Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ Қайрат ж о л ды ба й ұ л ы


Олардың айтканындай, егер эр жан иесі тіршілік үшін



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата03.03.2017
өлшемі8,77 Mb.
#6782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Олардың айтканындай, егер эр жан иесі тіршілік үшін 
баска жан иелерімен  үнемі қырқыс,  күрес үстінде болса, 
аналардың  балаларына  деген  мейірімділігін,  акылсыз 
тауық  сиякты  кұстардың  балапандарын  күткару  үшін 
жырткыштардың аузына түсіп, өз жандарын балаларынын 
жолында  пида  етулерін  калай  түсінуге  болады?  Мыса- 
лы, теңіздегі кейбір үлкен балық гүрлері тамақтанғаннан 
кейін аузын ашып түрады. Ал екінші бір кішкентай бапык 
келіп тістерінің  арасындағы  еггерді тазалап,  корек етеді. 
Демек,  өмір  -   қырқыс,  күрес  емес,  өзара  жэрдемдесіп, 
көмектесу.  Әйтпесе кішкентай балық қорықпастан,  емін- 
еркін  жырткыш  балыктыц  аузында  жүре  алмасы  анык. 
Үлкен  балық та  кішкентай  балықтарға  тиіспестен  аузын 
ашып  жай  ғана  тұра  алмас  еді.  Дарвиннің  айтқанындай, 
жан  иелері  арасында  өмір  үшін  жасалған  бұп  қыркыс, 
күресте  элсіздердің  түқымы  қүрып,  тек  қана  күштілері 
калатын  болса,  жер  бетіндегі  әлсіз  миллиондаған  жан- 
жануар, өсімдіктердің осы күнге дейін өз өмірлерін сақгап, 
үрпақтарын  жалғастыруын,  керісінше,  ең  күшті  санала- 
тын  динозаврлар  секілі  ірі  жырткыштардың түқымынын 
тұздай к¥руын қалай түсінуге болады?
50

ТАБИҒАТ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ЗАҢДАРЫ 
ЖАРАТУШЫ БОЛА АЛМАС
Заң мен сол заңды қоюшының бірдей болмасы анық. 
Табиғат  зандарының  табиғатты  жаратуы  мүмкін  емес. 
Табиғат  өзінде  болмаған  қасиет  пен  ерекшеліктерді 
басқа бір жаратылыска беруі тіпті мүмкін емес.  Мысалы, 
адамдағы  сана  мен  түрлі  сезімдер  табиғатта  жоқ.  Олай 
болса,  өзінде  жоқ  нәрсені  табиғат  адамга  калай  берсін? 
Адамды табиғат қалай жаратсын? Көрмейтін, естімейтін, 
сезбейтін  су,  топырақ,  ауадан  құралатын  табиғат  өзінен 
де  керемет  адамды  жэне  баска  жаратылысты  жаратуы 
мүлдем мүмкін емес. Жаратылысты табиғат жаратты деу
-  табиғат өз-өзін жаратты деумен бірдей.  Себебі табиғат 
дегеніміз,  ол -  топырак,  су,  ауа,  ағаш, тас.  Ал  енді  суды, 
ауаны,  ағашты,  топырақты,  тасты  табиғат  жаратты 
деуіміз, өз-өзін жаратты деген күлкілі жауап емес пе?
Табиғат заңдары мен нәтижелері және
жаратылыстағы себептер мен салдарлары
Табиғат зандары мен себептері өте әлсіз,  ілімсіз,  са- 
насыз, сезімсіз бола түра нәтижелері өте керемет, жүйелі, 
тамаша.  Демек,  табиғат  заңдары  мен  жаппы  себептер- 
ден  пайда  болатын  нәтижелерінің  арасында  байланыс 
болғанымен,  жер  мен  көктей  сэйкессіздік  бар.  Мысалға, 
кішкентай  бала  саусағына  ілген  жіппен  бір  жүк  маши- 
насын  сүйрегенін  көрсек,  себеп  пен  нэтиже  арасында 
сәйкессіздік  болғандықтан,  элгі  машинаны  сүйреп  бара 
жатқан  кешкентай  бала  емес,  баска  бір  жасырын  қуат 
бар  деген  түжырымға  келер  едік.  Міне  дэл  осы  секілді 
жан-жағымызда  болытт  жатқан  себептер  мен  салдарлар,
51

ИМАНИ ГҮЛ
нәтижелер  арасында  бізді  таң калдырып,  тамсандыратын 
өте  үлкен  сэйкессіздік  бар.  Жібек  тәріздес,  өте  жіңішке 
тамырларымсн  нозік  өсімдіктер  катты  тастар  мен  кара 
жерді  қақ  жарып  шығады.  Өте  жұқа,  нәзік  жапырақтар 
ми  қайнатар  аптап  ыстыққа  күйместен,  курамастан 
тіршілігін,  жасылдығын  сақтап қалады.  Өте  әлсіз  сперма 
мен адам баласының мына дүниеге келуі арасында байла- 
ныс  болғанымен, өте үлкен сәйкессіздік  бар.  Олай болса, 
мүндай  керемет  жаратылыстарды  жараткан  элсіз, соқыр, 
білімсіз себептер мен табиғат заңдары бола алмасы анық.
Табиғат заңдары мен себептердің 
өзі де басқа себептерге мұқтаж
Табиғат заңдары мен жалпы себептер  зркашан баска 
себептерге,  заңдарға  мүқтаж.  Мүқтаж  болған  себеп 
пен  заңдардын,  өзі  басқа  себептер  мен  заңдарға мұқгаж. 
Шексіздікке  созылып  кете  беретін  себеп,  заңдардың  бір 
жерде нүктеленіп, түрақтауы тиіс. Мысалға, ағаштың пай­
да болуына ағаштың дэні себеп делік, ал сол дэннің пайда 
болуына  не  себеп?  Тауықтың  пайда  болуына  жұмыртка 
себеп болса,  жүмыртқага не себеп?
Алма пайда болуы үшін себеп ретінде алма ағашының 
гүлдеуіне,  алма  ағашынын  гүлі  ағашқа,  бұтакқа,  ағаш, 
бүтактың  өзі  алма  ағашыньщ  дэніне,  ал  дэн  топырақка 
жэне топырак камтитын минералдарға, жылуға, жарыққа, 
ауаға  тәуелді.  Осылай  алманың  пайда  болуындағы 
себептерді  тартылыс  күшіке  дейін  созып,  ұзата  берсек 
те,  мэселе  шешілмейді.  Сүрағымыз  бітпестен  алманын 
пайда болуы үшін көрсетілген соңғы себепке де, басқа се­
беп іздеріміз анық. Демек,  себептерді себептерге байлау- 
мен  мэселе  айкындалып,  толық  шешілмейді.  Себептерді 
негізгі жаратушысына, яғни Алла Тағалаға байлаған кезде 
ғана сүрағымызға канағаттанарлық жауап алып, көңіліміз
52

ИМ АНИ ГҮЛ
жай  табады.  Эйтпесе,  эр  себепке  құдайлық  сипаттар 
таңуымыз  кажет  болады.  Ал  эр  себепке кұдайлык  сипат- 
тарды  таңу  қисынға  кайшы.  Ендеше,  барлық  себептерді 
жаратқан негізгі себеп бар. Ол, еш күмәнсіз, Алла Тағала.
АЛЛА ТАҒАЛАНЫ ТАНУ
Әлемдегі ең улкен 
ацицат -  ¥лы Жаратушыны тану, 
Оган дегеп махаббатты ояту.
Алла Тағалаға иман келтірген мұсылман баласы Оны 
көркем сипаттары арқылы тануға тиіс. ¥лы  Жаратушыны 
тану дэрежесіне қарай адамның Оған деген махаббаты ар- 
тып, үміті мен қоркуы күшейе түседі. Оны таныған сайын 
иманы күшейеді. ¥л ы  Жаратушысына деген жақындығын 
сезініп,  тақуалығы  мен  тәуекелі  арта  түседі.  ¥лы   Иесін 
жеткілікті  түрде  таныған  адам  ғана  күнэ  атаулыдан  бо- 
йын  мейлінше  алыс  үстап,  түрлі  күдікті  ойлардан  аулак 
жүреді.  Адам  акылы  ¥л ы  Алланы толық танып,  біле  ал­
майды.  Өйткені  адам  шектеулі,  ал  Ол -  шексіз.  Десек те, 
Оны Қүранда эрі хадистерде айтылған сипаттары арқылы 
танып-білуге міндетгіміз.
¥лы  Алланың сипаттары
¥ л ы  Алла бар эрі бір жэне барлык кемел сипаттардың 
шынайы  иесі.  Оған тек кана  кемел  сипаттар тэн.  Нұксан 
сипаттардан ¥ л ы  Иеміз пэк.
Алла Тағаланың сипаттары сәлби жэне субути болып 
екіге бөлінеді.
53

ИМАНИ ГҮЛ
Сәлби сипаттары
Бүл  сипаттар  тек  қана  Алла  Тағалаға  тиесілі,  Одан 
басқа ешкім бүл сипатгармен сипатталмайды. Жаратылыс- 
та бул сипаттардын карама-қайшьшары бар.  Сэлби сипат­
тар бесеу.
1. Әл-Қидам.
Алла  Тағаланың  бар  болуының  бастауы  жоқ  деген 
мағынаны  білдіреді.  Бүл  сипат  Алла  Тағаланың  әзәли 
екендігін,  яғни,  ¥ л ы   Иеміздің  барлығының  алдында 
ешкашан  жоқтык  болмағандығын  білдіреді.  Оның  бар 
болмаган  ешбір  заман,  уакыт  тіпті  бір  мезет  жок-  За- 
ман,  уақыт  деген  түсінікті  Ол  өзі  жаратқан.  Өйткені 
Алладан  басқанын  бэрі  кейіннен  пайда  болып,  Онын 
шексіз  кұдіреті  мен  бөгетсіз  қалауы  арқылы  тіршілік 
бетіне  шыққан.  Иэ,  Алла  Тағаланың  бар  болуынын  ба­
стауы жоқ. Керісінше,  Ол -  кейіннен жаратылған барлық 
жаратылыстың жал-ғыз бастауы.  Қидам сипатьша қайшы 
мағынада  келетін  «худус»  сипаты,  яғни  кейіннен  пайда 
болу  -   ¥ л ы   Жаратушы  үшін  эсте  мүмкін  емес.  Себебі 
Алла Тағаланың өзі  кейіннен пайда болса,  Оны жараткан 
біреу болуға, оны жаратқанды жараткан тағы біреу болуға 
тиіс. Осылайша шынжырланып кете беретін еді. Ал бүлай 
кете беру мүмкін емес, әрі кисынға да кайшы.
2. Әл-Бәқаа.
Бар  болуынын  соңы,  ақыры  жок  -   мэнгі  деген 
мағынаны  білдіреді.  Бұл  сипат  Алла  Тағаланың  мәңгі 
екендігінің,  яғни,  барлығыныд  соңы,  акыры  жоқ  екенді- 
гін білдіретін сипат. Алла Тағала әзэли яғни, барлығынын 
бастауы болмағаны секілді соңы да жок мәңгі. Сондыктаи
54

ИМАНИ ГҮЛ
Оның жоқ болатын ешбір уакыт, ешбір заман,  тіпті  ешбір 
мезет болуы мүмкін емес.
Барлық  жаратылыстың  белгілі  бір  уақыттан  кейін 
жоқ  болып,  көз  алдымыздан  кетуі  -   оларды  жок  еткен 
¥ л ы  Жаратушымыздың мэңгілігінің белгісі.
3. Әл-Уәхдания.
Бұл  сипат 
«біреу,  жалгыз,  дара»
  деген  мағынаны 
білдіреді.  Алла  Тағала  затында,  барлық  сипатта­
ры  мен  істерінде  жалғыз,  біреу.  Оның  ортағы,  серігі, 
тендесі  жоқ.  ¥ л ы   Алла  көбегоден,  азаюдан,  бірігуден, 
бөлінуден,  ажыраудан пэк.  Өйткені бұның бэрі кейіннен 
жаратылғандардың  ерекшеліктері.  Алла  Тағала  бүігдай 
нұксан,  кемшілік  сипаттардан  пэк  эрі  жоғары.  Күллі 
жаратылыстағы  барлык  жарату,  тірілту,  өлтіру,  рызьщ 
беру сияқты т.б. істердің негізгі болдырушы себебі, ягни, 
себептердің  себебі  -  еш  теңдесі  жоқ  ¥лы   Алланың  Өзі 
ғана.
• 
Жалпы  әлемнің,  ондағы эрбір  нарсенің бір-бірімен 
тығыз байланыста болуы -  Жаратушының бір екендігінің 
белгісі.  Мысалы,  бір  ғана  алманы  жарату  үшін  жалпы 
әлемді жарата алатындай  күш-кұдірет керек. Демек, алма­
ны кім жаратса, оған керекті топырақты, топырақтағы ми- 
нералдарды жэне Жерден бірнеше есе үлкен Күнді, ауаны, 
суды да жаратқан -  Сол Алла болуға тиіс. Күнді кім жарат­
са, Күн жүйесіндегі оған байлаулы бүкіл жүлдыздарды да 
жаратқан -  Сол. Күнді кім жаратса, көзімізді де жаратқан
-  Сол болуға тиіс. Себебі, көзді жаратып, жарықты жарат- 
паса,  көзіміз көре алмас еді ғой. Егер көз клеткаларының 
атомдары  Күн  сәулесіне үйлесімді  етіп жаратьшмағанда, 
көзіміз еш ақаусыз көре алар ма еді? Мына әлемдегі барлық 
жеміс-жидектерге эр түрлі дәмді кім берсе, адамды жара-
55

ИМАНИ ГУЛ
тып, оган сол дәмді тату үшін дэм тату қабілетін де берген
-  Сол. Ер адамды кім жаратса,  оған үйлесімді етіп, бейне 
бір минус пен плюс іспетті бір-бірін толык^ыратын кейіп- 
те әйел захын жараткан да Сол бір Алла болуы ләзім.
Иэ,  жалпы  ғалам,  ондағы  эрбір  нэрсе  бір  адамның 
денесіндегі  ағзалардай  бір-бірімен  тығыз  байланыста 
болып,  бір  кісідей  әрекет  етуде.  Тіпті  олардың  біреуінін 
акау  келтіруі  баскаларға  эсер  етеді.  Ендеше,  булардың 
барлығын  жаратқан  жэне  басқарып,  бакылап  түрған 
күдіретті Жаратушы -  біреу.
• 
Әрі 
күллі 
жаратылыстағы 
үқсастык 
бір 
Жаратушының  қүдіретінен  шықкандығьша  дэлел.  Мы- 
салы,  барлық адамдардың,  жан-жануардың  ағзаларынын 
ұқсастығы  жэне  атомның  айналасындағы  электрондар 
мен Күн жүйесінің ұксастығы секілді сансыз үқсастыктар
-  бәрінің де жаратушысы  бір екендігін білдіреді.
•  Әлемдегі  теңдессіз де  үйлесімді таңғажайып жүйе 
олардың  Жаратушысыньщ  бір  екендігін  тайға  таңба 
басқандай  айқын  білдіреді.  Егер  Алладан  басқа тэнірлер 
болған  жағдайда,  әлемдегі  бұл  керемет  жүйенің  тас- 
талқаны  шығар  еді.  Мысалы,  бір тэңір Күннің Жерді  ай- 
налуын қаласа, екінші бірі Жердің Күнді айналуын қалауы 
мүмкін.  Ал  екеуінің  де  қалауы  бір  уақытга  жүзеге  асуы 
мүмкін болмағандыктан, мына әлемдегі жүйе, тепе-тендік 
бузылар  еді.  Қүранда  бұл  ақиқат  былай деп  баяндалады: 
«Егер жер меи көкте А лладан баска тэңірлер болғанда 
ж ер мен к ө к  тас-тал қ ан  болы п бүзы лар еді»6.
Егер тэңірлердің екеуі де бірдей бір калауда тоғысып, 
келіседі  делінсе,  онда  екеуі  де  қалаулары  шекгі,  бір- 
бірлерінің  қалауынан  тыс  әрекет  ете  алмайтын  жэне 
бір-біріне тәуелді  эрі  эр  калағаньш  істей  алмайтын  әлсіз
6  Әнбия сүресі/22.
56

И М АНИ ГҮЛ
болмак.  Ал  эр  қапағанын  істей  алмайтын  әлсіз,  қалауы 
басқаларға тәуелді нэрсе ешкашан Алла бола алмайды.
• 
Бір  мектепте  е й   директор,  бір  кал ада  екі  әкім,  бір 
мемлекетте  екі  президент  болуы  мүмкін  емес.  Өйткені 
ешкім  өзінің  ісіне  басқаның  араласуын,  екінші  бір 
ортакты  қаламайды.  Қалауы  мен  күш-куаты  шекгеулі 
адам  баласының  өзінде  осылай  болып  жатса,  күллі 
ғаламның  жаратушысы  Алла  Тағала  өзінің  салтанатты 
патшалығына,  теңцессіз  күзіретіне  басқа  біреудің  ара­
ласуын  қалай  ма?  Әлбетге,  каламайды.  Себебі,  шынайы 
Алла,  нағыз  патшалык  басқаның  бұйрығына  бас  имейді, 
өзгенің  иненің  жасуындай  араласуын  каламайды.  Ешбір 
ортақ пен серікті қабылдамайды.
4. Әл-Мухалафатул лил-хауадис.
Кейіннен  пайда  болғандарға  еш  ұксамау  де­
ген  мағынаны  білдіреді.  Бұл  сипат  -   Алла  Тағаланың 
кейіннен 
жаратьшғандардың 
ешқайсысына 
мүлдем 
ұксамайтындығын 
немесе 
ешбір 
нәрсенің 
Оған 
үксамайтындығын білдіретін сипат.
Алла  Тағаладан  өзге  барлық  нәрсенің,  күллі 
жаратылыстың  бастауы  жэне соңы  бар. ¥ лы   Жаратушы- 
дан  басқаның  бэрі  кейіннен  пайда  болған.  Міне,  Алла 
Тағала  осы  кейіннен  пайда  болғандардың  ешқайсысына 
ұқсамайды.  Әрі  олардан  белек,  өзгеше.  Сондықтан 
гүламалар:  «Ацылга,  қиялымызга,  ойлау  кеңістігімізге 
ңаидай  нәрсені  пайымдасақ  та  Алла  Тагала  одан 
басца,  әрі  өзгеше»,  -   деп  Хақ  Тағаланың  еш  нәрсеге 
ұқсамайтындығына  назарымызды  аударған.  Өйткені 
барлық  нэрсе  Алла  тарапынан  кейіннен  жаратылған.  Ал 
жаратьшған  нәрсе  дене,  түр,  уакыт,  мекен  сияқты  ерек- 
шеліктерге тәуелді  болғандықтан үнемі  өзгереді,  ауыса-
57

ИМАНИ ГҮЛ
ды  және  бір-біріне  үқсайды.  Соңында  бэрі  пэнилікке 
бас иеді.
Иэ,  жаратылғандар  көптеген  нэрсеге  мұктаж.  Олар 
өз  ерекшелікгеріне  карай  туып-өсуге,  заман  мен  мекен- 
ге, ішіп-жеуге, токтауға жэне қозғалысқа, отырып-түруга, 
куанып-қайғыруға,  шаршауға,  дем  алуға  мүқтаж.  Ал 
¥ л ы   Алла  Тағала  бүлардың  ешқайсысына  мүқтаж  емес. 
Керісінше,  бэрі  Оған  мүқтаж.  Өйткені  жаратылыстың 
ешкайсысы  жок  кезде  де  Ол  бар  еді.  Өйткені  Алла 
Тағаланьщ  барлығының  бастауы  жок  -   әзәли,  соңы 
жоқ -  мэңгі.  Алла  Тағаланың  еш  тендесі  жоқ  әрі  шексіз 
бо;и андыктан, біздер Оны толық түсіне алмаймыз. Себебі, 
біз кез келген нәрсені коргеп, білген нэрсемізге салыстыру 
арқылы ғана түсіне білеміз. Алла Тағала Қүранда: «О ның 
еш үксасы жок»7.  «О ны ц  еш тендесі ж оқ»8 -  дейді.
5. Қиям би нәфсиһи.
Бар  болу  үшін  басқа  біреуге  мұктаж  болмау  деген 
мағынаны  білдіреді.  Алла  Тағала  бар  болу  үш ін  басқа 
бір  жаратушыға  яки,  белгілі  бір  мекенге,  арнайы  бір 
уақытқа,  жалпы  себепке  мүкгаж  емес.  Егер А лла да бар 
болуы үшін  басқа  бір  себепке  мұқтаж  болса,  жаратушы 
емес  жаратылған  болар  еді.  Ал  Хақ  Тағаланың  жарату­
шы  һэм  жаратылған  болуы  акылға  теріс.  Алланың  бар 
болуы  сыртган  басқа  бір  күштің жаратуы  арқылы  емес. 
Өйткені Оның барлығының бастауы жоқ, яғни,  кейіннен 
пайда болмаған -  әзәли.
Алла  Тағала  еш  нәрсеге  мүқтаж  емес.  Керісінше 
күллі  жаратылыс  Алла  Тағалаға  мұқтаж.  Егер  Алла 
Тағала  мына үшы-киыры  жоқ  әлемнен  бір  мезет  байла-
7  Ш ура сүресі/11
8  Ы кылас сүресі/4.
58

ИМАНЙ ГҮЛ
нысын  үзсе,  күллі  жаратылыс  быт-шыт  болып  тарыдай 
шашылып, әлемдегі жалпы жүйе бүзылар еді.
Алла  Тағала 
« Фатыр»
  суресінде  бьшай  дейді:  «Ей, 
адам дар,  А ллаға  и үқтаж   болған  сендерсіңдер.  Ал 
еш кім ге  м ұкгаж   емес,  әрі  күллі  мақтауға  л а й ы к   тек 
А лла ғана».
Субутн си паттары
Алла  Тағала -   барлық кемел  сипаттардың  шынайы 
иесі.  Ондағы  барлық  сипаттар  шексіз  жэне  кейіннен 
пайда  болмаған  эрі  соңы  жок,  мэңгі.  Жаратылыстағы 
эсемдік  пен  сүлулық  -   ¥ лы   Жаратушының  еш 
теңдессіз  көркемдігінің  белгісі.  Әр  нэрседегі  шеберлік
-   Оның  тендессіз  шеберлігі  мен  кұдірсгшің  дэлелі. 
Жаратылыстағы тіршілік -  Оның тірі екендігінің айғағы. 
Ғаламдағы  үлкенді-кішілі  барлық  тіршілік  атаулының 
рызықпен камтамасыз етілуі -О ны н 
«Раззац»
 яғни, рызық 
беруші екендігінің көрінісі. Адамға ілімді, қалауды, күш- 
куатты,  өмірді  берген  ¥лы   Иеміздің  ілімсіз,  қалаусыз, 
қүдіретсіз, тірі болмауы мүмкін емес.
Субути си п аттар  сегіз. О лар м ы н ал ар :
1. Х аят.
«Тірі  болу»
  деген  мағынаны  білдіреді.  Алла  Тағала 
тірі  эрі  тірілігі  мэңгі.  Әр  нэрсеге,  өлі  топыраққа,  жалпы 
жаратылысқа  жан  беріп,  тіршілік  иесі  еткен  Алла  екені 
сөзсіз.  Бүл  сипат  ¥ л ы   Алладан  бір  мезет  болса  да  ажы- 
рамайды.  Өйткені  Оның  кемелдігі  тек  қана  мэңгі  тірі 
болу  арқылы  жүзеге  асады.  Бүл  сипатқа  карама-қайшы 
мағынадағы өлі болу-А лла Тағала үшін әсте мүмкін емес. 
Алла  Тағаланың  Тірі  болу  сипаты  Ілім,  Қалау,  Құдірет 
жэне  басқа  сипаттарымен  тікелей  байланысты.  Өйткені
59

ИМАНИ ГУЛ
тірі  болмағанның бір  нәрсені  білуден,  қалаудан жэне жа- 
ратудан мақұрым қалатыпы айтпаса да тұсінікті.
¥ л ы   Жаратушымыз  тірі  эрі  мәнгі  дедік.  Себебі, 
жаратылыстағы  кез  келген  жансыз  нэрсенің  өз-өзінен 
тіршілік  иесі  болуы  мүмкін  емес.  Демек,  ¥ л ы   Жарату­
шымыз -  барлық жан иелеріне рух  беріп, тіршілік  бетіне 
шығарған тіршіліктің шынайы иесі, эрі кайнар бұлағы.
«Фурцан»  сүресінің  58-ші  аятында:  «Мәигілік 
өлмейтін тірі А лл аға тәускел ет» - делінген.
2. Ілім.
Бұл  сипат  «білу»  деген  мағынаны  білдіреді.  ¥лы 
Алланың ілімі жаратылғандардың ілімі секілді таяз, шек- 
теулі  эрі кейіннен жиналған  емес.  Оның  ілімі  шексіз,  еш 
күралды кажст етпейді жэне барлық нәрсені қамтитындай 
өлшеусіз. Иэ, Алла Т ағала- эр нәрсені білуші. Ол жарияны 
білгені секілді кұпияны да біледі. Жалпыны білгені секілді 
жалқыны да біледі.  Үлкенді  білгені секілді кіші де біледі. 
Барлык  өткен  заманды  толық  білгені  секілді  келешекті 
де  біледі.  Жердің  астындағыны  білгені  сияқты  көктегіні 
де  біледі.  Көзге  керінстінді  білгені  сияқты  көрінбей  жа- 
сырын  көмес  қалғанды да біледі.  Барлык болып-кеткенді 
білгені  тэрізді  бүкіл  болатынды  да  біледі.  Себебі,  онын 
ілімі кейіннен үйрену, оқу аркылы пайда болмаған.  Онын 
ілімінің  бастауы  жок  -   әзәли.  Міне,  сондықтан  Онын 
ілімі  үшін  үлкен  мен  кішіні,  жария  мен  құпия  арасында 
еш  айырмашылық  жоқ.  Оның  ілімінен  ешбір  нәрсе  тыс 
қалмайды.  Қүранда:  «Ғагіб әлемінің  (көместің)  кілттері 
тек  Оның  құзырьшда.  Оны  Өзінеи  басца ешкім  білмейді. 
Және  Ол жердегі,  теңіздегі  барлық нәрсені  біледі.  Тіпті 
бір жапырақ түссе де Ол міндетті түрде одан хабардар. 
Жердің қараңгы қабаттарындагы бір тал дән де,  қүргақ
60

ИМАНИ ГҮЛ
ж эче  дылщыл  барлыц  нэрсе  д е  аиіьщ  кітапта  бар»11,  - 
делінеді.
Иэ,  Алланың  ілімінен  ешбір  нэрсе  тыс  калмайды, 
калуы  да  мүмкін  емес.  Өйткені  бүкіл  нәрсені  білмеген, 
олардың  эрбір  жағдайынан  хабардар  болмаған  кұдірет 
шынайы Алла бола алмайды.  Осыншама тамаша да кере­
мет мағыналы  әлемді,  элемдегі  эрбір  нәрсені  жарата  ал­
майды.  Әр түрлі  қажеггері бар  сансыз жаратылғандарды 
басқаруы  да  мүмкін  емес.  Мысалы,  Алла  Тағаланың 
барлық  жас  сәбилерге  ананың  қараңғы  кұрсағында 
ыңғайлы  қорегін  беріп,  дүниеге  келгеннен  кейін 
қорегін  өзгертіп,  анасының  омырауынан  оған  ен  керекті 
витаминдерді камтыған ак сүтті беруі -  баланың қажетін, 
оған  ненің  керек,  ненін керек  емес  екенін  білетін шексіз 
ілімінің  дәлелі  болса  керек.  Баланың  қажетін  білмеген 
Алланың оған осы ең ынғайлы қоректі беруі мүмкін бе?
Мына  әлемдегі  тамаша  тэртіп  пен  ақау-кемшіліксіз 
жүйе,  теңцессіз  сүлулык  пен  көркемдік -  
¥ л ы
  Алланың 
эр нәрсені қамтыған шексіз ілімінің белгісі эрі дэлелі.
¥ л ы   Алланың  эр  нәрсені  білетініне  бек  сенген  жан 
әрқашаң  эр  қадамын  байқап  басып,  эрбір  істеген  ісін 
абайлап  атқарады.  Мүндай  адамның  аузынан  ешкашан 
былапыт  сөз  шықпайды,  ешбір  адам  туралы  жаман  ой- 
лап,  ешкімге  зиянын  тигізбейді.  Ешкімнің  акысьш  жеп, 
зұлымдық жасап шектен шыкпайды.
Өзінің  эрбір  ісін,  эрбір  қимыл-әрекетін,  тіпті  эрбір 
ойын  біліп  тұрған  ілімі  шексіз  Аллаға  иман  келтіріп, 
жүрегіне бекем түйген жандар ешкім коре алмайтын таса 
жерде  болса  да,  Онын  бүйрыктарына  карсы  шыгып,  ты- 
йымдарын  бұзбайды.  Мүндай  жандар  Алланын  жердегі 
эрі  кектегі  сүйікті  қүл  түғырыиа  көтеріліп,  адамдардың 
арасындағы ең сенімді тұлгага айналады.

Ә нгам сұресі/59,
61

ИМАНИ ГҮЛ
3.  Сәмғ.
Алла  Тагаланың көрмегі, естшегі 
біэ секілді көзбепен,  құлақпепен емес.
Абай
Бүл  сипат 
«есту»
  дегенді  білдіреді.  ¥ л ы   Иеміздің 
естіп,  білуі  жаратылғандардікі  сияқты  шекті,  нүқсан  эрі 
себеп-күрал,  дэнекерге  мүқтаж  емес.  Иэ,  Алла  Тағала 
эр  нэрсені  естіп  біледі.  Оның  бір  нәрсені  естуі  басқа 
нэрселерді  естуіне  бөгет  емес.  Өйткені  Алланың  бүл 
сипаты  кейіннен  пайда  болмаған.  Алла  Тағаланың  естуі 
жаратылғандардың  естуіне  мүлдем  ұқсамайды.  Себебі, 
жаратылғандардьщ естуі кейбір ағзалардың, қүралдардың 
көмегі  аркылы  жүзеге  асады.  Ал  Алла  Тағапа  ешбір 
кұралға,  ешбір  себепке  тәуелді  емес.  Міне,  сондықтан 
ең  жасырын,  ең  қүпия  дыбыстар  да  Оның  естуінен  тыс 
калмайды.
Алла Тағаланың өзіне жалбарынған қүлдарынын жа­
сырын жэне күпия эр түрлі зікірлерін, дұға-мінәжатгарын 
қабыл  етіп,  хикметіне  сай  мүктаждыктарыи  камтамасыз 
етуі -  Оның эр нэрсені толық еститіндігінің дэлелі.
Есту сипатына карама-қайшы мағынадағы -  естімеу, 
сацырау дегендер кемшілік болғандыктан,  барлық кемел 
сипаггардың шынайы иесі, күллі нұксан сипатгардан пэк 
Алла Тагала үшін мүмкін емес.
4. Басяр.
Бүл  сипат 
«көру»
  деген  мағынаны  білдіреді. 
Алла  Тағала  өзінің  үлылығына  эрі  шексіздігіне  лайык 
дэрежеде  көру  сипатымен  сипаггалады.  ¥ л ы   Алла 
Тағала  эр  нәрсені  кемел  түрде  еш  нәрсенің  көмегінсіз, 
ешбір күрал-жабдықсыз біліп, еститіні секілді эр нэрсені 
еш  кемшіліксіз,  еш  нэрсенің  көмегінсіз  көреді.  Онын
62

ИМАНИ ГҮЛ
ілімі және естуі шексіз  болғаны  секілді көруі де шексіз. 
Оньщ  бір  нэрсені  көруі  басқа нәрселерді  көруіне  бөгет 
емес.  Онын көруінен ең кішкентай атом да, басқа да тыс 
қалмайды.  Оның назарында жасырын мен құпия,  жарық 
пен қараңғы, алые пен жақын, үлкен мен кішінің арасын- 
да  ешбір  айырмашылық  жоқ.  Құранда:  «Еш  күмәнсіз 
А лла көктегі және жердегі ғайы пты  (көмес нәрселердін 
бәрін) біледі. (бүларды білген Алла) Әлбетте, сендердін 
б а р л ы қ  істеп ж атқан  істеріцді көруде»,10 - делінеді.
5. И радә.
Бүл  сипат 
«цалау»
  деген  магынаны  білдіреді.  ¥лы  
Алланьщ  калауы  эзэли  және  еш  бөгетсіз.  Қалағаны  еш 
күмәнсіз  орындалады.  Қаламаған  нәрсесін  күллі  элем 
жиналып  іске  асырмак  болса  да,  жүзеге  аспайды.  Оның 
қалауына ешкім тосқауыл бола алмайды.
Жоқтықтан  тіршілік  әлеміне  шығарылған  сан- 
сыз  жаратылыстың  миллиондаған  түр-түрпат,  түстерге 
бөлініп,  эр  түрдің  өзіне  тән  ерекшеліктерге  ие  болуы  -  
Оньщ  еш  бөгетсіз  калауының  дэлелі.  Мысалы,  сансыз 
ағаштардың, миллиондаған гүлдердің, түрлі жеміс-жидек, 
жалпы  өсімдікгердің  бір  су,  бір  топырак,  бір  ауамен,  бір 
күннің  жарык-жьтлуымен  коректенгендсріне  карамастаи 
эр  түрлі  болып,  сан  алуан  реңге  боялуы,  неше  түрлі 
хош  иіс,  дэммен  безенуі -  Оның  эзэли  қалауының  белгі- 
нышаны.
Жаппар  Иеміз  хикметіне  орай  қалағанын  калаған 
түрде, 
қалаған 
уақытында 
жаратады. 
Сондай-ак 
Калағанын қалаған уакытта езгертіп, калаған уақытта жок 
етеді.  Қалаганына  байлық  беріп,  қалағанына  кедейлік 
шапанын  кигізеді.  Қалағаныньщ  дәрежесін  көтеріп,
'°  Хужуратсүресі/18.
63

ИМАНИ ГҮЛ
қалағанының  абыройын  айрандай  төгіп,  төмен  түсіреді. 
Қүранның тілімен айтқанда: «Е й, б а р л ы қ  мүліктің шы- 
н айы   иесі  -   А лла  Т ағалам !  Сен  м улікті  қалағаныңа 
беріп,  қ а л аған ы ң н ан   қ а й т а   аласы ц .  Қ алағаныннын 
мэртебесін  көтеріп,  қ а л а ға н ы ң д ы   төмен  түсіріп 
қорлайсы ң.  К үллі  ізгілік  пен  қ а й ы р л ы   істер  тек 
қ ан а  С енін  қолы ң да.  Ә лбетте,  сенің  б ар л ы к  нәрсеге 
кұдіретін т о л ы қ  жетеді»11, — деп айт.
6. Қүдірет.
Бұл  сипат 
«күш -қуат»
  деген  мағынаны  білдіреді. 
¥ л ы   Жаратушымыз  -   шексіз  жэне  мэнгі  құдірет  иесі. 
Қаласа  күллі  әлемді  бір  мезетте  бар  етіп,  бір  сәтте  жок 
етеді.  Оның  кұдірсті  кейіннен  пайда  болмаған,  яғни, 
бастауы  жоқ  әрі  мәңгі.  Оның  шексіз  кұдіреті  үшін 
кішкентай  атомды  жаратуымен  сансыз  галактикаларды, 
ондағы  сансыз  жүлдыздарды  жарату  оңайлық  жағынан 
бірдей.  Сондықтап  көк  жүзіндегі  Күн,  Ай,  басқа  да 
үшы-қиыры  жоқ  жүлдыздар,  жердегі  жалпы жаратылыс
-   Оның  күдіретіне  бас  иіп,  еш  ақау-кемшіліксіз  мына 
таңғажайып үйлесімді жүйені бүзбай эрекет етуде.
Алла  Тағаланың  шексіз  күдірстін  қабьшдаған  иман- 
ды  адам  Оньщ  еш  тендессіз  үлылыіыныц  алдында  бас 
иіп,  тағзым  етері  сөзсіз.  Қүдіретіне  тамсана  таң  қалып, 
рухы шат-шадыман болады.  Оның касиетті бүйрыктарын 
орындап,  тыйымдарынан  алыс  болуға  тырысып  бағады. 
Бүл  істерімен  тек  Оның  ризалығын  алуды  мақсат  етеді. 
Себебі  бұндай  түсінікке,  иманға  ие  болған  асыл  жандар 
Раббьшарыньщ ризашылығына бөленген жағдайда, өзінің 
барлық  арман-мүраттарына  жететінін  біледі.  Себебі,  тек 
Оньщ  шексіз  күдіреті  ғана  барлық  тілектерін  орындай 
алады.
11  Әли Ғимран сүресі/26.
64

ИМ А НИ ГУЛ
7. К элам .
Бул  сипат 
«сөйлеу»
  деген  мағынаны  білдіреді.  ¥ л ы  
жаратушымыз Алла Тағала  сөйлеу сипатына ежелден ие. 
Иә, Оның кэлам сипаты кейіннен пайда болмаған жэне эр 
түрлі  эріп,  дыбыстарға  мұқтаж  емес.  Алла  Тағала  сезін 
Өзінің  ұльтлығына  лайық  түрде  періштелеріне  естіртіп 
жеткізеді.  ¥ л ы   Жаратушымыздан  түскен  бүкіл  кітаптар 
мен уахилер осы сипатгың дэлелі эрі жердегі  көрінісі.
8. Тэкуин.
Бул  сипат  жоқты  бар  етіп  яки  бар  нәрседен  екінші 
бір  нәрсені  жарату  деген  мағынаны  білдіреді.  Алла 
Тағала  барлық әлемді жэне қалаған нэрсесін кемшіліксіз 
хикметіне орай бар етіп жаратуы тікелей осы сипатқа бай- 
ланысты. Әлемдегі сансыз эрі сан алуан жаратылыс -  осы 
сипаггың  айісыи  дәлелі.  Алланың 
«кун!»
  яғни 
«бол!»
  де­
ген бұйрығы аркылы кез келген нэрсе эпсэтте бар болады. 
Жүсіп  Баласағұн  ¥ л ы  Жаратушының  бул  сипатын  мына 
бір жыр жолымен тамаша жеткізген:
Қ алады да, жаратты бар болмысты,
«Болі»
  -
 
деді де, бірден бәрін болгызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет