Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет105/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   113

2. Үш    тілді      білім    беру    ортасын    қалыптастыру  жəне    негізгі    құндылықтар    мен

педагогикалық  қағидаларды  енгізу  арқылы  оқытудың  заманауи  үрдісін нығайтуды біздер, 

биология    пəнінің    мұғалімдері  топтық    оқыту    əдістемесі    арқылы    дайындалған    сабақ 

типтерін саралай отырып,  дəріс  ретінде  ұстаздар  қауымына қажетті  əдістеме  болар  деген 

мақсатпен    ұсынғымыз    келеді.  Əрине  сабақтың  оң  нəтижеге  жетіп,  табысты  болуы  үшін 

мұғалім  құзыры  жоғары  дəрежеде  болу  керек.  Ол  үшін  мұғалім  бойында  Шульман 

«мұғалімнің үш көмекшісі» (Shulman, 2007. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 8-бет) деп атаған 

қасиеттер  міндетті  түрде  болу  керек.  Шульман  көздеген  кəсіби  түсінік  пен  оқытудың 

тəжірибелік  дағдылары  мұғалімнің  басты  құралы  болып  келгені  дəлелдеуді  қажет  етпейтін 

аксиома.  Ал  жүрек  жылуын  басшылыққа  алатын  Шульманның  үшінші  көмекшісі – кəсіби 

деңгейлік  тұтастық,  өкінішке  орай  барлық  ұстаз  бойынан  табыла  бермейтін ерекше  қасиет. 

Мұғалімдер  ұстаз  мамандығының  этикалық  жəне  моральдық  құндылықтарын  ұстанып, 

балаға мейірім жəне құрмет көрсете білетін əділ жан бола білгенде ғана, шəкірт сеніміне ие 

болып, өзі де жасанды емес құрметке ие бола алады. [2,7бет] 

Оқушы мен ұстаз жəне  ағылшын  тілінде  сабақ  беретін мұғалім арасындағы шынайы 

қарым-қатынас  орын  алғандықтан      топтық    оқыту    əдістемесі  жоғары  нəтижеге  жетіп, 

балалардың көтеріңкі көңіл күйінің куəсі болғандықтан жоғары да  аталып  өткен тақырыпта 

мақала   жазуды  жөн   деп таптық.   

Оқытудағы Кембридж тəсілдерінің теориялық негіздері уақыт талабына сай қажеттілік 

екеніне  көзіміз  жетті.  Алдағы  уақытта,  мүмкіндігінше,  əдістеменің    оқушылар  үшін  əлі  де 

болса  тың  тұстарын  меңгере  түсіп,  сабақ    іс-əрекетіне    пайдаланатын    жағымды    тұстарын 

жеткізіп    отыру    біздердің    парызымыз      болмақ.  Қазақ    тілінде  Назарбаев  Зияткерлік  

мектептерінің озық  тəжірибелерін  үйрететін  практик –мұғалім , практик – методист əлі  де  

болса  жоқтың  қасы. Соны  ескере келе, өз іс- тəжірибемізде  қолданылған  топтық  оқыту  

əдістемесінде:  сабақ    барысында , биология    пəнінен  күнделікті    сабақ  жоспарын  құрудан  

бастап    сабақтың  ұйымдастырылуы,  өткізілу    барысы,  алған    білімдерін  өмірде    қолдана  

алатындай    жағдай    туғызу,  білім    алушылардың  танымдық  жəне  зерттеушілік  іс-əрекетін 

907


белсендіруге  бағытталған  сұрақтар    мен  жағдайлардың  қамтылуы    да  ескеріледі.Топтық  

оқытуда    екі    мұғалімнің  оқыту    тақырыптары  тең    дəрежеде    бөлінеді.Оқыту  мақсаттары 

кіріктірілген оқыту  бағдарламасында  көрсетілген , оны  басшылыққа  ала  отырып  сабақ  

барысындағы іс-əрекеттер талқыланады.Сабақ  типтеріне  сай екі  мұғалімнің: қазақ тілінде 

жəне  ағылшын    тілінде  сабақ  беретін    мұғалімдердің  сабақ    барысындағы    роліміз  

айқындалып,  оқушыларға    жеткізу    əдістемелері    мен  тəсілдер    ортаға    салынады.Топтық  

оқыту    əдістемесінде    екі    мұғалімнің    ролі , атқаратын  іс-  əрекеттері    тең    дəрежеде    өтуі  

қажет.  Жоспарлау    кезінде    жекелеген  оқушылар  мен    топтарға  көмек,  қолдау  тиімді  

бөлінуін    қадағалауымыз        керек.Екі  мұғалім  арасындағы    ынтымақтастық  пен  байланыс  

сынып    атмосферасына  əсер    етеді,  сондықтан    мұғалім  арасындағы    ауысу  қалыпты    өтуі  

шарт.  

Командалық  оқыту  əдістемесі    негізінде  үштілдік  саясатты    əр  мұғалім  өз  пəндері 



бойынша  жүзеге    асырса:  біздің  оқушыларымыз  күнделікті    ауызекі  сөйлеу  тілін  меңгеріп  

қана  қоймай , пəндік    тілдерді  де    игерген  болар  еді?!  Осыны    ескере    отырып  команда  да 

жұмыс  барысын  ұйымдастыру    кезінде    оқушыларға    суретті    тапсырмалар  беріліп  

биологиялық  терминдер  ағылшын тілінде  көрсетіледі, ал оқушылар оны  қазақ жəне орыс 

тілдеріне    аударып  ,оның    мағынасын    ашады.Сонымен  қатар:  қазақ  тілінде    пəнімізге  

қатысты    терминдер  мен  негізгі    заңдылықтар  беріліп,  оқушылар  түсіндірме  жұмысын  

ағылшын  тілінде    орындап,  қорғау    жұмыстарын  жүргізеді.Мысал  ретінде    практикамызда  

қолданған  жұмыстардың  кейбір  əдістемелерін    келтіргіміз    келеді,биология  сабағында 

өткізіліген  тақырыптың  бірі: «Жасуша,  ұлпа,  мүше»  бойынша  көрсетілген  əдістеме  

терминологиялық  сөздік жұмысы [4,20 бет]: 

Жасуша 

Ортақ  функцияны  орындау  үшін  біріктірілген  ,құрылысы  жағынан 



ұқсас, жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы 

Клетка 


Совокупность  сходных  по    строению    клеток  и  межклеточного  

вещества,связанных выполнение общих  функций 

Cell 

Whole complex of cells, similar in their structure, and of intercellular 



substances, interconnected for implementation of definite common functions 

            Сабақ    барысындағы    іс-əрекетті  анықтай    отырып,  оқушыларға    берілетін  

тапсырмалар    жиынтығының  үштілде  берілуі  қарастырылады.  Мұғалім    тек    бағыттаушы  

болса, Кембридж  курсында бағыт беруші  ролін ойнайды, ал ол оқушыларға  сыни  тұрғыда  

жəне    зерттеушілік  дағдыларын  үштілде    қалыптастыру    сияқты    нақты  тапсырмаларға  

құрылады . Оқушылардың    нақты    міндеттері    айқын    кіріктірілген    бағдарлама  

бойынша,сондықтан    оларға    қойылатын    талаптар  да    сондай    болуы    шарт.  Бұл    жерде  

біздер    ұстаздар    қауымы    шет    елдік    əріптестерімізден    үйренгеніміз    практикалық  

жұмыстардың  жасалынуы: соның  бірнеше түрлеріне  назар  аударсақ, мұнда  оқушылардың  

практикалық  дағдыларын  қалыптастыруда айтарлықтай  əсер  ететіндігін  байқадық. Қазіргі  

таңда білім  алушылардың  білімді  қалай қабылдауы жөнінде  мұғалім іс-əрекетінде  зерттеу 

жүргізу    керек.  Зерттеу    жүргізу    үдерісіндегі    бірінші    қадам – оны    тиянақты    орындау 

жөнінде  саналы  түрде  жауапкершілік  алу. Биология  пəнін қазақ тілінде жəне  ағылшын 

тілінде оқушылар  қалай  қабылдайтындығы  жөнінде екі  мұғалім зерттеу жүргізіп отырса 

нұр  үстіне нұр  болар еді. Бұл  жерде  салмақ қазақ тіліндегі мұғалімге түсері  анық. Зерттеу 

нəтижесіндегі  тəжірибеге  сүйенетін  болсақ,  бұл  жерде  күнделікті  сабақ    беру    барысында 

көріп  жүргеніміздей  екі    мұғалімнің  ролі  тең  болары  сөзсіз.  Біздің  НЗМектебіндегі    өзек 

жарды  мəселелердің бірі  топтық  оқыту  əдістемесі болса, іс-əрекет жəне  білім:  үдеріске  

ену    жəне  жалпы    жоспар  құру    болып    табылады.  Мектеп  оқушыларын  мұғалім  қалай 

тəрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. 

908


   Оқыту  үрдісіне  біздің    мектебіміз  Ақтөбе    қаласындағы    физика – математика   

бағытындағы  Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің    стратегиялық  даму    мақсаты 2013-2016 

оқу    жылына  дейін  нақты  айқындалған.  Мектебіміздің  ұстанымы : «Сапалы    білім – 

болашақ    кепілі».    Ақтөбе  қаласындағы  физика-математика  бағытындағы    Назарбаев 

Зияткерлік мектебінің даму стратегиясында көрсетілгендей, кіріктірілген оқыту зерттеушілік 

іс-əрекеті негізінде аймақтық қалыптасу білім мекемесінің жаңа типтегі үлгісін құруды  жəне 

аймақтағы  басқа  мекемелермен  ашық  инновациялық  ортада  қарым  –қатынасын  орнатуды 

міндеттейді. «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ    білім  беруді  жаңартудың 

стратегиялық  бағыттарының  бірі  ретінде  көптілді  ортаны  қалыптастыру  мақсатында  

командалық  оқыту  əдістемесін  сабақ  беру  барысында  пайдалануды  ұсынады.  Сол    арқылы 

білім  алушылардың  зерттеушілік  қабілеттерін  дамыту  барысында  көрсетілгендей  биология 

пəнінен    зертханалық  жұмыстарды  жүргіземіз.  Осы  тақырыбымыздың  мағынасын  ашатын 

төмендегідей    оқушылардың  теориялық  білімін  практикамен  ұштастыру  сəтін  сіздердің 

назарларыңызға ұсынбақпыз. 

«Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген 

ісімді  түсінемін»  қағидасын  басшылыққа  ала  отырып,  командалық  оқыту  əдістемесінде 

оқушылармен  зертханалық жұмыстарға «КОБРА4» жəне «Тесс» жүйесінің сандық зертхана 

жинағын  жəне "The Spark  PASCO " Science Learning System құрылғыларымен  жұмыстар 

жүргізілуде.   

Бұл  құрылғыларға  енгізілген  «Тесс»  жүйесінің  қолдануымен  келтірілген  зертханалық 

жұмыстар  оқушылар  үшін    дайын  нұсқау-карточка  түрінде  беріледі.Бұл    карточкілерде  үш 

тілде  жазылады. Екі мұғалімге жұмысты жүргізу үшін тек қажетті копия санның жеткілікті 

істеуі  керек.  Практикалық  жұмыс  барысында  командалық  əдістемеде  жұмыстың  жүргізілуі 

нақты тең екіге бөлінеді  жəне  оқушылардың тілдік  мақсаттары да оқу  процесінен  тысқары 

қалмайды  [1] 

 Жобалық  қызметке  қызығушылық  мектептің  негізгі  буында  байқалады.«Кобра 4» 

сандық зертханасын қолдану барысында жасөспірімдер пəн бойынша білімдерін терендетеді, 

зерттеу жұмысының тəжірибесін меңгереді,компьютерді қолдану дағдыларын табады.  Ұзақ 

жұмыстарға  қызығушылығын  жоғалтпай  жəне  пайда  болған  қиыншылықтарды  өту 

процесінде оларда жігерлік қасиеттері дамиды. Теория мен практиканы ұштастыра отырып, 

оқушылардың биологиядан зерттеушілік қабілеттерін ашып қана   қоймаймыз,  командалық 

оқыту  əдістемесі  негізінде    үштілдік  білім  беру    саясатының  ролін  де    жүзеге  

асыратындығымызға  көзіміз жетті.  

Мұғалім шығармашыл,əрі  терең əдістемені  меңгерген əдіскер болуы да  басты міндет.        

Ойлау потенциалы жоғары, сыни жəне креативті ойлауға қабілеті бар, үнемі өзгеріп жатқан 

əлемде  табысты  болатын  интеллектуалды,  полилингвалды  азаматты  дамытуға  талаптану 

əрбір ұстаздың борышы.  

  Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі  

жан-жақты  таныту үшін алған білімін тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру жəне 

қоғамға  пайда  келтіру  (құзыретті  болу)  маңызды  əрі  күрделі  мəселер  талқылану  үстінде. 

Сондай-ақ шетелдік əріптестерімізбен бірлесе отырып,  оқушыны екінші немесе үшінші тіл  

арқылы пəндерді оқу жəне пəндік салаларды оқу  барысында  тіл үйренуді дамытудың тиімді 

тəжірибесін  теориялық  тұрғыға  негіздеп,  əрі  практикамызда  ұштастыра  білуді 

қалыптастырдық.  

 Қорытынды 

     Кіріктірілген  білім  бағдарламасының  негізгі  ерекшелігінің  бірі  үштілді  білім  беру 

ортасын қалыптастыру болса, біз ұстаздар қауымы заманауи педагогикалық əдістеменің бірін 

909


командалық  оқытуды  сабақ  беру  барысында  пайдалана  отырып,  оқушыларымыздың 

мотивацияларының жоғарылағанын тəжірибемізден байқадық. Командалық оқыту əдістемесі 

қолданылмаған сыныптарда үш тілдік мақсат жүзеге аспағандығы байқалды. Ал командалық 

оқыту əдістемесі жүргізілген сабақтарда білім алушылардың оқу процесіне деген көзқарасы 

анағұрлым  жоғары,  нəтижелі,  білімдерін  практикада  қолдана  білетіндіктері  анықталынды. 

Бұл  дəлелдемелер  оқушылардан  алынған    рефлексия  кезіндегі  сұрақтарға  жауаптарының 

нəтижесінен көруге болады.  

Рефлексия барысында берілген сұрақтар  (иə  немесе  жоқ жауаптар көрсетілді): 

1.

Тақырыпқа байланысты тілдік мақсат толық орындалды ма?



2.

Командалық оқыту əдістемесі ұнады ма ?

11  сыныптар  бойынша  барлығы      24  оқушыдан  жоғарыдағыдай  сұрақтар  алынды. 

Нəтижесінде 22 оқушы оқу  процесінде тілдік мақсат жүзеге асқандығын жəне командалық 

оқыту  əдістемесінің  ұнағандығын  атап  көрсеткен.Бұл    көрсеткіш  төменде    диаграммада 

берілген: 

Халықаралық  зерттеулер  үштілде  жүргізілетін  оқу  бағдарламалары  бойынша  білім 

алатын  оқушылар:  жұмысқа  ұқыпты,  мотивациялары  жоғары,  бірнеше  тілді  білудің 

артықшылықтарын  түсінеді.  Үнемі  өзгеріп  отыратын  жаңашылдыққа  толы  заманда 

мектептегі  білім  алушылардың  танымдық  жəне  зерттеушілік  іс-əрекеттері  анықталып, 

дарындылықтарының 

арқасында 

білімдерін 

өмірде 


пайдалана 

отырып, 


индустрияландырудың қарқынды дамуына үлесін қосса, бұл – мектептің табыстылығы. 

   Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: ұстаздар қауымының тəжірибеден қол үзбей 

оқу процесіндегі мəселелерді жеке жəне топ ішінде зерттеу арқылы , үштілдік  саясатты  

командалық  оқыту    əдістемесімен  өткізу,  оқыту  мен  оқу  сапасын  жақсартуда    өзіндік 

үлесін қосуда  қажет деп ойлаймыз!?     

Əдебиеттер тізімі: 

1.

Биология бойынша зертханалық құрал, PS-2820, Соbra 4



2.

Мұғалімге арналған Нұсқаулық, Handbook for Teacher, 7-бет

3.

Президенттің халыққа жолдауы-2050 стратегиясы



4.

С.Мирсеитова "Оқыту ізденіс ретінде жəне ізденіс оқыту ретінде" Қарағанды, 2011ж

5.

Халперн Д. "Психология критического мышления" СПб., 2000



6.

Идеи Дьюи и наша практика. Под ред. С.Бахишевой и С.Мирсеитовой. 2005, Алматы,

Верена  

7.

В.Б.Захаров,  С.Г.Мамонтов,  Н.И.Сонин,  А.Қисымқызы  Жалпы    биология 10-11



сыныптар, Кітап  баспасы , Алматы, 2004 , 20бет 

0

5



10

15

20



25

Ия

Жоқ



1. Тақырыпқа байланысты 

тілдік мақсат толық 

орындалды ма?

Командалық оқыту 

әдістемесі ұнады ма ?

910


АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ – 

МҰҒАЛІМНІҢ КƏСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ КЕПІЛІ 

Карибжанова Ə. К. 

Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы  

Назарбаев Зияткерлік мектебі 

ҚАЗАҚСТАН 



Аңдатпа 

Ұсынылып  отырған  мақалада  қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  өзекті  болып  отырған 

мəселенің  бірі – физика  сабақтарын  дəстүрлі  емес  əдіс – тəсілдер  арқылы,  ақпаратты – 

коммуникативті  технологияларды  қолданып  қалай  тиімді  ұйымдастыруға  болатындығы 

туралы  жазылған.  Қарапайым  компьютер  құралдары  арқылы  мұғалімдердің  сауаттылығын 

арттырумен  қатар,  оқушылардың  танымдылық  белсенділіктерін  арттыру  мəселелері 

қарастырылады. 

Аннотация 

В данной статье идет речь о необходимости проведения уроков физики в оригинальной, 

нетрадиционной  форме,  о  применении  информационно-коммуникационных  технологий  на 

таких  уроках.  Используя  ИКТ  можно  не  только  повысить  компьютерную  образованность 

учителей, но и активизировать познавательную активность учащихся. 

Abstract 

In this article the necessity of conducting physics lessons in an original, non-conventional 

form, about application of ICT technologies on such lessons is analyzed in this article. Using ICT 

will not only develop computer literacy of teachers but also encourage cognitive activity of 

students. 

Күнделікті  өмірді  компьютерсіз  елестету  мүлдем  мүмкін  емес.  Компьютерлер 

тұрмыстық  өмірдің  барлық  саласында  кездеседі.  Бұл  қатарда,  əрине  білім  беру  жүйесі  де 

шектеп  қалған  жоқ.  Физика  курсын  оқыту,  пəннің  өзіндік  ерекшелігіне  орай  қазіргі 

ақпараттық  технологияларды  тиімді  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  ақпараттық – 

коммуникативтік  технологияларды  (АКТ)  сабақта  қолдану  оқыту  сапасын  арттыруға, 

оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын дамытуға бағытталған. 

Білім беру жүйесінің, соңын ішінде физика пəнін оқыту əдістемесінің міндеттерінің бірі 

- үздіксіз білім беру жағдайында оқушылардың ақпараттар ағынында дұрыс бағдарлана алу 

қабілеттерін  дамыту  болып  табылады.  Сонымен  қоса,  оқушыларға  танымдылық,  өнегелік, 

этикалық тəрбие берумен қатар, жалпы адамзаттық құндылықтарды түйсіне алуға баулиды. 

Осыған  сəйкес  білім  беру  мақсаттарын  жекелеген  мақсаттармен  нақтылауға  болады:  іс- 

əрекет  арқылы  оқушыларда  ғылымға  жалпы  физика  ғылымына  деген  жағымды  қарым – 

қатынасты  қалыптастыру;  физикалық  білімге  деген  қызығушылықты  арттыру;  ғылыми – 

құнды мақалалар мен өмірдің елеулі мəселелеріне деген жағымды қарым – қатынас орнату. 

Физика ғылымы - қазіргі ғылыми – техникалық прогресстің негізі болып саналады, сонымен 

қатар оқытудың төмендегідей нақты мақсаттарын айқындайды:  ғылым мен өндірісте физика 

ғылымының  алатын  орнын  түсіну,  экологиялық  мəдениеттілікті  тəрбиелеу,  физикамен 

байланысты өнегелік жəне этикалық мəселелерді түсіну [1, 27б].      

911


Қазіргі  таңда  қарқынды  дамудағы  қоғам  білім  беру  жүйесіне  жаңа  міндеттер  қоюда, 

яғни оқытудың дəстүрлі жүйесін сапалы жаңа білім беру жүйесіне алмастыру;  жаңа қоғам 

мен өмірге бейімделген, сауатты, шығармашылықпен саналы ойланатын тұлғаны тəрбиелеу 

əр  ұстаздың  ұстаздық  міндетінің  бірі.  Жаңа  оқу – тəрбиелеу  үрдісінде  оқушылардың 

өздігінен  білім  алуы  мен  өзін-өзі  дамытуы  қолға  алынған.  Осыған  орай,  қазіргі  таңда 

оқушыларға  білім  беруде  əр  бала  өзін-өзі    шығармашылықпен  дамытуға,  өздігінен  білім 

алуға  жағдайлар  жасауда.  Осы  міндеттерді  шешуде  ең  негізгі  бағытттардың  бірі  оқыту 

үрдісіне  АКТ  енгізу.  Бұл  мақалада,  АКТ  физика  сабақтарында  қолдану  тəжірибемнің 

жалыпылама  көрінісі  ұсынылады.  Əр  ұстазға  АКТ  қолдануда  сауаттылық  қажет  екендігіне 

келетін  болсақ,  қазіргі  таңда  оқушыларымыз  бірқатар  ұстаздарға  қарағанада  компьютерлік 

техниканы  жетік  меңгергені  жасырын  емес.  Сондықтан,  ұстаздарымыз  жаңа  өмір 

талаптарынан 

шектеліп 

қалмай, 


техникалық 

сауаттылыққа 

ұмтылатын 

болса, 


ұстаздарымыздың құзіреттілігінің артуының бір көрінісі деп ойлаймын [2, 12б]. 

Білім  беру  жүйесінде  қолданылатын  техникалық  құралдарды  жіктеуге  болады.  Бұл 

жіктелу негізгі өлшемдер арқылы сипатталады. Екі топқа бөліп көрелік. 

Дəстүрлі аналогты техникалық құралдар: 

-

 аудиоқұралдар (электрофондар, магнитофондар, микрофондар, дыбыс зорайтқыштар, 



акустикалық  жүйелер,  диктофондар,  радиоқабылдағыштар,  лингафондық  құралдар, 

касеталар, пластинкалар); 

-

 графикалық жəне фотографикалық құралдар (фотоаппарат, фильмоскоп, диапроектор, 



эпидаскоп, диафильм, слайдтар, пленка бейне қоры); 

-

 кинопроекциялық техника (кинокамера, кинопроектор, кинопленкалар); 



-

 видео  жəне  теледидар  құралдары  (теледидар,  монитор,  телекамера,  видеокамера, 

видеомагнитофон, видеоплеер, видеопректорлар, видеокассеталар). 

Сандық техникалық құралдар: 

-

 аудиоқұралдар (сандық диктофондар жəне плеерлер, сандық компакт – дисктер); 



-

 графикалық  жəне  фотографикалық  құралдар  (сандық  фотоаппараттар,  лазерлік  жəне 

магниттік дисктер, электронды жады карталары); 

-

 проекциялық техника (мультимедиялық проектор, интерактивті тақта); 



-

 видео  жəне  теледидар  құралдары  (сандық  видеокамералар, DVD-ойнатқыштар  жəне 

DVD-плеер, лазерлік жəне магниттік дисктер, электронды жады карталары). 

Техникалық  құралдар  білім  беруде  əртүрлі  типтегі  ақпараттарды,  мəтін,  дыбыс,  фото 

жəне  бейнелерді  өндеуге  толық  мүмкіндік  береді.  Бұл  құралдар  техникалық  жəне 

технологиялық  бағытында  өте  қиын  болуы  да  мүмкін.  Ақпаратты  өндеуде  компьютер 

əмбебап  құрал  болып  табылады.  Оқытудың  барлық  техникалық  құралдарының 

мүмкіндіктерін компьютер арқылы бір жерге тоғыстыруға болады.  

Компьютердің  дидактикалық  ерекшеліктеріне  тоқталатын  болсақ:  ақпартаттың 

жеткіліктігі,  кеңістік  шектеулерді  жеңе  білуі,  қарастыратын  құбылыстар  мен  процесстің 

мəніне  түсінуге  деген  мүмкіндік,  зерттелетін  құбылыстардың  даму  деңгейін  көрсете  алу, 

нақтылықты бейнелей алу мүмкіндігі [3]. 

АКТ қолдану əрекет деңгейлеріне орай жіктеледі (1-кесте). 

912


Іс-əрекет түрі 

Мұғалімнің іс-əрекеті 

Оқушылардың іс-əрекеті 

Сылбыр əрекет 

Суреттер 

мен 


фотолар 

көрсету.  Дайын  интерактивті 

моделдер  сұлбасын  көрсету, 

оқушыларға сұрақтар қою 

Мультимедиялық 

курстан 


берілген  мəтіндерді  экранға 

қарап  оқып  шығу.  Дайын 

моделдерді 

қарау, 


мұғалімнің 

сұрақтарына 

жауап беру 

Жігерлі əрекет 

Зертханалық  жұмыс  ретінде 

интерактивті 

моделдермен 

жұмыс 


жасау. 

Тестілеуді 

ұйымдастыру 

Зертхана  жұмысын  орындау, 

тест жұмысын орындау жəне 

есептер шығару 

Шығармашылық əрекет 

Интерактивті  моделдер  жəне 

моделдеу 

бағдарламасымен 

шығармашылық 

жұмыс 


ұйымдастыру  

Жеке зерттеу жұмысы, жоба. 

Танымдылық  қандай  да  бір 

өнімді жасап шығару 

1-кесте. АКТ қолдану деңгейлері 

Осыған орай, қазіргі таңда, білім беру жүйесінің талаптарына сай бірқатар кабинеттер 

жаңа  ақпараттық  технологиялық  құралдармен  толық  жабдықталған.  Кабинеттер  қосымша 

proACTIV board - тақталар  (интербелсенді  тақтамен)  берілді.  Интербелсенді  тақтамен 

қосымша ACTIVOTE (тест  тапсырмалары  арқылы  тестілеу  жұмыстарын  жүргізетін  құрал 

«тестр») жəне PASPORT Xplorer GLX (көп  функциналды автономды қолмен басқарылатын 

есептегіш құрылғы, GLX сызбалы жəне сараптамалы берілгендер жиыны, GLX бір уақытта 

төрт PASPORT көрсеткіштерімен  жұмыс  жасайды,  берілгендердің  сараптамалар  мен 

тапсырмаларын  орындау  үшін  компьютерлерге  қосуды  талап  етпейді  «джйлекс») 

құрылғылары  орнатылған.  Əртүрлі  иллюстративті  материалдар,  мультимедиялық  жəне 

интерактивті  моделдер  оқыту  үрдісін  жаңа  бір  деңгейге  көтереді.  Бұл  жағдайларды 

психологиялық  факторлармен  алмастыруға  болмайды,  себебі  қазіргі  заман  оқушылары 

ақпаратты  кесте,  жазба  плакаттары  арқылы  қабылдағаннан  гөрі,  ақпартты  тез  жылдам  əрі 

қызықты  дерек  ретінде  қабылдауға  бейім.  Оқушылар  интерактивті  элементтер  арқылы 

білімді  игерудің  белсенді  формасына  көшеді,  кез  келген  құбылыстар  мен  физикалық 

үрдістерді  өздігінен  моделдеуге  мүмкіндік  алады.  Мұндай  əдістер  оқушылардың  өздігінен 

шығармашылықпен жұмыс жүргізуге талпындырады. Топ болып, жұп болып, жеке дара бір 

тараудың аяқталуына орай қосымша болып табылатын презантациялар, виртуалды зертхана 

913


жұмыстарын құрасытурға болады.  Ал оқушылар өз алдында жасаған жұмыстарының қаңық, 

толық дəйекті болуына талпынады.  

Физика  сабақтарында  АКТ  қолданудың  бірқатар  мысалдарын  қарастырып  көрелік. 

Сабақ  барысында proACTIV board тақтасын  пайдалану  сабақтағы  бірқатар  жұмыс  түрлерін 

жеңілдетеді. Компьютер құралдарын қолдану дəріс берудің мүкіндіктерін арттырды. Дайын 

бағдарламлар арқылы құбылыстар мен физикалық үрдістеді моделдеуге болады. Көрсетілімі 

қиынға  түсетін  жағдайларды  моделдеп  беруге  болады.  Компьютерді  оқыту  үрдісіне  тиімді 

қолдану бірнеше факторларға тəуелді, яғни техниканың деңгейі, қолданатын бағдарламаның 

сапалылығы,  мұғалімнің  қолданатын  əдіс  –тəсілдері  мен  компьютерлік  сауаттылығына 

байланысты  болады.  Физика – эксперментті  қажет  етітін  ғылым.  Сондықтан,  оқыту 

барысында  əрқашан    көрсетілім  мен  зерттеу  жұмыстары  қатар  жүруі  қажет.  Қазіргі  таңда 

физика  кабинеттерінде  əртүрлі  көрсетлім  мен  зертханаға  арналған  құралдармен  қатар, 

мультимедиялық проектор мен қажетті есептеу құралдары болуы қажет. Мысалға кез келген 

тақырып  өту  барысында  физикалық  шама,  шаманың  өлшем  бірлігі,  өлшейтін  құрал, 

қолданылатын формулаларын, келтірілген мысалдарын алдын ала флипчарт беттеріне толық 

жазып қойып, сабақ кезінде тек дайын деректі ашып көрсету, сол ашық тұрған күйінде оған 

өзгерулер енгізу, яғни қалам көмегімен өзгерту енгізу, сызғыш, сағат құралдарының дəлдігі 

т.б.  сабқты  түсіндіруде  жеңілдіктер  тудырады.  Мысалы, 8 сыныпта  Заттың  меншікті  жылу 

сыйымдылығы,  Денені  қыздыруға  қажетті  немесе  ол  суығанда  бөлінетін  жылу  мөлшерін 

есептеу  тақырыбын  өту  барысында:  массасы 1 кг  заттың  температурасын  1

0

С  –қа  өзгерту 



үшін  қажетті  жылу  мөлшерін  көрсететін  физикалық  шаманы  заттың  меншікті 

жылусыйымдылығы  деп  атайды  деген  анықтаманы,  жылусыйымдылығын  с  əрпімен 

белгілейді,  өлшем  бірлігі  1  Дж/кг*



0

С,  мысалы  алюминийдің  меншікті  жылусыйымдылығы 

920  Дж/кг*

0

С,  ал  судың  меншікті  жылусыйымдылығы  4200  Дж/кг*

0

С,  жылу  мөлшерін 

есептегенде  Q=cm(t



2

 – t

1

)  формуласын  пайдаланамыз.  Осы  мəліметті  алдын  –ала  флипчарт 

бетіне  жазып  қойып  сол  жерде  түсіндіре  беруге  болады.  Бұл  мəліметтің  барлығын  сабақ 

түсіндіру  барысында  кəдімгі  тақтаға  бормен  жазып,  сызғышпен  сызып  көрсетіп  жатқанда 

қаншама  уақыт  жоғалтатынбыз  жəне  кейбір  оқушылар  мұғалім  тақтамен  жұмыс  жүргізу 

барысында  жазу  мүмкіндігі  болмай,  мұғалімнің  тақтадағы  жазуын  аяқтауын  тосып 

отыратын.  Мысал  көрсету  барысында  мұғалімдердің  кей  жерлерде  қателесіп  кетуі  жиі 

кездеседі, бұл елеусіз қателіктер болса да, мұғалімді жітік таңымайтын оқушыларда (мысалы 

7 сыныпта физика жаңа басталады, алғашқы сабақтарда оқушы мұғалімге деген сын көзбен 

қарап  отырады)  мұғалімге  деген  сенімсіздік  тудыруы  мүмкін.  Ал  флипчарт  арқылы  кейбір 

мысалдарды,  қорытылатын  формулаларды  алдын  –ала  жазып  тек  ашып  көрсету  қолайлы. 

Жəне  құрылған  бір  сабақты  қажетті  өзгертулер  енгізіп  келесі  параллель  сыныптарға  да, 

алдағы жылдада қолдануға болады. Ол компьютерде қажетті уақытқа дейін сақталап тұрады. 

Сабақ барысында тест тапсырмасын өткізуде, оны сол жерде тексеріп, бағасын қойып, 

жеке – жеке оқушыларға қандай сұрақты білмегендігі туралы айтып жатуға уақыт жетпейді. 

Сондықтан көбінесе, сабақтың соңында тест тапсырмасын бір қағазға жазғызып, оны сабқтан 

соң  тексеріп,  келесі  сабақта  дұрыс  жауабын  жəне  нəтижесін  айтып  жатамыз.  Ал,  кейбір 

оқушылардың көбі алдыңғы сабақта қандай сұрақ болғанын оған қалай жауап бергенің жітік 

еске  түсіре  бермейді.  Сондықтан, ACTIVOTE тест  тапсырмасын  жүргізуде  тиімділігі  өте 

жоғары  деп  санаймын.  Физика  сабағында ACTIVOTE құралын  пайдаланудың  тиімділігі, 

біріншіден,  бұл  тест  құралы  болғандықтан  оқушылардың  білімдерін  тексеріп,  бағалауда 

таптырмайтын бірден – бір құрал. Тест тапсырмасы алдын ала флипчарттың арнайы сұрақ – 

жауап бөліміне жазылып қойылады. Тағы бір тиімділігі  оқу жылының басында əр сыныптың 

базасы енгізіледі. Осы база бойынша сабақтың басында үй тапсырмасын тексеру кезінде, не 

914


тақырыпты бекіту барысында тест өткізуге болады. Сабақтың басында оқушылардың қолына 

ACTIVOTE  құралдары  таратылып  беріледі.  РroACTIV board тақтасында  шыққан  тізім 

бойынша  оқушылар  өз  аты-жөндерінің  жанында  жазылған  əріптерді  басып,  енгізу 

сілтемелерін  басу  арқылы  жүйеге  енгізіледі.  Тапсырма  дайындап,  флипчартқа  жазып 

алғаннан кейін, сұрақтардың алдын –ала дұрыс жауаптары белгілініп жəне ол сұраққа тиісті 

уақыт  мерзімі  беріледі.  Тест  тапсырмасының  бірінші  сұрағы proACTIV board тақтаға 

шығады  жəне  берілген  уақыт  шамасы  көрсетіледі  де,  мүмкін  болатын  жауаптар  тізбесі 

беріледі, əдетте бес жауап беріледі де (A, B, C, D, E), біреуі ғана дұрыс болады. Əр оқушы 

қолындағы  құрал  арқылы  өзінің  дұрыс  деген  жауабын  белгілейді.  Соңында  ол  сұрақтың 

дұрыс  жауабы  көрсетіліп,  кімнің  дұрыс,  кімнің  қате  жауап  бергендігі  көрсетіледі.  Тест 

тапсырмасы    не 10 не 12 сұрақтан  тұруы  мүмкін,  ол  тақырыптың  көлеміне  байланысты 

болады.  Барлық  сұрақтар  аяқталған  соң,  əр  оқушының  қанша  ұпай  жинағаны  жəне  оның 

пайыздық өлшемі көрсетіледі. Ал оқушыларға алдын ала əр тақырыпқа байланысты бағалау 

сынымасын  айтып  қоюға  болады.  Мысалы, 7 сыныптардың  қозғалыс  тарауы  бойынша 

тарауды қорытындылайтын тест тапсырмасының сынымасы 90-100 пайыз – «5» деген баға, 

80-90 пайыз – «4» деген баға, 70-80 пайыз – «3» деген баға, 70 тен төмен «2» деген баға деп 

алдын  ала  таныстырып  қойып,  тест  тапсырмасы  аяқталған  соң  əркімнің  тиісті  бағасын 

қоямын, жəне ол мəліметті арнайы «жауап» папкасында сақтап, мүмкін болған жағдайда сол 

жерде қағаз бетіне шығарып алып, журнал ретінде бір папкаға тіркеуге болады. 

Сонымен  қатар,  компьютерлік  моделдеу  оқу  əрекетінің  дəстүрлі  емес  түрін 

ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.  Мынындай  мысал  қарастыралық: «Фотоэффект» 

тақырыбы  бойынша 11 сыныптарда  зерттеу – сабағы.  Оқушыларға      өздігінен  фототоктың 

түскен  сəуле  жиілігіне  тəуелділігін  зерттеу  жүргізу  ұсынылады.  Зерттеу  жұмысы 

компьютерде  жүргізіледі.  Компьютерлік  моделді  пайдаланып,  қажетті  нəтижелерді  алу 

ұсынылады.  Баршамызға  белгілі  «Физика  в  картинках»  бағдарламасы  аздаған  уақыт 

мезетінде  осындай  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  жағдайдарда 

оқушылар  өздігінен  шығармашылықпен  жұмыс  жүргізу  барысында  білім  алуға  талпынады, 

ал мұғалім тек бағыттаушы, жетелеушінің рөлін атқарады [4].  

Физика сабағында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру үшін, тəжрибелік 

сабақпен  қоса,  зертханалық  сабақты  дұрыс  жүргүзудің  де  маңызы  зор.  Зертханалық  сабақ 

жыл  көлемінде  арнайы  бағдарлама  бойынша  не  бір  тоқсанда  бір  рет,  не  үш  рет  өткізіле 

береді  (əр  сыныптың  күнтізбелік  жоспары  мен  бағдарламасына  сай).  Зертханалық  жұмыс 

жүргізуде барлық қажетті құрал – жабдықтардың əр топ оқушыларына жетіспеушілігі жəне 

жеткен  жағдайда  олардың  бірқатарының  жарамды  мерзімдеренің  өткендігі  қиындық 

тударады.  Зертханалық  жұмыстарды  орындауда  оқушылар  жеке  дəптерге,  жасалатын 

зертханалық  жұмыстың  тақырыбы,  мақсаты,  құрал  –жабдықтары,  суреті,  кестесін  сызып, 

суретке  қарап  құралдарды  жинақтап,  оның  дұрыс  іске  қосылуын  қадағалап  көп  уақыт 

шығындайды.  Ал, PASPORT Xplorer GLX құралы  арқылы  зертханалық  жұмыс  жүргізу 

барысында  уақытты  тиімді  үнемдеп,  үнемделдген  уақытты  тағы  қарма-қайшы  келетін 

жағдайды  қарастырып  көріп,  сараптама  жасауға  жіберген  тиімді.  Зертхана  жұмысын  жасар 

алдында  оқушыларға  зертханалық  жұмыс  парағы  таратылады.  Парақта  зертханалық  жұмыс 

тақырыбы, мақсаты, кестесі жəне əр топтың есептеу жүргізетін, қортынды жазатын бос орын 

қалдырылып  кетеді.  Əр  топ  өзіне  берілген PASPORT Xplorer GLX құралын  алып,  қажетті 

сенсорларды  бекітіп,  жадысындағы  қажетті  зертханалық  жұмыстың  мəліметін  ашады. 

Мəліметке  өлшейтін  шамаларды  белгілейді,  өлшем  бірліктерін  енгізеді. PASPORT Xplorer 

GLX  автоматты  болғандықтан  өзі  өлшеп  дайын  мəліметті  кестеге  тек  тіркеп  отырады. 

Есептелу  де  арнайы  енгізілген  формулаға  байланысты  автоматты  түрде  жүргізіледі. 

915


Тəуелділік  графигі 0,01 дəлдікпен  сызылып  көрсетіледі. PASPORT Xplorer GLX құралына 

төрт  бірдей  сенсор  қосып  жұмыс  жүргізуге  болады.  Барлығы  бір  жерде  компьютермен 

басқарылуы  мүмкін  немесе  компьютерге  қосусыз  да  жұмыстар  жүргізуге  болады. 

Зертханалық  жұмыс  аяқталған  соң,  оқушылар  өз  құралдырына  жұмысты  сақтап  немесе 

электронды нұсқасын ортақ папкаға саылып, мұғалімнің жұмыс папкасына салады. Мұғалім 

сол папкадағы мəліметті тексере келе əр топтың жұмысты қалай орындағандығына баға бере 

алады.  Техникалық  құралдарды  пайдаланып  зертханалық  жұмыстарды  жасау  барысында 

оқушылардың  қызығушылақтары  артып,  танымдылық  белсенділіктері  дамиды.  Мысалға, 

«Дененің  көлбеу  жазықтығымен  қозғалғандағы  үдеуін  анықтау»  тақырыбына  зертханалық 

жұмысты  орындауда PASPORT Xplorer GLX, PASPORT қозғалыс  сенсоры, 1,2 м PASСО 

трек, GOcar қажет.  Берілген  үлгімен  құралды  жинақтаймыз. GLX арқылы  алғашқы 

мəліметтерді жазып алып, (бір оқушы GLX сызба нұсқаларын дəлдеуге жауап берсе, екінші 

оқушы  орнатылған  арбашаға  жауап  берсе  жеңіл  болады)  трек  бойымен  түсетін  жəне 

көтерілетін арбашаның үдеуін анықтайды. Зертханалық жұмыстарды жаңартылған құралдар 

көмегімен  басқаруда  оқушылар  өздерін  кішігірім  зерттеушілер  ретінде  сезініп,  өздеріне 

жүктелген  тапсырмаларға  мұқият  болуға  тырысады.  Бұл  да  оқушылардың  танымдылық 

белсенділігін арттырудың бірден –бір жолы. 

Осы  жоғарыда  қарастырылған  материалдардың  барлығының  тоғысуы  электронды 

оқыту  құралдарында  жинақталған.  Электронды  оқыту  құралдарының  тиімділігі,  көп 

материалдың  бір  жерге  шоғырланып,  жүйеленуі,  ол  мұғалім  үшін  таптырмас  құрал  болып 

табылады. Сабақтарымда оқу – əдістемелік сипатындағы бірқатар электронды оқулықтарды 

пайдаланамын.  Бірақта,  ол  оқулықтардың  кейбіреуі  оқу  материалының  мазмұнына,  сынып 

ерекшеліктеріне  сай  болмай  жататындығы  да  шыңдық.  Сондықтан,  оны  толығымен 

қолданамын  деп  айта  алмаймын,  кейбір  жекелеген  тақырыптар  мен  оқуышларға  тест 

жұмыстарын өткізгенде жəне т.с.с. пайдалану тиімді. 

Бір сөзбен айтқанда, сабақта оқушы белсенділігін арттыру – оларды терең білім алуға, 

танымдық  қабілетін  дамытуға,  шығармашылық  жұмыс  жасауға  ұмтылдырады.  Ал,  АКТ 

қолдану əр мұғалімнің сауаттылығы мен құзыреттілігін дамытады. 

Сонымен,  оқушының  пəнге  деген  қызығушылығының  артуы  жəне  белсенділігінің 

дамуы пəн бойынша білім сапасының нəтижесінде көрініс береді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет