Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


ИМАНИ ГҮЛ Кейіннен пайда болу дәлелі



Pdf көрінісі
бет12/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   363
ИМАНИ ГҮЛ
Кейіннен пайда болу дәлелі
Бүкіл  әлем,  ондағы  үлкенді-кішілі,  жанды-жансыз 
барлық  нәрсе  өзгеруде,  ауысуда,  ескіруде,  жаңаруда, 
қозғалуда,  тоқтауда.  Бұл  өзгерістер  –  кейіннен  пай-
да  болғанның  белгісі  әрі  ерекшелігі.  Ал  кейіннен  пайда 
болған әрбір нәрсе мәңгі емес, уақытша, яғни, жоқ болуға 
бас  иетін  пәни  болмақ.  Кейіннен  пайда  болған  барлық 
нәрсенің бастауы бар деген сөз. Ал бастауы бар нәрсенің 
соңы, яғни ақыры да болуға тиіс. Барлық әлемнің кейіннен 
пайда  болғанына  қарағанда  бұларды  жоқтан  бар  еткен, 
жоқтық әлемінен тіршілік әлеміне шығарған бастауы әрі 
ақыры  жоқ  –  мәңгі,  құзіреті  шексіз  бір  Құдіреттің  бо-
луы ләзім. Өйткені жоқ нәрсе сырттан басқа бір күштің 
ықпалынсыз өз-өзінен пайда бола алмайды.
Иә, әлемдегі үлкенді-кішілі нәрселердің кейбіреуі әр 
ғасырда, ендігілері әр жылда, тағы біреулері әр көктемде, 
әр айда, әр күнде тіпті әр сағатта, әр сәтте ауысып, тіршілік 
әлемімен  қош  айтысып,  орнын  басқаларға  қалдыруда. 
Олардың орнына келгендер де өздерінің жаратылуындағы 
міндеттерін тәмамдағаннан кейін орнын басқаларға боса-
туда. Бірақ бұл өзгерулер мен ауысулар қаншалықты көп 
болса да, әлемдегі тепе-теңдікті, керемет жүйені бұзбай, еш 
ақаусыз іске асып тұр. Демек, бұлардың бәрін қадағалап, 
жаратылыстағы  әр  нәрсеге  өз  бұйрығын  тыңдатып, 
құдіретіне  бас  идіріп,  қалауына  бойұсындырып  тұрған 
бастауы әрі ақыры жоқ мәңгі бір Жаратушы болуға тиіс. 
Міне,  осы  Ұлы  Жаратушы  әлемдегі әр  нәрсені  жаратуы 
арқылы Өзінің барлығын білдірсе, ескінің орнына жаңаны 
жарату арқылы әр нәрсенің уақытша, пәни, өткінші екенін, 
ал Өзінің мәңгі екендігін ақылы бар әркімге көрсетуде.


19


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет