермен 
қатар терезелері хец тұр. Бул исламның өзге дін өкілдеріне 
деген  голеранттық  көзқарасының  айқын  көрінісі.  Ис­
ламда  мұсылманшылықты  қабылдамағаны  үшін  адам 
өлтіру  деген  үгым  жок.  Исламға эркім  өз  еркімен  сана- 
лы  түрде  кіруі  тиіс.  Алла  Тағала  Құранда  бұл  туралы 
«Дінде зорлы қ жок»15* деп кесіп айтады. Ғасырлар бойы 
мұсылмандардыц Куранның осы бір еміршец кағидасы- 
нан  айнымаганына  тарих  куэ.  Б рі  ақиқатты  батыстың 
өзі  мойындайтындығына  айғак  ретінде  С.  Арнольдтың
155 Бакара суресі, 256-аят.
277

ИМАНИ ГҮЛ
мына  сөздерін  келтірейік: 
«Мұсылмандардың  христиан- 
дарды жеңгеннен  кейінгі ж асаган  толерапттъщ царым- 
цатынастары  ауыз  толтырып  айтуга түрарльщ жайт. 
Олардың бүл царым-цатынастары кейінгі үрпацтарда да 
жалгасын  тапты.  Ш ындыгын  айтар  болсаң,  хрис-тиан 
тайпалары  кейіннен  исламга  кірген  уақыт т а  өздерінің 
дербес  ерік-цалауларымен  кірген  еді.  Бүгінге  дейіп 
мүсылмандардыц  арасы нда  христиандардың  гүмыр 
кешуі -  олардыц осы толеранттьщ әрекеттеріиің айцып 
көрінісі».
  Мысырдағы  мүсмлмандардың  жеңісіне  куэ 
болған  Никоу  епископы  Джон  (694  жылда  өмір  сүрген) 
мүсыл мандардың  сол  кездегі  қолбасшысы  Амр  ибн 
Астың өзге дін өкілдеріне көрсеткен кұрметін былай деп 
тілге  тиек  етеді: 
«Ол  ш іркеулердеп  еш   нэрсе  алмады. 
Талан-т араж га  салмады.  Тіпті,  ш іркеулердің мүлкіне 
қо.ч т игізбеді д е»156.
Міне,  осы  сияқгы  тарихи  дәлелдер  кейбіреулердін 
айтқанындай  исламның  жер  жүзіне  қылыштьщ  жүзімен 
емес,  айдай  анык  ақикаттары  мен  оны  үстанушы 
мүсылмандардыц 
адамгершілігі 
мен 
толерантгық 
ұстанымдарының аркасында жайылғандығын білдірсе ке­
рек.
Мұсылмандар  ғасырлар  бойы  қол  астындағы  өзге 
дін  өкілдерін  алаламастан  оларға  жақсылық  жасап, 
қошемет  көрсеткені  соншалык,  Рим  императорлығы  Си- 
рияны қайтадан қайтарып алуға қалың  эскер  жинап келе 
жатқанда, сол жердегі христиандар шіркеулерге жиналып, 
мұсылмандар үшін қол жайып тілек тілеп,  мінэжат еткен. 
Егер  мұсылмандар  қол  астындағы  өзге  дін  өкілдеріне 
кысастық жасап, исламға кірулері үшін күштегенде, олар
156 Идрис Шенгул.  Куран кайнаклы һошгөрі  ве һурриет. Иени умит 
журналы, 24-бег, №47, Стамбул, 2000 ж
278

ИМАНИ ГҮЛ
жалына-жалбарына  осылай  мүсылмандардың  тілеуін 
тілер ме еді?157
Қазіргі  таңдағы  ең  улкен  жиһад  -   сауатсыздьщпен 
күрес. 
Мүсылмандардың  соңғы  ғасырларда 
артта 
калуларыньщ,  көптеген  саяси  ойындардың  күрбанына 
айналуларының,  экономикалық  күйзеліске  үшырауының 
бірден-бір  себебі  -   сауатсыздык,  кедейлік  пен  ішкі 
алуыздық.  Білім  мен  дін  -   бір-бірін  толықтыратын  егіз 
ұғым.  Дінсіз  ғылым  ақсақтық  болса,  ғылымсыз  дін 
соқырлыққа  тең.  Сондықтан  мусылмандар  ушін  ең 
қатерлі дүшпан -  сауатсыздык, білім деңгейінің төмендігі, 
біліктшіісгің аздығы, жаңа технологияны ойлап габуды бы­
лай қойғанның өзінде өзгелердің технологиясын да сауат- 
ты  қолдана  алмаулары.  Осының бэрі -  мүсылмандардың 
дамымай  артта  калуларыньщ  негізгі  себептері.  Ендеше, 
бүгінгі таңдағы жиһад қылыштан гөрі қаламға, сойылдан 
гөрі ғылымга суйенбек.
Пайғамбарымыздьщ  (с.а.у.)  бір  хадисінде:  «Мах- 
шар куні согыста атзылган шейіт қаны мен гыпьтга 
жумсалган  галымдардың  сиясы  таразыга  тартылган 
сэтте 
галымдардьің 
сиясы басым түседі»
 делінеді.
Қазіргі  өмір  талабына  сай  озык  кұралдармен 
жабдықталган  білім  ордаларын  ашып,  ол  жерде  сау- 
атты  білім  беру,  үлкен  зертханалар  кұрып,  ғылыми 
жаңалықтар  ашу,  қысқасы,  жүректері  діни  тағлыммен, 
үлттық  қүндылықтармен  тэрбиеленген,  рухани  біліммен 
нэрленген,  ал  ақыл-ойлары  қазіргі  озык  ғылыммен 
сусындаған  еңсесі  биік  үрпак  жетілдіру  -   міне,  казіргі 
мусылмандардьщ  кезек  күттірмей  іске  асыратын  ең 
үлкен  жиһады  болмақ.  Бүл  жолда  қолымыздағы  бар 
мүмкіншілігімізді  сарп  етуіміз  лэзім.  Бай  байлығын,
157 М.  Абдулфәтгах  Шаһин, Щупһелер ве чыш ш  иошіары,  3-том,
101-бст. Ғайе баспасы, Стамбул.  1990 ж.
279

ИМАНИ ГҮЛ
мұғалім  білімін,  тәрбиеші  тәлім-тәрбиесін  берсе,  лауа- 
зымды орындықта отырған кісілер де қолдарынан келген 
барлық қолдауларын көрсетсе, кысқасы, ел болып әркім өз 
үлесіне тиген міндетін, мүмкіншілігін Алла ризашылығы 
үшін  атқарса,  міне,  сонда  ғана  мұсылмандар  өз  пробле- 
маларын  сауатты  шеше  алады.  Әлдебіреулердің  саяси 
ойыншығы  болудан,  пікір  бодандығынан,  экономикалық 
тэуелділіктен  қүтьшады.  Сонда  ғана  мұсылман  элемі 
күшейіп,  әлемдегі  барлык  озбырлық  эрекеттер  мен 
әділетсіздіктерге  батьш  қарсы  түра  алады.  Сонда  ғана 
мүсылман  элемі  мемлекеттер  арасындағы  тепе-тендіктін 
сақталуына,  элемде бейбітшіліктің орнығуына тарихтағы 
орны толмас өз үлестерін тағы да көрсете алмақ.

«Кэнф»  сүресінде  «Алла  кімді  тура  жолга 
салса,  ол тура жолга туседі, ал кімді адастыр- 
са,  оны  тура  жолга  салатын  көмекиіі  таба 
алмайсьщ»  деген аят  бар.  Сонда адамды тура 
ж олга  салатын  да,  адастыратып  да  А лла  t 
Тагаланың озі болса, мыча дүниедегі сынақтың,
 * 
ана дупиедегі жумақ пен тозаңтың қажеті не  \  
болганьі?
------- --------------------------- --------
Аятқа  тереңірек  үңілсек,  онда  айтылган  тура 
жолға  салу мен адастыру түсінігі -  белгілі  бір  іс-әрекет 
мағынасына  саяды.  Ал  эрбір  істі  жарататын  Алла 
Тағаланың  өзі  екенін  «Жақсылық  та,  жамандык  та  Ал- 
ладан»  дегенге  қатысты  сауалға  берген  жауабымызда 
кеңінен  айтып  өттік.  Тура  жолға  салуды  да,  адасты- 
руды  да  болғызатын,  жарататын  -   Алла  Тағала.  Бірақ 
Алла  Тағала  ешкімді  күштеп  иман  еткізіп,  еркінен тыс 
адастырмайды.  Алла  Тағала  тура  жолға,  иманға  апарар 
себептерді ыңғайлап, адамдарды тура жолға шақырған.
Құранда  бұл  жайлы  мынандай  аят  бар:  «Біз  эр 
пайғамбарды  (ақиқатгы  толық)  түсіндіруі  үшін  өз 
қауымының  тілімен  жібердік.  (Тура  жолдың  себептерін 
жіберіп,  ескерткеннен  кейін)  Алла  Тағала  калағанын 
адастырады,  қалағанын тура  жолга  салады.  Ол -   шексіз 
құдірет  иесі  -  Азиз,  эр  істі  орынды  істейтін,  еш  нэрсені 
бекер  жасамайтын  -   Хаким»158.  Ягни,  Алла  Тагала  жер 
бетіне тура жолды түсіндіретін пайғамбарлар мен кітаптар 
түсірген, арнайы ғалымдар жіберген.  Қүлдарының арасы- 
нан  кім  осы тура жолдың  себептерін  ұстанса,  акиқатгы 
үйреніп,  білу  ниетімен  мешітке  барып  уағыз  тындаса,
,м Ибраһим сүрссі /14.
281

ИМАНИ ГУЛ
арнайы кітаптар  оқып,  ақылға жүгініп, имандылыққа бет 
бұрса, Алла Тағала да ол кұлының жүрегіне иман нүрын 
қүйып, тура жолға салады.  Дүниенің қызылына кызығып, 
түнгі  клубтар  мен  сыраханалардан  шықпай,  күнэлардан 
бас  алмаса,  нәпсісіне  ұнамды  күнәларды  тыяды  деп 
Қүранға, дінге қарсы шығып, жүрек тілімен «тура жолды 
қаламаймын»  десе,  Алла  Тағала  ол  кұлын  адастырады. 
Қысқасы,  тура жолды немесе адасуды қалайтын, тілейтін 
— біз,  ал Алла  Тағала сол  қалауымызға 
карай
  бізді  тура 
жолға  салып,  жүрегімізге  иман  нұрын  кұяды  немесе 
адастырып, қараңғылыққа салады.

ИМ АНИГҮЛ
Әзірейіл  періште  дуниенің  эр  жерінде  бір 
уақы т т а  қайтыс  болатын  адамдардың  ж а­
нын  алуга  жалгыз  өзі  қалай  үлгереді?  Оның 
олім аузында жатцандарга үрейліяки үналідьі, 
т урлі  кейіпте  көрінуін 
қалаіі  түсінуге 
болады?
Әзірәйіл -  Алла Тағаланың адамдардыц рухын алуға 
міндеттеген періштесі. Ажалы жеткен адамдың жанын ол 
тікелей езі алады. Немесе Әзірэйіл періштенің бұйрығына 
бағынатын  көптеген  көмекші  періштелері  арқылы  да 
алуы  мүмкін.  Күнэһар,  капір  адамдардың рухын  алатын 
періштелердің бір баска, ал мүсылман  жандардың рухын 
алатын  періштелердің бір баска екенін Қүранның кейбір 
аяттар мазмұнынан аңғаруға болады159.
Дүниенін  эр  жерінде  бір  уакытта  кайтыс  болған 
адамдардың  жанын  Әзірэйіл  періштенің  өзі  тікелей 
алу  мәселесі  бір  қарағанда  мүмкін  емес  сияқты.  Алай­
да,  бүл  пікір  өзіміздін  шекгеулі  ақылымыз  бен  періште 
мүмкіндігін  өзімізбен  салыстырудың  нэтижесінен  туған 
пайым.
Жалпы 
дүние 
болмыстарына 
қарай 
олардын 
шағьшысулары да эр килы.
1. 
Мэселен, заттык, қатты, тығыз нэрселердің керініс, 
шагылыстарын  алалық.  Біз  жүз  айнасы  бар  бөлмеге 
кірер болсак,  айнаға  шағылыскан  керінісіміз аркылы біз
159 
Б р і
  жайлы  «Назнғат»  суресінің  алғаиды  аяттарындағы  Аллаһ 
Тағаланыи  серт  еткен:  «суырып  шығарушы»  созіне  гұламалар 
«кэпірдің,  күнәһардың  жанын  суырып  алушы  періштелер»  деп 
түсінік берсе, «ақырын шығарушы» сөзін «мұсылмандардың жа­
нын оңай алушы періштелер» деп тәпсірлеген.
283

жүз  тал  болып  көрінеміз.  Бір  колымызды  козғасақ,  жүз 
қол  қозғалады.  Бірак  материалдык,  заттық  денеміздің 
шағылысуынан  туған  көрініс  болғандьщтан  рухымыз, 
сезімдеріміз,  тэніміз  ол  жерде  толықтай  барлық  болмы- 
сымызбен  көрініс  таппайды.  Айналарға  шағылысқан 
денелерімізде  өмір  жоқ  болғандықтан,  олардың  бэрі  өлі, 
рухсыз.
2. 
Заттық, 
бірақ  пүрлы 
нэрселердің  көрініс, 
шағылыстары.  Мысалы,  күн  эйнек  тэрізді  затгарға 
өз  бойындағы  жеті  түрлі  реңі,  жылуы  сияклы  барлық 
қасиеттерімен  бірге  өтеді.  Яғни,  эрбір  кұн  сәулесіне 
шағылысқан эйнек,  су тэрізді жылтыр нәрселер  бейнебір 
күннің өзі сияқты көрінеді. Мысалы,  лупаны күнге карату 
арқылы кез-келген нэрсені күйдіруге болады.  Қолымызға 
күнге  шағылысқан  бір  айнаны  алып,  караңғы  бөлмеге 
қарату  арқылы  ол  жерге  жарық  беруге  болады.  Міне, 
Күн  барлық  нәрседен  ұзак  болуымен  қатар,  барлық 
нәрсеге  өте  жақын  да.  Сәулесін  күллі  тенізге  төккені 
тэрізді  эрбір  су тамшысына,  барлық жылтырак заттарға 
да  төге  алады.  Бір  уақытта  барлығына  бірдей  нұрын 
шаша  береді.  Біреуімен  шағылысуы  екінші  бірімен 
шағылысуына  бөгеттік  етпейді.  Бірақ,  күн  заттык  эрі 
сэулелі  болғандыктан  кебіне  шағылысқан  нэрселерге 
тек сәулелі, нүрлы жағын ғана өткізе алады.
3.  Заттық  емес,  нүрлы-рухани  нәрселердің  көрінісі. 
Мысалы,  періштелердің  шағылысуы  барлык  болмыс- 
тарымен  бірге  түтастай  көрініс  табады.  Бірақ  періште 
шағылысқан  айналардың  қабілет,  болмыстарына  карай 
көрінгендіктен,күллі акиқатгарымен барлык 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет