«Психикалық дамудың тежелуі» (ПДТ) ұғымы орталық жүйке жүйесі аздап органикалық немесе функционалды бұзылған, сондай-ақ ұзақ уақыт депривацияға (қолайсыз әлеуметтік ортада) ұшыраған балаларға қатысты қолданылады. Бұған эмоционалды-ерік саласы жетілмеу және таным әрекетінің дамымауы тән болып табылады. ПДТ балаларда танымдық қызығушылығының жеткіліксіз көрінуі жадысының бұзылуы, есту және көру түйсігінің жетіспеушілігі, нашар қозғалуымен үйлеседі. Қол буындары қозғалуының кішкене дифференциалдануы жабыстыру, сурет салу, құрастыру, жазу әрекетінің нәтижесіне теріс ықпал етеді.
Сипаттамасы
Балалар ойында жалықпайды, бірақ зияткерлік әрекетте тез шаршайды. Зейіннің алаңдауы, шаршағыштық, ерік күшінің әлсіздігінің жоғарылығы байқалады. Эмоционалды-еріктік жетілмеушілік сонымен қатар, дербессіздік, сенгіштік, ойынға қызығушылығынан, негізгі уәждеме ретінде ойынға қанағаттануынан көрінеді. Қимыл-қозғалыс өрісінің жетілмеуі де орын алады. Ол қарқынды қимыл, қозғалыс үйлесімінің жеткіліксіздігі, артық қозғалыстардың болуы, қол саусақтарының нәзік қозғалыстарының жеткіліксіздігі түрінде пайда болады.
Сипаттамасы
ПДТ балаларда мынадай ерекшеліктері бар:
- зейіннің тұрақсыздығы;
-танымдық белсенділіктің және жұмысқа қабілеттіліктің төмендігі;