Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет86/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   113

Əдебиеттер тізімі 

751


МҰҒАЛІМНІҢ КƏСІБИ БІЛІКТІЛІГІ – НƏТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ 

САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ 

Иманбекова А. Н. 

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы  

Назарбаев зияткерлік мектебі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



       Аңдатпа 

Қай  елдің  болмасын  өсіп-өркендеуі,  өркениетті  дүниеде  өзіндік  орын  алуы  оның 

ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. 

Аннотация 

Процветание  и  занятие  достойного  места  в  цивилизованном  мире  любой  страны 

зависит от уровня национальной системы образования, направлений его развития. 

Abstract 

Prosperity and having a worthy place in the civilized world of any country depends on the 

level of national education system and areas of its development. 

Бiлiм  беру  жүйесi  қоғамның  əлеуметтiк-экономикалық  дамуында  жетекшi  роль 

атқарады. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - патриот, жауапты, көптілді, креативті жəне 

сыни  ойлайтын,  салауатты  өмір  салтын  ұстанатын,  өмір  бойы  оқуға  қабілетті,  бəсекеге 

қабілетті тұлға қалыптастыру.  

Қазақстанның  əлемдегі  бəсекеге  барынша  қабілетті 50 елдің  қатарына  кіру 

стратегиясын  қолдау,  оны  жүзеге  асыру - барша  ұстаздардың  міндеті.  Білімнің  сапалы  да 

саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтардың деңгейіне байланысты. Дəстүрлі 

білім  беру  жүйесінде  білікті  мамандар  даярлаушы  кəсіби  білім  беретін  оқу  орындарының 

басты  мақсаты – мамандықтарды  игерту  ғана  болса,  ал  қазір  əлемдік  білім  кеңестігіне  ене 

отырып,  бəсекеге  қабілетті  тұлға  қалыптастыру  нəтижеге  бағдарланған  білім  беру  жүйесін 

ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мəселелердің бірі. 

Елбасы  Н.Ə.Назарбаев    «Қазақстан – 2050» стратегиялық  бағдарламасында: «Бізге 

оқыту əдістемелерін жаңғырту керек. Отандық білім беру жүйесіне инновациялық əдістерді, 

шешімдерді жəне құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз»-деп нақты атап көрсетті.  

Бұл  білім  беруді  жаңаша  ұйымдастыру  əлемдік  білім  кеңістігіне  кіру,  оның 

философиялық,  психологиялық,  педагогикалық  негіздерін,  теориясы  мен  тəжірибесін 

тереңірек  қайта  қарауды,  педагогикалық  инновация  жүйесiн  жaңартуды  қажет  етеді. 

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген 

жаңа  мазмұнын  қамтамасыз  ету  міндеті  тұр.  Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыру  еліміздегі 

мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа əдіснамалық тұрғыдан негіздеуді 

талап  етеді.  Мұндай  жаңа  əдіснамалық  жүйе  дəстүрлі  оқыту  процесін  түбегейлі  өзгертудің 

қажеттігін  көрсетіп,  оқытудың  шығармашылық  қызметін  дамытып,  білім  мазмұнының 

ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады. 

Білім  сапасын  арттыру  жəне  нəтижеге  бағытталған  үлгіге  беталуы  барысында 

мұғалімдердің  кəсіби  шеберлікпен  меңгерген  зерттеу  біліктері  мен  дағдылары  нəтижесінде 

мəселенің  шешімін  таба  алатын,  ақпараттық-коммуникативті  мəдениеті  жоғары  тұлғалық-

752


дамытушылық  функцияны  атқарады.  Өзгермелі  қоғамдағы  жаңа  формация  мұғалімі – 

педагогикалық  құралдардың  барлығын  меңгерген,  тұрақты  өзін-өзі  жетілдіруге  талпынған, 

рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын 

талаптар:  бəсекеге  қабілеттілігі,  білім  беру  сапасының  жоғары  болуы,  кəсіби  шеберлігі, 

əдістемелік жұмыстағы шеберлігі.  

Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нəтижесін алдын ала 

болжап,  оқушылардың  қызығушылықтары  мен  ізденімпаздығы  негізінде  білімі  мен 

біліктерін  жетілдіріп,  шығармашылық  əлеуетін  үнемі  дамытуға  жəне  рухани  толысуға 

ұмтылысын  қалыптастыруды  бағдар  тұтады.  Білім  беру  жүйесінің  жүйелі  реформалануы 

қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. 

Білім  беруді  жаңарту  оқушыларға  тек  білім  берумен  ғана  шектелмей,  сонымен  бірге, 

оны қолдана білуге, яғни құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақстандық 

білім  беруді  жаңғыртудың  стратегиялық  бағыттары  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері» 

ДББҰ  қызметінде  табыспен  жүзеге  асырылуда.  Зияткерлік  мектептер  инновациялық  білім 

беру  моделін  əзірлеп,  үздік  қазақстандық  жəне  халықаралық  тəжірибені  интеграциялауда. 

Зияткерлік  мектептердің  басты  міндеті  бəсекеге  қабілетті  түлектерді  даярлау  ғана  емес, 

сонымен  бірге  өзінің  тəжірибесін  трансляциялау  арқылы  Қазақстанның  орта  білім  беру 

жүйесін  дамытуға  ықпал  етуден,  барлық  адамдарға  сапалы  орта  білім  алуға  тең 

қолжетімділікті қамтамасыз етуден тұрады. 

Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  эксперименттік  алаң  болып  табылады.  Мұнда  соңғы 

жылдарда білім мазмұнына, сабақ берудің жаңа əдіс-тəсілдеріне əлемдік жəне дəстүрлі үздік 

тəжірибелер енгізілуде. 

«Мұғалім  өзінің  білімін  үздіксіз  көтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім,  оқуды,  ізденуді 

тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»-деген К.Д.Ушинский пікірі мен «Мұғалімнің 

айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп, өсіп-өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі 

əдістен  табан  алмай  шектеліп  қалуға  болмайды» [2, 112-б.]  деген  Ж.Аймауытов  пікірінің 

маңыздылығын,  үш  деңгейлік  курста  біліктілікті  жоғарылату  курсын  оқып,  Назарбаев 

зияткерлік  мектебінде  қызмет  ету  барысында  түсіндім.  Мұғалімнің  ұстанымы – оның 

көзқарасы,  қабылдаған  шешімінің  жəне  іс-əрекетінің  негізі [3, 83-б.].  Мен  өзімнің  курсқа 

дейінгі  жəне  курстан  кейінгі  сабақта  басшылыққа  алатын  əдіс-тəсілдерімді  салыстырып, 

оқушыларды  сыни  тұрғыдан  ойлауға  итермелейтін  əдістерді  қолдануға  тырыстым.  Оқу 

барысында  əдістемелік  еңбектермен  таныстым.  Сындарлы  теориялық  оқыту  түрі  арқылы 

білімді  өз  бетімен  меңгермей,  дайын  білімді  қабылдауға  үйренген  оқушыларды  өзіндік 

іздендіру  арқылы  білімге  қол  жеткізуді  жоспарладым.  Əрине,  бұл  жаңа  əдіс  болғандықтан, 

алғашқы  сабақта  қиындықтар  болды.  Себебі,  біз  оқушыларға  дайын  білім  беріп,  оларды 

өзіндік  ойландыруға  жəне  өз  пікірін  дəлелдеуге,  басқаның  пікірін  тыңдап,  ұтымды 

идеяларды  таңдауға  машықтанбағанбыз.  Курсқа  дейін  мен  сабақты  оқушыларды  топқа 

бөлмей,  сыныппен  жүргіземін,  оқушылардың  психологиялық  дайындығын  ескермей, 

балалардың  нені  білетінін  жəне  түсінетінін,  қалайтынын  жəне  оқушының  бастапқы  білімі 

мен  дағдылары  назарға  алынбайтын,  оқушыны  сұрақ  қою  арқылы  ойландыруға  жетелемей, 

дайын  білім  беріп,  білімді  оқушыларға  өзіндік  іздену  жұмыстары  жүргізілмеген. «Баланы 

білім,  ақиқат,  ереже  мен  формулалар  қоймасына  айналдырмау  үшін  оны  ойлауға  үйрету 

керек»- деген В.А. Сухомлинскийдің [4, 123-б.] пікірін ескере отырып, өз оқыту əдістемемді 

өзгерту  керек  екендігін  түсініп,  оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тəсілдерді  басшылыққа  алдым. 

Атап  айтсақ,  Блум  токсономиясы, Fila, Smart, ПОПС  формуласы,  пирамидалық  талқылау 

стратегиясы, фишбоун т.б. Бұл технологиялар жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік 

жəне  шығармашылық  қабілетін  арттыруға,  қажетті  іскерліктері  мен  дағдыларын 

753


қалыптастыруға  жəне  өзін-өзі  дамытуда  қолайлы  жағдай  жасауға  қажетті  объективті 

əдістемелік  мүмкіндіктерін  қамтиды.  Оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тəсілдердің  ішінде  қазақ 

əдебиетін  меңгертуде  тиімдісін  пайдаландым.  Қазіргі  заман  талабына  сай  оқушыда  өзіндік 

көзқарасы,  сенімі,  ішкі  уəжі  қалыптасуы  керек.  Сондықтанда  сабақтарды  жоспарлағанда 

оқушыларда сыни ойлауын тудыратын сұрақтар немесе деңгейлік, кеңейтілген, құзырлылық 

тапсырмалардың  сабақта  болуын  қадағалаймын. «Тəжірибені  толықтыру  ең  жоғарғы  білім 

болып табылады. Оқушылар өз тəжірибелерін бір-бірімен, мұғаліммен, оқу бағдарламасымен 

қарым-қатынас  жасау  арқылы  толықтырады» [5, 57-б.]  деген  Д.Дьюидің  пікірін  ескере 

отырып,  тізбектелген  сабақтар  топтамасын  «мұғалім-оқушы»  жəне  «оқушы-оқушы» 

арасындағы  диалогқа  негіздей  отырып,  оқушылардың  қалай  оқитынын  назарда  ұстаудың 8 

тезисін  басшылыққа  алдым.  Олар:  Бірінші  тезис:  Жаңа  нəрсені  оқыту  адамның  нені 

білетінімен жəне түсінетінімен байланысты; Екінші тезис: Оқыту оқушының бастапқы білімі 

мен  дағдыларын  назарға  алып,  оларды  өрістету;  Үшінші  тезис:  Осы  байланыстарды 

дамытып,  нығайту  үшін    проблемаларды  шешу  үдерісін  толыққанды  қатыстыру  қажет; 

Төртінші тезис: Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге жəне құруға 

уақыт  беріңіз;  Бесінші  тезис:  Оқушылардың  бірін-бірі  оқытуына  мүмкіндік  беріңіз; 

Алтыншы  тезис:  Белгілі  бір  уақыт  ішінде  жұмыс  істеуге  арналған  материалдың  көлемі 

шектеулі  болуы  керек;  Жетінші  тезис:  Мұғалімдер  оқушыларға  рефлекцияны  ынталандыру 

жəне өз идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге 

тиіс;  Сегізінші  тезис:  қолайлы  оқу  үшін  адамдарға  кері  байланыс  пен  мадақтау  қажет, 

сондықтан бағалау ізгі болуы керек [6, 85-б.]. 

Курстың  идеяларын  оқыту  үрдісіне  ендіру  мақсатында  осы  уақытқа    дейін 

қолданылмаған келесі əрекеттерді орындадым: 

-

 Шульманның  «мұғалімнің  үш  көмекшісі»  ұғымының  аясында  сабақ  жоспарын 



құрдым; 

-

 Авраам  Маслоудың  ынта  иерархия  моделіндегі 5 қажеттілікті  назарға  ала  отырып, 



оқушылар  арасында  «сүйіспеншілік  пен  қарым-қатынасқа  деген  қажеттілікті», «өзін-өзі 

құрметтеуге деген қажеттілікті», «өзі-өзі таныта білуді» орнатуға тырыстым; 

-

 Бандураның  өзіндік  тиімділікті  қалыптастыруға  ықпал  ететін 4 факторды  ескеріп 



отырдым; 

-

 Дайын білім беруге үйретпей, өзіндік іздендіру арқылы меңгерттім.  



-

 «Мұғалім-оқушы»  жəне  «оқушы-оқушы»  арасындағы  қарым-қатыныс  арқылы 

оқушылардың өз ойын ашық жеткізе білуді, сыныптасымен пікірмен бөлісуін оқушының өз 

ойымен  өзгелердің  ойына  сыни  қарап,  білгенін  талдап,  салыстырып,  реттеп,  сұрыптап, 

жүйелеп,  зерттеп,  дəлелдеп,  тұжырым  жасауға  бағыттау,  өз  бетімен  жəне  бірлесіп  жұмыс 

жасауға  дағдыландыру.  Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамытудың  мақсаты  барлық  жастағы 

оқушыларға  кез  келген  тақырыпты  сыни  тұрғыдан  қарап,  саналы  шешім  қабылдауға 

үйретеді. Бұл технология - оқушылардың білім деңгейін көтеруде, дұрыс шешімдер табуға, 

ойларын еркін айтуға тиімді. Жоғарыдағы əрекеттердің нəтижесінде оқушылар төмендегідей 

білім алды: 

-

 Балалар ізгілендіру принципі бойынша бірін-бірі сыйлауды, «əркімнің идеясы құнды» 



екендігін  ескеріп,  басқаның  пікірімен  санасуды,  үздік  жауаптарды  мойындап  бір-біріне 

қолдау, қолпаштау, көрсетуді үйренді; 

-

 Дəстүрлі педагогикадағы дайын білім беруге негізделген оқыту жүйесінен сындарлы 



оқыту  жүйесіне  көшу  негізінде  білімді  сыныптастарынан,  басқада  ақпарат  құралдарынан 

өзіндік іздендіру арқылы меңгеруді үйренді; 

754


-

 Авраам  Маслоудың  қажеттіліктер  иерархиясындағы  сүйіспеншілікке  жəне  қарым-

қатынасқа деген қажеттілік бойынша оқушылар өздерінің мектепке, сыныптастарына өзіндік 

үлес қосатынын, «мен де үлес қоса алады екенмін» деген сезім тудырып, иерархия бойынша 

«өзіндік  құрметтеуге  деген  қажеттілік»  жəне  «өзін-өзі  таныта  білу»  кезеңдеріне  жетуіне 

мақсат қоя білуді үйренді; 

-

 Бандураның  өзіндік  тиімділікті  қалыптастыруға  ықпал  ететін 1- факторды  ескере 



отырып, жалған бос мақтаулармен балаларды мақтамай, баланың өз жетістіктеріне негіздеп 

мадақтаулар естуді балалар үйренді; 

-

 Бандураның «Пішіндеу- «Жанама тəжірибе» деген өзіндік тиімділікті қалыптастыруға 



ықпал  ететін 2- фактор  бойынша  оқушылар  құрдас  сыныптастарының  жетістіктерін  көріп, 

сол жетістіктерге қарай алға ұмтылуды үйренді;  

-

 Бандураның  өзіндік  тиімділікті  қалыптастыруға  ықпал  ететін 3 факторы  бойынша 



балалар өз іс-əрекетінің нəтижесіне қарай мадақтаулар естуді үйренді; 

-

 «Баланың мəдени дамуындағы кез келген қызмет екі түрлі келбетте сахнаға екі мəрте 



шығады:  біріншісі – əлеуметтік,  содан  соң – психологиялық,  əуелі  интерпсихикалық  санат 

ретінде  адамдар  арасында,  содан  кейін  интрапсихикалық  санат  ретінде  баланың  жан 

дүниесінде  көрініс  табады» [7, 145-б.]  деген  Л.Выготскийдің  пікірі  бойынша,  балалар  ішкі 

жан дүниесіндегі сезімдерін мұғаліммен бөлісе білуді үйренді;  

Нəтижеге  бағытталған  білімді  пəндік  құзыреттілік  тұрғысынан  зерделесек,  біз  адамға 

тыңдау,  түсіну,  ойлау,пайымдау,  тұжырымдау,  пікірлесу  сияқты  тілдік  коммуникативтік 

біліктіліктерді оқушының өмірлік қажеттілігіне айналдыруы үшін қазақ тілі мен əдебиеттің 

маңызы зор екеніне көз жеткіземіз. 

«Басқаларды оқытып үйретуі нəтижелі болсын десе, ең əуелі педагогтің өзі оқуы керек. 

Оқығанда  да  əбден  қартайғанша  оқуы  керек  Е.О.Патон»  пікірі  Елбасы  Н.Назарбаевтың 

«Өмір бойы білім алу – қазіргі заман талабы» деген пікірімен үндес. Қазіргі «өмір бойы білім 

алу»  тенденциясын  қолдайтын  білім  беру  парадигмасына  сəйкес  кəсіби  білімін  тұрақты 

көтеріп отыру – педагогтардың міндеті, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі. 

Əдебиеттер тізімі: 

1. Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы

//Егемен Қазақстан. №6. 2014., 3-8-б.  

2. Ушинский К.Д. Теоретические проблемы воспитания и образования. О пользе

педагогической литературы. М.: 1974. 

3. Аймауытов Ж. Психология. А.: Атамұра, 1994.

4. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. А.: Нұр-пресс, 2005.

5. Под ред. С.Бахишевой и С.Мирсеитовой.  Идеи Дьюи и наша практика. А.: Верена, 2005.

6. Мұғалімге арналған нұсқаулық. А.:Назарбаев зияткерлік мектебі. ДББҰ, 2012

7. Редакциялаған Копбаева З.жəне Мирсеитова С. Азаматтықты дамыту: патриотизм, мораль

жəне білім беру миссиясы. А.: Верена, 2006 

755


СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ - ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ 

ТИІМДІ ТƏСІЛІ 

Иманбекова А., Тоқбаева А. 

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы  

Назарбаев зияткерлік мектебі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Мақалада  мектепте  қазақ  тілі  мен  əдебиетті  оқыту  оқушыларда  үстем  болатын 

қажеттіліктері:  еркіндік,  өзіндік  таным  жəне  мағынаны  тануға  арқа  сүйеуі  тиіс  екендігі 

қарастырылады.  Сондықтан  ұтымды  оқу  процесі  рефлексиялық  болжам  мен  мəндік-

шығармашылық  қызметті  болжайды.  Сыни  ойлауды  дамытудың  негізі  саналатын 

проблемалық  тапсырманың  шешімін  табу,  проблемалық  оқыту  тəсілдері  жəне  интерактивті 

сабақ үлгілерінің  авторлық əдістемесі ұсынылған. 

Аннотация 

В статье рассматривается о том, что обучение казахского языка и литературы в школе 

должно  опираться  на  доминирующие  потребности  школьника – свобода,  самопознание  и 

поиск  смысла.  Поэтому  оптимальный  учебный  процесс  предполагает  рефлексивную  и 

смыслотворческую  деятельность.  Представлена  авторская  методика  развития  критического 

мышления, в основе которой – решение проблемных задач, проблемные методы обучения и 

интерактивные формы занятий. 

Abstract 

In the article, the school Kazakh and literature teaching must be guided on teenagers' dominant 

necessities: freedom, self-knowledge and search of sense. Therefore optimal teaching process will be 

based on reflection activity and sense creation activity. Authorial critical thinking development 

strategy is presented, which provide problem tasks solving, problem methods and interactive studies. 

Білім беру жүйесі – сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен əртүрлі деңгей мен 

бағыттағы  мемлекеттік  білім  беру  стандарттары  жүйесінің,  оларды  əртүрлі  ұйымдастыру 

құқықтық  формадағы,  типтегі  жəне  түрдегі  білім  беру  мекемелерінде  іске  асырушы 

тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны [1, 221-б.].

 

Білім беру жүйесі əрдайым үздіксіз дамып отыратын үрдіс. Білім беруді жаңарту үнемі алға 



қарай  ұмтылу  мен  дамыту  үдерісі,  бұл  білім  беруде  кезең  кезеңімен  өтетін  жəне  алынған 

нəтижелерге  бағытталған  өзгерістер.  Білім  беру  мазмұнын  жаңарту – қоғам  талабына  сай 

шебер  мұғалімдерді  дайындау  қажеттілігінен  туындайды.  Себебі,  заман  талабы  білім 

кеңістігінде үлкен өзгерістерді талап етуде. Білім беруді жаңарту жағдайында мүғалімдердің 

кəсіби дайындығын арттыру – күрделі əрі көпқырлы мəселе. Осы күрделі мəселенің шешімін 

тапқан  Н.Ə.Назарбаев: «...қазіргі  таңдағы  білім  беру  жүйесінің  ең  бірінші  міндеті  сын 

тұрғысынан ойлайтын жəне ақпарат ағындарына бейімделуге қабілетті адамдарды дайындау» 

- деп дұрыс пайымдап, білім саласындағы негізгі міндетті анықтап берді [2, 52-б.]. Сондықтан 

да  елімізде  зияткерлік  мектептерді  ашу  қолға  алынып,  мектептер  саны  күн  санап  өсуде. 

Мұғалімдердің білім берудегі ең басты міндеті сындарлы оқыту методикасын оқу процесіне 

ендіру  арқылы  білімді,  өзіндік  пікірін  айта  жəне  негіздей  алатын,  кез  келген  мəселенің 

шешімін таба алатын, жан-жақты, өмірді тануға деген талпынысы, қызығушылығы бар тұлға 

756


тəрбиелеу. Ал осы мақсатқа жетудің жолы қандай? Осы мəселені шешуде өз оқыту үрдісімізге 

едəуір  табыстарға  қол  жеткізген  елдердің  тəжірибесін  ендіру  керек.  Стефан  Цвейгтің 

«Жекелеген халықтың кез келген ұлы ісі барша халық үшін жасалады»- деген пікірі негізсіз 

емес [2, 54-б.]. Кембридж білім беру жүйесіне қазақстандық мектептер көше отырып, жеткен 

жетістіктері нақты дəлел бола алады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету – мұғалімнің жан-жақты 

жұмысын  талап  етеді.  Ол  алдымен  В.П.Беспалько  атаған  сабақ  беру  тəжірибесіне  «өзіндік 

диагностика жасаудан» бастау алады. Яғни: 

-

  Өзіндік əрекеттердің қиындықтарын анықтай білу; 



-

  Өз əрекетін қайта құрудың мүмкіндіктерін анықтай білу; 

-

  Өз еңбегінің тиімділігін, оның нəтижелілігін анықтай алу. 



-

  Өз əрекетін болжай алу. 

«Өзіндік  диагностика  жасаудың»  нəтижелерін  саралай  отырып,  идеялар,  болжамдар 

жасаумен жалғасын табады. Кембридж білім беру əдісі мұғалімнің ең алдымен өз сабақ беру 

тəжірибесіне сыни көзқарас қалыптастырудан басталады. Ең алдымен мұғалім өзгерісті өзінен 

бастау керек. Ол үшін келесі сұрақтарға жауап беру керек:  

1.

Біз оқушыларды сыни ойлауға жетелейтін тапсырмаларды жиі қолдана аламыз



ба? 

2.

Сұрақ проблеманың күрделілігіне сай құрастырылады ма?



3.

Сұрақтардың үш типі: Бір жүйелі, жүйесіз, мульти-жүйе қолданыла ма?

4.

Оқушы проблеманы зерделеу үшін күмəнді болжамдарды пайдалана алады ма?



5.

Оқушылар сыни қорытындылар шығара ала ма?

6.

Оқушылар альтернативті пікірді ескере ме?



Сыни тұрғыдын ойлауға бағыттайтын əдіс-тəсілдер өз сабағымызда қолданалар алдында 

біз  «өзіндік  диагностика»  нəтижесі  бойынша  өз  кемшіліктерімізді  анықтадық.  Яғни  біз 

сұрақтардың  типтерін  қолданғанда,  альтернативті  пікірді  ескергенде  кемшіліктер  жібереді 

екенбіз. Өзара рефлексия жасай келе, диалог-сабақ, пікірталас, эвристикалық əңгіме, қарама-

қарсы пікірлер сабағы, ізденімдік сабақтары, сын-пікірлік сабақтарды көбірек жүргізу қажет 

екендігін  түсіндік.  Пікірталас  сабағын  жүргізу  білім  алушыларды  сыни  тұрғыдан  ойлауға, 

сөйлеу  мəдениетін  қалыптастыруға  бағыттайтына  көз  жеткіздік.  Бенджамин  Блумның 

таксономиясындағы  төменгі  деңгейден  (білу,  түсіну,  қолдану)  бастап,  жоғары  деңгейлі 

тапсырмаларды (анализ, синтез) орындауды басшылыққа алуы тиіс екендігін аңғардық. Сыни 

тұрғыдан ойлауға үйрету сабақтың əр кезеңінде жүзеге асырылу керек деген ұйғарымға келдік. 

Проблемалық оқытуды сабағымызда көбірек қолдану арқылы Джон Дьюидің: «мəселелерге 

ерекше  көңіл  аудару  оқушының  табиғи  əуесқойлығын  оятып,  сыни  ойлауға  итермелейді. 

Ойлау  мен  талқылауға,  қарсы  пікір  айтып,  альтернативті  шешімдер  қабылдай  білуге,  сыни 

тұрғыдан ойлауға, өздігінен жан-жақты білім алуға, проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым 

жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, салыстыруға 

жəне дəлелдеуге үйренеді» [3, 52-б.]  деген пікірі дұрыс екендігін байқадық.  

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын ендіру барысында Ричард Полдың ұсынған 

келесі əрекеттерді орындадық: 

1)

Ойлау элементтерін: көзқарас, мақсат, даулы мəселе, ақпарат, жорамалдар жəне



қорытынды, тұжырымдамалар, болжамдар жасату;  

2)

Тапсырмаларды  дайындағанда  ойлаудың  үш  деңгейі:  төмен  деңгейдегі  ойлау,



жоғары деңгейдегі ойлау, аса жоғары деңгейдегі ойлауға үйрету [2, 16-б.]. 

Сындарлы теориялық оқыту түрі арқылы білімді өз бетімен меңгермей, дайын білімді 

қабылдауға үйренген оқушыларды өзіндік іздендіру арқылы білімге қол жеткізгенін қаладым. 

«Ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданбаған кісі – жерін айдап, дəнін сеппеген адамға ұқсас» 

757


деген Муслихитдин Сағдидың пікірін басшылыққа алып, оқушыларға өз бетімен алған білімін 

өмірде пайдалана алуына жағдай жасайтын əдістерді қолдануға тырыстым. 

«Қызығушылықты  ояту»  кезеңі Выготский: «Ең  алдымен  бір  əрекетке  тарту  үшін  сен 

оны қызықтыр, оның бұл əрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса» деген. Осы пікірді 

негізге  ала  отырып,  қазақ  тілі  мен  əдебиеті  сабағында  «Миға  шабуыл», «Ассоциация», 

«Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы, «Болжау» стратегиясын жиірек қолданамыз. 

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пəнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған 

білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету 

екендігін  ескеріп, «Мағынаны  тану»  кезеңінде  оқушыларды  сыни  ойлауға  жетелейтін 

«ДЖИГСО», «Кубизм», «Дискуссиялық өрнек», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Артығын 

тап», «Концептуалдық  кесте», «Талқылау  кестесі», «Проблемалық  сұрақ», «Семантикалық 

карта», «Венндиаграмма», «Фишбоун», FILA, «Зиякерлік  карта», «Жұпта  талдау»,  РАФТ  

əдістерін пайдаланамыз.  

 «Ой қорыту» сатысында «5 минуттық эссе», «Автор орындығы», «Синквейн», «Идеялар 

себеті», «Жуан жəне жіңішке мəселелер», INSERT, «Ойлаудың алты қалпағы», «Кейіпкерге 

хат» əдістерін қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлауын арттыруға болады. 

Əрине,  бұл  əдістер  жаңа  болғандықтан,  алғашқы  сабақтарда  қиындықтар  кездесті. 

Кездескен  қиындықтардың  ішінде  əлеуметтік  дарашыл  ойлау  басты  орынды  алды.  Себебі, 

əлеуметтік  дарашыл  ойлауды  оқушы  бойынан  көбірек  кездестірдік.  Келесі  қиындық  біз 

оқушыларға  дайын  білім  беріп,  оларды  өзіндік  ойландыруға  жəне  өз  пікірін  дəлелдеуге, 

басқаның пікірін тыңдап, ұтымды идеяларды таңдауға бағыттамағанбыз. Оқушы түсінігіндегі 

аудитория «мұғалімге тиесілі дүние» деп қабылдап, «мұғалім-басшы», «оқушы-тəуелді» деген 

түсініктен  арыла  алмады.  Баланың  ойын,  баланың  нені  қалайтынын,  нені  білетінін  назарға 

алмай, «оқушы үнін» тыңдаусыз қалдырдық. Біз оқушыларды белгілі бір аумақ (рамка) ішінде 

ғана ұстап, ішкі жан-дүниесіне үңілуге баса назар аудармағанбыз. Осы қиындықтар алғашқы 

уақытта  кездесекнмен,  бұл  қиындықтарды  да  шешуді  мақсат  тұттық.  Василий 

Сухомлинскийдің  «Əр  баланың  жан  дүниесінде  көрінбейтін  шек  болады,  сол  шекті  шебер 

қолмен тарта отырып, əдемі дыбыс шығара білу керек» -деген пікірін үнемі назарда ұстадық 

[2, 58-б.].  

Сонымен ойымызды қорыта келе, сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға 

өз  білімдері  мен  ұстанымдары  жайында  ойланып,  сұрақтар  қойып,  білімін  толықтырып, 

белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс 

оқушының өз болжамдарына сенімсіздікпен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы əлем, 

тіршілік,  жаратылыс  туралы  өзінің  түсінігін  тереңдетіп,  кеңейтуге  ұмтылу  мүмкіндігін 

ұлғайтады.  Оқытудың  бұл  түрінде  оқушылар  өте  маңызды  рөл  атқарады.  Олар  құрбы-

құрдастарымен əлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мүғалім 

оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы жəне өзге де қажетті құралдармен 

қамтамасыз  етеді,  ал  оқушылар  өз  кезегінде  пəн  бойынша  өз  түсініктерін  арттыру  іс-

əрекеттеріне  ынталы  болатыны  сөзсіз.  Осы  айтылған  мəселелердің  дəлелі  ретінде  өтілген 

сабақ жоспарын ұсынып отырмыз:  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет