Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет19/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   113

Использованная литература 

1.Блинова Л.Ф. Социально-личностное развитие детей старшего дошкольного возраста.

Казань, 2007. 

2.Божович Л.И. «Личность и ее формирование в детском возрасте». М., Просвещение,

154


1988.- 390с. 

3.Венгер   А. Л. Психологические особенности шестилетних детей. М., 2003.

4..Гуткина. Психологическая готовность к школе: Учебное пособие, Питер,2007, 208 с. 

5.Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности к школе.М., Педагогика, 1991,

167 с. 

6.Лисина М.И. Общение со взрослыми и психологическая готовность к школе: учебное



пособие, Кишинев, 2007, 184 с. 

7.Послание  Президента  Республики  Казахстан    Н.А.Назарбаева  народу  Казахстана

«Казахстанский путь – 2050:Единая цель, единые интересы, единое будущее» -. 18.01.2014 - 

Астана, 2014.



 

155


БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АРҚЫЛЫ  САПАЛЫ БІЛІМГЕ  

ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ 

Амзина К 

Жезқазған қаласындағы № 8  қазақ гимназиясы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Бұл мақалада  білім беру мазмұнын жаңарту принциптері жəне  мектептегі білім беру 

мазмұнын жаңартудың басым бағыттары туралы айтылған. 

Аннотация 

Эта статья затрагивает приоритетные направления и принципы обновления содержания 

образования. 

Abstract 

This article is about the main directions and principles of renewing the content of education. 

 Қазіргі  қоғам  өмірінің  барлық  білім  беру  саласында  «білімді  адам»  парадигмасынан 

«өмірлік 

іс 

-əрекеттерге 



дайындалған,құзыреттіліктер 

жүйесін 


меңгерген 

адам»парагдимасына  ауысу,  яғни  белсенді,  шығармашылық  санасы  қалыптасқан,  өзін-өзі 

дамытатын, интеллектуалдық тұрғыда өзін жетілдіретін адамның қалыптасуын іске асыруға 

байланысты білім мазмұнына болашақта бағдарланған жаңартулар жасауды қажет етеді. 

Мемлекет    басшысы  да 2012 жылғы 27 қаңтардағы  «Əлеуметтік  экономикалық 

жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «білім 

-  тек  білім  беріп  қана  қоймай,алған  білімін  əлеуметтік  бейімделу  үрдісінде  де  пайдалануға 

икемделуі керек» деп тұжырымдаған болатын [1].Осыған орай, Елбасымыздың 2012 жылғы 

30  қаңтардағы  №261  Жарлығына  сəйкес  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 

«Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі 2012-2016 жылдарға 

арналған  ұлттық  іс  -қимыл  жоспарын»  бекітті.  Ұлттық  жоспардағы  басты  мақсат  жалпы 

білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене  жəне  рухани 

тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру,  оның  физикалық  құбылмалы  əлемде 

əлеуметтік  бейімделуін  қамтамасыз  ететін  білім  алудағы  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 

болып  табылады [2]. Функционалдық  сауаттылықты  дамытудың  жалпы  бағдары  Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасында нақты көрсетілген. Сонымен қатар бағдарламадағы басымды бағыттардың 

бірі 12 жылдық  оқыту  моделіне  көшу  үдерісінде  білім  мазмұнының  когнитивтік,  іс - 

əрекеттік  жəне  аксиологиялық  кіріктіру    арқылы  білм  беру  деңгейлерінің  жаңартылған 

мазмүндағы  стандарттарын,оқу  бағдарламаларын  əзірлеу  мен  оларды  оқу  үдерісіне  енгізу  

белгіленген [3]. 

Жаңартылған білім мазмұнының негізгі өзегі -

 

қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі 



қоғамда  өмір  сүруге  икемді,  жеке  басының,  сондай-  ақ,  қоғам  пайдасына  қарай  өзін - өзі 

толық  жүзеге  асыруға  дайын  білімді,  шығармашылыққа  бейім,  қүзыретті  жəне  бəсекеге 

қабілетті тұлғаны қалыптасыру мен дамыту болып табылады [4]. 

156


Білім  мазмұнын  жаңартудағы  негізгі  принцип - əрбір  мектепте  тұлғаның  рухани  -

адамгершілік қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру(өзін - өзі 

анықтау  жəне  өзін - өзі  жетілдіру),  білім  беру  ұйымдары  мен  отбасыларында  рухани - 

адамгершілік 

мəдениеттің 

жоғары 


деңгейіне 

қол 


жеткізу, 

жалпыадамзаттық 

құндылықтардың  дамуын  меңгеру,коммуникативтік  дағдыларды  жəне  ақпараттар  мен 

технологияларды басқара білу,проблемаларды шеше білу [4]. 

Осы тұрғыда орта білім берудегі білім мазмұнын жаңартудағы көзқарастарды былайша 

тұжырымдауға болады: 

 Қазақстан  қоғамын  əлеуметтік  экономикалық  жаңартуда  жаңа  ғылыми  білімдер  мен

басымдылықтарды енгізу;

 білім берудің олардың жасампаздық жəне  əлеуметтендіруші сипатын күшейту;

 көптілді оқытуды енгізу;

 оқу  материалдарын  білім  беру  деңгейлері  арасында  үйлестіру  жəне  сабақтастығын

қамтамасыз ету;

 білім  мазмұнының  когнитивтік,аксиологиялық  жəне  іс-əрекеттік  компоненттерінің

арақатынасын үйлестіру;

 мазмұнның ұлттық жəне аймақтық компоненттерін кеңейту.

Бүгінгі    таңда  №8  қазақ  гимназиясы-  мəдени  салалы  халықтық  мəдениетке  

интеграцияланған,  жеке  бағыттылық,  білімнің  жаңа  мазмұнымен  байланысқан     

инновациялық  үлгідегі  оқу  орны  болғандықтан  өзіндік  философиясы  мен  стратегиялық 

бағыттары,  мақсаты  мен  мазмұны,  оны  орындау  əдіс-  тəсілдері  жүйеленген  ордалы  білім 

орны. 


         Гимназиядағы білім беру мазмұнын жаңартудың  негізгі бағыттарының бірі бағдарлы 

оқыту  негізінде  жеке  пəндер  бойынша  жеке  дара  дамыту,  білім  беру  траекториясын  құру 

арқылы сапалы білімге қол жеткізу. 

Бұл  бағыт  бойынша  пəнаралық  интеграция  негізінде  бағдаралды  жəне  бағдарлы 

дайындықтың    «Əркімге  жəне  бүкіл  өмір  бойына»  білім  беру  моделіне  көшуге  арналған 

қолданбалы  жəне  келешектегі  кəсіптік  əрекет  жетістігін  қамтамасыз  ететін  негізгі 

құзіреттіліктің  кəсіптік  қызығушылығы  мен  кең  танымдық  спектрін  дамытатын  таңдау 

курстары мен  элективті курстар құрудың  көпнұсқалылығын қамтамасыз етіп іс- тəжірибеге 

енгізілді. Типтік оқу жоспарының бағдарлы вариативті компонентіні  жаңа мазмұнын жасау 

барысында Қарағанды облысы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жəне қайта 

даярлау  институтының  эксперттік  кеңесінде 58 авторлық  бағдарламалар  бекітіліп      қазіргі 

таңда  жеке тұлғаның түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруда. 

         Екінші    негізгі  бағыт:  Оқу-  тəрбие  үрдісін  ұйымдастыруда    инновациялық 

педагогикалық    технологияларды  енгізу  негізінде  жеке  тұлғаның  құзыреттілік 

құндылықтарын қалыптастыру.  

         Гимназияда    білім  беру  сапасын  арттыру  мақсатында    заман  талабына  сай    білім 

жүйесін  құру,  гимназияның  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру,  балалардың  денсаулығын 

қорғау  жəне  тағы  басқа  айқын  бағыттар  бойынша  жұмыстар  атқарылып,  жасампаз  жарқын 

істер  жалғасын  табуда.  Ұжым

   


шығармашылық  еркіндікпен  жұмыс  жасау    арқылы  оқу-

тəжірибе жұмысын əлемдік өркениеттің інжу-маржандарын танып-білуге жол ашуда да шын 

шеберлік пен біліктіліктің үлгісін көрсетуде. Бүгінгі күнде гимназия мұғалімдерінің  кəсіби 

білімдерін  көтеру  арқылы,  оқу-тəрбие  үрдісіне    «ХХІ  ғасыр  мектебі.  Заманауи  сабақ», 

(Монреаль,  Канада  Г.А.Рудик), «Биоақпараттандыру  жəне  синергетика» (Ф.Я.Вассерман),  

Ақпараттық  –коммуникативтік  технологияларды  пайдаланып,  жобаға  –бағыттай  оқыту 

«Инновациялық мектебінің» халықаралық оқу бағдарламалары тəжірибеге енгізілді.   

157


        12  жылдық  оқытуға    көшу  бойынша    негізгі  сатының  эксперименттік  сыныптарына 

арналған  оқулықтар  бойынша  оқытудың  əдіснамасы,  мазмұны  жəне  əдістемелік 

ерекшеліктері»атты  республикалық  семинарларда    оқу-  тəрбие  үрдісіндегі  ерекшеліктерін 

талдауға үнемі қатысып,  экспериментті жалғастыруда.   



       Ендеше,  жаңалықтардың  негізгісі – 12 жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшу  жағдайында  

оқушылардың шығармашылық əлеуетін дамыту - білім беруді ізгілендіру, білімнің сапасын 

арттыруда  педагогикалық  шеберлік  орталығының    ұйымдастырылуымен  жүргізіліп  жатқан 

курстардан  мұғалімдеріміздің  оқып  келіп,  аталған  технологиялар  арқылы  іс-тəжірибеге  

енгізулері  оқушының  бойына    түйінді  құзыреттіліктерді  қалыптастыруда    мүмкіндігі  зор.  

Бұл дегеніміз 12 жылдық білім беру жүйесіне  мейлінше  кедергісіз кіруге ықпал етуде. Ал 

жеке  тұлғаның  құзіреттілік  құндылықтарын  қалыптастыру  оқу-  тəрбие  үрдісін 

ұйымдастыруда  инновациялық  педагогикалық  технологияларды  енгізу    негізінде  жүзеге 

асуда. 

Бұл бағыт бойынша жеке тұлғаның  рухани адамгершілік дамуын рухани құндылықтар 



негізінде дамытатын оқушы компонентіндегі топтық белсенді жұмыстарды ұйымдастыруды 

дебат  технологиясы  негізінде,  жобалар  əдісін  толыққанды  жүйелі  енгізіп  оқытуда  тұлғаға 

бағдарланған жобалау технологиясын жəне ақпараттық- коммуникативтік технология ОТҮ-

не  жүйелі енгізілді.  

Сонымен  қатар  оқытудың  «Модульдік  технологиясын»,  «Үш  өлшемді  əдістемелік 

жүйе»  педагогикалық  технологиясын, «Ынтымақтастық  педагогикасы»  технологиясын, 

«Дамыта оқыту» технологиясын,  «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасын, 

«Кешенді сатылай талдау» технологиясын, «Құзыреттілік педагогикасы», «Жобалау оқыту » 

технолгиясы  жəне  «Биоақпараттандыру  жəне  синергетика»  технологиясын  қолдану  жəне 

оның  нəтижелілігін  анықтау  «Инновация»  кафедрасының  шығармашылық  топтары  арқылы 

жүргізіледі.  

       Үшінші    бағыт  бойынша  гимназияны  əлеуметтену  институтына  айналдырудың  алғы 

шарты - білім беру жағдайындағы кəсіптік педагогика іс-əрекетті, қарым-қатынасты дамыту. 

Білім беру жүйесін жаңғырту  барысында біріншіден, оқыту үрдісінде  қазіргі заманғы  

əдістемелер  мен    технологияларды  енгізу,  екіншіден  педагог  кадрлардың  біліктілігін 

арттыру. Білім беру жүйесінде педагогикалық қызметкерлердің кəсіби құзырлығын  арттыру 

бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы орайда гимназияның бірнеше мұғалімдері 

деңгейлік  курстардан  өтіп,  өздерінің  əріптестерімен  тəжірибе  алмасуда. «Өрлеу»  Ұлттық 

біліктілік арттыру орталығының облыстық филиалынан 8 мұғалім үшінші (базалық) деңгей, 

4 мұғалім Назарбаев зияткерлік мектебінен екінші (негізгі)деңгей, 3 мұғалім бірініші (ілгері) 

деңгейден  өтті.  Шығыс  ғұламасы  Əл-Фарабидің       «Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  тəрбие 



берілуі  керек,  тəрбиесіз  берілген  білім-адамзаттың  хас  жауы,  ол  келешекте  оның  барлық 

өміріне  апат  əкеледі»-деген  келелі  пікіріне  сай  жеке  тұлғаның  қажеттіліктерін 

қанағаттандыра отырып, оны жан-жақта дамыту негізінде жеке тұлғалық қабілеттерін 

ашуға  мүмкіндік  жасау  біздің  басты  міндетіміз.  Ендеше,  тəрбие  процесінің  негізінде 

оқушының жеке əрекеті қойылуы керек жəне тəрбиешінің бар өнері осы əрекетті басқаруға 

жəне реттеуге арналуы керек. 

       «Жаман мұғалім ақиқатты дайын түрінде береді, ал жақсы мұғалім  оны іздеу жолдарын 

үйретеді»-деп  А.Дистерверг  айтып  кеткендей  егер  де  дайын  білім  беретін  «дəстүрлі» 

стильмен  оқытатын  мұғалімдер  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілеттері  дамыған  оқушыларды 

қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, 

жаңашыл идеяларды қабылдауға да дайын болуы керек. 

158


Осы  ретте    Қазақстан  Республикасындағы  білімнің  мақсаттары  мен  міндеттерін 

анықтауда    соңғы  ғылыми-теориялық,  методологиялық  құжаттардың  талдауы  бойынша, 

«адамды    ойлауға  үйрету  үшін»  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың  сыни  тұрғыдан  ойлау 

дағдыларын  дамыту  қазіргі  кезде  тəрбиелей  отырып    білім  беру  ісінде  басты 

қажеттіліктердің бірі. 

       Сын тұрғысынан ойлау – бақылаудың, тəжірибенің, ойлау мен талқылаудың нəтижесінде 

алынған  ақпаратты  ойлауға,  бағалауға,  талдауға  жəне  синтездеуге  бағытталған  пəндік 

шешім. Ол болашақта əрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы 

пікірді  дəлелдеуге,  баламалы  шешімдерді  қабылдауға,  ойлау  жəне  іс-əрекетімізге  жаңа 

немесе  түрлендірілген  тəсілдерді    енгізуге  дайын  болуға,  ұйымдастырылған  қоғамдық 

əрекеттерге  жəне  басқаларды  сыни  тұрғыдан  ойлауға  баулуды  білдіреді.

Ал  жеке  тұлғаның 

сыни  тұрғыдан  ойлау  дағдыларын  дамыту  үшін  ең  алдымен  мұғалімнің  өзінің  сенімі 

негізінде оның көзқарасын, шешім қабылдауын жəне іс-əрекетін нығайту қажет. 



        Жаңа  педагогикалық  технологиялардың  жиынтығы  болып  табылатын,  білім  берудегі 

Кембридж  тəсілінің  теориялық  негіздерін    жеті  модульден  құралған  бағдарламаны  осы 

курсты  оқып  келген  мұғалімдер  өз  практикаларына  енгізіп,  сабақ  беру  үрдісіндегі  алатын 

орны ерекше екенін дəлелдеуде.  

        Бүгінгі жаһандану заманында  жас ұрпаққа    білім беру жаңа ізденіс, тың жаңалықтар 

мен мезгіл сұранысына сай көзқарас арқылы жүзеге асыруды талап етіп отыр.  Сондықтан да 

гимназияда,  интеллектуалды  өнімдер  мен  идеялар  күн  санап    белсенді  түрде  үдей  түскен 

шақта    ақпарат алмасу  пəн зертханалары арқылы  арта түсуде. 

        Төртінші    бағыт  бойынша  əлеуметтену  жəне  рухани-адамгершілік  құндылықтар 

негізінде  тұлғаның  нəтижеге  бағытталған  шығармашылығын  дамыту  мəселесіне  келер 

болсақ    өскелең  ұрпаққа  білім  жəне  тəрбие  беруде  шəкірттері  мен  жұртшылықтың  ыстық 

ықыласына бөленген  қарашаңырақ бүгінгі күні «Тұлғаны əлеуметтендіру жəне оның рухани 

адамгершілік əлеуетін дамыту» жобасы бойынша келелі істерімен көзге түсіп келеді.  

         Мұғалімнің    мақсатты  іс-əрекеті,  ізденісі  ұлттық  құндылықтарға  негізделіп, 

құзыреттілік тапсырмалары, бағдарлануы да сапалы білім нəтижесіне жол ашпақ.  Тұлғаның 

шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамыту  интеллектуалды  деңгейі  жоғары,  эмоциялық 

тұрақты,  рухани  əлеуеті  бай  ұстаздың    еншісінде.  

Құзырлы  мұғалім  оқушыларға,  ортаға 

жəне ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» 

отырады.Расында,  оқытудың  сапалы  жəне  табысты  болуы  белгілі  бір  деңгейде  мұғалімнің 

қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты. 

     Сапалы  білім  беру – мұғалім  бейнесімен  танылатын  сан  алуан  элементтер  арасындағы 

байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тəуелді жағдайлар жасалынған кезде 

жүзеге асырылады. Сапалы білім беру оқушылардың, қоршаған орта жəне оқыту, білім алу 

мүмкіндіктерінің  бірлігі  ретінде  қарастырылады.Казіргі  білім  беру  мазмұнының  жаңа 

парадигмасына  сай  оқытудың  сапасын,нəтижелілігін

  қамтамасыз  ету  мақсатында  

гимназияда  мұғалімдердің  өз    іс-  тəжірибесіне    байлынысты  оқу  əдістемелік,тапсырмалар 

жинақтары,  озат  педагогикалық  тəжірибені  тарату  парақтары  мен  жинақтары,  əр  түрлі 

пəндерді оқытуға арналған көмекші құралдар шығарылды. 

     Қорыта келгенде,білім беру  жүйесін жаңартудың басым бағыттарының бірі -ғылым мен 

білімді  дамыту  екендігі  сөзсіз.  Бұл  мақсаттар  өз  кезегінде  елдің  экономикалық,  əлеуметтік 

жəне мəдени деңгейін көтеруге, ұлттың бəсекеге қабілеттілігін күшейтуге мұмкіндік береді. 

Қазіргі  заманның  талабына  сəйкес  сапалы  білім  мемлекеттің  жан-  жақты  дамуын 

анықтайтын көрсеткіші əрі экономикалық өсуінің кепілі болып саналады. 

159


Əдебиеттер  тізімі: 

1. Қазақстан  Республикасының  Президенті - Елбасы  Н.Ə.Назарбаевтың  «Əлеуметтік-

экономикалық  жаңғырту - Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан

халқына Жолдауы (2012ж.27.01) Астана,2012.

2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға

арналған  ұлттық  іс-  қимыл  жоспары/  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2012

ж.25.06.№832 Қаулысымен бекітілген-Астана,2012.-19 б.

3. Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың2011-2020  жылдарға  арналған

мемлекеттік  бағдарламасы/  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2010ж.07.12.  №

1118 Жарлығымен бекітілген-Астана,2010.-52 б.

4. Дүйсебек А.Т. Современные аспекты обновления школьного образования // Сборник

материалов 

Международной 

заочной 


научно-практической 

конференции

«Педагогические  и  психологические  науки  актуальные  вопросы» .- Новосибирск,31

октября 2012 г.-С. 36-38

160


  ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ТƏЖІРИБЕСІНЕ ЖАҢА ТƏСІЛДЕРДІ  

ЕНГІЗУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ 

Амирханова С. Б. 

Еңбекші орта мектебі  

Құрманғазы ауданы, Атырау облысы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

  Аңдатпа 

Мақалада оқыту мен оқу тəжірибесіне жаңа əдіс-тəсілдер енгізудің тиімділігі, ХХI 

ғасырда «Өзгеріс не үшін қажет?», оқу үдерісін жақсарту үшін не істеу керек екендігі, 

əлемдік  педагогиканың  даму  бағытының  тиімді  əдіс-тəсілдерін  қолдану,  мектептегі 

көшбасшылық пен желілік қоғамдастықтың маңызы жайлы пікірлер айтылған. 

Аннотация 

Эффектность  внедрение  в  статье  говорится  об  эффектности  внедрения  новых 

методов обучения, даны эффектные ответы на вопрос, для чего нужно внести изменения 

в 21 веке, что нужно для уличения учебного процесса, принятие во внимание развитие 

мировой педагогики, а также о роле существовать лидерстве и сетевого сообщества.  

Abstract 

An article teaches about efficiency of using the new methods of educational experience

also answer to the question «Why necessary change for XXI century talks about support world 

pedagogics for developing and about importance manager and network community. 

 ХХІ  ғасыр    –  ғылым  ғасыры.  Адамзат  ХХІ  ғасырда  дүниежүзілік  ғаламдану 

үдерісін бастан   кешуде. Заман  талабына  сай Мемлекеттік  жалпыға міндетті білім беру 

стандартын енгізу, соған сəйкес кəсіби шеберлігі дамыған мамандармен қамтамасыз ету, 

өркениетті,  ғылыми–əдістемелік  бағытқа  ынталандыру,  сонымен  қатар  білім  беру 

саласында жүйелі жұмыстар атқaру еліміздегі ең маңызды істердің бірегейі болып отыр. 

Бiлiм беру жүйесi – əр елдiң даму болашағын айқындайтын, əлемдiк өркениетке жетудiң 

негiзгi  бағыттарын  көрсететiн    бiртұтас  құрылым.  Елбасымыз  «Мен  білім  беру 

жүйесіндегі  іс жағдайын түбегейлі өзгертуді стратегиялық міндет деп санаймын, бізге 

экономикалық жəне қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім 

беру жүйесі қажет» деп көрсеткен болатын Қазақстан халқына жолдауында. «Ұстaздың 

биігі - ойлaнa қaрaсaң биiктeй бeрeдi, үңiлe қaрaсaң - тeрeңдeй бeрдi; қол созсaң- қарсы 

алдыңда,  айналсаң – артыңда  тұрғaндай»,-  деп  Сократ  айтқандай,  еліміздің  алдыңғы 

қатарлы  отыз  мемлекeттің  қатарына  қосылуға  табандылықпен  жылжу  саясаты 

қоғамымыздың    барлық  саласына  түбегейлі  өзгерістер  енгізіп,  жaңа  талаптар  қойып 

отыр.  Əрине    педагогикалық  өзгерістер  іргелі    ізденісті,  ұзақ  уақытты    қажет    етеді. 

Барша  мұғалімдердің    алдына  осы  еліміздің  болашағы,  ертеңгі  жастарымыз – балғын 

шəкірттер  келеді. «Балаға  білім  бергенде,  алыстан  -жақынға,  таныстан - жатқа  көшіп, 

жаңа білімді - ескі білімге байлап беру керек» - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, сол 

білімді  беретін    мұғалімдердің  өзі  де  оқыту  үдерісіне  жаңа  көзқараспен  қарау  керек 

екенін    ұғынуға  болады.  Соның  ішінде  болашақ  ұрпаққа  əлемдік  деңгейде  білім  беру 

мақсатына орай  «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» жəне «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ 

161


ғасырға  қалай  дайындайды?  деген  маңызды  сауал  Қазақстан  мұғалімдеріне  де  үлкен 

жауапкершілік  жүктеп  отыр.  Елбасысыз  Н.Ə.Назарбаев  «Қазіргі  заманда  ақпараттық 

технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» 

деп  айтқан  болатын,  ендеше  жаңа  мектептегі  жаңашыл  мұғалімдерге  жүйелі  тəрбие, 

сапалы  білім  беру,  жеке  тұлға  ретінде  дамыту,  алған  білімдерін  орынды  қолдана  білу 

мақсаты тұр деп есептеймін. Өйткені, оқу бір жерде тұрақтап тұрмайды, ол үнемі заман 

ағымымен жаңарып отырады, сол себептен де əр мұғалім өзі де жаңаға құмар, үздіксіз 

оқудың қадірін білетін мамандық иесі болғаны абзал.  Əрбiр жеке тұлғаның болашағы өз 

мектебiнде  шыңдалады.  Мектептегi  бiлiм - барша  əлем  тыныс-  тiршiлiгiнiң  iргетасы  

екендiгiн ұғынсақ, қазiргi оқыту жүйесiндегi жаңаша мазмұнды өз мектебiмiзге  енгiзуге 

жұмыстану – бүгiнгi мектептегi көшбасшы- мұғалiмдерге үлкен мiндет жүктейтiндiгiн 

ұғынуға болады. «Өзiнiң көре бiлгенiн өмiрде жүзеге асыруға   көмектесетiн көшбасшыға 

тəн ерлiк қызметтен  емес, құштарлықтан бастау алады»- дейді Джон Максвелл.  Əлемдік 

педагогиканың  даму  бағытын  зерттей  отырып,  еліміздің  білім  беру  жүйесіне  тың 

өзгерістер енгізу қажеттігі -заман талабынан туындағанының айғағы. Елбасымыз Англия 

мемлекетіне  сапарында  қол  жеткізген  «Қазақстан  мектептерінде  Кембридж  əдіс–

тəсілдерін тарату» келісімінің маңызын ерекше қуанышпен айтуымызға болады. Осыған 

сəйкес  елімізде  Кембридж  университеті  мұғалімдерінің  іс-  тəжірибелерін  үйрену 

мақсатында  ұйымдастырылып  отырған  деңгейлік  курстардың  ұстаздар    өмірі  мен  

тəжірибесіне    өзгерістер  алып  келуі  -жұмыстарына  тың  серпін  берері  сөзсіз.  Жаңа  

тəсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы  іске асатындығында. 

Егер біз шындығында да өзгеруді қаласақ, мақсатқа жету үшін талпынып, еңбектенсек 

алар  асуымыз  биік  болары  анық.  Жалпы    бірінші  (ілгері)  деңгей  бағдарламасының 

мақсаты-оқытудағы басқару жəне  көшбасшылық модулiн педагогикалық көрегендiк пен 

педагогтiк  қиял,  мамандығына  лайықты  жұмысқа  қабiлеттiлiк,  өз  бiлiмiңдi  көтеруге 

дайын  болу  жəне  жаңашылдық  сияқты    қасиеттердi  дамытып,  ұштай  түсу  керектігін  

меңгертетіндігі.  

        «Кiмде-кiм  өзiнiң  уaқыты  үшiн  бaсқaлaрғa  мүмкiн  нəрсeнi  жaсaсa,  бaрлық  

уaқыттaрдa  өмiр  сүрeдi. Iскe aдaлдықтың    бaсы  жүрeктe  жaтaды, eгeр  дe  сiз 

көшбaсшылық  əрeкeттeрiңiзбeн  бaсқaлaрдың  өмiрiн  жaқсы  aрнaғa  бұрғыңыз  кeлсe, 

мaқсaтыңызғa aдaл eкeнiңiздi көру үшiн, жүрeктiң тeрeң түбiнe үңiлудi үйрeттiм»,-дeгeн 

нeмiс дрaмaтургi Иоганн Фридрах Шиллер пiкiрi көшбасшы болам деген əр мұғалiмге 

зерделi ой салатындай. Оқу сияқты, көшбасшылық та адамның басты, бірақ аса күрделі 

əлеуеттерінің  бірі  болып  табылады.  Өзгеріс  енгізу  үдерісін  басқару  оңай  емес  əрине, 

өйткені оның барысында жұмыста əртүрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап 

жатуы  ықтимал.  Бірінші  деңгей  бағдарламасын  игерген  мұғалімдердің  негізгі 

функциясы–оқыту  мен  оқу  тəжірибесіне  жаңа  тəсілдерді  енгізу  мақсатында  өз 

мектептерін  дамыту  бағдарламасын  əзірлеу  болып  табылады.  Мұғалім  ретінде,  біз 

өзімізге  əрекет  етуге,  басқаруға,  шешім  қабылдауға  жеткілікті  билік  пен  өкілеттіктер 

берілмегендігін  түсінеміз,  алайда  тəжірибе  көрсетіп  отырғандай,  басшы  қызметін 

атқармастан-ақ, бірінші деңгейді меңгерген мұғалім ретінде өзіміздің кəсіби беделімізге 

жəне  жеке  тұлға  ретінде  моральдық  беделімізге  сүйене  отырып,  оқыту  мен  оқу 

тəжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете алатындығын ұғынуында. Адамзат ұстаздары, 

ғұламалар кезінде «Өзіңді таны!» деп бекер үндеу тастамаса керек... Көне Қытай данасы 

Конфуций  «Өзгені  таныған  адам – данышпан,  ал  өзін  таныған  адам  бүкіл  Əлемді 

билейді» деп айтқан екен. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мəселе. 

Адамзат  баласының  өз  ұрпағын  оқыту  мен  тəрбиелеудегі  ең  озық  тиімді  ізденістерін, 

162


тəжірибелерін  жалғастырып,  тың  жолдар  іздеу  педагогиканың  озық  үлгілерін 

жаңашылдықпен  дамыту  жалғаса  бермек...  Мұғалімнің  көшбасшылығын  дамытуда 

басшылар  мен  директорлар  басты  рөл  атқарады.  Сондықтан  мектепте  мұғалімдер 

көшбасшылығын  белгілеудің  негізгі    өлшемдерін  ұғына  білудің  маңызы  зор. 

Оқушыларының  білім  алуына  басты  назар  аударуды  басымдық  ететін  көшбасшы-

мұғалімдер  өздерінің  əріптестері  мен  басқа  қызметкерлерге  үлгі  бола  біледі.  Оқуға 

бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында оқу 

үдерісіне жəне оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нəтижелеріне 

бағдарланған.  Көшбасшы-мұғалімдер  оқыту  мен  оқу  үдерісін  бақылау,  нəтижелерді 

пайдалану,  мұғалімдердің  мықты  жақтарын  анықтап,  олардың  қажеттіліктерін  білу, 

оқушылар  топтары  мен  мектептің  құрылымдық  бөлімшелері  үшін  басымдықтарды 

белгілеу арқылы сыныптардың жəне бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп 

отырады.  ЭЫДҰ  ұсынымдарының  негізінде  жəне  үздік  əлемдік  тəжірибелерді  қорыту 

нəтижесінде анықталған оқыту мен оқу қажет екенін ұғындым. Мектеп жаңа ғасырдағы 

өмірді  жаңаша  түсінетін  жеке  тұлғаны  тəрбиелеуі  тиіс.  Қоғамдағы  болып  жатқан 

өзгерістер педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдап, оқу–тəрбие үрдісін 

ұйымдастырудың жүйесі түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Əсіресе, мектептің дамуы үшін 

ізденістер  нəтижесінде  жаңа  үлгі,  жаңаша  тəсілдер  керек.  Мұғалім  көшбасшылығы 

оқытуға  байланысты,  əрі  кəсіби  дамудың  қуатты  көзі  болып  табылады.  Мұғалімнің 

көшбасшылығы  ынтымақтастық,  кəсіптік  оқу  мүмкіндіктерін  дамытып,  мектеп  пен 

сыныпта өзгеріс енгізуге оң əсер етеді. Сондай – ақ мұғалімдер мектепте кəсіби шешім 

қабылдауға  қатыстырылған  жағдайда  көшбасшылықтың    бұл  түрі  мектеп  жүйесін 

жетілдіруге ықпал ете алатындығы туралы тұжырым жасауға болады.[2 ] Бірінші деңгей 

бағдарламасын игерген мұғалімдердің  негізгі функциясы - оқыту мен оқу тəжірибесіне 

жаңа  тəсілдерді  енгізу  мақсатында  өз  мектептерінің  дамыту  бағдарламасын  əзірлеу 

болып табылады. 

 Бүгінгі  білім  беру  мен  мұғалімдердің  кəсіби  дамуын  жетілдіру  қажеттілігі 

қоғаммен бірге жаңашылдыққа  бастау алады, егер педагогикалық білім беру  үздіксіз, 

болған жағдайда ғана бəсекеге қабілетті бола алатындығын ұғынамыз. Үздіксіз оқытуды 

дамытуда «желі» ұғымы аса маңызды  болып отырғаны байқалады. Заманауи қоғамның 

тіршілгіне    желінің  мазмұны  күннен - күнге  артып  отыр.  Қазіргі  заманғы  желілердің 

білім  жəне  инновациялар  алмасу  үдерісінде  маңызды  екендігін  атап  көрсетуде. 

Кембридж  университетінің  білім  беру  факультетімен  бірге  əзірленген  мұғалімдердің 

біліктілігін  арттырудың  деңгейлік  курс  бағдарламаларын  енгізуге  байланысты 

педагогикалық  қоғамдастық  құру  міндетінің  өзектілігі  артуда.  Желілік  қоғамдастық–

педагогтердің  қарым-қатынас,  оқу,  біліктілікті  арттыру  құралы  жəне  тəжірибе  алмасу 

алаңы.  Табысты  желіні  дамыту  жігерлі  əрі  табанды  жұмысты  талап  етеді.  Желіге 

тартылған  адамдар  бастапқы  кезеңде  желіде  жұмыс  істеу  қызықты  болғанымен   

бастапқы кезеңде желіде жұмыс істеу қызық болғанымен, қиын екендігін ашық айтады. 

Құрылу кезінде құрылым құру,қарым-қатынастар орнату, жалпы мақсаттарды айқындап, 

құндылықтарды  біріктіру  сияқты  бірқатар  əректтерді  орындау  қажет  болады.  Фуллан 

атап өткендей, «желілер барлық аурулардың жалғыз емі» емес, əрине, жəне білім беру 

жүйесіндегі  барлық  проблемаларды  шеше    алмайды.  Алайда  ол  барлық  балалардың 

жетістігін  құрайтын  жоғары  стандарттарға  жəне  теңдікке  қол  жеткізу  əдістерінің  бірі 

болып табылады. [1] 

Педагогикалық  шеберлік  орталығының  Кембридж  университеті  бағдарламасы  

бойынша  əзірленген  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  деңгейлік  курстарының  І 

163


деңгей  мұғалімдері   оқу  көшбасшылары  деп   саналады. Сондықтан мен осы курстың 

бірінші бетпе-бет кезеңінен өтіп келіп, екінші тəжірибелік кезеңіне келген кезімде  өз 

мектебімде  өзгеріс  енгізу  үшін  маған  не  істеу  керек?-деген  сауалға  жауап  іздей 

бастадым.  Мектебіме  тəжірибеге  келген  кезден  бастап,  осы  деңгейлік  курстың 

тыңдаушысы, көшбасшы мұғалім  ретінде ең алдымен осы жұмысты  ұйымдастырып, 

мектептің жүйелі Желілік қоғамдастығын құруды  мақсат тұттым. Желілік қоғамдастық 

жайлы  «Жаңаша  даму  жаршысы»  тобыммен,  мектеп  əкімшілігімен  бірлесе  отырып, 

мектебімізге желілік  қоғамдастық  құруды  жоспарлап, бұл қоғамдастыққа кімдер мүше 

бола  алады  деген  сауалдардың  шешімін  тауып,  алғашқы  бас  қосуымызды  өткізілетін 

күнді белгілеп,  жүргізілетін жоспарымыз бойынша жұмыстануды мақсат еттік. Желілік 

қоғамдастықтың мақсаты оқу білім саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарды таратып, 

тəжірибе  алмасу  болды.  Қоғамдастық  мақсаты  қойылды,  міндеті  анықталып, 

қоғамдастық  мүшелеріне  таныстырдым.  Бүгінгі    ақпараттық    ғаламтор  желісінің 

ғарыштап дамыған шағында табыспен өмір сүру үшін оқушылар мен жас жеткіншектер 

мəн–жайды  түсініп  тəуелсіздік  алу  мақсатында  белсенді,  сындарлы  оқудың  тиімді 

тəсілдеріне  тартылуы  қажет.  Қорыта  келе  айтарым,  бiрiншi  деңгей  бағдарламасы - 

мектеп өмiрiне көптеген өзгерiстер алып келетiндiгiмен, оқушылардың бiлiм сапасының 

деңгейiн  арттырумен  ғана  тоқталып  қалмай,  өмiрге  бейiмделген,  жан-жақты  дамыған, 

өзiндiк көзқaрaсқa иe бoлaтын жeкe тұлғa тəрбиeлeп, шығaруғa үлкeн əсeр eтeтiн тиiмдi 

əдiс-тəсiл eкeндiгi тəжірибе жүзінде дəлелденуінің нəтижелерін көрудеміз. 

 Бүгіннің  өткір  алдаспаны  –терең  ілім  мен  сапалы  білім  десек,  оқытудың  жаңа 

технологияларын  пайдалана  отырып,  білім  сапасын  арттыру,  мазмұнын  байыту,  оқу 

үрдісін  жетілдіру,  жан-жақты  дамыған,  рухани  дүниесі  бай  жас  ұрпақты  тəрбиелеу – 

кезек  күттірмейтін  мəселелердің  бірі  деп  түсінемін.  Бұның  өзі  келешек  ұрпақтың  өз 

бетімен  жұмыс  жасау,  даму,  тəрбиелеу,  əр  баланың  қабілетін,  дарынын  ашу   

мұғалімдерге  зор міндеттер жүктері сөзсіз. «Іргелі іс – ізденістен туындар, ізденіспен – 

білімге  жол  салынар»,-  деп  бабаларымз  айтқандай  көшбасшы  бола  жүріп,  өмір  бойы 

білім алу, мектебіңді дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екендігін  ұғына білейік, - 

деп қорытындылағым келеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет