Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ Қайрат ж о л ды ба й ұ л ы



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата03.03.2017
өлшемі8,77 Mb.
#6782
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

д әл е л д еп  
отырған  бұл  ғылыми  шындық  та  пайғамбарымыздын 
(с.а.у.)  шынайы  елші  екендігін  дәлелдеуде.  Өйткені 
Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) 
дэуірінде 
ананын 
жатырындағы  эмбрионды  (үрықты)  толық  зерттеп 
білетіндей  казіргі  тандағы  микроскоп,  рентген  сияқты 
құралдар жоқ еді.
31  Ән-нурул-халиду М ухаммадуң мафхаратул-инсания.
110

ИМАНИ ГУЛ
М ұғж и залар -  пайғам бар дәлелі
Алла Тағала жер бетіне жіберген эрбір пайғамбарына 
шынайы  елші  екендігін  дэлелдеу  үшін  мүғжизалар  бер- 
ген. Мүгжизаның ерекшелігі -  эдеттегі табиғат заңдарына 
қарама-қайшы  жэне  пайғамбарлардан  баска  ешкімнің 
еншісіне  бұйырмаған  ғажайып  таң  қаларлық  істер.  Мы- 
салы,  Айдың Пайғамбарымыздың ишараты арқылы екіге 
бөлінуі секілді. Барлық мұгжизаны жарататын Алла Тағала 
екенін  ескерсек, 
«мүмкін  емес»
  деп  кумэн  келтірудің  өзі 
бекер.  Себебі Алланың эр нэрсеге билігін жүргізген шек- 
сіз  қүдіреті  үшін 
«Болмайды,  болуы  мүмкін  емес»
  деген 
нэрсе  жоқ.  Ешбір  мұғжиза  Алланьщ  калауынсыз  жүзеге 
аспайды.  Пайғамбарымыздьщ  пайғамбарлығына  дэлел 
ретінде самсаған мүғжизаларынан бірнешеуін келтірейік.
•  П айғам бары м ы зға  берілген  ең  үлкен  мүгжиза
-   Қ үран.  Себебі  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  қияметке дейін 
үкімі  жалғасатын  ақырғы  пайғамбар  болғандыктан, 
оған  түскен  Қүран  да  мәңгілік  мүгжиза  болмақ.  Басқа 
мүгжизаларды  сенімді  түлғалар  тарапынан  естіп  білсек, 
Қүранның  мүғжизалығын  қияметке  дейін  келіп-кетер 
барлық  адамзат  өз  көзімен  көруде.  Құрап  Кэрімнің  за- 
ман  ескірген  сайын  қазір  түсіп  жаткандай  жаңара түсуі, 
күннен-күнге  артына  еріп,  эр  аятын  шамшырак  еткен 
жамагат саныньщ көбеюі,  технология дамып,  білім озган 
сайын  ғылым  дүниесінің  биік  шыцынан  көрініп,  ны- 
сананы  14  ғасыр  бүрын  нұскауы  -   Оның  хак  екеядігін 
білдірсе,  Пайғамбарымыздың  хак  елші  екендігін  паш 
етеді.  Қүранның мүғжизалығына  «Кітаптарга иман»  атты 
арнайы болімде кеңінен тоқгаламыз.
•  Аіідын  екіге  ж арылу  мүғжизасы.  Бір  күні  Әбу 
Жәһил  мен  Уәлид  ибн  Мұғира  бастаған  бір  топ  мүшрік 
Пайғамбарымызға келіп:
111

ИМАНИ ГҮЛ
«Е гер  сен,  ш ы ны нда  да  А ллаһ   Тагаланың  mapa- 
пынан  м ін дет   ж үкт елген  пайгам бар  болсаң,  бізге 
аспандагьі  айды   екіге  бөліп  к ө р с ет ...  Айды ц  жар- 
т ы сы   Ә бу  К уб а й ы с  т ауы ны ц,  екіп ш і  белігі  Құайқан 
ж от асы ны ң  үст інен көрінсін »
 - деп талап койды.
Пайғамбарымьтз (с.а.у.) олардан:
-   Осы  тілектерінді  орындасам,  иман  келтіресіндер 
ме?- деп сүрады.
Олар:
-  Эрине, о не дегенің! - деп жауап берді.
Мүшріктер  сүйікті  пайғамбарымыз  Мұхаммсдке
(с.а.у.) келген түста айдың деңгеленіп толған сэті еді, яғни 
он төртінші түні. Алла елшісі  (с.а.у.) Жарылкаушысынын 
бұйрығымен  Айға  карай  колын  созып,  сүк  саусағымеи 
ортасынан  бөлгендей  ишара  жасады.  Пайғамбардын 
осы  эрекетін күтіп  тұргандай-ақ,  ай  дэл  ортасынан екіге 
бөлініп,  мүшріктердің  сұрағаныидай,  жартысы  Әбу 
Кұбайыстың,  жартысы  Қүайканныц  төбесінен  көрінді. 
Лрдакты Пайғамбарымыз айналасындағыларға:
«К уз 
болы ңы здар! 
К уэ 
болыңьіздар! 
Әнекей, 
т вбелеріц Ь ге қарацы здар!»
 -  деп дауыстады32.
Мүшріктер  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  бүл  айкын 
мұгжизасына  сиқыр  деп  қарсы  шығып,  сырттан  келген- 
дерге: 
«Айдың екіге бөлінгетн көрдіңдер м е?»
 деп сұраган 
уақытта көрдік деген көңілдеріне ұнамайтын жауапка тап 
болып,  амалсыз 
«Муның  сщ ы р ы   айга  д а   эсер  етіпті»,  - 
деп тот басқан жүрекгері міз бақпады.
• 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.)  мұғжизасы арқылы бір 
уыс  тамақтын  берекесі  артып,  мың  адамға  дейін  жетіп 
асқандығы33,  су  тапшы  кезде  саусақтарынын  арасынан
32  Бухари,  манақиб/3636.  (аул:  Д ам ира  Ө мірзаккызы,  А дам загш н
асыл тэж і,  1-том, 237.)
33 Бухари, манэкиб/3578.
112

И М А Н И ГУ Л
атқылап  аккан  судан  үш жүздей  сахабаның  сусындап  эрі 
дәрет алғаны 34 жайлы көптеген сахих риуаяттар бар.
• Аурулардыц емделіп, ж азы лу мүғжизасы.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хайбар шайқасында:
-  Әли ибн Әби Тэліп қайда?-деп сұрады.  Сахабалар:
-  Уа, Расулаллаһ!  Оның көзі ауырып жатыр,  деді.
-  Дереу оған хабар беріңдер,  - деді.  Сахабалар дереу 
Әлиді  алып келді.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  киелі түкірігін 
Әлидің  кезіне  жағып,  оған  дұға  жасағаны  сол  екен  Әли 
жазылып шыға келді...
Міне,  Пайғамбарымыздың  осы  секілді  көптеген 
мүғжизалары  Оның  хақ  пайғамбар  екендігіне  куэлік 
етеді.
Пайғамбарымыздын (с.а.у.) келешекке 
байланысты хабарлары
Алла  елшісінің  (с.а.у.)  кейіннен  болатын  көптеген 
окиғаларды  бейне  бір  теледидар  экранынан  көріп 
түрғандай  айна-қатесіз  хабар  беруі  де  -   Оның 
пайгамбарлығының  дәлелі.  Пайғамбарымыздың  берген 
хабарларынан бірнеше мысал келтірейік:
• Алла елшісінің (с.а.у.) Бэдір шайқасынын аддында 
Әбу Жоһил,  Утба,  Шэйба жэне Уәлид сиякты дінніц кас 
дұшпандарының  осы  соғыста  қаза  табатындыктарып, 
тіпті  әрқайсысының  кайда  жер  жастанатындықтарына 
дейін  дөп  басып  сахабаларына  хабар  беруі35  жзне 
айтқандарынын  айна-қатесіз  келуі  -   Оның  (с.а.у.)  тек 
Хақтың пэк елшісі екендігінің белгісі.
34 Бухари, манақиб/3576.
31 М услим, Жәннат.
6— 1250 
113

ИМАНИ ГҮЛ
• 
«М енен  кейін 
хапифалыц отыз жыл  жалгасады. 
Сосын  патшалыц  болады»
 
36  -   деген  Алла  елшісінін 
сөздері кейіннен дэл айтканындай болды.
1. Әбу Бэкір (р.а.) 2 жыл 3  ай.
2. Омар (р.а.)  10 жыл 6 ай.
3. Осман (р.а.)  11  жыл,  11  ай,  18 күн.
4. Эли (р.а.) 4 жыл, 9  ай.
5. Хасан (р.а.) 6 ай 22 кун.
Барлығын қосканда 30 жыл ” .
• 
«О м ар  т ірі 
кезде 
бүпік  болмайды.  Омар  барлыц 
бүлік
  -  
фитна  есікт ерін  ж абады »,  «Осман  Қүран 
оқып  от ы рганда  өлт іріледі»,  «Х айбар  цамалы  Әлидіц 
цолымен  алынады»,  «Э бу  З эрр  жалгьгз  өмір  суріп, 
ж алгыз  өледі»,  «Менен  (с.а.у.)  кейін  әнли  бэйт  ішінен 
алгаги  қайтыс  болып,  м аган  қауыиштын  Фатима» 
секілді  П айгамбарымыздыц  пэк  сө зд ер і  кейіннен  «Сен 
еш  күмэнсіз  Расулуллаһсың,  Алланың  хақ  елшісісіц»
  де- 
гендей дәлме-дәл болып жатты.
Тәурат пен Інжіл де ақырғы 
пайгамбар  Мухаимедтіц (с.а.у.) 
келетінін сүйшшілеген
Жер  бетіне  келіп-кеткен  көптеген  пайғамбарлар 
өздеріне  түскен  кітаптарда  соңғы  пайғамбар  Мухаммед- 
тің  (с.а.у.)  келетіні  жайлы  үмбетгеріне  білдіріп,  айтып 
кеткен.  Алайда  бул  кітаптардың  заман  өте  келе  адамдар 
тарапынан  әр  түрлі  бұрмалануына  байланысты  бұл  ха- 
барлар  да  езгеріске  ұшыраган.  Сан  мәрте  адамдар  тара­
пынан  әдейі  бурмаланып,  өзгеруге  ұліыраса  да,  ішінде 
әлі де Пайғамбарымыз Мухаммедтің (с.а.у) келетіні жай­
лы  ишарат  пен  сұйінші  хабарларға  толы  Тәурат,  Інжіл
36 Тирмизи, Әбу Дәәуд.
37 Абдуллаһ А ймаз, Кадер илм и исбаты,  10-бет.
114

ИМАНИ ГҮЛ
кітаптарының  тек  бір-екі  жеріне  токтала  кегуді  жөн 
көрдік.
Т әу р ат сүйінш ілері: Ы см ай л  иәсілі
Алла 
Тағала  Тэуратта  Хазіреті 
Мүсага 
бы- 
лай 
дейді: 
«О лар 
(И зрайл 
үрп актары ) 
үш ін 
б ау ы р л ар ы н ы ц   арасы нан  сен  секілді  бір  пайғам бар 
ш ы ға р а м ы н   да,  сөздерімді  О ны ц  аузыііа  салам ы н. 
О л  әмірлерім ніц  барлы ғы н  оларға  айты п  жеткізеді» 
(СифргТәсния, 18:18).
Тэураттағы  «И зрайл  үрпақтары иы ц  бауыры»  де­
ген  сөз  тіркесі  Хазіреті  Ысмайлдың  нэсілінен  келетін 
пайғамбарға  ишарат  етілген.  Себебі  Израйыл  үрпақтары 
Ибраһимнің  баласы  Исхактан  тарағандыктан,  олардың 
(израйл  үрпақтарының)  бауыры  Ибраһимнің  екінші  ба­
ласы  Исмайлдан  тараған  ұрпак  болуға  тиіс.  Ал  Хазіреті 
Исмайлдың  нэсілінен  келгені  анык  жалғыз  пайғамбар
-   Пайғамбарымыз  Хазіреті  Мухаммед  (с.а.у.).  Алла 
елшісі  де  (с.а.у.)  Хазіреті  Муса  (а.с.)  секілді  жаңа 
шариғатпен  келген.  Аяттың  сонындағы  «Сөздерімді 
Оның  аузына  саламын»  сөзі -  Пайғамбарымыздың  оку- 
жазу  білмейтіндігіне  жэне  Қүранды  ауызша  жатка  окып 
адамдарға  жеткізетіндігіне  ишарат.  Тэуратта  айтылган 
пайғамбардың Хазіреті Иса мен Хазіреті Юша (а.с.) болу 
ықтималына  келсек,  бұл  акылға  қонбайды.  Өйткені  сөз 
етіліп  отырган  пайгамбарлар  Израйл ұрпактарынаіг кел­
ген.
Інж іл сүйінш ілері:  Ф ар акл и т
Иоганна Інжілінде: «Мосих (Иса): «Рабб ссішермен 
әрқаш ан   бірге  болуы  үшін  ссндерге  басқа  Ф араклнт 
берсді» -  деді.» (Иоганна, баб:  14, аят:  15.)
115

ИМ АНИ ГУЛ
«Ф ар ақл и т келген  кезде мен үш ін  куэгер болады. 
Сендер де м аған к уәлік етіцдер» (Иоганна, Баб:  14,26).
«...Мен  кетпесем  Ф а р а к л и г   келмейді»  (Иоганна, 
Баб:14, аят:  7-8)
«Ахмет»'>«Фарацпит»
  сөзі  грек  тілінде 
«Приклитос»
  деп 
өтеді.  Ал  «Приклитос»  сөзі  араб  тіліндегі 
«Ахмет» 
деген  сөздің  мағынасымен  бірдей.  Бэрімізге  белгілі 
Пайғамбарымыздың  бір  аты 
«Ахмет»
  болған.  Тіпті 
Қүранда пайғамбарымьтздың Інжілдегі  есімінің 
«Ахмет» 
екендігі айтылады38.
Жогарыда  ескерткеніміздей,  бүларды  адамдарға 
оймақтай  ой  салу  үшін  айттық.  Қосымша  мынаған 
тоқталсақ  дейміз.  Күншілдік  пен  кекшіядігі  шырмауык- 
тай  шырмасқан яһуди мен  христиандар  бар  күшін салып 
бүрмалауга қанша тырысса да, алі де Тэурат пен Інжілден 
Алла  елшісінің  пайғамбарлығына  тэн  көптеген  ишарат 
пен  сүйінші  табылуы  мүмкін.  Тәурат,  Інжіл  жэне  Зәбур- 
дан  ең  аз  өзгеріске түскен  нүсқалары табылса,  сол  кезде 
шамасы ешқандай жорамалды да, тәпсірді де кажет етпей, 
Алла  елшісіне  (с.а.у.)  байланысты  көптеген  ашык  белгі- 
лер бар екенін қарапайым адам да анық аңғарады39.
38  Иепер  Өзтүрік,  Иеиі  бір  иорумла  Ислам инанч  есаслары.  Ышык 
иайынлары.
19  Ән-нурул-халиду М ухаммадун мафхаратул-инсания.
116

КІТАПТАРҒА ИМАН
«Кімде-кім Аллаға және Оның періштелеріне, 
кітаптарына, пайгамбарларына және акырет 
күніне иман келтірмесе, қатты адасады...»
«Ниса» сүресі
«Алланыц озі де рас, созі де рас, 
Рас сөз еш уақытта жалған болмас. 
Көп кітап келді Алладан, оныц төрті 
Алланы танытуға сөз айырмас»
Абай

KITАПТАРҒА ИМ АН
Жалпы жаратылыс, мына болмыс әлемі адам  баласы- 
на ¥ л ы  Жаратушыны танытар алып кітап ретінде жаратыл- 
са, пайғамбарларға уахи аркылы жеткен барлык паракгар 
мен  кітаптар  да  ¥ лы   Құдіретті  қатесіз  тануымыз  үшін 
жіберілген.  Сондай  ақ  адамзатқа  мына  дүниедегі  негізгі 
міндетін  түсіндіріп,  ак-караның  ара-жігін  айкындап,  екі 
дүниенің  бақытын  сыйлау  үшін  түсірілген.  Міне,  Алла 
Тағала  тарапынан  келген  барлық  осы  кітаптарға  сену  -  
Ислам дінінде иманның негіздерінен саналады. Қүранда: 
«Кімде-кім  А ллаға  және  О
ііы ң
  періштелеріне, 
кітап тары н а,  п ай ғам б арлары н а  және  ақ ы р ет  күніие 
иман келтірмесе, қ ятты  адасады...»40 -  делінген.
¥л ы  Жаратушымыз әр түрлі мекендер мен уақыттар- 
да  түрлі-турлі  кауымдарға  өзінің  бүйрыктары  мен  тый- 
ымдарын  камтыған  жэне  сол  коғамның  сана  дегейіне 
сай  керекті  мәліметтерді  жеткізетін,  жеке  түлғалык, 
қогамдық  проблемаларының  шешімдерін  баяндап,  өз 
араларында  әділдікгі  орнататын  парактар  мен  кітаптар 
жіберген.  Парақгардың  нақты  саны  бізге  беймәлім.  Ал, 
Қүран  Кэрімде  білдірілген жалпы  кітаптың саны  төртеу: 
Зэбур,  Тәурат,  Інжіл,  Қүран.  Біз,  мұсылмандар,  бүл  төрт 
кітаптың  барлығының  Алла  тарапынан  адам  баласына 
тура жолды көрсету үшін жіберілгендігіне кэміл сенеміз. 
Алайда соңғы кітап Қүранның алдындағы үш кітап заман 
өте келе адамдар тарапынан эр түрлі әдейі өзгертулер мен 
бүрмалауга ұшырағандықтан,  оларды  негізге  алып  амал
40  Н иса суресі/136.
118

И М АН ИГҮ Л
етпейміз.  Кұран  тускеннен  кейін  өзге  кітаптар  негізге 
алынбайды.
1.  Зэбур.  Бұл  кітапты  Алла  Тағала  Дэуітке  (а.с.) 
түсірген. Зэбур арапша «кітап» деген мағынаны білдіреді. 
Құран  Кэрімде:  «Біз Дәуітке Зәбурді  бердік41» делінген. 
Қүранда  Зэбур  жайлы  Тэурат  жэне  Інжілге  қарағанда 
ете  аз  маглумат  білдірілген.  Еврейлердің  Дэуіттің  (а.с.) 
пайғамбарлық  қасиетіне  көлеңке  түсіріп,  ар-намысын 
кірлететін  эйелдерге  байланысты  айтылған  эр  тұрлі 
әңгімелері  дұрыс  емес.  Себебі,  барлық  пайғамбарлар 
кұнэнің кішісінен де, үлкенінен де ¥лы  Жаратушы тара- 
пынан қорғалған. Яһудилер, көбінесе, Дэуітке (а.с.) патша 
ретінде  карайды.  Ал,  мұсылмандар  патша  эрі  пайғамбар 
ретінде иман келтіреді.
2.  Тәурат.  Мұса  пайғамбарға  түскен  кітап.  Тэурат 
иврит  тілінде  «зан,  ереже-кағида,  ш ариғат»  деген 
мағыналарды  білдіреді.  Куранда:  «Ішінде  адамдарга 
тура  жол  жэне  нүрды  қам ты ган  Тәуратты  біз 
жібердік42»  -  делінген. Тэураттың қазіргі таңда танымал 
үш түрлі нұсқасы бар.  Бул үш нұсқада айтылған көптеген 
ереже-қағида,  хабарлардың  бір-бірімен  сәйкес  келмеуі  -  
Тәураттың  адамдар  тарапынан  кап ы   өзгертілгендігінің 
айғағы.
3.
 
і і і ж і л

Исаға  (а.с.)  түскен  кітап.  Інжіл  «сүйінші, 
тағы л ы м »   деген  мағыналарды  білдіреді.  Кұранда:  «Біз 
пайгам барларды н арты нан М эриям үлы  И саны  өзінен 
бүры н түскен Тэуратты растаушы етіп жібердік. Оған 
(И саға):  Өзінен  бүрын  Түскен  Тэуратты  растаушы 
ретінде  әрі  тақуаларға  тура  жол  мен  насихат  болсын 
деп  іш інде  тура  жол  және  нүрды  қам ты ған  Інжілді 
бердік»43, - делінеді.
41  И сра сүресі/55.
42  М айда сүресі/44.
45  М аида сүресі/46.
119

ИМАНИ ГҮЛ
Қазіргі таііда Інжілдің Алла Тағала тарапынан түскен 
түпнүскасы  жоқ.  Христиандардың  қолында 
«Ж аца  ха­
бар»
  атты  кейіннен  адамдар  тарапынан  құрастырылып 
жазылған  әр  тұрлі  кітаптар  бар.  Бұлардыц  төртеуіне 
«Інжіл»  делінеді.  Бүл  Інжілдер  Иса  (а.с.)  дуниеге  келген 
сон 
325  жылдан  кейін  халық  арасында  кенінен  тараған, 
бір-біріне  қарама-кайшы  пікірлерге  толы  Інжілдің 
көптеген  нүскасынаіг  тақдалып,  күрастырылған. 
«Mam­
ma»,  «Маркос»,  «Лука»,  «Ю гонна»
  делінген адамдардың 
атымен  аталатын  бүл  төрт  Інжілдің  ішіндегі  баяндала- 
тын  окигалар  көбінесе  бір-бірімен  сэйкес  келе  бермейді. 
Бірінде  харам  делінген  нэрсе  екінші  бірінде  адал  бо- 
лып  жатады.  Бүган  қоса  інжілдің  бізге  дейін  келіп  жету 
жолдарының  дүрыстығы  мен  сенімділігі  түрғысынан 
да  қасиетті  Қүранмен,  тіпті  Пайғамбарымыздьщ  (с.а.у.) 
хадистерімен де салыстыруға тұрмайды.
¥ л ы   Жаратушыға  байланысты  жэне  эр  түрлі 
мәселелер 
мен 
тарихи 
оқиғаларды 
баяндайтын 
мағлүматтардың  бүл  терт  Інжілде  әр  түрлі,  тіпті  бір- 
біріне  қарама-қайшы  берілуінен  түпнүсқаның  кейіннен 
адамдар  тарапынан  қатты  өзгеріске  үшырап,  адами 
пікірлермен лайланғанын аңғарамыз.
4. 
Күран. Қүран араб тілінде 
«көп оқылатын  кітап» 
деген  мағынаны  білдіреді.  Кұран  — ¥ л ы   Жаратушынын 
ақыретке  дейін  келіп-кетер  барша  адамзатқа  тура  жолды 
көрсету үшін  соңғы  пайғамбар  Мүхаммедке  (с.а.у.)  уахи 
арқылы  түсірілген,  окылуының  өзі  ғибадат  саналатын 
мэңгілік илэһи кітап. Қүран — өзіне дейінгі түскен барлық 
парақгар  мен  кітаптардың  мазмүнын  камтыған.  Қүран —
 
санасы  канша  жетілсе  де  ақыретке  дейінгі  келетін  күллі 
адамзаттың барлық рухани эрі заттық сүраныс іарыігл жа- 
уап беретін, жекс түлғалық, қоғамдык эрі  әлемдік барлық 
проблемаларына  катесіз  толық  шешім  беретін,  адамнын
120

ИМ АН ИГУЛ
санасы жете бермейтін көмескі элемді суреттеп, беймэлім 
сырларды ашатын, екі дұниенің бақытын көрсетіп, ақ пен 
қараның  ара-жігін  ажыратып,  өзіне  сеніп,  шырақ  тұткап 
жандарды  рухани  кемелдікке тәрбиелейтін  ¥лы   Жараіу- 
шы тарапынан жіберілген касиеггі соңғы кітап.
Қүраіі Кәрімнін Алла Тағала тарапынан 
жіберілгендігінің кейбір дәлелдері44.
• 
Пайғамбарымыздың  (о.а.у.)  дәуірінде  арабтардың 
ауыз әдебиеті, сөз өнерінің, эсіресе, ақындықтың шыңына 
жеткені  соншальтқ  -   ақындар  бір  шумақ  өлевдерімен 
бейбіт жатқан  екі  елді  соғыстырып  немесе  қылыштарын 
қындарынан  шыгарып,  соғысуға  шак  қалған  екі  елді 
татуластыратындай  дәрежеде  болған.  Жыл  сайын  сөз 
өнерінен  арналған  сайыстар ұйымдастырылып,  алғашқы 
жеті орынға ие болған шайырлардың есімі мен өлеңдерін 
алтынмен әшекейлеп кағбаға іліп қоятын. Акындарды бы­
лай қойғанда, жалпы халықтьщ өзі бір-бірімен өлендесіп 
сөйлескен.  Міне,  сөз  өнерінің  осындай  шыңына  жеткен 
уақыгга Пайғамбарымызға (с.а.у.) Қүран түскен.
Қазіргі  дін  дұшпандары  сиякты  сол  дәуірдің  кэпір 
шайырларының Пайғамбарымызға: (с.а.у.) 
«Құранды өзіц 
ойдан ж азып жатырсың»
 деген жалаларына қарсы Алла 
Тағала: «О ларға бы лай деп айт: А нт етейін, егер адам- 
Дар мен жы ндар м ы на Құраш іы н үқсасын жасау үшін 
Ж иналып,  тіпті бір-бірін  колдап,  куштерін  жиііаса да 
оған үқсас бір кітап жаза алмайды» (Исра/88) -  деп аят 
түсіріп, олардан Құранға уқсас бір кітап жазуларын талап 
етеді.  Алайда  араб  акын-шешендері  Құранга  үксас  бір 
кітап  жазу  қолдарынан  келмегендіктен  ауыздарына  кұм 
Күйылып, үн-түнсіз қала берді.
44  . 
Б ұ л
  жайлы  ксғс  магяұмаг  ушш 
караңы з,
  М.  И СА¥ЛЫ ,  Кұран 
кімнің сезі?, Алматы 2004.
121

ИМАНИ ГҮЛ
Алла  Тағала  басқа  бір  аятга:  «Ж оқ,  әлде  олар 
(кәпірлер)  Қүранды   өзі  кұ р асты р ы п   ал д ы  деп  жатыр 
ма?  (М ухаммед (с.а.у.)  оларға  айт:  Егер  айткандары н 
рас  болса  А лладан  басқа  ш а қ ы р а   алаты ндары ңды  
(жәрдемге)  ш ақы ры н дар,  (бәрің  бірігіп)  сеіідер  де 
сол  сиякты   қүрасты ры лған   он  сүре  ж азындар!»45  - 
деп  эншейінде  намысшыл  болып  келетін  шайырлардың 
намысын  кайрап,  олардан  кұрастырылған  он  сүре  жа- 
зуларын  талап  етеді.  Бірақ  шайырлардың  ауыздарына 
қ р і   кұйылып,  дәрменсіздіктен  Алланыц  бұл  талабын 
да  жауапсыз  қалдырды.  Он  сүре  жазуга  шамалары  кел- 
меген  шайырларды  Алла  Тағала  басқа  бір  аятта  былай 
деп,  бар  білетін  өнерлерін  көрсетуге  шакырады.  «Егер 
күлы м ы зға түсірген Қ үранға күмәидансаңдар, канеки, 
бір суресіне уқсас сүре ж азы п әкеліндер жэне Алладан 
басқа  сенетіндеріңнің  барлы ғы н   ш ақ ы р ы ң д ар ,  егер 
күмэндарьщ  әрине рас болса. Б үн ы  ж асай  алмасаңдар,
-   еш каш ан  жасай  алм ай сы н дар  да  -  Ендеш е,  отыны 
адамдар мен тастардан  түраты н  кәпірлерге әзірленген 
тозак отынан сақтаны ңдар» (Бакара, 23-24). Әншейіяде 
намысшыл келетін шайырлар бұл жолы тағы да Алланын 
талабына дәрменсіз калып,  Кұранға ұқсас бір кітап емес, 
тіпті  он  сүре  де  емес,  жалғыз  ғана  сүре  жазу  да  қол- 
дарынан  келмегендіктен  тағы  да үнсіз  қалды.  Иә,  күмэн 
келтірген  арабтардың  өздерінен  талап  етілген  Құранга 
ұксас  бір  кітапты,  яки  он  сүресін,  тіпті  жалғыз  сүресін 
жазу  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  жаңа  дініне  тоскауыл 
болудың ең қысқа әрі оңай жолы бола тұра, мал-жандарын 
қатерге  соғатын  соғыс  жолын  таңдауларының  астарын- 
да  Қүран  сүрелерінің  ұксасын  жаза  алмаулары  бар  еді. 
Өйткені  Қүран  мағынасындағы терендігі  мен тәсіліңдегі 
ерекшелігі  жағынан  арабтардың  кара  создеріне  де,  олең
45  һ ул сүресіЛ І-13.
122

ИМАНИ ГҮЛ
шумактарына да уксамайды. Он төрт ғасырдан бері Құран 
сүрелеріне  уқсас  бір  сүрені  күллі  адам  баласының  жаза 
алмауы  -   Кұранның  Алла  Тағала  тарапынан  жіберілген 
хақ кітап екендігінің айкын дэлелі.
• Куран мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінің 
арасында сөз стилі тұрғысынан жер мен көктей ерекшелік 
бар.  Ерекшелігі  соншалық  -   кез  келген  арабша  білетін 
адам  мағыналары  бір  болып  келетін  Құран  аяттары  мен 
хадистерді 
«мынау -  аят»,  «мынау -  хадис»
 деп, оп-оңай 
ажырата  алады.  Арабтар  пайғамбарымыздын  хадистерін 
өздерінің  сөздеріне  үқсас  деп  біліп,  Күранды  өздері 
қолданатын  сөйлеу  тэсілдерінің  ешқайсысына  уксата 
алмай,  қайран  калатын.  Себебі,  Құранда  арабтардың 
қолданған  кара  сөздеріне  де,  өлеңдеріне  де  ұксамайтын, 
жалпы  барлык  адами  сөйлеу тэсілдерден  мүлдем  өзгеше 
өзіне ғана тэн иләһи (кудайлык) тэсіл бар.
•  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  хадистерін  оқыған 
уақытымызда  терең  толғанып,  Алланың  улылығынын 
алдында  бас  иіп,  тебіреніп  айтып  тұрған  адам  бейнесі 
сезіледі.  Ал  Қүранды  оқыған  уакытымызда  Алланың 
улылығы  мен  жаббарлығының  ұні  байқалып,  сөздің 
жұмыр  басты  адамнан  емес,  букіл  злемдердін  ¥лы  
Жаратушысынан  келіп  түрғандығы  анык  байқалады. 
Пайғамбарымыздьщ  бір-бірінен  тым  басқаша  екі  тэсілді 
эр  жерде  еш  ойланбастан,  оп-оиай  ажыратып  қолдануы 
Құраиның ойдан шығарьшған кітап емес, Алла Тағала та­
рапынан  түсірілгендігінің айқын дәлелі болса керек.
• Оқу-жазу білмейтін Алла елшісінің (с.а.у.) уахидың 
көмегінсіз 
жеке 
т^лғалык, 
отбасылық, 
қоғамдық, 
экономикалық  жэне  адами  қатынастарды  реттейтін 
құқықгық  қағидалар  койып,  ислам  діні  сияқгы  кемел 
жүйе  күруы  эсте  мүмкін  емес.  Алла  елшісінің  (с.а.у.) 
алып келген жаңа жүйесі ғасырлар бойы дос-дұшпан, сан
123

I
алуан  ұлттар  тарапынан  іс  жұзінде  колданылуда.  Тіпті 
заман  ескірген  сайын  ислам  діні  жаңара  түсуде.  Енде- 
ше,  бұл  ереже-қағидаларды  орнаткан  Мухаммед  (с.а.у.) 
емес,  ¥ л ы   Жаратканның  өзі  болмақ.  Тарихқта  көптеген 
құнды  кітаптар  жазылған.  Бірақ  жұмыр  басты  пенденің 
туындысы  болғандьтктан,  заманньщ  жаналығына  өз 
шешімін  беріп,  адамзаттың күн сайын дамыған ой-өрісін 
канағагтандыра  алмағандыктан,  жаңа  толқын тарапынан 
«ісің  бітті»  делініп,  сөредегі  орнынан  беймәлім  жаққа 
тэрк етілген.  Ал,  Кұранга деген адамзаттың мұктаждығы 
күннен-күнге  артып  отыр.  Иэ,  заман  ескірген  сайьш 
Кұран жаңара түсуде.  Өткен ғасырларда тэпсірленіп, сол 
ғасырлардағы  аса  көкейкесті  мэселелерге  дауа  болған 
Қүран аятіары бүгінде басқа қырынан тәпсірленіп, К¥ДДЫ 
жаца ғана түскендей адамзаттың шешімін күткен небір за- 
манауи күрделі күрмеулері мен сансыз сауалдарына жауап 
беруде  жэне  кияметке  дейін  бере  бермек.  Сөйтіп,  озінің 
сарқылмас  қазынаға  толы  мэңгілік  мүғжиза,  ескірмес 
илэһи кітап екенін дэлелдей бермек.
• Әлемде миллиондаған адам жатқа білетін жэне күн 
сайын  жалыкдастан  оқылатын  Құран  секілді  екінші  бір 
кітап жоқ. Қандай классикалық эдеби кітапты алсаңыз да, 
бірнешерет оқығаннан кейін одан жалығасыз. Ал Қүранды 
оқыған  сайын  жалығу  былай  турсын,  ол  сізді  жаңа 
ойларға  жетелеп,  рухани  шабытқа  кенелтеді.  Көңіліңізге 
көктем  сыйлайды.  Алты  жүзден  аса  беттен  түратын 
Құран Кэрімнің араб тілін білмейтін миллиондаған адам- 
дар  тарапынан  сөзбе-сөз  толықтай  оңай  жатталуы  жэне 
адамньщ  жандұниесіне  ағыла  күйылып,  баурап  алатын, 
тек  өзіне ғана тэн  ерекше  әуені  мен  әуезі  -   Оның  илэһи 
кітап екендігінің нақ белгісі.
•  Құраниың  бұрын  болып  кеткен  көптеген  окиғапар 
мен  келешекте  болатын  оқиға,  жадалыктардан нақты  ха-
ИМАНИ Г Ү
Л _____________________________ - —
124

ИМАНИ ГҮЛ
бар беруіне ат үсті қарап, оны адам баласының жазған ту- 
ындысы деу  кисынға  кайшы.  Бүл жерде  оның  барлығын 
қамтып жазу мүмкін болмағандыктан, мысал ретінде бір- 
екеуін  ғана беріп отьгрмыз.
•  Салих,  Лүт,  Мұса  сияқты  пайғамбарлар  мен 
қауымдарының  ежелгі  дэуірде  гүмыр  кешкен  мекендері 
мен  өмір  сүру ахуалдарын Қүран  баяндағандай  енді  ғана 
зерттеп  тапқан  казіргі  археология  ғылымы Қүранға ерік- 
сіз таң калуда.
•  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  дэуірінде  румдықтар 
мен  сасанидтер  үнемі  бір-бірімен  шайқаста  бола- 
тын.  Румдыктар  сасанидтерден  соңғы  соғыста  қайта 
бас  көтерместей  ойсыра  женіліске  ұшырайды.  Осы 
жеңілістен  кейін румдықтардың бірнеше  жьшдын  ішінде 
жеңіс  тұғырына  қайта  көтерілетіндігіне  ешбір  кемеңгер, 
данышпанның  болжам  жасауы  мүмкін  емес  еді.  Міне, 
осындай  ешбір  болжамішң  үшы  да  көрінбеген  кезеңде 
Қүран  Кэрім  румдықгардың  осы  жеңілістерінен  кейін 
сасанидтерді бірнеше  жылдың ішінде қайта жеңетіндігін 
дөп  басып  айтып  салады:  «Рум  женілді,  сендерге  ең 
ж а қ ы н  жерде.  О лар  бүл жеңілістерінен кейін  бірнеше 
ж ы л д ы ң   ішіііде  қайта  жеціске  жетсді...»46.  Қүран 
айтқандай-ақ  румдыктар  сасанидтерді  бірнеше  жылдың 
ішінде қайта жеңеді.
Қүраи және ғы лы м
•Қураи  Кәрімнің  енді-енді  кейінгі  ғасырларда  ғана 
ашылып  жатқан  көптеген  ғылыми  жетістіктерді  осыдан 
он төрт ғасыр  бұрын айгып кетуі көптеген батыс-шығыс 
галымдарын  таң  қалдырып,  Исламға  бас  идірген.  Міне, 
бүд Қүранның авторы Мухаммед (с.а.у.) емес, Алла тара- 
пынан жіберілгендігінін дәлелі.
46  Рум сүресі/1-4.
125

ИМАНИ ГУЛ
Мысал рет інде бірнеше аят:
Ө сім д іктер де а н а л ы қ -а т а л ы к к а  бөлінеді 
Өсімдіктсрдсгі 
аналық-аталық 
үрыктарынын 
ғылыми  тұрғыдан  сонгы  ғасырларда  ғана  зертселіп 
білінгені  бэрімізге  мэлім.  Ал,  Қуран  мұны  он терт ғасыр 
бурьм[  былай  деп  көрсеткен:  «Ж ерден  онііі-осегін 
барлы қ осімдіктерді және өздерінді және сендердің т.б. 
білмейтін  нәрселеріцді  жүп-жүп  қ ы п   ж ар атқан   Алла 
кандай плк»'17.
Ж елд ің  үры ісган д ы р у  к ы зм е т і 
«Хижр»
  сүресі
і і д с г і
:  «Біз  ж елді  уры ктанды ру 
үшін  жібсрдік,  сөйтіп  асп ан н ан   ж ан б ы р  ж ауғызып, 
сендерді  сусы нд анд ы рд ы қ...»  аяты  жаңбырдын  жау- 
уында,  желдің  ұрықтандыру  қызметін  атқаратындығын 
ашық баяндайды.  Аятга жел үшін  қолданылған  «уаких» 
сөзі «ұрықтандыру» деген мағынаны білдіреді.
Жел  су  буларынан  пайда  болған  бұлттарды  бір- 
бірімен  кақгыгыстырады.  Бул  қақтыгыс  салдарынан 
найзағай пайда болады.  Жел бүлттарды тығыздап сыккан 
кезде  жерге  жаңбыр  жауады.  Желдің  булггарды  айдап, 
бір-біріне  косу  ісі  жоғарыдағы  аятта  «бүлттарды   бір- 
біріне қосады» деп емес, «үры ктан ды рады » деп берілуі 
шынымен  де  назар  аударарлық.  Яғни,  аятга  айтылған 
желдің  булттарды  «үры қтан ды рады »  деуінің  аста- 
рынан  бүлттардын  да  бейне  бір  аталық-ана.чык  тэрізді 
позитив-негатив  болып  бөлінетіндігін  аңғаруга  болады. 
Демек,  желдің  позитив-негатив  булттарды  бір-бірімен 
косып,  тығыздауы  нэтижесінде  жаңбыр  жауғызуы  оныи 
«үры қтанды руы » болмақ.
Тогызыншы  ғасырдың  аяғында  яғни  осыдан  он 
бір  гасыр  бұрын  өмір  сүрген  Ибн  Жәрир  эт-Табарани
47  Ясин суресі/36.
126

ИМАНИ ГҮЛ
атты  ғалым  жоғарыдағы  аяггы  тәпсірлегенде:  «Әуелі 
ж ел 
өсімдіктерді  тозацдайды,  сосын  бүлттарды  
ұры қтан ды рады » 

деп, 
желдің 
өсімдікгерді 
тозандайтынын һэм брптарды  да ұрыктандыратынын ай- 
туы таң қаларлық.
Міне,  Кұран  Кэрім  он  төрт  ғасыр  бұрын  желдің 
аналық-аталықтан  туратын  өсімдіктерде  жэне  позитив- 
негативті булттарда урыктандыру кызметіп атқаратынын 
ашық 
айтып 
кеткен. 
Ғылыми 
тұргыда 
кешірек 
дэлелденген аталмыш табиғат заңдарын  1400 жыл бурын 
ешбір адамның білуі мүмкін емес еді. Олай болса, Қурап 
адам  емес,  осы заңдарды  жаратқан  ¥л ы   Қүдіреттің сөзі 
болмақ.
А спан әлемі унемі кеңеюде
Ең жақын бес-алты галактикадан басқа барлық галак- 
тикалар  бізден  өз  кашықтыктарьша  сай  жылдамдықпен 
тоқтамастан  ұзақтап  жагканын  1922  жылы  астроном 
Хабл  (Hubble)  зерттеп  тапкан  болатын.  Оның  айхуына 
Караганда,  жарық  жылдамдығымен  есептегенде  бізден 
миллион  жылдай  кашыктықта  орналасқан  бір  жулдыз 
бізден жылына  168  км жылдамдықпен,  екі миллион жыл 
ұзақтағы  жүддыз  екі  есе  жылдамдықпен,  уш  миллион 
жыл  узақтықтағы  уш  есе  жылдамдыкпен  тоқтамастан 
алыстауда.
Иә,  1922  жылы  ғана  зертгеп  білінген 
«Big-bang» 
Үлкен  жарылыс»  заңын 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет