ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ
ТЕОРИЯСЫНЫҢ ƏДІС-ТƏСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ескожина С. С.
Қаратөбе мектеп-гимназиясы
Қаратөбе ауданы, Батыс Қазақстан облысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Баяндамада мұғалім өз іс-тəжірибесіндегі модульдердің ықпалдастығын оқушыға
берілетін тапсырмалары арқылы мысалдармен көрсеткен. Өзінің практикасындағы əдіс-
тəсілдерді түрленту арқылы сабақ мазмұнын сындарлы оқыту теориясының идеясына
негіздеген. Əсіресе, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жəне білім беру мен білім алудағы жаңа
тəсілдер модулінің əдістерін оқушы шығармашылығы мен өзіндік көзқарасын қалыптастыру
мақсатында ұтымды қолдана білген.
Аннотация
В докладе учитель показал совокупность модулей своего практического опыта с
помощью заданий и примеров, данных ученикам. С целью разнообразия методов и приемов
содержание урока опиралась на методику обучения критическому мышлению. С целью
формирования творческих и личностных взглядов особенно удачно использовала методику
обучения критическому мышлению и новые подходы в преподавании и обучении.
Abstract
In the report teacher could show the coordination of modules in her experience by the tasks
which she gave to the students. By changing the methods of teaching she based the content of her
lessons on the theory of constructive teaching. Especially, she could effectively use methods of new
approaches to teaching and learning and learning to think critically to develop their critical thinking,
to form their own opinions.
Қазақ əдебиеті сабағы - оқушылардың ой-пікірін еркін жеткізіп, сөйлеу мəдениетін
дамытып, өзіндік көзқарасын, азаматтық ұстанымын қалыптастырып, жан–жақты ойлауға
мүмкіндік беретін пəн. Сондықтан əр сабақтың мақсатына орай, оқушылардың оқуын тиімді
ұйымдастырып, олардың бойындағы білім, білік, дағдысын артыру үшін, сындарлы оқыту
теориясының əдістерін қолданудың маңызы зор. Жеті модульдің əрқайсысының сабақта
алатын өзіндік үлесі бар. Дегенмен мен өз тəжірибемдегі əдебиет сабағында ең көп
қолданатын модульдер–білім беру мен білім алудағы жаңа тəсілдер жəне сыни тұрғыдан
ойлауға үйрету. Диалогті əдебиет пəнінде қолданудың мақсаты оқушының білім алу, өз
пікірін дəлелді жеткізу, сөйлеу дағдысын арттыруды көздейді.
Сабақтың тұсаукесер бөлімінде
түрткі болу, сынақтан өткізу жəне қайта бағыттау
сұрақтарын қою арқылы оқушылардың жаңа сабаққа ынтасын арттыру бағытын
ұстанамын.
620
Мысалы, 6-сыныпта А.Құнанбайұлының «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
тақырыбындағы өлеңін бастар алдындаоқушыларға түрткі болу сұрақтарын қойдым:
-Жүйрік тұлпар неліктен жеті қазынаның бірі болып саналады?
Оқушылар жауабынан соң, сынақтан өткізу сұрағымен жетеледім.
-Батырлар жырындағы тұлпарлар бейнесін есімізге түсіріп көрейік?
-Жүйрік ат туралы қандай шығармаларды білеміз?
-«Ат-ер қанаты» деген мақалдың мəнін ашып көр?
т.б. қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы мен оқушыларымның ойларын жинақтау
барысында жаңа тақырыпты бастауға қызығушылықтарын тудырдым.
Сұрақ-жауап оқушыны ойлануға, ойын жүйелі жеткізе отырып, жаңа тақырыпқа
байланысты тұтас көзқарасын қалыптастыруға, салыстыра талдауға, өзіндік ішкі тұжырымын
жасауға, оқушының деңгейін саралап, тақырыпты меңгеруі үшін қажет.
Мерсердің зерттеуіне сəйкес, əңгімелесудің 3 түрін (1.Əңгіме дебат 2.Топтық əңгіме
3.Зерттеушілік əңгіме) жаңа сабақты меңгертудің негізгі бөлімінде қолданған тиімді.
Тақырып
Əңгіме-дебат
Топтық əңгіме
Зерттеушілік əңгіме
Д.Бабатайұлы
«Аягөз, қайда
барасың?»
«Отаршылық
саясат қазақ халқы
мəдениеті
дамуының бастауы
ма?»
Риторикалық
сұрау
арқылы құрылған өлең
желісіндегі
халықтың
хал-жағдайын бейнелеу
(постермен жұмыс)
Отаршылық
саясаттың
күңгейі мен көлеңкесі?
(Екі
жақты
күнделік
арқылы сараптау)
А.Құнанбаев
«Қансонарда
бүркітші
шығады аңға»
«Аңшылық
кəсіп
пе, əлде...»
Қазақ
халқының
аңшылық,
құсбегілік
дəстүрі туралы қосымша
мəлімет беру (интернет
желісінен
ізденіп,
презентация жасау)
Абайдың
ақындық
шеберлігі.
Өлеңдегі
көркемдегіш
əдіс-
тəсілдерді
табу.
(Интерактивтік
тақтаға
орындау)
Көркемдегіш
тəсіл
Мысалы
М.Əуезов
«Көксерек»
«Құрмаштың ажал
құшуына
кім
кінəлі?»
Шығармаға
компазициялық
талдау
жасау
(Интерактивтік
тақтаға орындау)
Шығарманың
негізгі
идеясын,
жазушының
айтқысы келген түйінін
шығару. (постермен
жұмыс)
Осы тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар жаңа тақырыпты меңгерумен қоса,
пікір алмасып, зерттеуге ынталанады.
Зерттеушілік əңгімені жүзеге асыру үшін үшінші сабағымда топтарға
«Дискуссиялық карта» əдісін қолдандым. Оқушыларды неғұрлым кеңірек мəлімет ұсынуға,
ойларын дəлелдеудету үшін сұрақтар беру арқылы пікіралысуға ұмтылдырдым. Мысалы:
О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» шығармасын өткен кезде, «Тортайдың арманының
орындалмауының себебі неде деп ойлайсыңдар? Ораш Тортайдың ақ боз аты менің
тақымымда кеткендей еді, енді оны қайтаруға кеш еді» деп неліктен қысылады? деген
мəртебесі жоғары сұрақтарды топтарға қойдым. Балалардың Тортайдың тағдырына
алаңдаушылық білдіргені соншалықты, қызу пікіралысып, сауалдар төңірегінде талқылау
жасады. Мысалы: бірінші топтағы Құндыз Ораш өз досын қалайда өзі оқуға кеткенде бірге
алып кету керек еді, өйткені ол ауқатты отбасынан шыққан, неге ол өз досына қамқорлық
жасамады деп», Орашқа наразылығын білдірсе, келесі топтан Аружан «мен Тортайды
621
аяймын. Ол ұяң, бала кезінен бастап, жетімдіктің ащы дəмін, əділетсіздік пен қатігездікті
көп көрді. Оның ата-анасы жоқ еді. Сондықтан да оның арманы орындалмады» деп өз
пікірін дəлелдеуге тырысты. Ал Ақжол болса «Тортайдың ауылда малшы болса да,
адамгершілігі мол, қарапайым азамат болып та елге пайдасы тигендігін» сөзге арқау етті.
Оқушылардың ойларын шарықтатып, көзқарастарын қалыптастыру үшін, алдымен
мұғалімнің өзі оқушыларға беретін сұрақты түрлендіріп, күрделендіріп отыруы тиіс.
Сондай-ақ, талқылаудың «Радиоға қоңырау шалу», «ТВ-шоу», «Кезбе тілші»,
«Еркін талқылау», «Ыстық орындық», «Мозаика» тəсілдерін қолдану жаңа тақырыпты
игертуде балалардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды, сыни ойлауға,
кейіпкер образына ене отырып, сөйлеу мəдениеті қалыптасады, жауапкершілік сезімі артады,
басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне жəне бағалауына ықпал етеді.
Сабақтың қорытынды бөлімінде сыни ойлауды талқылаудың əдістерін қолдану
арқылы бұрынғы алған білімін еске түсіруге, қайталауға, ой-қиялын шарықтатып, жаңа
тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге, зерделеуге баулимыз.
Осы тұрғыда блум таксономиясын пайдалану тақырыпты терең меңгеруге ұтымды
тəсіл болып табылады. Мысалы, «Жеңілден күрделіге» тапсырмасында оқушылар Блум
өлшемдері бойынша сұрақтарға жауап берді.
Блум
таксономиясы
С.Мұратбеков
«Жусан иісі»
І.Жансүгіров
«Əнші»
М.Жұмабаев
«Батыр Баян»
Білу
«Жусан
иісі»
шығармасының
авторы кім?
«Əнші» өлеңі кімге
арналған?
Поэмадағы тарихи
кейіпкерлерді ата?
Түсіну
Шығармадағы
ауыл
тіршілігін суретте?
Əсеттің
əншілік
құдіреті қандай сөздер
арқылы көрінген?
Поэмадағы табиғат
пейзажын
тауып,
əңгімеле?
Қолдану
Аянның
зеректігіне
мысал келтір?
Өлеңнің
бөлімдеріне
тақырып қой?
Поэмадағы бейнелі
оралымды
тіркестер,
мақал-
мəтелдерді тап?
Талдау
Əжесі
қайтыс
болғанда Аян неліктен
жыламады?
Өлеңдегі көркемдегіш
əдіс-тəсілдерді тап?
Баянның образына
мінездеме жаса?
Жинақтау
Аянның
ертегісі
неліктен баяғыда бір
жетім болыпты деп
басталады?
Ж.Аймауытұлының
«Əнші» əңгімесіндегі
Əмірқанның
əншілік
құдіреті мен Əсеттің
əншілігі
туралы
салыстыр
Поэмаға
компазициялық
талдау жаса?
Бағалау
Егер
сен
жазушы
болсаң,
шығарманы
қалай аяқтар едің?
Бүгінгі
дəстүрлі
əншілік өнер туралы
көзқарасың?
«Поэмадағы
ең
бақытсыз жан» эссе
жазу
Оқушылардың жаңа тақырыпты жан-жақты түсініп, көзқарасы мен өзіндік ұстанымын
қалыптастыру үшін, «Де Бононың ойлаудың алты қалпағы» əдісі арқылы
қорытындылаудың тиімділігі оқушыны сыни ойлауға мүмкіндік береді. Мысалы
622
Қ.Мырзалиевтің «Кəрі қыран» өлеңін қорытындылау барысында үш топтан екі оқушыдан
шығарып, өз ойларын айтқыздым. Оқушылардың жауаптары төмендегідей болды.
Ақ
қалпақ-
ақпарат
айтады.
Қыран құстар
туралы мəлімет
беру.
Ақ қалпақты оқушы.Қыран құстар табиғи туыстығы,
қабілеті, түс өзгешелігі жағынан 4-4-тен 16-ға бөлінеді
екен.
Бүркіттер тобы: байқасқа, ақиық, қараша, көнтабан шөгел
Қаршыға тобы: тұйғын, қаршыға, шəулі, қырғи
Ителгі тобы: сұңқар, ителгі, пəрім, күйкентай
Лашын тобы: бидайық, лашын, жағалтай, тұрымтай. Ал
өлеңдегі қыран бейнесі кəрі, шау тартқан, көзі
қарауытып, бойы құрыстанған.
Қызыл
қалпақ-
түйсік.
Өлең
қалай
əсер
етті,
сезімге
əсер
еткен тұсы?
Қызыл қалпақты оқушы: Өлеңдегі қарт қыранның бейнесі
жəне оның мерт болуы көңілге аяныш ұялатады. Оның
бұл шешіміне ақ қарлы тау да күрсінген еді. Жас бүркіт
те шіміркеніп, де жүрегі дір етеді.
Сары қалпақ-
позитивті
ойлау,
оптимист.
Өлеңнен
болашаққа үлгі
алатын тұстары
қандай?
Сары қалпақты оқушы: Қыранша өмір сүргенің
Қандай бақыт!
Қандай бақыт-
Қыранша өле білген!-дегендей қыран бейнесінен
қайсарлықты, намысшылдықты үлгі етіп алуға болады.
Намысшылдық адамдарды тек жігерлендіретін, жеңіске
жеткізетін қасиет дер едім.
Қара қалпақ-
негативті
ойлау.
Өлеңнің
жағымсыз
тұстары
бар
ма?
Қара қалпақты оқушы:Мен керісінше бүркіттің бұл
шешімімен келіспеймін. Бүркіттің өз-өзін намысшылдық
жолында құрбан етуінен өзіне өзі қол салатын
адамдардың бейнесін көруге болады. Ол-табиғаттың
заңына бағынып, кəрілікті де өрлігімен өткізу керек еді.
Жасыл
қалпақ-
креативті
ойлау.
Егер сен ақын
болсаң, өлеңге
тағы қандай
идея
қосар
едің?
Жасыл қалпақты оқушы: Егер мен ақын болсам,
қыранның өзін-өзі құрбан етпей, қиядан қарап тұрған
жас бүркітке үлгі көрсетіп, соңғы рет қасқыр алу
үстіндеғ яғни шайқас үстінде батырларша мерт болуы
жөнінде ой қосар едім.
Көк қалпақ
қорытынды
сұрыптау.
Көк қалпақты оқушы:Бұл тақырыптан өзіме көп үлгі
алдым. Ақынның ерекше тақырыпқа ой қозғауы, ақындық
қиялының шексіздігі, табиғаттың қырағы перзенті əрі
қазақтың ежелгі дəстүрінің куəсі қыран бейнесін шебер
суреттеуі таң қалдырды.
Сыныпта топ ішінде, жұппен жұмыс, жеке жұмыс барысында оқушылардың бір-
бірімен ой бөлісуі, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс арқылы сыни тұрғыдан
ойлауды дамыту əдістерін, диалогтік оқытуды жүзеге асыра отырып, өзіндік ойы, көзқарасы,
пікірі бар, ұстанымы қалыптасқан жеке тұлға дамытамыз. Диалогтік оқыту арқылы
оқушылардың тілдік қарым-қатынас жасауы, сөйлеу шеберлігі, ойлау қабілеті, қиял
ұшқырлығы дамиды.
623
Осы сабақтарда деңгейлі бағдарламалардың əдіс-тəсілдерін қолдану арқылы мен
жəне менің оқушыларым үшін не тиімді болды. Мұғалім үшін:
Сындарлы оқытудың əдіс-тəсілдерін кеңінен қолдану арқылы тақырыптарды жан-жақты
меңгерту
Диалогке негізделген тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
арттыру
Оқушы үшін:
Ақын-жазушылардың шығармаларын терең меңгереді
Шығармалардан үлгі- өнеге алады
Эстетикалық талғамы қалыптасады
Шығармаларды талдау арқылы азаматтық ұстанымдарын, өзіндік пікір-көзқарастарын
арттырады.
Шығармашылық құзыреттілігі дамиды
Əдебиеттер тізімі
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей./ «Назарбаев зияткерлік
мектебі» ДББҰ,2012. Үшінші басылым./Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектебі»
ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Əдістемелік кеңесі ұсынған. 40- 41 б., 50-53 б.
2. Халперн Дайана. Сыни тұрғыдан ойлаудың психологиясы. Санкт-Петербург, 2002ж
3.Мектептегі тəжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. (Үшінші
деңгей 2012 ж.
624
«ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖƏНЕ ОҚУДЫ БАҒАЛАУ» ƏДІСТЕМЕСІН
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
Есмагамбетова Д. А.
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Ұсынылып отырған мақала оқу үрдісінің ең маңызды құрылымы болып табылатын
оқушы жетістіктерін бағалау жүйесі туралы айтылады. «Оқыту үшін бағалау жəне оқуды
бағалау» əдістемесін информатика сабағында қолдану ерекшеліктері қарастырылады.
Аннотация
Представленный материал освещает одну из важнейших составляющих
образовательного процесса – систему оценивания и регистрации достижений учащихся. В
статье рассматривается особенности применения методики «Оценивание обучения и
оценивание для обучения» на уроках информатики.
Abstract
The material presented highlights one of the major components of the educational process –
a system of evaluation and registration of student achievement. This article discusses features of
application of the method "Assessment of learning and assessment for learning" on IT lessons.
Бағалауды реформалау, білім аясында кез келген
жүйелі өзгерістерге мүмкіндік беру үшін қажет.
Жаһандық масштабтағы өзгерістер, оқушыларды
келешекте еңбек нарығында олардың жетістіктері үшін
қажетті дағдылармен қамтамасыз етуін талап етеді.
(МакГо, 2008)
Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев өз сөзінде «Болашақтың тағдыры жастардың қолында,
жастардың тағдыры ұстаздың қолында» деген болатын. Ендеше бұл бүгінгі заман талабына
сəйкес ұстаздардың да жаңару үстінде болу керектігін аңғартады. Мұғалім неліктен өзгеруі
керек? Заман өзгеріп, біз жаңа бағытқа бет бұрдық. Оқушыға жаңа, тез, қарқынды өзгеріп
жатқан заманда терең білім алуы үшін, ол білімді кез-келген уақытта, қажет болған жағдайда
қолдана білуі үшін, кез-келген жағдайға сыни тұрғыдан қарай алуы үшін, мұғалімнің өзгеруі
қажет!!!
Қазіргі əлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер əлемдік білім беру жүйесін қайта
қарау қажет екендігін айғақтап отыр. Қарқынды өзгеріп жатқан əлемде жалпы мектептер
үшін де, соның ішінде мұғалім үшін де ең басты мəселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырға
оқушыларға нені оқытуымыз қажет?» [1, 5 бет]
Мұғалімдер, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нəтижесінде еркін,
өзіндік дəлел-уəждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары
жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруы
қажет.
Қазіргі кезде көптеген мұғалімдер өз тəжірибелерінде дəстүрлі 5 балдық бағалау
жүйесін қолданады. Оқушылардың оқу жетістіктерін тексеретін бұл əдіс оқушының білімін
нақты дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік бермейді.
625
Бұл талаптарды іске асыру үшін оқушылар білімін бағалауда жаңа əдісте жұмыс жасау
қажеттілігі туындап отыр. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірі –критериалды бағалау
жүйесі бойынша оқушы білімін бағалау.
Критериалды бағалау - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген
оқушының оқу - танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген
жетістіктермен салыстыру үрдісі, яғни оқушы өзін-өзі бағалауды үйренеді, өзінің
артықшылықтары мен кемшіліктерін байқап, қалай даму керектігін түсінеді. Критериалды
бағалау жүйесі оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты орнатып, оқыту мен оқу
тəжірибесіндегі қателіктерді дұрыстауға мүмкіндік береді, оқушыны оқуға деген уəжін
оятып, дамытатын құрал болып табылады.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
-
Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін сапалы түрде бағалауға мүмкіндік береді;
-
Оқушыларға оқу үдерісі барысында ойын еркін айтуына, өзінің білімін көрсетуге, өзін
жəне өзгелерді бағалауға бағалай арқылы кері байланысқа түсуге мүмкіндік береді;
-
Ата-аналар баласының білім сапасының дəлелдемелерімен таныса алады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу
жəне түсіну, қолдану, сын тұрғысынан ойлау жəне зерттеу, коммуникация жəне рефлексия,
анализ жəне синтез, проблеманы шешу, өздігінен білім алу, ақпаратты өңдеу, практикалық
жəне тəжірибелік дағдылары жатады.
Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқушы білімі – қалыптастырушы
жəне жиынтық бағалау арқылы бағаланады. Қалыптастырушы бағалау – оқыту үшін бағалау,
яғни оқушының оқудың қандай сатысында тұрғанын, берілген материалды қандай дəрежеде
қабылдағанын, оқытудың қиындықтарын анықтай аламыз жəне кері байланыс жүйесін
жақсартамыз, оқушыларға алға ілгерілеуіне көмек көрсетеміз жəне əдіс-тəсілдерімізді,
тапсырмалардың түрлерін өзгерте аламыз. Оқушының жаңа сабақты, жаңа тарауды қалай
меңгеріп жатқанын жүйелі түрді бақылап, қадағалап отыруымыз қажет. Жалпы
қалыптастырушы бағалау сабақ үрдісінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін
үрдіс. Ол сабақтың толық бөлігін қамтымайды, сабақтың басында, сабақтың ортасында
немесе сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.
Ал жиынтық бағалау –оқуды бағалау болып табылады.
Табыс критерийлері тапсырмаға сай құрылып, оқушының оқу жетістігінің нəтижесі
ауызша немесе жазбаша түрде «мақсатқа жетті», «талпынды» деген бағалау түрлерімен
қорытындыланады.
Сабақтың əрбір кезеңін қорытындылау кезінде қалыптастырушы бағалау жүргізіледі,
сол арқылы мен өзімнің ғана емес, оқушылардың да келесі іс-əрекетін жоспарлай аламын.
Барлық сабақтарда келесідей қалыптастырушы бағалау техникаларын қолданамын:
«Сөзбен бағалау» - мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс, оны сабақтың əр
кезеңінде қолданған тиімді.
«Екі жұлдыз, бір тілек» техникасы арқылы жұмысыңның теріс жақтарын көріп қана
қоймай, оң жақтары туралы да білуге болады. Оны ауызша, жазбаша, топпен жəне жеке
түрде жүргізуге болады.
Бағдаршам техникасы. Оқушыда бағдаршамның үш түсті үлестірмелі дөңгелекшелері
болады. Мұғалім оқушылардан осы үлестірмелі дөңгелекшелермен белгі беруді сұрайды.
Егер сабақты жақсы түсінсе жасыл түсті дөңгелекшені көтереді. Олардан «сіздер нені
түсіндіңіздер?» деп сұрайды. Сары жəне қызыл түсті дөңгелекшелерді көтерген
оқушылардан «сіздерге не түсініксіз?» - деп сұрайды. Алынған жауаптардың
626
қорытындысынан мұғалім қайталап оқуға, тақырыпты бекітуге шешім шығарады.
«Бағдаршам» техникасы арқылы оқушының сабақты түсіну деңгейлерін анықтауға болады.
Формативті тест техникасы. Оқушыларды өз еркімен төрт оқушыдан шағын
топтарға бөледі. Əр оқушыға тесттік сұрақ жəне жауап парағы болады. Оқушыларға тесттің
сұрақтарын осы шағын топта талдау ұсынылады. Талдағаннан кейін оқушылар өз бетімен
жауап парағын толтырады. Əр оқушыға балы жеке есептеледі. Оқушыларды егер топтың
мүшелерінің жауабымен келіспесе өздері дұрыс деп тапқан сұрақты белгілеуге болатынын
ескертеді.
«Аяқсыз сөйлемдер» техникасы. Оқушылар сөйлемді аяқтау қажет, мысалы,
Маған сабақта қызықты болды…
Бүгін сабақта түсіндім…
Білгім келеді…
«Жұптасып өзара бағалау» техникасы. Бұл жұмыс жұппен жүргізіледі, оқушылар бір-
бірінің жұмысын тексереді, кемшіліктерін ауызша түрде немесе жауаптар үлгісін
пайдаланып көрсетуіне болады.
«Өзін-өзі бағалау» техникасын əртүрлі түрде қолданамын; а) сабақтың басында
берілген мақсаттар арқылы өзін- өзі бағалау; б) Жауаптар үлгісі көмегімен өзін – өзі бағалау;
қалыптастырушы тест көмегімен өзін-өзі бағалау.
Қолмен белгі беру техникасы.
Түсінемін жəне түсіндіріп бере аламын (Бас бармағын жоғары көтеру арқылы)
Мен əлі түсіне алмай отырмын (Бас бармағын жанына қарату арқылы)
Мен əлі сенімді емеспін (Қолын бұлғау арқылы)
Бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты
фактордан тұратындығын көрсетті:
1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.
3. Бағалау нəтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.
4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едəуір ықпал
ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
5. Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы жəне өздерінің оқуын қалай жақсартуға
болатындығын түсіну қажеттілігі. [1, 60 б.]
Оқуды бағалаудың мақсаты керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін
жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға
бағытталмаған, оның үстіне маңызды мəні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері əсерін тигізуі
мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b). Оқуды бағалау кезінде бір оқушының
жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол
жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. [1, 28 б.]
«Оқыту үшін бағалау» əдістемесін информатика сабағында қолдануды толық түсіну
мақсатында, 7 сыныптағы «Электронды кестедегі мəліметтер типі» тақырыбына
құрастырылған табыс критерийлері ұсынылады.
Кесте 1. Табыс критерийі
Достарыңызбен бөлісу: |