7 7
Дайыра – дария.
7 8
Бегірек – бек, ҿте.
Кибр деген тҽкаппаршылық, яғни ҿзін-ҿзі бҿтендерден білімде
болсын, құлшылықта болсын яки дүниеде адамдар арасындағы
істерінде болсын жоғары санап жүру. Тҽкаппаршылық дүниеде ҿткен
жақсылықтарыңды жойып кететін мінез.
Хатта пайғамбарымыз ҽлҽйһиссҽлҽм айтыпты «адамның
кҿңілінде бір мысқалдай тҽкаппаршылық болса да ұжмаққа кіре
алмас» деп. Хасад дегеніміз күншілдік; яғни біреудегі Құдай
тағаланың берген дҽулетін, не ілімін, не бір пайдалы ісін кҿріп, ол
дҽулеттердің ол адамнан кетуін тілемек. Ұрлық ету, біреудің не малын,
не білімін, не бағын күндеп қас болу немесе ҿлтіру, малын алу, біреуді
талау, пҽре, ҿсім алу. Осындай бұзық істердің бҽрі де кісідегі дҽулетті
ҿзімдікі етіп алайын не болмаса ҿзімнен білімді кісі болмасын деп
ойлайтын мінезден табылады. Құдай тағала мұндай пиғылдан ҽр
мұсылман пендені ҿзі сақтағай.
Пайғамбарымыз ҽлҽйһиссҽлҽм айтыпты:
«...әл-хасиду ля йадхулул жаннатә уәл хасаду йакулуль-
хасанати кәмә йакулу-н-наруль-хатаба».
Яғни күншіл кісі жаннатқа кірмес, күншілдік - от отынды
жойған рҽуішті құлшылығыңды жояды деген сҿз.
Бухл дегеннің мағынасы – сараңдық. Сараңдық деп Құдай
тағаланың уҽжиб еткен мырзалықтардан яғни зекет, хаж, құрбан сою,
бейшараларға, пақырларға қарасу, нафл садақаларын беруден
қашуды айтады. Бҽрімізге мағлұм бүл дүниедегі кісілердің бҽрі де
ҽуелінде бір Адам ата, Хауа анадан ҿрбіген ағайын екендігі; екінші,
біреуді бай, біреуді жарлы ету Құдай тағаланың тағдыры екендігі,
яғни дүниеде ұйықтап жатпай халал мал тауып бала-шаға, ата-ананы
асырау – уҽжиб. Бірақ біреудің еңбегі дүниеде пайда болып табылып,
бай болады, біреудегі пайда бола алмай, жарлы болады. Соның үшін де
пақыр мискиндерге байлардан Құдай тағала зекет, хайыр-садақалар
бұйырды. Бірақ осындай рахымды болуды Құдай тағала сүйемін һҽм
ахиретте бұл қайырларының орнына ұжмақ бұйырып, мҽңгі рахатта
қалдырармын деп уағда етті. Егер дүниедегі малды Құдай бергеніне
түсінбей, жалғыз ҿз малым деп, бар зекет-хайырдан тоқталған адамдар,
яғни ҿзі қолынан келіп тұрғанда бҿтенге хайыр етуді білмеген адам
ҿзгеден һҽм хайыр үміт етпесе керек.
Пайғамбарымыз ҽлҽйһиссҽлҽм айтқан:
«...хасләтәни ля яжтәмиғани фил-мумини әл-бухлу уә сууль-
хулуқи», яғни, екі нҽрсе шын мумин пенденің кҿңілінше қонбас:
17
48
|