Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет70/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   113

Использованная литература 

1. Руководство для учителя. Третий (базовый) уровень

2. Программа курсов повышения квалификации.

3. Руководство для тренера. Третий (базовый) уровень

4. Руководство для тренера. второй (основной) уровень

5. Материалы  Центра  Современной  Педагогики  «Обучение  без  границ»,  Монреаль,

Канада 

6. Ягодкина И.П. Развитие личностной саморегуляции учащихся.



7.

Моросанова  В.И. Стилевые  особенности  саморегуляции  личности.  Вопросы

психологии. - 1991. - № 1.

 

8. Байжуманов  Д.Н.  Внедрение  инновационных  технологий  в  процесс  обучения  и

преподавания с целью повышения уровня саморегуляции учащихся.

 

 

http://ped-kopilka.ru/blogs/baygumanova-daniyar/statja-vnedrenie-inovacionyh-tehnologii-

v-proces-obuchenija-i-prepodavanija-s-celyu-povyshenija-urovnja-samoreguljaci-

uchaschihsja.html

 

604



ƏДІСТЕМЕЛІК ІЗДЕНІС  – ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ЖОЛ 

Есенжолова А.О. 

 «Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

Мақалаға Кіріктірілген Білім беру жағдайында қазақ əдебиеті пəнін жаңаша оқытудағы 

өзіндік ізденістер, сабақтың сапалы да қызықты өтуі үшін тəжірибеде қолданылған ұтымды 

əдіс-тəсілдер  жайы  айтылды.  Жаңа  əдістемелік  ақпарат  оқушылардың  өздігінен  ізденіп 

білімін  молайтуға,  білгенін  еңбек  үстінде,  өмірде  өнімді  пайдалануға  баулиды.  Түйін: 

оқытудың  белсенді  əдіс-тəсілдерін,  ақпараттық-коммуникативтік  технология,  аудио-

визуалды  құралдарды  тиімді  пайдаланып,  жаңашыл  мұғалім  өзінің  шеберлігінің, 

ізденімпаздығының арқасында нəтижеге қол жеткізе алады.  



Аннотация 

В  статье  предложены  наиболее  оптимальные  методы  и  приемы  для  реализации 

Интегрированной Образовательной программы, предлагается внедрить интересные подходы 

при  изучении  казахской  литературы.  Новая  методика  позволяет  учащимся  самостоятельно 

овладеть знаниями и навыками, которые дадут возможность им реализоваться в современном 

мире. Вывод: современный учитель, используя активные методы обучения, информационно-

коммуникативные  технологии,  аудио-визуальные  ресурсы  может  добиться  наивысших 

результатов. 



Abstract 

In the article effective methods and techniques for implementation of Integrated Educational 

Program and creative approaches for learning Kazakh literature are suggested.  The new approach 

lets students acquire knowledge and skills independently that will help them to realize themselves in 

contemporary world. Conclusion: modern teacher using active methods of learning, information and 

communication technologies, and audio-visual resources can help to achieve excellent results. 

Еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңі  – оқытудың дəстүрлі  

түрінен инновациялық əдістерге ауысатын өтпелі кезең. Оқушы бала бойында дамыған сана 

мен таным белсенділігі, тума қабілеті мектепте сан алуан ғылым салаларынан білім алу жəне 

ұстаздың көмегі арқылы ашылады жəне дамиды.

 

Бүгінде қоғамда туындаған талаптарға сай 



келешек  ұрпаққа  берілетін  білімнің  мəніне  жаңа  сипат  беріліп,  жаңа  ұстанымдар 

қарастырылуда.  

2013-2014  оқу  жылында  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінде  оқу  процесін  ұйымдастыру 

бойынша  нұсқаулық-əдістемелік  хатта: «қазақ  əдебиеті  пəні  өнердің  басқа  салаларымен  (кескін, 

театр,  кино,  телевидение)  салыстыра  қарастырып,өз  ойын  еркін,  дəлелді,  сараптай,  салыстыра 

отырып, айта жəне жаза алатын  тұлғаның қалыптасуына үлес қосады» делінген [1,б.29]. 

Сіздердің 

назарларыңызға  өзгелердің  тəжірибесін  жаңа  ортаға  икемдеп,  білгенім  мен  түйгендерімді, 

өзіндік жаңалығым арқылы айтарлықтай қол жеткізген нəтижелерімді ортаға салмақпын. 

 

Оқушылардың 



пəнге 

қызығушылығын 

арттыру 

мақсатында 

іздену-зерттеу 

бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну – бүгінгі өмір талабы. Мен үнемі өз жұмысымды 

осы бағытқа құруға тырысамын. Əр тақырыпты өткенде, алдымен ой қозғалады. 8-сыныпта 

«Аққыз»  повесін  өткенде, «Барымташылар», «Жұмбақ жолаушы», «Жаужүрек  ақбоз  атты», 

«Барымташылардың жеңілісі», ««Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деп сюжет элементтері 

605


арқылы топтастыру оқушының шығармашылық жұмыс алдында өзінің қабілетін іске асыруға 

дайындығын қалыптастыруға септігін тигізетінін байқадым. 

М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын өткенде, топтық тапсырма ретінде 

медиақұрал арқылы композициясы би, күй, əні аралас «Аққу биі» көрсетілді. Оқушылардың 

бір  тобы  поэмадан  бишінің  орындау  шеберлігімен  сəйкес  келетін  өлең  жолдарын,  екіншісі 

поэманың күй ырғағымен сəйкес келетін, үшіншісі əн сөзімен сəйкес келетін тұстарын таба 

отырып,  төртіншісі  биді  көркем  сөз  не  өлеңмен  бейнеледі.  Автордың  ақындық  құдіретін 

таныту  үшін  биде  жоқ,  бірақ  поэмада  көркем  бейнеленген  аққу  образы,  əсем  қимылдарды 

іздеуге  де  тапсырма  берілді.  Əдебиетті  өнермен  кіріктіре  отырып  жұмыс  істеу, 

бейнематериал  мен    поэма  арасындағы  ұқсастық  пен  айырмашылықты  салыстыру 

оқушылардың  аңғарғыштық,  ойланғыштық,  дербестік,  сыншылдық,  икемділік  т.б. 

қасиеттерінің дамуына септігін тигізгені байқалды.  

Зейнолла Қабдоловтың «Символ – бір нəрсені, не құбылысты тура суреттемей, бұларға 

ұқсас басқа бір нəрсеге не құбылысқа құпия теліп жасыра жарастырып, бүкпелей бейнелеу, 

ойды  да  ашық  айтпай,  тартымды  тұспалмен  түсіндіру»  деген  анықтамасын  негізге  ала 

отырып, оқушылар аққудың символдық белгілерін /адалдық, сұлулық, киелілік/ анықтайды, 

«кие»ұғымы  туралы  білетіндерін  ортаға  салады.  Оқушылар  халық  ұғымындағы    киелілерді 

жəне пікір қорғау түрін топтар парақша арқылы таратып алады. Пікірлерін нақты дəйектерге 

сүйене  отырып  дəлелдеуді  талап  ете  отырып,  Ш.Айтматовтың  «Найман-Ана»  үзіндісіндегі 

Найман-Ана мен М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы қасіретті Ана, бала 

мен  аққу,   С.Мұратбековтің  «Жусан  иісі»  повесіндегі  жусан,  М.Əуезовтің  «Көксерек» 

повесіндегі  қасқыр,  Ш.Құдайбердіұлының  «Қалқаман – Мамыр»  дастанындағы  Қалқаман 

мен  Мамыр,  А.Сейдімбековтің  «Аққыз»  повесіндегі  Наймантай  мен  Аққыздың  махаббатын 

киелілік  ұғымымен  байланыстыруға  бола  ма,  жоқ  па  деген  сұраққа  жауап  іздеді.  Осындай 

ойлар  мен  идеялар  қақтығысын  білім  алушылар    «Дастархан»  стратегиясында  топтастырды, 

пікірлерін  жарнама  түрінде  қорғады.  Сабақты  түйіндеуді  «Жансарай»  деп  атай  отырып, 

оқушыларға  Ақын,  уақыт,  болашақ  ролдеріне  еніп,  пікір  айтуға  ерік  берілді.  Мұндай 

тапсырма  баланың  тереңде  жатқан  ойын  дамытып,  оларды  сөйлетуге  үйретеді. «Осы 

тақырыпқа    басқаша  тың  көркемдік  шешім  таба  алсаңыз,  өз  туындыңызды  жазып  көріңіз. 

«Көз қорқақ, қол батыр». Іске сəт!» сияқты жұмыс істеу бағыттары арқылы бала белгілі бір 

шеберлікке жете алады. 

«Батыр Баян» поэмасын өткенде, «Көкшетаудың көркемдігін суреттеп отырған сəттегі 

ақын үні неге мұңды, себебін ашыңыз. Қазақ тілінен биоалуантүрлілікті еске түсіріңіз» деген 

тапсырма  оқушы  санасындағы  кері  байланысты  оятады  əрі  жауапты  қайдан  табуға 

болатынына жол сілтейді. «Сұлу, қайсар, ақылсыз, кекшіл, екіжүзді, өзімшіл, ақкөңіл, өжет, 

опасыз, еліне адал, жағымпаз, айлакер, тапқыр, сұм, жылауық. Осы мінездемелердің ішінен 

қалмақ қызына тəн дегендерін бөліп алыңыз. Себебін түсіндіріңіз» деген тапсырма білімді өз 

бетінше  игеру,  мəселені  мақсатты  шешуге  көмектесті. «Егер  оқиға  қалмақ  ішінде  болып, 

қазақ қызы осындай қылықтар жасаса, қалай бағалар едіңіз?» тапсырмасы оқушыны өзін-өзі 

тану, өзін-өзі дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.  

Сабақ  кезінде  автордың  өмірбаяны,  шығармашылығына  тоқталуға  мүмкіндік  бола 

бермейді. «Он  адам  жүрген  жерде  із  қалады.  Жүз  адам  жүрген  жерде – соқпақ,  мың  адам 

жүрген жерде жол қалады» деген бұрынғылар. Мұқағали жүрген жерлерде не қалды?  Сұрақ 

төңірегінде  ойланып,  эссе  жазып  көріңіз  немесе  «Бесік  балағындағы  жыланды»  автор  «Кім 

екенін  білмеймін,  түсімде  мен,  қарашұбар  жыланды  жиі  көрем...Улы  тістер  бар  шығар 

мұқалмаған.  Екінші  рет,  білмеймін  не  боларын,  Бірінші  рет,  əйтеуір,  жұта  алмаған»  деген 

астарлы сөздермен аяқтайды. Осы сөздің астарын Мұқағалидың өмірбаянынан іздеп, зерттеу 

606


жүргізіңіз»  деген  тапсырмалар  нəтижесінде  жаңа  материалдық  рухани  құнды  дүние  тууы 

əбден  мүмкін  нəрсе.  Осындай  жұмыстарды  үнемі  жүргізу  шəкірт  бойындағы  талант  көзін 

ашып, тілін байыту, қиялын ұштауға əсерін тигізеді.

 

Заман  талабына  сай,  бəсекеге  қабілетті  маман  дайындауда  кəсіби  шеберлігі  мен 



əдістемелік  жұмыстағы  шеберлігін  біріктіріп,  мұғалімнің  сабақты  түрлендіріп,  тұлғаның 

жүрегіне жол таба білуі - қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты. 

Осы  орайда,  əр  баланың  бойында  табиғаттан  берілген  ерекше  қабілеті,  дарындылық 

қасиетін  дамыту  мақсатында  берілген  тапсырмалар    барысында  олардың  өзіндік  идеясы 

туып, үлкен ізденіс пайда болады. К.Хамзиннің «Біздің ауыл суреттерін» өткенде, оқушының 

алған  білімі  өмірдің  қандай  бір  жағдаяттарында  қолдана  алатындай  болуына  назар 

аударылды.  Топтық  жұмыстың  алғашқы  қадамында  оқушыларға  хабарландыру  түрінде 

тапсырма беріледі. 

Хабарландыру 

Құрметті  оқушылар!  Сіздер  мектептегі  ең  белсенді  сынып  ретінде  жаңа  ғана 

«Мыжықауыл  микроауданы»  атанып  кеткен  ауылдан  оралдыңыздар.  Сіздерден  өтініш, 

ауылға  барып  қайтқан  сапарларыңыздағы  көрген-білгендеріңізді  тобыңызбен  минут 

ақылдасқан соң, нанымды етіп баяндап беріңіздер. Суретін салуға да болады. 

Оқушылар  бірін-бірі  қайталамас  үшін  баяндаушы  баланың  тірлігі,  Сарман  жайлы, 

Балташ  туралы,  Исабек  мұғалімнің  ара  ұстауы,  ажалсыз  қанден,  кешкі  ауыл  туралы 

оқиғаларды  бөліп  алды.  Блум  таксономиясын  басшылыққа  ала  отырып, «ауылда 

көргендерін»  рөлге  еніп  баяндады.  Мысалы, «Мектептегі  ең  белсенді  сыныптың  оқушысы  

ретінде  «Мыжықауыл  микроауданы»  атанып  кеткен  ауылға  аттандық.  Ауыл  алыс  екен. 

Түнімен жол жүріп, таң ата ұйықтап кетіппін. Кенет көзіме шағылысқан сəуледен тынышым 

кетіп, оянып қарасам, бір бала таң атпай ағашқа жайғасып алған, кəдімгі айнаны адамдардың 

бетіне  шағылыстырып  отыр. «Ел  əлі  шырт  ұйқыда  жатқанда,  таң  атпай  ерігіп  отырғанын 

қарашы!»  деп  ойлағанымша,  бала  отырған  ағаш  түбіне  де  келіп  қалыппыз»  деп  өз  көзімен 

көргендей етіп əңгімелеу тапсырылды.  

Əңгімелеу  барысында  тақырыптан  ауытқып  кетпес  үшін  оқушыларға  Блум 

таксономиясы басшылыққа ұсынылды. 

Білім: үзінді не жайында?  

Түсінік: үзіндіге қандай ат қояр едіңіз? Неге? 

Қолдану: ауыл өмірінің қалаға ұқсамайтын өзгешелігін табыңыз.  

Анализ: əңгімені ауыл тақырыбындағы басқа шығармалармен салыстырыңыз. 

Синтез: ауыл адамдарының бойындағы ұнамды қасиет, іс-əрекеттердің тізімін жасаңыз. 

Бағалау: осы үзіндінің сізге қандай өмірлік қағида беретінін бағалаңыз. 

Оқушылар ұсынылған үзіндіні шынайы өмірмен байланыстыра, мəтіннен дəлелдемелер 

келтіре отырып, жан-жақты талдайды, өз көзқарастарын нақты мысалдар арқылы дəлелдейді. 

Ауыл өмірінің құлдырап кеткен тұстарын сынға алды.   

2-қадамда  «Нені  өзгерту  керек?»  деген  сұраққа  жауап  табу  міндеті  қойылды.  Балалар 

топпен  ақылдаса  отырып,  ауыл  тұрмысын  өзгертудің  жоспарын  жасады.  Жоспардың 

нанымды, дəлелді, шынайы болуы талап етілді. 

3-қадам  «Жаңарған  ауыл»  деп  аталды.  Оқушылар  ауыл  жанашыры  ретінде  «Айтуға 

оңай»  хабарына  дайындалды.  Хабардың  мақсаты – ауылдың  гүлденуіне  ықпал  еткен  ауыл 

тұрғындарын  басқаларға  үлгі  ету.  Орталарынан  бір  оқушыны  жүргізуші  етіп  сайлады. 

Жеребе  арқылы  əр  топқа  бір  кейіпкердің  есімі  тиді.  Оқушылар  кейіпкерді  жан-жақты 

зерттеді,  өз  таңдауларымен  орталарынан  бір  оқушыны  кейіпкер  ретінде  сұхбат  беруге 

дайындады.  

607


Дайындық  уақыты  біткен  соң,  хабарды  жүргізуші  əр  кейіпкерді  «автор  орындығына» 

шақырды.  Хабарда  ең  белсенді  сыныптың  ауыл  тұрмысын  өзгерту  жоспары  ауыл 

тұрғындарына  ерекше  əсер  еткені  жайлы  сөз  болды.  Оқушылардың  қиялдарында  бір  кезде 

«Мыжықауыл  микроауданы»  атанып  кеткен  ауылдың  аты  да,  заты  да  адам  танымастай 

өзгерген.  Адамдары  да  бұрынғыдай  ішімдікке  əуес,  жалқау  емес. «Автор    орындығында» 

отырған  оқушылар  кейіпкер  бейнесіне  еніп,  бұрынғы  өмірлеріне  сын  көзімен  қарап,  өзге 

оқушылардың  сұрақтарына  жауап  берді.  Мысалы,  Сарман - қазір  ауылдағы  «Мəдениет 

үйінің»  меңгерушісі.  Ауыл  өмірін  рухани  байытып  отырған  адам.  Сарман  ұйымдастырған 

оркестр  шетелде  өнер  көрсетіп  қайтты.  Өзі  бірқатар  əндердің  авторы.  Жақында  ауыл  өмірі 

жайлы  кино  түсірмек  т.б.  Хабар  қызықты  өту  үшін  екі  сатушы  /бұрынғы,  қазіргі/  қатар 

шақырылды.  Бұрынғы  сатушы  бұрын  ауылда  қатаң  тəртіп  болмағанын,  өзін  заңсыз 

шығарғанын  айтып,  шағымдана  сөйлесе,  жаңа  сатушы  балаларға  арақ  сатудың  соңы 

жақсылыққа  апармайтынын,  жастарды  ауыл  боп  тəрбиелеу  керектігін  айтты.  Оқушыға 

өмірлік  қағида  бере  алатын  «Хабар»  барысында    бірте-бірте  ашылып  отыратын  ұнамсыз 

мінездер  мен  қылықтардың  нағыз  жағымсыз  əдеттер  екенін  түйсінген  оқушы  болашақта 

зияткер тұлға болуға өзін-өзі тəрбиелейді. Сабақтың табысы кейіпкер болған оқушылардың 

əдеби  материалды  өмірмен  байланыстыра  отырып,  шынайы  сөйлеуі, «хабарға 

қатысушылардың»  өмірдің  өзекті мəселелеріне  сыни  тұрғыдан  баға  беруі  болды.  Игерілген 

нəтижелерді  бақылай  отырып,  балалардың  шығармашылық  өнімдерін  жариялауға  ерік 

берудің  оқушының  өзін-өзі,  қоршаған  ортаны  тани  білу,  жаңа  нəрсені  анықтауға  ұмтылуға 

құлшынысын арттыратынына көз жеткіздім.  

Біздің  мектеп  жағдайында  шығармашыл  оқушылар  көп,  олардың  бойында 

шығармашылыққа  деген  тұрақты  қажеттілік,  тұрақты  сұраныс,  өз  ісіне  қанағат  табу  сезімі 

болатынын  байқадым.  Оның  бір  дəлелі,  Қ.Жұмаділовтің  «Қаздар  қайтқанда»  повесін 

өткенде, «Байтас  қарттың  шекара  бұзушы  ретінде  түрмеде  отырғанын  көз  алдыңызға 

елестетіңіз. Сіздің қорғаушы /адвокат/ ретінде ол кісіні түрмеден алып шығуға мүмкіндігіңіз 

бар.  Қарттың  шекарадан  өтудегі  əрекетін  ақтау  мақсатында  сотта  сөйлейтін  шешендік  сөз 

жазыңыз.  Сөзіңіз  нанымды,  дəлелді,  сенімді  болсын»  немесе  «Қошқар  мен  теке» 

мультфильміндегі «Білесің бе, қошқар, бақыт деген өз Отанымызда, өз үйімізде екен ғой. Тек 

оны  бағалай  білу  қажет.  Ал  біз  оны  алыстан  іздеп  қателесіппіз.  Мен  соны  енді  түсіндім» 

деген теке сөзінің əңгімеге қаншалықты қатысы бар екенін анықтаңыз. Сіздіңше, өз Отаны, 

өз  үйіндегі  адам  қаншалықты  бақытты?  Пікіріңізді    нақты  дəлелдер    арқылы    қорғаңыз» 

деген  тапсырманы  орындау  барысында  оқушылардың  белсенділігі  мен  өз  бетінше  жұмыс 

істеу қабілеті өте жоғары болды. 

Балалардың  тек  өткенге  емес,  болашаққа  да  қызығушылығын  туғызу,  іс-əрекеттердің 

жаңа  тəсілдерін  көбейту  мақсатында  «Өзіңді  Ш.Айманов  атындағы  «Қазақфильм» 

киностудиясында  жүргендей  сезін. «Аққыз»  повесінің  желісімен  түсірілетін  фильмнің 

сценарийіне  байқау  жарияланып  жатыр.  Фильмнің  сценарисі  атану  үшін  ешкімді 

қайталамайтын қандай сценарий ұсынған болар едіңіздер?  Шығармашылық тобыңызбен іске 

кірісіңіз»  немесе  «Ханда  қырық  кісінің  ақылы  бар»  дейді  қазақ  мақалы.  Абылай  ханның 

кемінде 6 қасиетін тауып жазыңыз» сияқты тапсырмалар олардың жеке тұлғалық дамуына, 

қабілеттерімен  ерекшелене  білуіне  көмектеседі.  Кіріктіруге  бағытталған  оқыту  үрдісінде 

оқушы мəселені тəжірибелік жолмен шеше білуді үйренеді. 

Білім  алушылардың  ұсыныс-пікірлерін  еркін  білдірту  арқылы  ойларын  ұштауға  жəне 

өздеріне  деген  сенімін  арттыруға  болады.  Р.Ғамзатовтың  «Менің  Дағыстаным» 

шығармасынан үзінді өткенде, «Бүкіл ұлттың ар-намысын  сақтау үшін туған ұлын «өлдіге» 

есептеген ананың ісі майданда көзсіз ерлік  жасаған жауынгердің ерлігіпен пара-пар. Туған 

608


баласынан тірідей айырылу қай анаға да оңайға соқпайтыны белгілі. Сондықтан анаға күш-

жігер, қайрат беретіндей хат жазып, қайғысын жеңілдетіңіздер» деген тапсырманы орындау 

барысында  оқушы  өзін  қоғамның  жауапты  мүшесі  сезініп,  қоғамдық  борышқа  саналы 

көзқарасы қалыптасады. Баланың рухани əрекеті оны рухани байлыққа жетелейді. 

Оқушылардың эстетикалық, дүниетанымдық, мəдениеттанымдық білімдерін дамытып, 

шығармашылық  қабілеттерін  айқындауда  драмалық  шығармаларды  оқытудың  маңызы  зор. 

Драмалық  шығармада  кейіпкерлердің  қимыл-қозғалысы,  сөйлеу  мəнері  үлкен  қызмет 

атқарады.  Оқушыларға  шығармада  суреттелген  адамдар,  заттар,  құбылыстарды  тікелей 

сипаттап  көру  өте  қызықты  екені  рөлдік  ойын  кезінде  байқалып  отырады. «Дара»  деп 

аталатын драма үйірмесіне қатысумен қатар, сабақтағы рольдік ойын кезінде сыныпты алға 

жетелеп, креативті ойлар ұсына білетін оқушылар тобын қалыптастырып алдым.  

Баланың  тереңде  жатқан  қабілеттері  де  драмалық  шығармаларды  оқыту  кезінде  жиі 

байқалады.  Р.Нұрғалиевтің  пікірінше  «Қазіргі  заманда  драматургия  мен  театр - күрделі 

уақытта  өмір  сүрген  қазақ  елінің  өмірінен  ерекше  орын  алатын  көркемдік  игілік,  эстетикалық 

байлықтардың  бірі...  Халық  байлығын  таусылмас  қазынаны  берік  тиянақ  ете  отырып, 

жазушыларымыз  соны  көркемдік  ізденістер  үстінде  əлем  əдебиетіндегі  жемісті  дəстүрлерді 

зерттеп,  озық  дəстүрлерді  игерді.  Əлем  əдебиетіндегі  формаларды  алды»

 [2,б.279]

.  Оқушылар 

драмалық  шығарманы  талдау  барысында  көптеген  терминдерді  меңгереді.  Кейіпкерлердің 

сөз қолданыстарындағы  көркемдегіш құралдардың мағынасын түсінуге тырысады, бейнелі 

ойлауды  үйренеді.  Бұған  дəлел,  биылғы  оқу  жылында  мен  сабақ  беретін  сыныптарда  «Қыз 

Жібек»  операсынан  үзінді  дайындау  тапсырмасында  мен  ешқандай  нұсқау  бермесем  де, 

оқушылардың  операның  ерекшеліктерін  көрсететін  тұстарына  ден  қойғандары  мені 

таңғалдырды.  Оқушылар  драмалық  шығарманың  тілдік    ерекшелігін  ғана  емес,  оның 

əсерлілік,  ықпалдық  күшін  танытуға  да  мəн  берген.  Сабаққа  ұлттық  киім  киіп,  декорация 

дайындап,  ұлттық  салт-дəстүр  элементтерін  енгізгендері,  əр  «режиссердің»  өз  шешімін 

ұсынуы,  рөлге  еніп  ойнауға  тырысулары - мен  ойламаған,  бұлай  боларын  күтпеген  жағдай 

болды.  

Кіріктірілген білім беру жағдайында оқушылардың өзіндік дүниетанымы, пайымдауы, 

оқыған  материалды  өз  бетімен  шығармашылықпен  дамыта  білуі  қашанда  маңызды.  Білім 

алушының өз ойын еркін білдіре алатын шығармашыл белсенді тұлға ретінде дамуына жол 

ашу мақсатында  8-сынып оқушыларының мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, 2 жыл 

ішінде  сабақ  барысында  жəне  сыныптан  тыс  орындаған,  əртүрлі  жүлделерге  ие  болған  

шығармашылық  жұмыстарын  «Талап»  деген  атпен  жинақтадым.Оқушыларды  жазба 

жұмыстарына 

дағдыландыру 

арқылы 


шығармашылық 

пен 


ғылыми 

ізденіске, 

жауапкершілікке баулуға болады. 

Əдебиеттер тізімі: 

1.

2013-2014 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша



нұсқаулық-əдістемелік хат

 

2. Қазақ əдебиеті. Хрестоматия. ЖББ мектептің  8-сыныбына арналған оқулық Атамұра. 2012



3. Сейдімбек А. Аққыз. Атамұра 2002

4. Қазақ  биі  "Аққу"  Казахский  танец  "Лебедь" / Арман67Азатұлы/  Қытай  Қазақтары

1000видео/2013/

http://yandex.kz/video/search?text=%D0%B0%D2%9B%D2%9B%D1%8

 

5.

Танымдық  белгіні  танисың  ба?  Немесе  символ  туралы  əңгімеАвтор:Мақсұтбек



СҮЛЕЙМЕН /

http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=70042/2013/

 

6.

Хамзин К. Біздің ауыл суреттері 



 

http://www.minber.kz/2013/

609


7.

Нұрғали Р. Драма өнері. Санат 2001

610


БАҒАЛАУДЫ  ҰТЫМДЫ ҚОЛДАНУ 

Есжанова Г. К. 

Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тараз қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

Автор  мақалада  бүгінгі  күнгі  тəжірибеде  бағалаудың  түрлі  тəсілдерін  сабақтарда  

ұтымды  қолдану  жолдарын  көрсеткен.  Оқыту  үшін  бағалау  жəне  оқуды  бағалау  модулі 

күнделікті сабақтарда қолдану тəжірибеде қандай  нəтижелер мен жетістіктерге əкелгендігі 

жайлы пікірлері берілген.  

Аннотация 

В этой статье автор показал эффективные методы  использования оценивания.Также 

показаны  пути  применения  модуля  «оценивание  обучения  и  оценивания  для  обучения». 

Данная технология способствует продуктивному  использованию оценивания на уроках. 



Abstract 

In this article, the author showed efficient use of assessment. And also the ways of applying 

the module "Assessment learning and assessment forlearning”.This technology facilitates productive 

use of assessment in the classroom. 

Білім  беру  жүйесі  өзінің  даму  тарихында  ұдайы  реформалар  жасаумен  келе  жатыр. 

Тəуелсіздік  алғаннан  кейін  білім  саласында    жүйелі  өзгертуді  талап  ететін  реформалар 

қабылданды. Соның бірі – Кембридж бағдарламасы. Дүниежүзіндегі көптеген мұғалімдердің 

тəжірибесінде  тұрақты  орын  алған    оқытудағы  Кембридж  тəсілі    оқушылардың  оқу 

нəтижелеріне оң ықпал етуде. Бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы  оқыту теориясы 

негіздерін  қамтыған  жəне    бұл  тəсіл  орта  білім  беру    жүйесінде  кеңінен  тараған.  Мектеп 

жұмысы мен оқушы  жетістіктерін өрістетуде жетекші тұлға мұғалім  болғандықтан, қазіргі 

білім  беруде  ұстаздар  осы  бағдарлама    технологиясын  жете  меңгеру  арқылы    тəжірибеде 

жүзеге асыруда. Бағдарлама негізінде жұмыс жүргізу оқушының ойлауын жəне пəнді терең 

түсіну  қабілетін  дамытуға  əкеліп  отыр.  Бұл  мұғалімнің  оқыту  туралы  сындарлы  түсінікті 

тереңдету  арқылы    өз  сабақтарын    оқушының  идеясы  мен    білімін  дамытуға    ықпал  ететін 

міндеттерге сай ұйымдастыру дегенді білдіреді. Сындарлы оқытуға негізделген тиімді оқыту 

оқушыларды белсенді оқуға, оқып-білу кезінде өз түсінігін өзгертуге, өз болжамдарына сыни 

тұрғыдан  қарауға,  өзінің  түсінігін  тереңдетуге  мүмкіндік  беріп  отыр.  Ол  табысты  оқытуды 

көздейді.  Табысты  оқыту    мұғалімнің  құзырлылығына  байланысты  атап  айтқанда    кəсіби 

түсінік  пен    оқытудың    тəжірибелік  дағдыларын    жете  меңгеруі    жəне  соған  бейімделуі. 

Оқытудың сапасын бағалау арқылы анықтауға болады. Бүгінгі күнгі тəжірибеде бағалаудың 

түрлі тəсілдері сабақтарда қолданылып жүр. Кембридж  бағдарламасының оқыту үшін бағалау 

жəне  оқуды  бағалау  модулі  күнделікті  сабақтарға  енгізііп,  қолдану  өзіндік    нəтижелер  мен 

жетістіктерге жетудің кепіліне айналуда. Нақты айтсақ, формативті жəне суммативті бағалау 

тапсырмаларын құрастыру кезінде  бірінші кезекте  оқушыға оқуда алға қадам басуына қолдау 

көрсету    жəне  сыни  бағалауға  үйрету  мақсатында  жасалынып  отырды.  Бұл  мұғалім  мен 

оқушының  қай  мақсатқа  жеткісі  келетіндігін  білуге  жəне  одан  ары  қарай  зерттеушілік, 

шығармашылық  ізденістердің  дами  беруіне  əкелді.  Кафедра  əріптестерімен  бірлескен 

жұмыстарды мақсатқа жету өлшемдерін түсіну арқылы жүргізу оң нəтижеге бастады. Форумға 

611


кіру жəне əріптестермен кеңесу, түрлі бағыттағы оқу семинарлары кəсіби түсінік пен кəсіби 

шыңдалудың,  тəжірибе  байытудың  улкен  бір  жолы  болды  деп  айтар  едім.  Себебі,  ұжымда  

жəне    ұжым  басшылары  қойған  оқу  бағыттары  мен  талаптары  соған  сай  келу  жұмыстарын 

жүргізіуге  бастады.  Ұжымға  келген  шет  елдік  оқытушылардың  жүргізген  сабақтары  мен 

шебер сыныптары  əдістемелік тұрғыдан кəсіби өсудің бір бөлігі болды.   

  Бағалау Реформасының Тобы оқыту үшін бағалауға мынадай анықтама береді: Оқыту 

үшін бағалау – бұл  білім алушылар  өздерінің  оқудың қандай сатысында  тұрғанын, қандай 

бағытта  даму  керек    жəне  қажетті  деңгейге  қалай  жету  керек    екендігін  анықтау  үшін 

оқушылар жəне олардың мұғалімдері  қолданатын мəліметтерді іздеу жəне түсіндіру үдерісі 

(Мұғалімге арналған Нұсқаулық, 58-б.)   

    Бұдан шығаратын қорытынды ой мұғалім сабақ үрдісінде жалғыз өзі ғана бағалауды 

жүргізбей, оқушылардың  да осы үрдіске қатысуына жəне өзінің, сыныптастарының немесе 

басқаның  білімдерін  бағалауға  үйрету  жұмыстарын  сауатты  атқаруы  қажет.  Кіріктірілген 

білім беру бағдарламасының негізінде 7-8 сыныптарда  оқу жылының  алғашқы тоқсанынан 

бастап    бағалаудың  техникасы  мен  технологиясын  меңгере  отырып,  сабақтарға  енгізу 

жүргізілді. 1,2,3 тоқсандарда жүргізілген жəне өткізілген бағалау жұмыстары мынаны көрсетті 

:  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет