Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет66/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   113

Əдебиеттер тізімі 

1. І деңгей мұғалімдеріне арналған нұсқаулық

2. Б.Қ.  Дамитов,  Н.Т.  Ермеков,  О.И.  Можаева,  Г.И.  Головатая,  Ж.Қ.  Егімбаева, С.Ж.

Ноғайбаланова,  Ш.Ə.  Сүлейменова,  Г.П.  Махметова,  Т.Ө.  Текешева  Қазақстан 

Республикасындағы  Білім  беру  жағдайы  мен  дамуы  туралы  ұлттық  баяндама. – Астана: 

ҰБСБО, 2009 

3. «Дат» Республикалық қоғамдық саяси газет 10 сəуір 2012

572


БАҒАЛАУДЫҢ  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ  МЕН ТИІМДІЛІГІ 

Ергазина Р. М. 

Өлеңді орта мектебі  

Науырзым ауданы, Қостанай облысы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Нақты  мақалада  автордың  бағалаудың  түйінді  құндылықтары  жайындағы  ойы  мен 

сабақта қолдану барысындағы тиімділігі, жеке тұлғаны тəрбиелеу, жан-жақты білім алуына 

қолайлылығы айтылған. 



Аннотация 

Данная  статья  раскрывает  мысль  автора    о  качестве  оценивания  и  использования  на 

уроках, в воспитании учащихся и получении разносторонних знаний.   

  

Abstract

This article reveals the author's idea of the quality assessment and use in lessons, in the 

education of students and get diverse knowledge. 

«Білімді ұрпақ – болашақ кепілі», - демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын 

қалыптастыру  бағытындағы  білім  беру  мəселесі – мемлекетіміздің  басты  саясатының 

бірі.Шығармашылық  қабілет  əр  баланың  табиғтында  болуы  мүмкін.Біздің  міндетіміз 

оқушыға  оның  бойында  көрінбей  тұрған  мүмкіншіліктерін  ашып  көрсету.Осы  міндеттерді 

орындауға  мұғалімге  керегі-дұрыс,  тиімді  əдіс-  тəсілдерді  таңдап  пайдалану.  Қазіргі  жас 

буын- еліміздің келер күнгі келбеті.Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев: 

«Ғасырлар  мақсаты  –саяси-экономикалық  жəне  рухани  дағдарыстарды  жеңіп  шыға  алатын, 

əзгəленген  ХХІ  ғасырды  құрушы  іскер,  өмірге  икемделген,  жан-  жақты  жеке  тұлғаны 

тəрбиелеп  қалыптастыру»,-деген  тұжырым  жасады.  Педагогтік  шеберлік-  дарынды  талант 

емес, үйренудің, ізденудің нəтижесі. 

Құзырлы  оқытудың  маңызды  факторы  мұғалімнің  оқушының  тақырыптың  мəнін  өз 

бетімен  меңгеруін  түсінуі  мен  бағалай  алуы  болып  табылады.  Осылайша  оқушы  да  өзінің 

оқуы үшін жауапты болады. 

Орта білім беру жүйесінде əлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал 

оқыту əдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тəсіл 

кең тараған (Hatte, 2009). 

Бұл  бағдарламаның  басым  бөлігі,  түрлі  тəсілдер  қарастырылғанына  қарамастан, 

сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту 

олардың  бұрынғы  алған  білімдері  мен  жаңа  немесе  сыныптағы  түрлі  дерек  көздерінен, 

мұғалімнен, оқулықтан жəне достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген 

тұжырымға негізделеді.  

Міне осы сындарлы оқытуды негізге алған бағдарламаны оқу барысында жеті модульді 

оқып  үйрендім.  Осы  жеті  модульдің  ішінде  «Оқыту  үшін  бағалау  жəне  оқуды  бағалау» 

модулін өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін. Дəстүрлі оқыту жүйесінде баланы бағалауда 

тек  мұғалімнің  ғана  ықпалы  болатын  жəне  көбіне  баланың  жауап  беру  стиліне  қарап 

салыстырмалы  немесе  ынталандыру  бағасы  қойылатын,  сонымен  қатар  нақты  білім 

бағаланады. 

Сыныптағы  бағалау  тек  қана  техникалық  тəсіл  емес.  Мұғалімдер  жазбаша  немесе 

ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды.Олар қолданатын кез келген нысанның артында 

573


объективті немесе жеткілікті дəрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, 

сондай-ақ баланың дамуы, оқуы жəне ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, 

қабілеттілік  жəне  күш-жігер  сияқты  ұғымдарға  қатысты  құндылықтар  жатады.[Александер, 

2001]  


Бағалау-одан  арғы  оқу  туралы  шешімді  қабылдау  мақсатымен  оқытудың  нəтижелерін 

жүйелі  түрде  жиынтықтауға  бағытталған  қызметті  белгілеу  үшін  қолданылатын 

термин.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  [56-бет] 

Мен осы курста бағалаудың екі түрі бар екенін білдім. Олар: Оқыту үшін жəне оқуды 

бағалау.  Ол  формативті  яғни  қалыптастырушы,  суммативті  ол  қорытынды  баға  болып 

табылады.  Оқушыларды  мадақтап,  үнемі  ынталандырып  отыру  керек.  Бұған  дейін 

оқушының  білімін  өзім  бағалап  келіппін.  Бағдарламадағы  жеті  модулді  сабаққа  енгізе 

отырып сабақ өткізу барысында бала жетістігін бағалау өзгеше. Бағалаудың формативті жəне 

жиынтық (суммативті) түрлерін əр сабақта пайдаланамын. 

Бағдарламаның  бұл  модулі  бойынша  мектептегі  тəжірибеде  көптеген  кедергілер 

кездеседі. Əрине, осы модуль идеяларын іске асыру маңызды. Себебі, əр мұғалім алдындағы 

оқушыға қаншалықты деңгейде білім бергенін, оны оқушы қалай қабылдағаны туралы білгісі 

келеді.  Бағдарлама  модулдарын  енгізе  отырып  жасаған  сабақ  жоспарларымда  оқушының 

жиынтық бағасына жету үшін, формативті бағалауды аса ептілікпен ұйымдастыру керектігін 

түсіндім.  Сабақтарда    формативті  бағалаудың  келесі  түрлерін  қолданамын -  Өзін-өзі 

бағалау; Жұпта бір-бірін бағалау, Топта бір-бірін бағалау.     

Өткізген    сабақтың  барлығында  да  бұл  модуль  жүреді.  Сабақтың  əр  кезеңінде  оқушы 

білімі формативті түрде бағаланады. 

Оқыту  үшін  бағалау  жəне  оқуды  бағалау  модулі  идеяларын  іске  асыру  неге  маңызды 

деп санаймын? Əрине, маңызды, оқушының əр жауабына, əр іс – əрекетіне баға беріп отыру 

қажет.  Меніңше,  бала  мұғалімнің  бағалағанын  ғана  емес,  өз  ісіне  өзі  баға  беруді  үйренсе, 

оның бойында жауапкершілік қалыптасар еді. 

Оқушы жетістігін бағалаудың мақсаты неде?  Бағалау мақсаты əр мұғалімнің бағалауды 

қандай  мақсатта  жəне  кім  үшін,  қалай  ұйымдастыруы  керек  негізінде.   Тəжірибе  кезінде 

өткізген  сабақтардың  барлығында  да  оқушылардың  түсінуін  дамыту  үшін  сабақ  кезінде 

қойылған немесе берілген тапсырмаларға байланысты берген жауаптарын оқушының өзінің 

білімі  мен  тақырыпты  түсінуі  үшін  тиімді   қолданып  отырдым.   Əр  сабақта  мұғалім  мен 

оқушы, оқушы мен оқушы арасында тоқтамайтын кері байланыс болады. 

«Бағалау»  термині  «жақын  отыру»  дегенді  білдіретін  латын  сөзінен  шыққандығы 

кездейсоқ  емес,  себебі  бағалаудың  негізгі  сипаты  бір  адам  басқа  адамның  не  айтып,  не 

істегенін  немесе  өзін  өзі  бақылау  жағдайында  өзінің  дербес  ойлауын,  түсінігін  немесе 

тəртібін мұқият бақылауы болып табылады.Бағалаудың барлық түрлері мыналарды қамтиды:  

1.Бақылау

2.Алынған мəліметтердің интерпретациясы

3.

Бұдан  арғы  іс-əректті  анықтау  үшін  қолданылуы  мүмкін  шешімдерді



қортындылау.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  [57-бет] 

Дəстүрлі  сабақ  пен  сындарлы  оқыту  теориясы  бойынша  модулдерді  ықпалдастыра 

отырып  ұйымдастырған  сабақтың  айырмашылығы  өте  көп.  Мектептегі  тəжірибе 

сабақтарымда  формативті  бағалаудың  түрлерін,  жиынтық  бағалауды  қолдандым.  Өзім  осы 

тəжірибеме  қарап  отырсам  əлі  бағалауды  маған  жүйелі  түрде  өз  тəжірибеме  енгізу  керек 

екен.  Топтық  жұмыс  формасын  ұйымдастыруда  топтық  бағалау,  бірін-бірі  бағалау  əдісін 

қолдануға  болады.  Өзін-өзі  жəне  бірін-бірі  тексерген  кезде  кейде  оқушылар  тапсырманың 

574


орындалуының  дұрыс  немесе  бұрыстығын  бағалай  алмайды  екен.  Сондықтан  дұрыс  жауап 

үлгілері , тест  қорытындысы,  тиісті  сөз  бар  парақтар  даярлап  əкеліп,  өзін-өзі  немесе  бірін-

бірі тексеруі кезінде оқушыларға немесе кеңесшілерге таратып беру керек. Өзін-өзі бағалау 

да адамның өзін-өзі жүйелеп, ісін ретке келтіруінің құралы болып табылады. Өзін-өзі бағалау 

оқушыларда өз нəтижесіне            

сын көзбен қарауын, оқудағы өз мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік құра білуін 



қалыптастырады. 

Зерттеулерде  бағалау  арқылы  оқытуды  жақсарту  бір  қарағанда  болып  көрінетін  бес 

басты фактордан тұратындығын атап көрсетті. 

1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

3. Бағалау нəтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

4. Бағалаудың  оқушылардың  өзін-өзі  бағалауы  мен  қызығушылығына  едəуір  ықпал

ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді. 

5. Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы жəне өздерінің оқуын қалай жақсартуға

болатындығын түсінудің қажеттігі. 

 Мен  сабақта  бағалаудың  формативті  түрлерін    жүйелі  түрде  қолданамын.  Тек 

алдымыздағы  оқушы  білімді  тек  баға  үшін  оқып  қоймай,  алған  білімдерін  өз  өмірлерінде 

орынды  пайдалана  білсе  өте  жақсы  болар  еді.  Сонда  біз  оқыту  жəне  бағалау  бірін-бірі 

толықтырып,  оқу  процесінде  дұрыс  бағыттағы  даму  тəжірибелерін  қолданылып  жатыр  деп 

айта  алатын  боламыз. «Оқыту  үшін  бағалау  жəне  оқытуды  бағалау»  модулінің  өзектілігі 

қазіргі  таңда  жоғарғы  деңгейде  болып  отыр,  жаңаша  оқытуда  білім  оқушыға  бағытталған. 

Сабақ  барысында  оқушының  білімін  оның  өсу  динамикасын  тек  жеке  өз  тұлғасының 

жетістіктерімен ғана салыстыра бағалау. 

Тұлғаның  өзін-өзі  дамытатын  жүйе  жаңаша  білім  берудің  тұжырымдамалық  негізі 

болып  табылады,  яғни  адам  қабылданатын  түсініктердің  барлығын  өзінің  ойы  мен  өзіндік 

əрекеті арқылы өткізеді.  

Қазақстанда  заманауи  білімді  дамытудың  басым  бағыттарының  бірі-  жеке  тұлғалық 

əлеуетті дамыту. 

Қазіргі  ғылым  мен  техниканың  қарыштап  дамыған  кезінде  оқу - білімнің,  соның  ішінде 

болашағымыз  бүгінгі  мектеп  оқушысының  білімі  мен  тəрбиесі  маңызды  мəселе.  Еліміздің 

əлеуметтік - экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - 

жақты  дамыған,  білімді  де,  білікті  тұлғаны  дайындап,  тəрбиелеу  аса  құрметті  қоғамдық 

міндет.  Себебі,  ел  тұтқасын  жан-жақты  білімді  ұрпақ  ұстанған  шақта  ғана  өркениет  алға 

дамымақ. 

Бұрынғы  дəстүрлі  сабақ  тек  мұғалімнің басқаруымен,  мұғалімнің  талап  қоюымен,  тек 

өзінің ғана бағалауымен шектеліп келген. Күнделікті өткізілген сабақтың бір сарындылығы, 

талап қойғыш қатып қалған заңға бағынуы, оқушыларды жалықтырып, олардың үлгіріміне, 

өзіне деген сеніміне кері əсерін тигізгеніне күмəнданбаймын. 

Менің алдағы мақсатым қазіргі заман талабына сай жаңаша оқыту барысынды əсіресе оқыту 

үшін  бағалау  жəне  оқуды  бағалау  модулін  сабағымда  тиімді  пайдаланып,  бағалаудың 

шынайы,  сенімді,  əділ,  тиімді,  критериалды  болуын  қамтамасыз  ету.Əрине  курс 

бағдарламасын оқып шықсам да, кейбір сұрақтар мені əлі де ойландырады. Ол үшін көбірек 

тəжірибе  жинақтап,  оқушылармен  жұмыс  жасау,  сонымен  қатар  жаңаша  ойлап,  жаңаша 

жұмыс істеу. 

575


Əдебиеттер тізімі 

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық 2012жыл

576


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ 

ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 

Ермаганбетова Ы. Т. 

№13 орта мектеп  

Жезқазған қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   



Аңдатпа 

         Бұл  мақалада  қазақ  тілі  мен  əдебиеті  сабақтарында  оқытудың  жаңа  инновациялық 

технологияларын  қолдану  арқылы  оқушылардың  білім  жетістігін  критериалды  бағалаудың 

мүмкіндіктері туралы баяндалады.   



Аннотация 

         В  этой  статье  докладывается  о  знаниях  и  достижениях  учащихся  при  использовании 

инновационных  технологий  в  обучении,  возможностях  критериального  оценеивания  на 

уроках кахахского языка и литературы. 



Abstract 

         In this article has given a report about know ledges and achievements of students at the use of 

innovative technologies in educating, possibilities of criterion evaluation on Kazak lesson and 

Literature. 

       Бүгінгі  таңда  білім  беру  жүйесінде  оқыту  процесін  технологияландыру  педагогикалық 

ғылым  мен  практиканың  келешек  мүмкіндігі  зор  бағытына  айналып  отыр.  Оқытуда 

инновациялық технологиялардың оқушы мүмкіндігін қанағаттандыратындай тиімді қолдана 

отырып, құзыретті, жан-жақты дамыған тұлғаны дамыту көзделген. Баланың өз оқу үдерісін 

жоспарлап,  іс-əрекетіне  баға  беріп,  қиындық  тудырған  мəселелерді  шешу  жолдарын  табу 

басты  орынға  ие.  Осы  орайда  əлемдік  білім  беру  стандарттарына  сəйкес  келетін  білім 

берудің  жоғары  сапасын  қамтамасыз  ету,  өзін-өзі  тəрбиелеуге,  өздігінен  білім  алуға, 

дамытуға,  жеке  қоғамдық  мүдделерді  үйлестіре  білетін  мəдениетті,  шығармашыл  тұлғаны 

қалыптастыруда оқытудың жаңаша технологияларының мүмкіндіктері зор екені практикада 

байқалуда.  Оқыту  технологиясы  мынандай  компоненттерден  тұратын  ұғым:  үдерістің 

мақсаты,  мазмұны,  əдіс-тəсілдері,  оқыту  формасы,  құралы,  үрдісті  басқарушы  мұғалім  мен 

орындаушы  оқушының  қызығушылығын  тудыратын  əрекеттер,  нəтиже [1,17-б.].  Оқытудың 

инновациялық  əдістерін  қолдану  кезінде  бірін-бірі  толықтырып  отыратын  түрлі 

педагогикалық  мақсаттарға  қол  жетеді: 1. оқу  ақпараттарын  беру; 2. белгілі  бір  мінез-

құлықты қалыптастырып дамыту.  Оқушылардың қажетті ақпараттарды қаншалықты көп əрі 

терең  меңгергенін  анықтай  отырып,  біз  бірінші  мақсатқа  қол  жеткен,  жетпегенін  тексере 

аламыз.  Мұны  эссе,  тест  түрлерімен  жасауға  болады.  Мұғалімнің  оқушы  білімін  бағалау 

үшін  қолданылатын  кез  келген  балдық  жүйесі  өзінің  табиғатына  қарай  өте  субъективті 

болып табылады. Оқыту сапасын бағалауға көмектесетін механизмдерді дайындаудан бұрын 

біз төмендегідей мəселелерді басшылыққа алуымыз керек.  

1. Біз  оқушыларды  не  үшін,  қандай  мақсатта  бағалаймыз?  Баға  қорытынды  шығару  үшін

немесе  оқушылар  пəн  бойынша  білім  деңгейлері  қандай  екендігін,  сондай-ақ  мұғалімнің 

577


оқыту  əдісі  қаншалықты  нəтижелі  екендігін  білу  үшін  қолданылады.  Біз  керек  жағдайда 

бағаны оқуға ынталандырудың амалы ретінде қолдана аламыз.  

2. Біз  нені  бағалаймыз?  Оқушылардың  жұмысын  немесе  оқытудың  тиімділігін  тексеруде

болсын  мұғалім  ретінде  біздер  алға  қойған  мақсатқа  жеткенімізді  анықтауға  тырысамыз. 

Егер  біздің  мақсатымыз  оқушыларға  əлдебір  əрекетті  орындату  болса,  онда  оқушының 

орындап  жатқандығына  көз  жеткізуіміз  қажет.  Оқушылар  əрекетті  қаншалықты  жақсы 

суреттегенін  тексеріп  қана  қою  жеткіліксіз,  сондықтан  оқыту  əдістерін  баланың 

шығармашылық қабілеттерін көруге қарай бағыттап отырған дұрыс деп ойлаймын.  

3. Оқушылар  білімін  бағалаудың  қандай  жүйесін  қолдану  тиімді?  Қазіргі  кезде  оқытудың

жаңа  инновациялық  əдіс-тəсілдерін  қолдануда  баланың  əрекетін  бағалауда  критериалды 

бағалаудың  мүмкіндіктері  көп.  Көптеген  жылдар  бойы  оқушы  жетістігін  басқа  оқушы 

жетістігімен  салыстырмалы  түрде  бағалап  келдік.  Бұл  жағдайда  білім  алуға  деген 

қызығушылықты жоғарлатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім 

мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Қазіргі оқыту жүйесіндегі   сабақ үдерісінің 

барлық сатысындағы баланың жұмысын нақты өлшемдермен бағалау көзделіп отыр. Осыған 

орай  пəннің  оқыту  мақсатына  сəйкес  арнайы  бағалау  өлшемдері  жасалып,  бағалануда.  Бұл 

оқушының пəнге деген қызығушылығын арттырды, өзіне, өзгеге əділ баға беруге, қойылған 

бағаның нақты екеніне көз жеткізді.  

   Критерийлер-  оқытудың  міндеттерін  жүзеге  асыратын  өлшемдер.  Критериалды  бағалау- 

бұл  білімнің  мақсаты  мен  мазмұнына  сəйкес  келетін,  оқушылардың  оқу-танымдық 

біліктілігін  қалыптастыруға  себепші  болатын,  айқын  анықталған,  білім  процесінің  барлық 

қатысушыларына  алдын  ала  белгілі  өлшемдермен  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 

салыстыруға негізделген процесс [2, 46-б. ]. 

   Критериалды  бағалаудың  мақсаты-  пəннің  сапасын  жоғарлату,  оқушының  дамуына 

мүмкіндік туғызу 

Міндеттері:  

-

  сабақтың əр бөліктеріндегі оқушының дайындық деңгейін анықтауға; 



-

  жеке оқушының даму жетістігін бақылауға; 

-

  баланың білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын анықтауға; 



-

  əр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының əділдігіне көз жеткізуге; 

-

  сабақ үрдісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім жəне ата-ана 



арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге 

Практикалық маңызы 

-

  тек оқушы жұмысы бағаланады; 



-

  орындалған жұмыс алдын ала белгілі эталонмен салыстырылады; 

-

  оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі; 



-

  бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады [3, 2-б.] 

1-кесте 

Критериалды бағалаудың маңызы 



Мұғалім 

Оқушы 

Ата-ана 

Сапалы нəтижеге əкелетін 

өлшеуіштерді құрастыруға; 

өз іс-əрекетін саралап, 

болашаққа жоспарлай алатын 

мəліметтер алуға; 

сабақ берудің сапасын 

арттыруға; 

оқушының жеке 

ерекшеліктерін ескере отырып, 

танымдық қабілеті мен ойлау 

деңгейін арттыратын 

оқытудың түрлі əдістерін 

пайдалануға; 

 табысқа жетелейтін бағалау 

критерийлерін түсінуге; 

өзін жəне өзгелерді бағалау 

арқылы кері байланысқа 

түсуге; 

 баласының білім сапасының 

дəлелдемелерімен танысуға; 

оның оқуындағы 

табыстылықты бақылауға; 

 оқуына қолдау көрсету үшін 

бағыт алуына 

578


оқытудың əр тұлғаға арналған 

ауқымын жоспарлауға; 

бағалаудың түрлі əдісін 

пайдалануға  

 сыни ойлауына, ойын еркін 

айтуына, өз білімін көрсетуге 

          Бүгінгі  күні  оқушылардың  оқу  жетістігін  бағалау-  оқу  үрдісінің  маңызды  да 

салмақты  бөлігі.  Оқушылар  өзін-өзі  бағалау,  бірін-бірі  бағалау,  топтық  бағалауда  оқу 

үрдісінің  белсенді  қатысушысы  бола  алады.  Бағалаудың  жаңа  əдісінде  оқушы  бағаны 

қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақта қандай критерийлерге көңіл бөлу 

керектігін  біледі.  Осы  орайда  өзімнің  сабақ  беру  тəжірибемде  оқытудың  жаңа  əдістерін 

тиімді  қолдана  отырып,  оқушылардың  білім  жетістіктерін  қалай  жəне  қандай 

критерийлермен  бағалайтынымды  ортаға  салмақпын.  Бағалауда  оқушылардың 

жұмыстары  арнайы  жасалған  ашық  журналға  қойылып,  модуль  соңында  арнайы 

рейтингісі шығарылып отырылады. 5-сыныптарда қазақ тілі сабақтарын модульдік оқыту 

технологиясы  бойынша  өткіздім.  Онда  сөйлесу  бөлімінде  деңгейлік  жұмыстарды 

орындауда төмендегідей бағалау өлшеуіштері қолданылады. 

Сабақтың тақырыбы: №2 модуль «Сөз бен мағына»  



Оқушының  аты-жөні:  ------------------------------------------------------- 

Сыныбы  ---------------------------       Пəні    ------------------------------------- 

Деңгей 

Тапсырмалар жүйесі 

А 

критерийі 

1. Омоним жəне көп мағыналы сөздердің негізгі ерекшеліктерін жазыңыз

2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыз

Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы- ...  . Сөздер ..., ....,... сияқты алуан түрлі 

мағыналарды білдіреді. ... – сөздің сыртқы қабығы, мағына- ... . 

В 

критерийі 

1. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қой

Бет моншағы .... , қой үстінде бозторғай ...., жазған құлда ... жоқ, бетінен ... 

шықты, ит ... тұрғысыз. 

2. . Берілген  сөздердің  омонимдік қатар құраңыз

Таң, қал, тақ, қаз 

3. 

Берілген сөздерді мағыналық жақындығына қарай топтап жазыңыз

Ана, жиырма, көк, қымыз, əже, сары, келді, отыз, шұбат, аға, жүрді, он екі, əпке, 

қызыл, сүт. 

С 

критерийі 

«Туған жер» туралы өз ойыңызды  жазыңыз 

Бағалау критерийлері 



Деңгей 

Критерийлер 

Ұпай саны 

А 

Түсіну деңгейі. Тақырыпты түсіне отырып, сұраққа толық 

жауап береді. Теориялық білімді меңгеруі 



В 

Қолдану мен талдау. Алған теориялық білімді практикада 

қолдана білуі 



С 

Стиль жəне тілді қолдану. Шығармашылық 

тапсырмалада тілдік қорларын терең көркем қолданулары 

579


Критериалды бағалау шкаласы (рубрикаторлар мен дескрипторлар) 

Критерийлер 

Ұпай 

саны 

Дескрипторлар 

А 



Төмендегі талаптардың ешқайсысы қамтылмаған. 



Берілген тапсырманың 1 ғана орындалған. Теориялық тақырып 

толық ашылмаған. 1,2-тапсырмаларда 6 қате жіберген. 



Берілген тапсырманың 2ғана толық емес орындалған, теориялық 

тапсырманың мысалы берілмеген. 4,5 қатеге дейін жіберген 



Берілген 3 тапсырма орындалған, бірақ жеңіл 2 қате жіберген  



Берілген тапсырмалар толық орындалған. Тапсырмаларда 

ешқандай қате жоқ. 

В 



Төмендегі талаптардың ешқайсысы қамтылмаған. 



Берілген тапсырманың 1 ғана орындалған. Теориялық тақырып 

толық ашылмаған. 1,2-тапсырмаларда 6 қате жіберген. 



Берілген тапсырманың 2ғана толық емес орындалған, теориялық 

тапсырманың мысалы берілмеген. 4,5 қатеге дейін жіберген 



Берілген 2 тапсырма толық емес  орындалған,  3 қате жіберген 



Берілген 2 тапсырма орындалған, бірақ жеңіл 1 қате жіберген 



Берілген тапсырмалар толық  қатесіз  орындалған. Тапсырманы 

толық меңгерген. 

С 



Төмендегі талаптардың ешқайсысына қол жеткізе алмады 



Мəтіннің сөздік қоры аз, сөздер қайталанып отырады. Емле қате 

көп жіберген-8, 4 тыныс белгі,Оқушы стилі жанрға сəйкес емес. 



Мəтіннің сөздік қоры алуан түрлі емес, сөздің 3 рет қайталануы, 

бірдей құрылған сөйлемдер, 5-емле, 3-тыныс белгі қателер бар. 



Мəтіннің сөздік қоры төмен, 1,2 бірқұрылымды сөйлемдер 

кездеседі. 4-емле, 2-тыныс белгі қателер бар. 



Мəтіннің лексикалық аясы кең, сөз қайталаулар кездеспейді, 

орынсыз қолданған сөз жоқ, 2-емле, 2-тыныс белгі қателер бар 



Мəтіннің лексикалық аясы кең, сөз қайталаулар кездеспейді, 1-

жеңіл орфографиялық, 1-пунктуациялық қатесі бар 



Мəтін тақырыбы өте жақсы ашылған. Сөз саптауы терең, əдемі 

тілмен жазылған, стилі жанрға сай. Еш қателер жоқ 

Тексеру парағы 



Критерийлер бойынша ұпайлары 

Ұпайлар жиынтығы 

Баға 

А 

В 

С

6

5

4

15

5

5

4

3

12

4

3

3

2

8

3

Балды бағаға аудару өлшемі 



Алған ұпайлар жиынтығы 

Баға 

 13-15 



 10-12 



 7-  9 



 0- 6 

580


           

 Əдебиет  сабақтарында  оқушыларды  сыни  тұрғыдан  ойлау,  ой  жүгірту,  пайымдау 

жасау  немесе  проблеманы  шешу  əрекеттеріне  бағытталған  жұмыстар  жүйесінде  сабақтар 

жоспарланып  жасалады.  Сабақты  жоспарлауда  жаңа  технологияның  басты  мақсаты- 

оқушылар арасындағы ынтымақтастық атмосферасын туғызу, баланы оқыта отырып үйрету, 

өз  бетінше  жұмыс  жасауға,  бірін-бірі  тыңдауға,  топпен  жұмыс  жасауға,  өздігінен  шешім 

қабылдауға  дағдыландыру [4,75-б.].  Сабақта  ең  алдымен  психологиялық  атмосфераны 

қалыптастыру  бағытында  түрлі  тренингтер  өткізуден  бастаймын.  Сабаққа  қатысты  түрлі 

топтастырулар  жасаймын.  Мысалы,  бүгінгі  өтілетін  сабақтың  негізгі  кілт  сөздерімен  де 

топтастырамын.  Топтық  жұмыс  біріншіден,  балаларға  бірігіп  жұмыс  істеу  мүмкіндігін 

тудырса,  екіншіден,  өзгенің  пікірін  тыңдауға,  ұйымшылдыққа  тəрбиелейді  жəне  бірін-бірі 

оқытуға, уақытты үнемдеуге жағдай жасайды.  

2-кесте Оқытудағы ерекшеліктер 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет