Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»


ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ РЕФЛЕКСИЯ - БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІН



Pdf көрінісі
бет97/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   113

ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ РЕФЛЕКСИЯ - БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІН 

ӨЗІНДІК БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ 

Каирова Д. Т. 

Педагогикалық шеберлік орталығының  

Петропавл қаласындағы филиалы 

ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Берілген мақала рерлексия мектептерде кеңінен қолданып жүргендіктен 

рефлексияның ерекшеліктеріне арналған.  Қазіргі таңда сабақтарда жасалып жатқан 

рефлексия эмоционалды түрде болады. Осыған байланысты рефлексияны когнитивті түрде 

де алуға болатыны жайында.   

Аннотация 

Данная статья посвящена особенностям рефлексии, так как рефлексия очень часто 

используется на уроках в школах. В ней говорится о необходимости  изучения особенностей 

рефлексии на уроках,  подтверждая идею о том, что рефлексия - это деятельность человека 

направленная на осмысление своих собственных действий, процедура, осуществляющая 

снятие практического затруднения во время процесса обучения. Статья раскрывает смысл 

рефлексии в педагогической деятельности, дает возможность более обоснованно подходить к 

проблеме произвольности всех психических процессов учащегося. 



Abstract 

This article is devoted to the peculiarities of reflection, since reflection is often used in the 

classroom in schools. It talks about the complexities of reflection in the classroom, supporting the 

idea that reflection - a human activity aimed at understanding their own actions, the procedure by 

removing the practical difficulties during the learning process. The article reveals the meaning of 

reflection in teaching activities, allows a more reasonable approach to the problem of the 

arbitrariness of the mental processes of the student. 

Жүрекке де айна керек.  

Күніне бір мəрте, немесе аптасына тым болмаса 

 айына өз-өзіңнен есеп ал... 

 Көкіректе сəулесі жоқтың, көңілде сенімі жоқ [1] 

Абай.   


Рефлексия – өзіндік білімі мен жетіcтіктерін бағалаудағы ең жағымды құралы болып 

табылады. Рефлексияны қолдану əсіресе кіші жастағы балалардың білімін бағамен шектемей, 

білім алуға деген қызығушылығын жоғалтпауға өз ықпалын тигізеді. Оқушы өз білімін өзі 

нақты бағалай алғанда ғана ары қарай білім алуын өзі реттей алуды үйрене бастайды. Оқушы 

рефлексия арқылы өз оқу əрекетінің тəсілін түсініп білімді саналы меңгере алады, яғни 

рефлексия – оқушыға алынған нəтижені талдауға, алдағы жұмыстың мақсатын анықтап, оған 

жету жолын өңдеуге үйретеді, өзін-өзі тексеріп, оқу қызметін бағалауына мүмкіндік береді. 

841


Сондықтан да рефлексия - өзін-өзі танудың, түсінудің, тексерудің, бақылаудың, бағалаудың 

негізгі тəсілі жəне ойлаудың қажетті құралы. 

 «Рефлексия – адамның өз істерінің мəнін түсіну, ойлану барысында өзіне өзінің нені, 

қалай  жасағаны  туралы  толық  жəне  анық  есеп  беруі  немесе  өзі  əрекет  барысында 

басшылыққа  алған  ережелер  мен  кестелерді  мойындауы  не  жоққа  шығаруы».[3].  Оқу 

əрекетіндегі рефлексия – оқу əрекетін жүзеге асырып субъекттің ойлау, қабылдау қабілетін 

жандандырады.  Себебі  оқу  əрекетіндегі  рефлексия  арқылы  оқушы    өзінің  даралығына,  өз 

ойының дұрыстығына,  өзі орындаған  тапсырмаларды  талдау, бағалау арқылы  көз жеткізсе, 

оқу  əрекеті  өз  пікірін  таразылап  түсінуге,  өз  ойын  дəлелдеуге    мүмкіндік  алады.  Оқушы 

рефлексия  арқылы  өз  оқу  əрекетінің  тəсілін  түсініп  білімді  саналы  меңгере  алады,  яғни 

рефлексия – оқушыға алынған нəтижені талдауға, алдағы жұмыстың мақсатын анықтап, оған 

жету жолын өңдеуге үйретеді, өзін-өзі тексеріп, оқу қызметін бағалауына мүмкіндік береді. 

Сондықтан да рефлексия - өзін-өзі танудың, түсінудің, тексерудің, бақылаудың, бағалаудың 

негізгі тəсілі жəне ойлаудың қажетті құралы. Өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен 

тəн  үйлесіміне  сəйкес  өз  ойын  жинақтау  қабілетін  бейнелейтін  рефлексия  ұғымы  пайда 

болды. Жаңа дəуір философиялық идеялары "өзіндік" жəне "мен" ұғымдарына бағытталады.

[5]. Өзін - өзі  бағалауды негізінен енгізген уақытта оның біртіндеп енгізілуін ескерген жөн. 

Бірінші  сатысы  -  эмоционалдық,  көңіл  күй  рефлексиясы,  екінші  сатысы  –  білімдік 

материалдың  мазмұнына  бағытталған  рефлексия.    Бірінші  саты  бойынша  жұмысты 

рефлексия  жасауға  арналған  стратегияларды  қолдануға  болады.  Мысалы:  «Көңіл-күй 

гүлзары»,  «Себет»,  «Эмоция  ағашы»  т.б.  əдістерді  қарастыруға  болады.  Бірінші  сатыдан 

келесі  сатыға  көшуге  арналған;  «Білмедім,  енді  білемін»,  «синквейн»,  «қағаздағы  əңгіме», 

«Дəйек», «Пікірім» сияқты түрлерін атап өтуге болады.  Рефлексияның ең маңызды жұмысы 

оқушының қай материалды жеңіл қабылдайтыны, материалды меңгеруде қиналатын тұстары 

бар  екенін  түсіну  өте  маңызды  үдеріс.  «Борт  журналы»,  «Қойын  дəптер»  əдістері  арқылы 

баланың тереңірек ойлауына өз ойын қағазға түсіру барысында көптеген тың ойларына назар 

аудару,  қай  баланың  болмасын  ақпаратты  қабылдау  деңгейі,  оны  интерпретациялауының 

əртүрлі  болатынын  ұмытпағанымыз  жөн.  Атап  айтсақ  қазіргі  таңда  танымдық  рефлексияға 

баса  назар  аударылып  жүрген  жоқ.  Көбіне  біз  рефлексияны  тек  эмоционалды  түрде  ғана 

қарастырып  жүргенбіз.    Ал  осы  жұмыс  арқылы  біз  баланың  алған  білімін  немесе  білімге 

деген көзқарасын көре алатынымыз жайында көп жағдайларда ойлана қоймаймыз.

  

Рефлексияны  адамның  рухани  əлеуетін  ашу  мен  анықтаудың  инновациялық 



жолдарының  бірі  деп  тани  отырып,  Б.  З.  Вульфов  пен  В.  И.  Харькин  «Рефлесияны  ешкім 

жəне еш нəрсе алмастыра алмайды»деген пікір білдіреді.[3]. Осының негізінде рефлексияны 

тек  эмоциялық  жағынан  ғана  емес  сонымен  танымға  бағытталса  деген  ойлар  келеді.  Бала 

сабақта  не  түсінгенін  рефлексия  арқылы    біле  аламыз.  Сонымен  оқушыға  кез-келген 

тапсырманың  орындалу  жолын  меңгерту  оқу  əрекетінің  негізгі  құрамын  таныстырумен 

байланысты. Ол пəнді талғамайды. Бұл жұмыс түрі оқушының өз-өзіне деген сенімділігін, өз 

ісіне  жауапкершілігін  арттыру,  оларды  тиянақтылық  қасиеттермен  қатар,  өзін-өзі  тексеру, 

бақылау,  бағалау  сияқты  іскерліктерін  қалыптастырады  жəне  мектептің  бастауыш 

сатысындағы  білім  мазмұнының  бір  талабын  оқып-үйренуді  іс  жүзіне  асыруға  мүмкіндік 

берді.  Жоғарыда  аталған  міндетті  шешу  және  қазіргі  кезде  білім  берудің  мемлекеттік 

стандарттарының  жасалуы,  оқушылардың  стандарт  деңгейінен  кем  емес  білім  алуының 

талап  етілуі  оқытудың  дәстүрлі  әдіс  —  тәсілдерін  өзгертіп,  озық  технологияларды 

қолдануды,  мүғалімдердің  әдістемелік  даярлықтарына  қойылатын  талаптар  деңгейін 

көтеріп,  олардың  оқытудың  жаңаша  әдіс  —  тәсілдерін,  жаңа  технологияларын  меңгеруін 

қажет етеді.[4]. Қазіргі жұмысымды тренер ретінде жасап жатқандақтан мен де рефлексияға 

көп 


842

көңіл  бөліп  жүрмін.  Тыңдаушыларым  көбіне  рефлексия  жазуға  келгенде  қиналатынын 

байқадым.  Сондықтан  рефлексия  алудың  бірінші  сатысы  ретінде  таза  дәптер  бастап  сол 

дәптерге  күн  сайын  сессия  немесе  бір  жұмыс  соңында  білемін,  білдім,  білгім  келеді 

формасына  өз  ойларын  енгізіп  жазып  отыруды  сұраған  болатынмын,  аңғарғаным  білдім 

деген жолда өте көп ақпарат   жазылады білетіні мен білмейтінінің арасында алшақтық бар 

екенін көре алдым, енді сол білімді қалай қолданатынын біле бермейтініне көзім жеттіп қана 

қоймай  осы  білімді  қолдану  жайында  ойландырғым  келді.  Үшінші  баған  да  аса  көп  жазба 

болмайтын өйткені шын мәнінде адам не білгісі келетінін айта алмайтын. Бұл жұмыс та өз 

нәтижесін  әрине  берді.  Жұмыстың  екінші  сатысы  ретінде  осы  жұмыстың  келесі  қадамы 

ретінде «Активатор» стратегиясын қолдануды жөн көрдім. Тиімділігі 3 білген ақпаратын, 2 

қолданатын нәрсесін, немесе стратегиясын, 1 сұрақ жазуды сұраған кезде аңғарғаным, қалай 

қолданамын  деген  сұраққа  жауап  жаза  бастағандары.  Осы  арқылы  қолдануға  байланысты 

ойлар  қозғала  бастаған  сыңайлы  болды.  Сонымен  қатар  өз  оқушыларына  осы  активатор 

стратегиясы  арқылы  білімін  тексеріп  қана  қоймай,  қалай  қолдана  алатыны,  сұрақ 

туындатуға,  ойландыруға  жетелейтінін  айтып  ой  бөлісті.  Біз  тренер  ретінде 

тыңдаушыларымызды рефлексияны не үшін қалай жасау керек екені туралы  сұрқтар көптеп 

түсіп  жатады.  Рефлексия  арқылы  сбаққа  өзгеріс  енгізудің  маңыздылығы  айқын  болып  тұр. 

Рефлексияны  танымдық  түрде  жасау  тапсырмасын  орындауға  берген  кезде  көбісі  іс- 

әрекетті  суреттеу  басым  болғандықтан  тірек  сұрақтар  арқылы  рефлексия  жасауды  жөн 

көрдім.  Осы  жұмыста  бастамас  бұрын  әдебиеттерден  Джонның  1992  жылғы  қысқаша 

рефлексивті  моделін  қарастырып  өз  тілімізге  аударып  осы  модель  бойынша 

тыңдаушылармен  жұмысжасап  көруді  көздедім.  Өйткені  осы  модель  бойынша  рефлексия 

жасап  үйренген  адамдардың  мысалдары  жақсы  келтірілген  еді.  Әсіресе  осы  модельді 

жазушылар  өз  жұмыстарын  шеберліктерін  шыңдауда  қолданатыны  туралы  ақпарат  алдым. 

[5]. Модельді қолдану әдістемесіне тоқталатын болсам, тыңдаушылар назарына сюжеті бар 

15  минуттық  фильмнен  үзінді  көрсетілді.  Осы  үзіндіде  болған  оқиға  желісіне 

тыңдаушыларға берілген модель сұрақтары ұсынылды.   

Мынадай нұсқау берілді: Болған қандай да бір   жағдаятты алыңыз да мына сұрақтарға 

жауап беріп көріңіздер. Барынша көп сұраққа жауап беруге тырысыңыз.   Берілген тəртіпті 

сақтау міндет емес. Кейбір сұрақтар орынсыз болып көрінуі мүмкін бірақ жауап беріп 

көріңіз.    

1 Болған оқиғаны суреттеңіз (Ненің неден кейін болғанын айтпай, қысқаша ең 

басты аспектілерді көрсетіңіздер)  

1,1 Не болды, кім, қашан, қайда?   

1.2 Себеп. Неге осы жағдай орын алды? Бұған қандай фактілер ықпал етті?  

1.3 Контекст. Бастапқы негізгі фактілер қандай?  

2   болған жағдайға (рефлексия)   

2.1 Сіз неге жеткіңіз келді?  

2.2 Қандай да əрекетті неге жасадыңыз?   

2.3 Бұл əрекет сізге, оқушыларыңызға, əріптестеріңізге не берді?   

2.4 Өзіңізді қалай сезіндіңіз?  

2.5 Басқалары өздерін қалай сезінді?  

2.6 Олар өздерін қалай сезінді, сез оны қайдан білдіңіз?  

3 Ықпал етуші факторлар   

3.1 Шешім шығаруға қандай ішкі факторлар əсер етті?  

3.2 Сіздің əрекетіңіз   көзқарасыңызға сəйкес болды ма?   

3.3 Шешімдеріңізге қандай қандай сыртқы факторлар əсер етті? 

843


3.4 Сіздің шешіміңізге қандай да деректер ықпал етті немесе ықпал ету керек пе 

еді?    


4  Жағдайды жақсарту болжамы    

4.1 Сізде тағы қандай басқа амалыңыз (вариант)   болды?   

4.2 Сіздің таңдауыңыздан не өзгерді?  

5 Оқыту  

5.1 Осы тіжірибеңізге көзқарасыңыз қандай?  

5.2 Алған тəжірибеңіз сіздің танымыңызды қалай өзгертті? Қосымша білімдік ақпарат ала 

алдыңыз ба? Осы модель сұрақтарын барынша түгел көрсетіп отырған себебім      қолданған 

кезде аңғарғаным тыңдаушылар бастапқы кезде кейбір сұрақтарды тастап кететін. Кейіннен 

барлық сұрақтарға жауап беуге машықтана бастады. Сұрақтарды кейіннен оқу 

ситуцияларына жақындатып қойған кезе рефлексия жасағанда нəтижесі айқын байқалды. Біз 

көбіне шағын проблемаларға көңіл аудармай кең ауқымды мəселені шеуге əліміз келмей 

жүретініміз мəлім. Осы модель арқылы шағын мəселеге мəн беру, мəселені өз тарапымыздан 

қалай шешуге болатын жолдарды қарастыру маңызды. 

       Оқу əрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастыру - өз бетімен білім алудың, өз 

бетімен ізденудің, өзін - өзі тексерудің, өзін-өзі бақылаудың, өзін-өзі бағалаудың кешенді 

қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылады.   

         Оқу əрекетіндегі рефлексия – оқу əрекетін жүзеге асырып субъекттің ойлау, қабылдау 

қабілетін жандандырады. Себебі оқу əрекетіндегі рефлексия арқылы оқушы  өзінің 

даралығына, өз ойының дұрыстығына, өзі орындаған тапсырмаларды талдау, бағалау арқылы 

көз жеткізсе, оқу əрекеті өз пікірін таразылап түсінуге, өз ойын дəлелдеуге  мүмкіндік алады. 

Біздің мақсатымыз өз болашағын өзі жасай алатын ұрпақ өсіру. Ал егер адам өз ойын өзі 

жинақтап, дұрыс шешімді өзі тауып жатса, бұл да мақсатымызға жақындататын бір қадам.  

Əдебиеттер тізімі 

1. [1]Абай. 19 қара сөз. «Ел», 1993 жыл, 35- бет

2. [2]Baker, E.L. , O'Neil, H.F., & Klien, D.C.D. (1998), A Cognitive Demands

Analysis of Innovative Technologies, CSE Technical Report 454, National Center for 

Research on Evaluation, Standard, and Student Testing (CRESST), UCLA.  

3. [3]Вульфов Б.З., Харькин В.Н. Педагогика рефлексии .- Мосвка,1995г.-111бет.

4. [4]Қазақстан  Республикасы  Жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті

стандарттары. Жалпы бастауыш білім.- Алматы: РОНД,2002-136 бет. 

5. [5] 

Schön, D.



 (1983) The Reflective Practitioner, How Professionals Think In Action, Basic

Books.    

844


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖƏНЕ ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ 

БАҒЫТТАРЫ 

Какенова Д.М. 

Қарағанды қаласындағы № 41 жалпы білім беретін орта мектеп 

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

      Осы  мақалада  соңғы  жылдары  білім  беру  мазмұнында  өте  көптеген  сапалы  да  қажетті 

өзгерістер орын алып жатқандығы сөз етіледі. Оқытудың негізгі мақсаты болып табылатын 

пəнаралық  білім,  іскерліктер  мен  дағдылардан  оқушылардың  жалпы  білімі  бойынша 

құзыреттілігін  қалыптастыруға  көшуі  жөнінде  де  жазылған.  Өзгеріп  жатқан  əлемде  жаңа 

көзқарасты  мұғалімнің  пайда  болуы  оқыту  мен  оқудың  біршама  ілгерілеуі  мен  жас 

жеткіншектердің  жарқын  болашаққа  нық  қадам  басуы  заңдылық  болып  табылатындығы 

жөнінде қорытынды жасалынады. 



Аннотация 

       В  данной  статье  рассматриваются  педагогические  изменения  в  сфере  образования, 

которые  способствуют  по-вышению  качества  преподавания  и  обучения.  Если  раньше 

основной  целью  обучения  было  предметное  знание,  уме-ния  и  навыки,  то  сегодня  акцент 

делается  на  формировании  учебных  компетентностей  учащихся.  В  заключение  статьи 

формулируется вывод о том, что в меняющемся мире появление учителя с новым воззрением 

способству-ет продвижению молодежи вперед. 

Abstract 

      This  article  is  dealt  with  pedagogical  changes in the sphere of education that were of high 

quality and full of meaning in teaching and learning. If we considered the main aim of learning as 

subject knowledge, skills and habits before, but now the main focus is to create learning 

competence of learners. At the end of the article it is drawn to the conclusion that in the changing 

world the appearance of the modern teacher contributes to the development of the young learners to 

the bright future, and their confident in this way is regularity. 

         Бүгінгі  таңда  болашақ  ұрпаққа  білім  беруде  жас  өркеннің  болмыс  бітімі,талғам 

таразысы,  талап  деңгейін  айқындай  отырып,  оларға  нені  оқыту  керек,  қандай  білім  беру 

керек  деген  мəселені  нақтылап  алу  қажет.  Ол  үшін  білім  мазмұнын  қалыптастырудың 

теориялық негіздерін анықтау қажеттілігі туындап отыр. Білім мазмұны тарихи сипатқа ие. 

Олай  дейтін  себебіміз,  ол  қоғам  дамуының  қай  кезеңінде  болмасын  білім  берудің  мақсаты 

мен міндеттерін айқындайды. Білім мазмұны əртүрлі əлеуметтік жүйеде бірдей болған емес. 

Ол  өмір  талаптарының  ықпалымен,  өндірістің  жəне  ғылыми  білім  деңгейінің  дамуына 

байланысты 

үнемі 


өзгеріп 

отырады.Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ə.Назарбаевтың  əр  жылдардағы  халыққа  жолдауы-əр  адамның  жан-жақты  дамуына  мол 

мүмкіндік  жасайтын  мемелекеттік  құжаттың  бірі.[1,12-б]  Бұл  жолдаудың  негізіне  түрлі 

реформалармен  қатар  білім  беру  жүйесін  халықаралық  деңгейге  көтеру,  əлемдік  білім 

кеңестігіне толығымен кірігу жəне қоғамымыздың басты байлығы-жасұрпақты дамыту үшін 

қажетті жағдай жасау жолымен оның ой-өрісін кеңейтіп, жан-дүниесін байыту, жалпы жəне 

кəсіптік  білім  алуы  үшін  мүмкіндіктер  жасау  туралы  мəселелер  қойылып  отыр.  Білім 

мазмұнының  қалыптасуының  материалдық  теориясының  негізін  Я.А.Коменский  салған. 

Оның  «Ұлы  дидактика»  атты  еңбегінде  «бəрін  бəріне  оқыту  өнері»  ретінде  жəне  оның 

845


құрамында «жан-жақты моральдікке бағытталған ойлардың қалыптасуы» туралы оқыту мен 

тəрбиелеу  мəселелерін  қарастырған.  Я.А.Коменскийдің  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға 

тəрбие  беру  туралы  «Ана  мектебі»  деген  арнаулы  еңбегі  мектепке  дейінгі  тəрбие  жөнінен 

дүние  жүзінде  бірінші  бағдарламалық  құрал  болды.[2,3-4-б]  Ол  балалардың  денсаулығына 

жəне дене дамуына мұқият қамқорлық жасауға, жаңа туған сəбиді күтіп, баптауға, баланың 

тамағы,  киімі,  күн  режімі  туралы  халық  тəжірибесі  мен  өз  заманындағы  медицинаға 

сүйенетін  ұсыныстар  жасады.  Ол  адамгершілік  нормаларды  игерту,  іс–əрекет  етуге 

талаптанушылық, еңбек сүйгіштік, шыншылдық, мұнтаздай таза жүрушілік, сыпайылық т.б 

қасиеттерді тəрбиелеу жөніндегі ұсыныстары құндылығын жойған жоқ. Сондай–ақ, мектепке 

дейінгі  балалық  шақты  мектепте  онан  əрі  жүйелі  оқытудың  даярлық  кезеңі  ретінде  қарады 

жəне  мектеп  жасына  дейінгі  бала  игеруге  тиісті  қарапайым  білімдердің  неғұрлым  кең 

шеңберін егжей–текжейлі белгілеп берді. Бұл бүгінгі таңда біздің зерттеуімізге сəйкес білім 

мазмұнын жаңарту бағытын айқындауға негіз болмақ.  

         Педагогикалық  теория  негіздерінің  қалыптасуында  Ежелгі  Грецияның  аса  көрнекті 

философтары  Платон  мен  Аристотель  көзқарастарының  ерекше  маңызы  болды.  Платон 

тəрбие мен оқытудың мəні, қоғамдық құрылым мен тəрбиенің қатынасы сияқты аса маңызды 

педагогикалық  ұғымдардың  анықтамасын  берген.  Ол  балаларды  ерте  бастан  тəрбиелеудің 

мемлекеттік жүйесі туралы идеяны ұсынды. Платон ойынды тəрбие берудің маңызды құралы 

деп  қарады,  балаларды  тəрбиелеумен  шұғылданатын  адамдарға  қойылатын  негізгі 

талаптарды айқындап берді.  

        Аристотель  жеке  адамның  дене,  ақыл–ой  жəне  адамгершілік  тəрбиесін  қамтитын 

үйлесімді  даму  идеясын  тұжырымдады.  Ол  тəрбиенің  табиғи  дарындылығына  үлкен  мəн 

берді.  Ол  мектепке  дейінгі  кезеңді  жеке  адамның  қалыптасуындағы  ерекше  жəне  маңызды 

деп бөліп қарады. [6,550-б]  Бұл кезеңде оның пікірі бойынша, алуан түрлі ойындармен қатар 

ақыл  ойды  дамытатын  əңгімелер  пайдалануға  тиіс,  ал  балаларды  бес  жасынан  бастап 

мақсатты  түрде  мектепке  даярлау  керек–деп  тұжырым  жасаған  болатын.  Мектепке  дейінгі 

тəрбие  теориясының  қалыптасуына  рим  педагогы  Марк  Фабий  Квиантилиан  жазған 

«Шешенді  тəрбиелеу  туралы»  арнаулы  педагогтық  трактат–педагогика  тарихында  тұңғыш 

маңызды  роль  атқарды.  Ол  балалардың  бойында  ең  əуелгі  бастапқы  түсініктердің 

қалыптасуына  қоршаған  ортаның  əсер  ету  маңызын  атап  көрсетті,  ата–аналарға  жəне 

педагогтарға биік адамгершілік, жақсы да дұрыс тіл білуді талап етті. Мектепке дейінгі жаста 

балалармен жүйелі сабақ жүргізу мүмкіндігі бар деп есептеді. Алайда соның өзінде берілетін 

білім  ауқымы  кең  болмауға  тиіс,  оны  беру  əдістемесі  «бала  сүйіп  үлгермеген  оқуды  жек 

көріп кетпеуі үшін» балалардың қуанышты көңіл күйін, ынтызарын туғызу керек–дейді.  

        ХIХ ғасырдың екінші жартысында–ХХ ғасырдың басында Европада неміс педагогы Ф. 

Фребельдің мектепке дейінгі тəрбие теориясы кең таралды. Ол 10«балалар бақшасы» деген 

терминді  енгізді,  бұл  дүние  жүзінде  жаппай  қабылданды.  Сондай–ақ,  тəрбиеші  əйелді 

Фребель «баулушы» деп атағандығынан оның балаларға деген сүйіспеншілігі, педагогтарды 

баланың есеюіне жəне дамуына көмектесуге шақырғаны, мақсатты педагогикалық ықпалдың 

маңызына  жоғары  баға  бергені  айқын  көрінеді.  Ол  балалардың  жасына  сəйкес  бірқатар 

қарапайым  білім  мазмұнымен  таныстыру  қажеттілігін  атап  көрсеткен.  Оның  идеялары: 

мектепке дейінгі тəрбиені насихаттау жəне балалар бақшаларын кең тарату, мектепке дейінгі 

мекемелердің жұмысының теориясын бірінші болып жасап, мектепке дейінгі педагогикалық 

ғылымдардың дербес саласы болып бөлінуіне себепкер болды. 

         Жалпы білім мазмұны, бір жағынан қоғамдық қажеттілікті бейнелейтін оқушының оқу 

– танымдық əрекетінің маңызды шарты болып табылады, екінші жағынан, жеке оқушының

оқуға  деген  мұқтаждығын  қанағаттандыру,  оның  басты  мəдениетін  қалыптастыру  құралы 

846


болып табылады. Дидактика тұрғысынан бұл оқытудың білімдік жəне үрдістік жақтарының 

бірлігін көрсетеді.  

         Бүгінгі  таңда  өркениетті  елдердің  қатарына  қосылу  бағытында  білім  беру  сипаты  мен 

шарттарына  сəйкес  білім  мазмұнын  өзгерту  мен  жаңартуда  бірқатар  басты  тенденциялар 

анықталды.  Олардың  біршамасы  қазірдің  өзінде  Қазақстандағы  білім  беру  аясындағы 

реформаларға  байланысты  білім  мазмұнын  жаңартуда  өз  орнын  алуда.  Білім  мазмұнын 

жаңартуға  байланысты  негізгі  басшылыққа  алатын  өте  қажетті  төмендегідей  факторларды 

атап  айтуға  болады:  білім  берудің  жалпы  адамзаттық  құндылықтары  мен  гуманитарлық 

бағыттарының 

тереңдетілуі, 

оның 

əмбебаптылығы, 



қоғамдағы 

білім 


берудің 

интеграциялануы,  нарықтық  экономиканың  дамуы,  əлеуметтік  қажеттіліктің  көбеюі,  білім 

берудің азаматтық қызметінің рөлі көтерілуі, жеке тұлғаның кəсіби шеберлігіне қойылатын 

талаптың жоғарылығы. Білім берудің «адамды  сақтау» қызметі, яғни бірінші кезекте балалар 

мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайту институты болып қалыптасуы; білім 

берудің  іргелендірілуі,  ақпараттандырылуы,  экологияландырылуы  жəне  білім  беру 

ортасының рөлі арттырылуы қажет - деп тұжырым жасаймыз. [5,155-б] 

         Білім  мазмұнының  қалыптасу  көздері  мəдениет  немесе  əлеуметтік  тəжірибе  болып 

табылады. Əлеуметтік тəжірибе, яғни мəдениет біртұтас алынғанымен де, ол балабақшадағы 

немесе  мектептегі  білімнің  құрамын  анықтамайды.  Əлеуметтік  тəжірибеде  немесе 

мəдениетте білім мазұнын анықтайтын көздерді табу керек. Бұлар материалды таңдау, ішкі 

құрылымға  сəйкес  мазмұн  құрастыру  ұстанымын  анықтайды.  Мұндай  көздерге  ғылым, 

материалдық  жəне  рухани  өндіріс,  қоғамдық  қатынастар  тəжірибесі,  қоғамдық  сана 

формалары,  адам  əрекеті  түрлері  (практикалық,  танымдық,  құндылық – бағдарлық, 

көркемдік)  жатады.  Білім  мазмұны  нақты–тарихи,  психологиялық  талаптар  негізінде 

жасалған.  Осы  талаптарға  сай  əлеуметтік  тəжірибе  педагогикалық  өңдеуді  талап  етеді.  Бұл 

білім  ұйымдарын  бітірушілердің  өмірде  белсенді  əрекет  етуіне  жəне  психикалық 

қасиеттердің,  балалық  тұлғаның  қалыптасуында,  дұрыс  шешім  қабылдауына  көмектеседі. 

Сонымен  білім  мазмұнын  қалыптастыруда  баланың  жеке  тұлғалық  дамуы,  оның 

қабілеттілігі,  қызығушылықтары  мен  талаптары  ескеріледі.  Сол  мақсатта  міндетті  пəндерді 

оқытумен  қатар  балаларға  өз  еріктерімен  басқа  пəндерді  де  таңдай  алады.  Мұндай  келісім 

білімнің тереңдеуіне, қызығушылықтың дамуына, ортаға тез бейімделуіне ықпал етеді.  

         Педагогикада  білім  беру  мазмұны  жеке  тұлғаны  қалыптастырумен  дамыту 

барысындағы ғылыми негіз ретінде қарастырылады. Өйткені, жеке тұлға дамуы тəрбие мен 

оқытуға тығыз байланысты, сондықтан да алдымен, білім беру мазмұнын анықтап алу қажет 

екендігі дау тудырмайды. Сонымен білім беру мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастыру 

барысында адам баласының іс–əрекет тəсілдерін меңгере отырып, жүйелі түрде білім алуы, 

іскерлік  дағдысын,  таным  арқылы  көзқарасын  қалыптастыру  жəне  ақыл  ойы  мен  сезімін 

дамыту. Яғни, білімді адам–деп ақыл ойы жетілген, əдіс– тəсілдерді меңгерген, қабілетті, өз 

пікірін дəлелдей алатын, болашақты болжай отырып, шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны 

айтуға болады.  

         Білім  мазмұны – оқу  орындарының  негізгі  мəселелерінің  бірі.  Ал  оның  мəні – əрбір 

ғылыми пəндерден ғылыми білімді игеру, тəжірибеде қолдана білу. Педагогика ғылымының 

мазмұны – оның  тарихында  қалыптасқан  рухани  мұралар  мен  құндылықтар  əлемі.  Білім 

берудің  мазмұны  мен  мəнін  ашуда  жəне  білім  беруді  ізгілендіру  идеясын  жүзеге  асыру 

барысында  жеке  тұлғаны  дамыту  мəселесі  соңғы  он  он  бес  жыл  шамасында  күн  тəртібінің 

алдыңғы қатарына шықты. Аталған мəселе И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, В.С.Леднев, Б.М.Бим–

Бад т.б ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып, талданған. И.Я.Лернер мен М.Н. Скаткин 

білім беру мазмұнын теориялық тұрғыда білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру жүйесі деп 

847


түсіндірген,  сонымен  қатар  шығармашылық  іс  əрекет,  ерік  сезімін  меңгеруді  ұсынады.  

Бірқатар  шетел  педагогтары  (Бірқатар  шетел  педагогтары  (АҚШ,  Англия,  Франция)  жеке 

тұлғаға жалпы адамзаттық тəрбие беруді, оқу мазмұнына табиғи құбылыстар мен қоғамдық 

өмірдегі  шынайы  құбылыстарды  түсіндіруден  оқу  пəндерін  өзара  кіріктіруді  негізге  алуды 

ұсынған.  Осыған  орай  төменде  ғалымдардың  білім  мазмұнына  берген  анықтамаларын 

ұсынамыз.[3,10-11-б] Атап айтқанда: «...біріншіден алдыңғы ұрпақтың тəжірибесін меңгеру, 

екіншіден жеке тұлғаның типологиялық сапасын қалыптастыру, үшіншіден адамның ақыл–

ойының,  денесінің  дамуы» (В.С.Леднев) – деп  ой  түйіндесе,  И.П.Подласый: «...белгілі  бір 

оқу орнында оқып, үйрену үшін іріктелген білім, іскерлік жүйесі», Б.П.Есипов: Фактілер мен 

қорытындылар  енетін  білім,  пайдалы  іскерлік  жəне  дағдылар  жүйесі  деп  есептейді. 

Р.Қоянбаев: «...ғылыми білімнің, іскерліктің жəне дағдының жүйесі» десе, ал С.А.Умрейко: 

«...оқыту  процесінде  оқушылар  меңгеретін  ғылыми  білім,  іскерлік  жəне  дағдылар  жүйесі», 

В.Беларуссова: «...оқушылардың  жан–жақты  дамуына,  материалистік  дүниетанымның 

қалыптасуына,  танымдық  қызығушылықтың  дамуына  негіз  болатын  жүйелі  білім  іскерлік 

жəне дағдылар» деген тұжырым жасайды. Н.В.Савин: «...оқушылардың жан–жақты дамуына 

негіз  болатын,  білім,  іскерлік,  дағды  жүйесі»  десе,  И.Т.Огородников: «...ғылыми  білімдер, 

іскерлік,  дағдылар,  оқытудан  тыс  кезде  оқушылар  алған  танымдық  тəжірибені  ой  елегінен 

өткізу жəне оқушылардың танымдық қабілетін, шығармашылық күшін дамыту» жолдары деп 

анықтама береді. 

         Жоғарыдағы  анықтамаларды  жəне  негізгі  идеяларды  басшылыққа  (АҚШ,  Англия, 

Франция)  жеке  тұлғаға  мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын  жаңарту – негізінен  білім 

мазмұнының  мəнін  ашу  жəне  оны  дұрыс  таңдай  білу,  бiлiм  мазмұнын  жүйелеу,  білім 

сапасын  арттырумен  жəне  оны  қалыптастыруда  дəстүрлі  əдіс-  тəсілдердің  орнына  жаңа 

педагогикалық  технологияларды  пайдалана  білумен  де  тығыз  байланысты.  Мұнда  Ресейлік 

ғалымдар: В.В.Рубцов, А.Г.Асмолов, «балалар көп нəрсені тек қана үлкендерден ғана емес, 

бір-бірімен  қарым-қатынас  арқылы  да  үйренеді»  десе,  А.П.Усова,  Н.Н.Поддьякова, 

А.Н.Поддьяков, «балалар  əр  түрлі  обьектіні  өздігінен  зерттеп,  қарап  көру  барысында, 

тəжірибелік іс-əрекетте жан-жақты дамиды»-деп дəлелдейді.  

         Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарындағы  педагогикалық  үдерісті  зерттеуші  ғалым 

Н.Ю.Вознюк: білім мазмұнын жаңарту мəселесіне жүйелі талдау жасаған. Мектепке дейінгі 

ұйымдардағы  педагогикалық  үдерістің  мəнін  ашып,  ұйымды  басқарудың  тиімді  жолдарын 

ашып  көрсеткен.  Г.П.Щедровский. «білім  берудің  мазмұнын  жаңарту  оқу  пəндерінің 

аясындағы  өзгертумен  шектелмеуі  қажет,  ол  бүкіл  адам  білімдері  жүйесінің  мазмұны  мен 

ұйымдастыру  формаларын  қамту  қажет»  деген  ойды  айтады.  Г.И.Ильин: «оқу  көздерінің 

жаңа  көздері  пайда  болуда:  пресса,  радио,  көп  арналы  теледидар,  аудио  бейнетаспалар, 

интернет. Сол себепті педагогикалық үдерісті əлеуметтік, əдістемелік тұрғыдан кең көлемді 

қарастыруымыз  керек»  деп  есептейді.  Р.Р.Витчинкина: «Мектепке  дейінгі  ұйымдарда 

баланың жеке тұлға ретінде  жалпы мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту» – негізінен 

білім мазмұнының мəнін ашу жəне оны дұрыс таңдай білу, бiлiм мазмұнын жүйелеу, білім 

сапасын  арттырумен  жəне  оны  қалыптастыруда  дəстүрлі  əдіс-  тəсілдердің  орнына  жаңа 

педагогикалық  технологияларды  пайдалана  білумен  де  тығыз  байланысты.  Мұнда  Ресейлік 

ғалымдар: В.В.Рубцов, А.Г.Асмолов, «балалар көп нəрсені тек қана үлкендерден ғана емес, 

бір-бірімен  қарым-қатынас  арқылы  да  үйренеді»  десе,  А.П.Усова,  Н.Н.Поддьякова, 

А.Н.Поддьяков, «балалар  əр  түрлі  обьектіні  өздігінен  зерттеп,  қарап  көру  барысында, 

тəжірибелік іс-əрекетте жан-жақты дамиды»-деп дəлелдейді.[4,43-б]  

848


     Ол  үшін  біз  қолданыстағы  тəжірибеге  жаңа  тұлғалық-əрекеттік  парадигманы  енгізуіміз 

керек,  соған  сəйкес  инновациялық  əдістемелер  құрып,білімнің  жаңа  мазмұнын  таба 

отырып,педагогтердің жаңа буынын мақсатты түрде дайындауды қамтамасыз етуіміз қажет. 

      Қазіргі  дамыған  экономика,  бəргнен  бұрын,интеллектуалдық  ресурстардың  əлеуетіне 

арқа  суйейді.  Бəсекеге  қабілеттілікте  техникалық  құралдарға  ғана  емес,  осынау 

технологияны  жасап  шығаратын  адамға  байланысты  болады.  Сондықтан  заманауи  оқыту 

негізінде, өзіндік ойлау жүйесіне өріс ашатын баланың ақыл-ой қабілетін дамыту ұстанымын 

зерделеу қажеттігін алға тартудамыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет