Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


шықпаңдар, соғыс кезінде өлтірген адамдарға «мүсле»



Pdf көрінісі
бет167/237
Дата12.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#106907
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   237
Байланысты:
515027 1387345936

шықпаңдар, соғыс кезінде өлтірген адамдарға «мүсле» 
(өлі денелерін тілгілеп, көздерін ойып, мұрындарын 
кеспеңдер) жасамаңдар. Балаларды, әйелдерді, 
қарт кісілерді, ғибадатханалардағы адамдарды 
өлтірмеңдер»
148
Пайғамбарымыз (с.а.у.) тіпті өзіне қарсы 
соғысып жатқандарды қарғауы былай тұрсын, оларға 
«Алла Тағалам, олар Сенің құлдарың, біз де Сенің 
құлдарыңбыз...», «Алла Тағалам, олар білмейді, Сен 
оларды кешіре гөр!» деген кең пейіл игі тілекте болған. 
Пайғамбарымыздың өмірбаянының атақты жазушы-
сы Қади Мұхаммед Сүлеймен әл-Мансұрдың 
«Сира-
ту рахматан лил-аламин»
атты кітабындағы келтірген 
санақ бойынша һижри жыл санауымен ІІ-ІХ жылдар 
аралығында болған барлық соғыстарда дұшпан әрі 
мұсылман қатарынан бар болғаны 1018 кісінің ғана көз 
жұмғаны төңірегіндегі мәліметтерді ескерер болсақ, 
соғыс деп әй-шәй жоқ қан төге берудің де дұрыс емес 
екендігін аңғарамыз. Ал 1914-1918 жылы болған Бірінші 
дүниежүзілік соғыста 21 миллион адам жараланып, 
олардың 7 миллионы өмірмен қош айтысқаны белгілі
149
.
Жоғарыда да айтылғандай, соғыс – тек бейбіт шешу 
жолы түгелдей таусылған кезде барылатын соңғы жол. 
Рұқсат етілген бұл соғыстың өзін жекелеген адамдар, яки 
белгілі бір топ бұйрық беріп бастата алмайды. Соғысқа 
қатысып-қатыспауды шешетін, 
«жиһад!»
деп аттан сала-
тын,
 «соғысыңдар!»
деп бұйрық беретін тек қана мемле-
148
Ахмед ибн Ханбәл, Муснәд, 1/300. әбу Дәуід, Жихад, 82.
149
Идрис Шенгул. Куран кайнаклы һошгөрі ве һурриет. Иени умит 
журналы, 24-бет. №47, 2000 ж. Стамбул.


273
ИМАНИ ГҮЛ
кет болуы тиіс. Әйтпесе, кез-келген соғысқұмар адамның 
ашқан соғысы жиһадқа жатпайды. 
Әлемде болып жатқан террорлық әрекеттермен 
Исламның ешқандай байланысы жоқ. Ислам сөзі 
«бейбітшілік, амандық -есендік» деген мағынаға саяды. 
Ислам діні – жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты 
орнату үшін жіберілген Құдайлық соңғы дін. Міне, 
сондықтан әр мұсылман, тіпті, сәлем бергеннің өзінде 
қал -жағдай сұрап емес, «бейбітшілік пен тыныштықты 
тілеп амандасады. Мұсылмандардың сәлемдесуде ай-
татын 
«әссәламу алейкум»
сөзі 
«сендерге Алланың 
бейбітшілігі мен есендігі, тыныштығы болсын!»
де-
ген мағынаны білдіреді. 
«Ислам», «сәлам», «мұсылман»
сөздерінің барлығының түбірі бір. Яғни, бейбітшілік 
пен тыныштықтың мағынасын қамтитын сөздер. Ислам 
бейбітшілікті уағыздайтын дін болса, мұсылман баласы 
сол бейбітшілікті өзінің отырып-тұруында, сәлемі мен 
сөйлеуінде, өзгелермен қарым -қатынасында, қысқасы, 
әрбір іс -әрекетінде іс жүзінде көрсетуші тұлға болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет