Issn 0142-0843 Индексі 74623 Индекс 74623 Қ ар ағ анд ы уни вер си тетiнiң


Университеттік академиялық жазбаша дискурс қалыптастыруы



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата03.03.2017
өлшемі1,75 Mb.
#6671
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Университеттік академиялық жазбаша дискурс қалыптастыруы:  

теориядан тəжірибеге 

Мақалада студенттердің академиялық сауаттылығының қалыптасуы жəне жазуға үйренуі теория жəне 

практика тұрғысынан қарастырылды; академиялық сауаттылығының сипаты мен құрылымы талданды 

жəне  академиялық  дискурс  ұғымы  академиялық  сауаттылығының  негізінде  жатыр  деген  тезис 

ұсынылды.  Академиялық  жазу  дискурсы  студенттің  негізгі  стандарттылығының  заманауи  деңгейі 

тұрғысынан берілген. 

 


T.D.Kuznetsova, A.N.Umutkulova 

70 


Вестник Карагандинского университета 

Т.Д.Кузнецова, А.Н. Умуткулова 



Формирование академического письменного дискурса в университете:  

от теории к практике 

В  статье  рассмотрена  проблема  формирования  академической  грамотности  студентов  и  обучения 

письму с позиций теории и практики; проанализированы природа и структура академической грамот-

ности и выдвинут тезис о том, что в основе формирования академической грамотности лежит понятие 

академического  дискурса.  Академический  письменый  дискурс  описан  с  точки  зрения  современного 

уровня базовой стандартности студента. 

 

 

References 



1  Lillis T., Curry M.J. Academic writing in a global context, London: Routledge, 2010, 520 p.  

2  Lytaeva М.А., Talalakina E.V. Educational Studies, 2010, 4, 302 p. 

3  Kupriyanov A.V. About higher education, 2011, 10, 42 p. 

4  Shestak V.P., Shestak N.V. About higher education, 2011, 12, 119 p. 

5  Maloney W.H. Journal of Adolescent & Adult Literacy, 2003, 46(8), 854 p. 

6  Kunanbayeva S.S. Theory and practice of modern foreign language education, Almaty: Edelweiss, 2010, 344 p. 

7  Zubkova Ya.V. Izvestia VSPU, 2009,5, 120 p. 

8  Mironov E.V. Higher Education in Russia, 2013, 7, 104  p. 

9  Shcherba L.V. Teaching of foreign languages in secondary schools: General methods, Moscow: Akademya; Saint Peters-

burg: Philology faculty of SPbSU, 2002, 160 p. 

10  Canale М. Applied Linguistics, 1980, 1, 50 p. 

11  Scarcella R.C., Andersen E.S., Krashen S.D. Developing Communicative Competence in a Second Language, Boston: 

Heinle&Heinle Publ., 1990, 106 p.  

12  Brown H. D. Principles of Language Learning and Teaching, Eglewood Cliffs: Prentice Hall Regents, 1987, 467 p. 

13  Kudryashova O.V. Bull. of South Ural State University, 2007, 15, 87 p. 

14  Robotova A.S. Higher Education in Russia, 2011, 10, 154 p. 

15  Smirnova N.V., Shchemeleva I.Yu. Bull. of Saint Petersburg State University, 2015, 132 p. 

16  Zimnyaya I.A. Higher Education Today, 2003, 5, 342 p. 

17  Chicherina N.V. Media text as a tool to develop media literacy of students at linguistic departments, Moscow: LKI, 2008, 

211 p. 


18  Murrey N. The International Journal of the First Year in Higher Education, 2010, 1 (1), 321 p. 

19  Kashkin V.B. Discourse and style: theoretical and applied aspects, 2014, 64 p.  

20  Litvinov A.V. Philology in the system of modern university education: materials science conf., Moscow, 2004, June, 22–23, 

7, 289 p. 

21  Kulikova L.V. Communicative style in intercultural paradigm, Krasnoyarsk: Publ.  Krasnoyarsk State Pedagogical University, 

2006, 327 p. 

22  Karasik V.I. Language circle: personality, concepts, discourse, Moscow: Gnosis, 2004, 453 p. 

23  Chernyavskaya V.E. Interpretation of scientific text, Moscow: Librokom, 2013, 127 p.  

 

 

 



 

Серия «Филология». № 2(82)/2016 

71 


ЖУРНАЛИСТИКА 

JOURNALISM 

ƏОЖ 070 


Қ.Сүндетұлы 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 

(E-mail: sagila@mail.ru) 

Мерзімді баспасөздегі саяси қуғын-сүргін 

Мақалада  ХХ  ғасырдың 30-жж.  Батыс  Қазақстан  облысының  мерзімді  баспасөзінде  жарық  көрген 

мақалаларға  талдау  жасалды.  Облыстық  «Екпінді  құрылыс»,  Орда  аудандық  «Жаңа  жол»  газеті, 

Жанғала  аудандық  «Социалды  еңбек»,  Маңғыстау  ауданының  «Колхоз  жолы»,  Жымпиты  аудандық 

«Қызыл  Ту»  газеттерінде  жарияланған  мақалаларды  сараптай  келе,  автор  сталиндік  саясаттың  осы 

басылымдарға  жəне  авторларына  жасалған  қысастық,  қуғын-сүргінге  нақтылай  тоқталады.  Мереш 

Даулетияров,  Серікқали  Жақыпов,  Боран  Айтмағамбетов,  Əділбай  Жылкелдин  сияқты  Батыс 

Қазақстанның  баспасөз  тарихында  орны  бар  қоғам  қайраткерлерінің  өмір  тарихы  мен  себепсіз 

қудалаудың нəтижесінде осы азаматтардың тағдырының қилы заманға тап болғанын ашына жазды. 

Кілт  сөздер:  сталиндік  саясат,  қуғын-сүргін,  асыра  сілтеушілік,  тап  жаулары,  мерзімді  баспасөз, 

«халық жауы». 

 

Тарихымызға  зобалаңы  тиген  сталиндік  дəуірдің  тұсында  пайда  болған  «ақтаңдақтардың» 



шындығы еліміз еркіндік алған тұсында ашыла бастады. «Кіші Октябрь революциясын» қазақ жеріне 

орнатуға белсене кіріскен Ф.И.Голещекин күштеп ұжымдастыру арқылы малы бар орта шаруаларды 

қуғынға түсірді. Оларды «тап жаулары» малды жаппай қырып жоюға кірісті, осының салдарынан мал 

басы  кеміді  деп  даурықты.  Шындығында,  малмен  өмір  сүріп  отырған  ұлтымыздың  басына  қолдан 

жасалған аштық баудай түсіріп жатты. Сталиннің саясатын қолдамаған немесе түсінбеген адамдарды 

«оңшыл,  оппортыншыл»  деп  оларды  сотқа  беру,  партиядан  шығару,  партияны  тазалау  науқаны 

күшейді.  Енді  сол  кездегі  «Асыра  сілтеу  болмасын,  аша  тұяқ  қалмасын»  деп  ұрандатқан  шолақ 

белсенділерге  саяси  үн  қосқан  мерзімді  баспасөзде  осы  науқаннан  тыс  қалмады.  Бұның  барлығы 

баспасөзге  «қызыл»  компартияның  үстемдігінің  толықтай  орнап,  олардың  өз  мəнінде  шындықты 

айтуға əлдері де келмегені баршаға аян. 

Сол  кезде  жарық  көрген  республикадағы  газеттерге  шолу  жасаған  «Социалды  Қазақстан» 

газетінің 1932 ж. 8 маусым  күнгі  № 131  (2901)  санында  «Асыра  сілтеушілікті,  бүркеп  отыр»  атты 

мақалада Орда ауданының «Жаңа жол» газетінің бұл бағыттағы жұмысына төмендегідей баға беріпті: 

«Өткен жылдың июнь айында Орда ауданының Қошалақ, Дыңғызыл деген ауылдарындағы содырлы 

«солақайлар» бір жұма ішінде барлық малды, құрал-сайманды ортақтастырып «артель» бола қалған. 

Бұл  сияқты  асыра  сілтеушілік  Орда  ауданында  аз  ба?  Бірақ  «Жаңа  жол»  газеті  мұндай  фактілерді 

көрсе  де  көрмегендей  көзін  жұмып  «кəзір  толық  жауап  беруге  болмайды»  деп  көріне 

оппортыншылдыққа түсіп отыр» [1; 2]. Сыннан қорытынды шығару үшін Орда аудандық «Жаңа жол» 

газеті  бұл  бағыттағы  хабарларды  жиі  басуға  ұйымшылдықпен  кірісті. 1932 ж. 26 желтоқсан 

күнгі № 88(117)  санында  Қазақстан  өлкелік  партия  комитетінің 5 желтоқсандағы  «Тауарлы  мал 

фермаларының ұйымдастыру-шаруашылық жайы жəне оны нығайту шаралары туралы» қаулысының 

орындалысы туралы хабарлама есебі басылыпты. Онда мынадай жолдар бар: «Бай, əлділерге 15 айға 

берілген мал жоспары декабрьдің 20-на дейін тек 30 процент орындалып отыр, бұдан əсіресе соңғы 

кезде  түскен  нəрсе  жоқ.  Кей  ауылдарымыз  байларға  соққы  беру  орнына  көз  көре  оңшылдыққа, 

байларды  жақтаушылыққа  салынып  партия  директивін  бұрмалап  отыр.  Бай  əлділердің  дым 


Қ.Сүндетұлы 

72 


Вестник Карагандинского университета 

дайындамай  отырған  ауылдар:  Байқадам,  Бөрлі,  Жиекқұм,  Жетібай,  Тана,  Шонай,  Сайқын,  Бисен, 

Мешітқұм,  Сартөлген,  Батырбек  ауылдары,  бұлар  соққыны  бай  орнына  колхозшыларға,  жеке 

еңбекшілерге  тигізіп  отыр»  деп  жазады.  Газеттің  осы  санында  «Газет  хабары  аяқсыз  қалмайды» 

айдарымен  бірнеше  мақала  жарияланыпты.  Соның  бірімен  танысалық: «Табы  жаттар  колхоздан 

қуылды» деген мақалада былай делінген: «Қошалақ ауылындағы «Маркс» колхозында жақын арада 

колхоз  мүшелері  ішіндегі  табы  жаттарды  тазалау  жиылысы  өткізілді.  Жиылысқа  колхозшы 

еңбекшілерден 160 кісі  қатысты.  Жиылыс  колхозға  бүркеніп  кіріп  отырған  табы  жаттардың,  кісі 

еңбегін  жеп  келген  байлардың,  колхоз  уставына  бой  ұсынбайтын  жатып  ішер  жалқаулардың 

барлығын  ашты.  Қорытындысында  жиылыс  табы  жат  адамдардан 6 кісіні  колхоздан  шығарды. 

Тыным» [2; 4]. Газет  Орда  баспаханасында  басылып,  жауапты  редактор  ретінде  Ғатау  Махамбетов 

қол қойыпты. 

Oблыстық  «Екпінді  құрылыстың» 1933 ж. 4 қаңтар  № 4  санында  «Тез  тергелсін»  атты  мақала 

тілші  «Құлып»  деген  атпен  жарияланып,  халықты  дұрыс  азық-түлікпен  жəне  киіммен  қамтудағы 

олқылықтарға тоқталыпты: «Тайпақ. № 450 санды мал совхозы жанындағы жұмысшы кооперативінің 

аты  бар  да,  заты  жоқ.  Жұмыскерлерді  жабдықтау  жөнінде  түк  жасамай  отыр.  Қаражат  жоспары 

орындалған  жоқ.  Оған  көңіл  бөліп  жұмыс  етіп  жүрген  басқарма  көрмейсің.  Өз  бетімен  тауар  табу 

үшін  коoператив  басқармасы  жұмыс  етпейді.  Дүкенге  келген  тауар  болса бөлінбестен қолы жеткен 

директор, партком алады» деп жергілікті басшыларды сынаған [3; 4]. 

Жаңғала аудандық «Социалды еңбек» газетінің 1935 ж. 30 қазан күнгі № 52 санында Аудандық 

атқару комитетінің III Пленумы сол айдың 23–26-да өткенін хабарлап, онда мал шаруашылығының 

мемлекеттік  жоспарын  орындаудағы  кемшіліктерге  тоқталған: «35-шы  жылдың 1 қаңтарынан 

1 июльге  дейін  аудан  көлемінен  ірілі-уақты 458 бас  мал  сатылған, 485 бас  мал  түрлі  аурулармен 

өлген, 96 бас  себепсіз  сойылған,  əсіресе  Толыбай  ауылынан 182 бас,  Қарасамар  ауылынан 118 бас, 

Таубұйрат ауылынан 155 бас, Қисық қамыс ауылынан 116 бас мал кеміген. Есепті айдың ішінде мал 

басының  мұншама  кемуіне  басты  себеп:  кейбір  ауылдық  кеңес  ағалары  мен  серіктік  басқармалары 

малды  өздері  бас  болып  сойып,  қалса  сатқандықтан.  Екіншіден,  ауылдық  басқару  жұмысында 

жүргендердің, белсенділердің тума-туысқандары мен көңілдестерінің малдарын жойғандарына ешбір 

амал қолданбай мал басын кемітушілермен күресті босандатып алғандықтан». Газеттің осы санында 

«Əлеумет  дабылы»  айдарымен  «Мал  жойған  оқытушыға  шара  керек»  деп  Мəстексай  ауылындағы 

«Казарма» мектебінің оқытушысы Қ.О. мал басын жоюға бас болып кірісіп отыр деп, өзгеден сатып 

алған  малын  сойып  алғандығына  шара  қолдануды  сұрапты [4; 1]. Газет  Жаңғала  аудандық 

баспаханада басылып, Қ.Меңдібекұлы жауапты редактор ретінде қол қойыпты. 

1937  ж. 4 наурыз  күні  өткен  Батыс  Қазақстан  облыстық  партия  комитетінің  бюро  мəжілісінде 

республикалық  «Социалды  Қазақстан»  газетінде  Батыс  Қазақстан  облыстық  партия  ұйымдарының 

саяси  қателері  туралы  редакциялық  мақаласы  туралы»  мəселе  қаралды.  Онда  аталмыш  мақалада 

көрсетілген  кемшіліктермен  қатар,  контрреволюциялық  қазақ  ұлтшылдарына  қарсы  күрестегі 

жоғарғы  партия  басшылығының  тапсырмалары  өз  мəнінде  жүзеге  аспағандығы  қатты  сыналған. 

«Социалды  Қазақстан»  газеті  атап  көрсеткендей, «Облыстық  партия  бюро  мүшелері  тарапынан 

жергілікті  жерлерден  түскен  «сигналдарға»  өз  мəнінде  тергелмеген.  Сөйтіп,  Сталиннің  өзара  сын 

туралы  нұсқаулары  орындалмай  партия  ұйымдары  ұлтшыл  Балғаниязовқа,  Қонысбаевқа, 

Алашордамен  байланыста  болған  Иманқұловқа,  Хангереевке,  контрреволюционер  троцкист-

зиновьевшілдердің  «құйыршығы»  Шумскийге  жəне  т.б.  орынды  шаралар  алынбаған.  Бюро  мүшесі 

І.М.Құрамысовтың  өзі  бас  болып  пединституттағы  контрреволюциялық  топты  анықтау  орнына, 

оларға  жеңіл  жік»  деп  қараған. «Меңдешевшілдерді»  жұмысқа  жоғарлатқан  да  Құрамысов»  деп 

осыларға Ізмұқан Мұқашұлы өзін-өзі кінəлі деп тапқан. І.М.Құрамысовтың өзі қол қойған осы бюро 

мəжілісінің  Қаулысымен  Маңғыстау  аудандық  партия  комитетінің  хатшысы  Д.Хангереевты 

жұмыстан  босатуға,  Орал  қалалық  партия  комитетінің  пединституттағы  контрреволюцияшыл 

Балғониязовқа  қарсы  шешімінің  дұрыс  қабылданбағандығы  жəне  т.б.  атап  көрсетіліп, «Екпінді 

құрылыс» (ред.  С.Иманқұлов)  газетінің  беттерінде  қазақ  ұлтшылдарына  қарсы  күресі 

қанағаттанғысыз  деп  табылады [5; 1]. Кейін 1937 ж. 1–2 сəуірде  өткен  ВКП(б)  Батыс  Қазақстан 

облыстық  комитетінің  Х  Пленумы  мəжілісінде  қабылданған  «ВКП(б)  ОК  Ақпан  пленумы 

қорытындылары туралы баяндама жасаған І.М.Құрамысовтың есепті баяндамасы туралы» Қаулысында 

партияның халық жауларымен күресудегі жұмысы одан əрі қаралыпты [5; 8-іс, 246–247-п.]. 

Аталмыш  осы  қаулылар  облыстың  барлық  бастауыш  партия  ұйымдарында  талқыланып,  оның 

қорытындылары  аудандық  мерзімді  баспасөзі  беттерінде  жарық  көрген. «Колхоз  жолы»  газетінің 



Мерзімді баспасөздегі саяси … 

Серия «Филология». № 2(82)/2016 

73 

1937  ж. 2 сəуір  күнгі  № 23  санында  «Батыс  Қазақстан  партия  ұйымының  жəне  оның  секретары 



жолдас Құрамысовтың саяси қателері туралы Қаз.Тал-өкпе аудандық партия активтері жиналысының 

Қаулысы»  басылыпты.  Қаулыда  жергілікті  партия  ұйымдары  басшыларының  аудандағы 

контрреволюцияшыл-қазақ  ұлтшылдары  мен  алашордашылардың  қалдықтарымен  күресі  нашар, 

аудандық  партия  комитетінің  хатшысы  Айтмағамбетов  жолдасты  Қазақ өлкелік  партия  комитетінің 

шешімдерін  дұрыс  жүзеге  асыруға  араласпаған  деп  кінəлі  деп  тапқан.  Одан  əрі  осы  актив  мəжілісі 

қаулысында  былай  делінген: «Аудандық  партия  комитетінің  екінші  секретары  Жанғалиев  құрғақ 

айқайға түсіп жалаң əкімшілік жасап келді. Əсіресе соңғы үш жыл бойы ауатком жанындағы партия 

тобының  жұмысын  елемеді.  Айтылғандардың  бəрі  де  Мусиннің  (бюро  мүшесі. — Қ.С.)  тап 

қырағылығының  əбден  мұқалғандығын  дəлелдеді...  Аудандық  «Колхоз  жолы»  газетінің  жұмысы  да 

қанағаттанарлық емес. Газет контрреволюцияшыл қазақ ұлтшылдарымен күреске саботаждық жасап 

келді  деп  табады.  Аупартком  буржуазияшылдықты  сүйді,  жағымпаздық  жасаушылармен  тиісінше 

күреспеді.  Оның  салдарынан  ауданымызда  жағымпаздық,  көз  бояушылықтар  ұлғайып,  етек  жайып 

кең  өріс  алды....  Аудандық  газет  мұндай  жағымпаздық,  рапорт  құмарлық,  көз  бояушылықтармен 

жөндеп  күреспеді.  Күресудің  орнына  газеттің  өзі  жағымпаздыққа  салынып,  газет  бетіне  аудандық 

жетекші  қызметкерлердің  суреттерін  басты,  өмірбаянын  жазды.  Сөйтіп,  жағымпаздықтың  өріс 

алуына кең жол ашты. Социалдық қоғам мүлкін жойған қылмыстыларды аупарткомның бюро мүшесі 

Андреев  кезінде  райкомге  хабарлай  тұрсада,  аупартком  секретары  Айтмағамбетов,  бюро  түгелдей 

Андреевтің  хабарларына  құлақ  қоймай,  əсіресе  жоғарыда  көрсетілген  колхоздардың  тергеу 

жұмыстарын  тергеу  комиссиялары  тергетіп  тез  анықтайық  деген  сұрауларында  аяқсыз  қалдырған. 

Анықталмағандығын  айтпағанда  да,  шын  халық  дұшпаны  екендігі  анықталған,  колхоз  мүлкін 

жойғандарды  да  Айтмағамбетов  қымтап  келген.  Мысалы,  Айтмағамбетов  жолдас  аудандық  халық 

соты Масақпаевтан «Куйбышев» колхозының бұрынғы басқармасы, өзі бұрын банды болғаны үшін 

партиядан  шығарылған  Меңдігереевті  сот  жазасына  тартпауын,  ақтауын  сұраған.  Сондай-ақ 

троцкистшіл,  кеңес  шаруашылығына  зұлымшылық  жасаған,  жат  адамдарымен  байланысы  бар, 

Дүйсəлиевті,  Айтмағамбетов  туысқандық  көзқарасының  арқасында  оның  қылмысын  орынды 

əшкерелемеуге себепші болған. Ол қазірде бұл ауданнан кетіп, Оралға барып облыстық астық одағы 

бастығының  орынбасары  болып  отыр.  Оқытушы  кадрларды  əбден  зерттемеді,  олардың  күнделікті 

жұмыстарын  да  дұрыстап  бақыламады.  Соның  салдарынан  аудандағы  оқытушылардың  құрамында 

жат  элементтер  кіріп  кеткендіктері  де  байқалып  отыр.  Мысалы:  бұрын  бай,  молда  болған, 

алашордашылармен  үздіксіз  байланыс  жасап  келген  Байшеркешев,  Мұлқашев,  тағы  басқаларының 

күні  бүгінге  дейін  оқытушы  болып  келуі,  олардың  елеусіз  қалуы»  деп  біраз  сталиндік  партия 

ережелерін бұзғандарды анықтапты. Бұдан əрі жергілікті белсенділердің қырағылығының арқасында 

төмендегідей «халық жаулары» анықталып, тізімдері жарияланыпты: 

«Дəулетияров  Мереш — облыстық  «Екпінді  құрылыс»  газетінің  уақытша  редакторы,  бай 

баласы; Бұлқашев Сəпен — облыстық жоғарғы дəрежелі ауыл шаруашылық коммунистер мектебінің 

оқытушысы,  бұл  жікшілдікке  түскен,  бұрын  партиядан  шығарылған  еді.  Ол  қазір  партиялығын 

қайтарып  алды;  Шынтасов — Теңіз  облыстық  атқару  комитетінде  жұмыс  істейді,  əкесі  бай 

болғандықтан, конпескіленген; Шукенов — Еспол аупартком председателі, бұл бұрынғы атақты бай 

полковниктің  баласы;  Бекжанов — Гурьев  қаржы  бөлімінің  меңгерушісі,  бұл  да  бұрын  жікке 

қатынасқан,  өзі  бай  болған  адам;  Жақыпов  Серікқали — Алматыдағы  НКВД  аппаратында  жұмыс 

істеп отыр. «Меңдешевшіл» жікке қатынасқан ұлтшыл азғын элемент; Ізбасар балалары: Жұмагелді, 

Қадір  дейтіндер  Оңтүстік  Қазақстан  облысында,  бұл  екеуі  де  «меңдешевшіл»  жігіне  қатынасқан 

адамдар; Хатаулин  Мансұр — Ақмолада секретарь  болып отыр. Бұл  Есенбаевтың  інісі  помещиктің 

баласы,  Махамбетжанов  та  Есенбаевтің  тумасы.  Осы  күні  Шымкентте.  Андижанов  та  Оңтүстік 

Қазақстан  облыстық  атқару  бөлімінде.  Аты  шулы  бектің  баласы;  Ақботина  Нəпиза — облыстық 

балалар бағым үйінде жұмыс істейді. Нəзипаның əкесі помещик, белогвардеeц болған адам; Шəкіров 

Ғұсман — алашордашыл,  Алашордаға 10 мың  сом  ақша  жəрдемін  берген,  совет  өкіметіне  жат 

элемент» [6]. Бұдан  əрі  осылардың  барлығының  үстінен  тергеу  жүргізіп,  партиялық  қатаң  жазаға 

тартуға қаулы қабылдаған. 

Ал осы жоғарыда айтылған Айтмағамбетов кім еді? Айтмағамбетов Боран 1901 ж. сəуірде қазіргі 

Атырау  облысы  Қызылқоға  ауданы  Саркөл  ауылдық  кеңесінде  туған.  Кеңес  өкіметін  орнатуға 

белсене қатынасқан партия-кеңес қызметкері. 1930–1933 жж. БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің 

бюро мүшесі жəне ҚАССР Юстиция халық комиссары, осы қызметімен қоса республика прокуроры 

қызметін қоса атқарды. Республиканың тұңғыш прокуроры еді. 1933–1935 жж. Гурьев ауаткомының 



Қ.Сүндетұлы 

74 


Вестник Карагандинского университета 

төрағасы, Кəсіпшілер одағы Орал облыстық комитетінің төрағасы, 1935–1937 жж. БК(б)П Казталовка 

аудандық комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. Сталиндік зұлматтың кесірінен Боран 

Айтмағамбетов 1937 ж. 3 желтоқсан  күні  тұтқындалып, 1938 ж. 13 қарашасы  күні  əскери  алқаның 

үкімімен атылады. КСР Одағы Жоғарғы Сотының əскери алқасының 1958 ж. 18 сəуір күнгі N4 н-626/58 

шешімімен Б.Айтмағамбетов ақталды. 

ҚК(б)П-сының 1937 ж. 12 маусым күні мəжілісте қабылданған бірінші съезінің «ҚК(б)П өлкелік 

комитетінің хатшысы Л.Мирзоянның есепті баяндамасы» атты қаулысы Жымпиты аудандық «Қызыл 

Tу»  газетінің 1937 ж. 4 шілде  № 56  санында  жарияланыпты.  Осы  қаулының V тарауынан  үзінді 

келтіре кетсек: «...облыстық комитеттер мен аудандық комитеттерге баспасөздің маңызын кемелуіне 

келтіруді,  газеттердің  идеологиялық  дəрежесін  көтеруді,  газет  бетінде  партия-саясат  мəселелері 

жазылуын  оңдауды  əрбір  газетті  партия  мен  халықтың  жауларына  қарсы  күрестің  өткір  құралына, 

біздің жұмысымыздағы барлық кемшіліктер мен қателерді еш кімнің бет ажарына қарамай сынайтын 

большевиктік  сынның  жауынгер  органына  айналдыруды  ұсынады.  Облыстық  комитеттер,  қалалық 

комитеттер  мен  аудандық  комитеттер  таяудағы 2–3 айдың  ішінде  газеттерді  жете  тексерілген 

кадрлармен  нығайтатын  болсын.  Қазақ  ұлтшылдарының  троцкист-оңшыл  фашист  банды  мен  жаңа 

шет  ел  интервенттері  мен  бірігіп  кеткендігінің  фактісінен  біздің  партия  ұйымдарымыз 

контрреволюцияшыл  қазақ  ұлтшылдарына  жəне  оған  қарай  ауа  жайлаған уклондарға  қарсы  күресті 

күшейту  қажеттігі  туралы  қорытынды  шығару  тиіс».  Газетке  жауапты  редактор  ретінде 

Қ.Тастайбеков қол қойып, Жымпиты баспаханасында 1660 данамен басылыпты. 

Осы  «Қызыл  Ту»  газетінің 1937 ж. 17 маусым  күнгі  № 51  санында  «Отанды  сатқан 

жексұрындар»  атты  мақала  жарияланыпты.  Оқып  көрелік: «Жымпиты  поселкесінің  еңбекшілері 

Тухачевский  жəне  басқаларының  шпиондық  əрекеттері  туралы  хабарды  есіткенде  қатты  ызаланды. 

Аудан  орталығында  июньнің 12-сі  күні 300-дей  халықтың  қатынасуымен  үлкен  митингі  болды. 

Митингіде социализм отанына қарсы, бүкіл еңбекшілердің бақытты өміріне қарсы фашизмнің тікелей 

шпиондары болып кеткен Тухачевский, Якир, Уборович жəне басқаларының істеген істері көпшілікті 

қатты  ызаландырды...  Отанды  сатқан  сұмырайлар  тез  жойылсын  олардың  бəрін  құртамыз,  деді 

көпшілік» деп аяқтапты [7; 1]. 

Халықтың  өз  малын  отбасы  мұқтажына  жаратуға  болмайтындығына  жергілікті  өкімет  қатты 

шектеу  қойды,  ең  болмаса,  аштықтан  құтылудың  жолы  да  қарастырылмады.  Қаратөбе  аудандық 

«Колхозшылар  үні»  газетінің 1937 ж. 29 тамыз  күнгі  № 65  санында  «Шалқындағылар  мал 

шаруашылық ісін қалтарыста қалдырмау керек» атты мақалада былай делінген: «Шалқын ауылы мал 

шаруашылық ісі үшін нашар күрескендігінен, өткен жылы басқа ауылдарымыз мемлекеттік мал өсіру 

планын  біркелкі  табыстармен  орындап  шыққанның  өзінде  Шалқын  ауылы 226 бас  мал  сойып, 

мемлекеттік  мал  өсіру  планын  орындай  алмаған  еді.  Бұл  өткен  жылдың  ащы  тəжірибесі,  Шалқын 

басшыларының  алдына  өзінің  олқылықтарынан  тиісті  қорытынды  жасап  үстіміздегі  жылда  оны 

қайталатпауы  міндетін  қойды.  Бірақ,  не  пайда,  Шалқын  басшылары  бұл  міндетті  мүлдем  есінен 

шығарып  алды,  мал  шаруашылығы  жөніндегі  істелетін  ұйымдастыру  шаралары  былай  тұрсын, 

алдымен  өздері  бас  болып  мал  союға  кірісті.  Соның  салдарынан  жыл  басынан  осы  кезге  дейінгі 

уақыттың өзінде ауыл көлемінде 114 бас мал сойылып отыр» [8; 3]. 

Газетке жауапты редактор ретінде Əділбай Жылкелдин қол қойып, таралымы 1330 дана болған. 

Алайда көп ұзамай редактор Ə.Жылкелдин И.В.Сталиннің ауыл шаруашылығы саясатын бұрмалады 

деген  айыппен  қуғын-сүргінге  ұшырап, 1938 ж. 21 наурызда  сот  үкімімен  он  жылға  Хабаровскі 

өлкесіндегі лагеріне айдалады жəне сол жақта қайтыс болады. 

Ауыл шаруашылығы жұмысын ұйымдастыруда жергілікті зиянкестер кедергі болуда делініп жар 

салынды.  Ілбішін  аудандық  «Екпінді  жол»  газетінің 1938 ж. 30 мамыр  күнгі  № 50  санында  Құмар 

деген тілшінің «Зиянкестіктің зардабын құрту керек» атты мақала басылыпты, осыны оқып көрсек: 

«Басшылығында көп уақыт халық жаулары отырған Сүттігенді МТС-ында зиянкестіктің зардабы əлі 

жойылған жоқ. Соның арқасында бұл МТС қарауындағы колхоздар биылғы көктемгі егіс науқанына 

ұйымдасқан  түрде  кірісе  алмады.  МТС  план  бойынша  жұмыс  істемейді,  трактор  паркінің  ремонты 

сапасыз болды, осының нəтижесінде колхоздардың көпшілігі егіс пландарын үкімет көрсеткен срокте 

орындай  алмады.  Зиянкестіктердің  əрекетінен  өткен  жылы  күзде  колхоздар  зяб  жырту  пландарын 

орындамады жəне жыртылған жер өте сапасыз болды, көктемгі егіске əзір жер болмағандықтан, көп 

колхоздар көктем егістің салып болу срогын өрескел созып жіберді» [9; 1]. Газетке Жақып Төлешев 

жауапты редактор ретінде қол қойыпты. 

Тайпақ аудандық «Ленин жолы» газетінің 1938 ж. 2 қазан күнгі № 86 санында «Бірінші парыз — 

астық дайындау планын орындау» деген мақалада колхоз басшыларының ұлы көсемдері Сталиннің 

«ең  басты  міндетті  елеусіз  қалдырып  жүрмеңдер,  астық  дайындау  жұмысын  орақтың  басынан 



Мерзімді баспасөздегі саяси … 

Серия «Филология». № 2(82)/2016 

75 

жеделдетіп  қызу  жүргізіңдер:  өйткені  бірінші  парыз — астық  дайындау  планын  орындау  деген» 



нұсқауын орындау үшін жеткілікті күрес ұйымдастыра білмегендіктерінен астық тапсыру ісі ұзаққа 

созылып, əлі орындалмай отыр» [10; 1] делінген. Газетке жауапты редактор ретінде Бақыш Қанатбаев 

қол қойып, Калмыков баспаханасында 1550 дана болып басылып шыққан. 

Сталиндік  қуғын-сүргін  Урал  өзен  пароходы  бассейні  өзеншілерінің  үні  болған  «Уральский 

водник»  газетінде  шарпып  өткен.  Газеттің  сол  жылғы  сандарының  қай  бетін  ақтарсаңыз  да  «халық 

жауларының» су жолы бойындағы қылмысты əрекеттері əшкереленген мақалалардан аяқ алып жүре 

алмайсыз.  Жергілікті  тергеу-тексеру  органдарының  басшылары  өндірісті  ұйымдастырудағы 

техниканың  артта  қалғандығы  мен  қосалқы  бөлшектердің  қат  болуы,  тұрмыстық  қызметтің  жəне 

жұмысшылар  еңбегінің  жоғарғы  дəрежеде  ұйымдастырылып,  еңбек  өнімділігінің  артуына  кедергі 

болғанын түсінбеді. Жоспардың орындалмауын жеке адамдардың санасынан іздей бастапты. Осыған 

«Уральский  водник»  газетінің 1937 ж. 24 қазан  күнгі  № 141  санындағы  «Виновных  привлечь  к 

ответственности» атты мақала айқын куə [11; 4]. Мақалада техникалық ақаулықтың салдарынан бір 

баркастағы  нан  түгелдей  құрттап  кеткендіктен,  жауапты  адамдарға  қатаң  шара  қолдануды  сұраған. 

Газет  дабылы  жергілікті  прокуратура  тергеушілері  тарапынан  қолдау  тауып,  Урал  мемлекеттік 

пароход қызметкерлеріне қарсы қозғалған қылмысты іс сотқа жолданды [12; 102]. 

Сөйтіп, XX ғ. 30 жж.,  оның  ішінде  Батыс  Қазақстан  облысында  жарық  көрген  мерзімді 

баспасөзге сталиндік билік толығымен орнады. Баспасөздегі демократиялық принциптер сақталмай, 

барынша қарапайым  бұқара  халықтың  айтар  ойы  мен  тілегі  тұншықтырылды. 1937 ж. 1 тамыздағы 

ҚК(б)П  Орталық  Комитетінің  Мəскеудегі  жоғарғы  партия  органдарына  берген  ақпарында  мынадай 

мəліметтер бар: «Батыс Қазақстан облыстық газеттеріне 15 адам керек. Аудандық газеттердің де жəйі 

онша мəз емес. Батыс Қазақстан облысындағы аудандық газеттер редакторының 5-нің орны бос тұр. 

Осы  мезгілде  «халық  жауы»  ретінде  анықталып,  облыстық  газет  редакциясынан  қуылғандар  саны 

14 болса, оның 4-уі — редактор. Аудандық газеттің 7 редакторы əшкереленді. Бұл адамдардың барлығы 

дерлік «халық жаулары», троцкистер мен ұлттық контрреволюционерлер болып шықты» [13; 116]. 

Осылайша,  баспасөздің  шыншылдық  рөлін  пайдалануға  ұмтылыс  жасаған  журналистер 

жазықсыз сталиндік қуғын-сүргіннің құрбанына айналды. 

 

 

Əдебиеттер тізімі 



1  Асыра сілтеушілікті бүркеп отыр // Социалды Қазақстан. — 1932. — 8 маус. 

2  Тауарлы мал фермаларының ұйымдастыру-шаруашылық жайы жəне оны нығайту шаралары туралы // Жаңа жол. — 

1932. — 26 желт. 

3  Тез тергелсін // Екпінді құрылыс. — 1933. — 4 қаңт. 

4  Аудандық атқару комитетінің III Пленумы // Социалды еңбек. — 1935. — 30 қазан. 

5  Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты. — 37-қ. — 6-т. — 15-іс. — 76–82-п. 

6  Батыс Қазақстан партия ұйымының жəне оның секретары жолдас Құрамысовтың саяси қателері туралы Қаз.Тал-өкпе 

аудандық партия активтері жиналысының қаулысы // Колхоз жолы. — 1937. — 2 сəуір. 

7  Отанды сатқан жексұрындар // ҚК(б)П өлкелік комитетінің Л.Мирзоянның есепті баяндамасы  // Қызыл Tу. — 1937. — 

4 шілде; Қызыл Ту. — 1937. — 17 маус. 

8  Шалқындағылар мал шаруашылық ісін қалтарыста қалдырмау керек // Колхозшылар үні. — 1937. — 29 тамыз. 

9  Құмар. Зиянкестіктің зардабын құрту керек // Екпінді жол. — 1938. — 30 мамыр. 

10  Бірінші парыз — астық дайындау планын орындау // Ленин жолы. — 1938. — 2 қазан. 

11  Виновных привлечь к ответственности // Уральский водник. — 1937. — 24 қазан. 

12  Политические репрессии в Казахстане в 1937–1938 гг. — Алматы: Казахстан, 1998. — 336 с. (Архив Президента РК). 

13  Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты. — 708-қ. — 4/1-т. — 541-іс. — 16-п. 

 

 

 



 

Қ.Сүндетұлы 

76 


Вестник Карагандинского университета 

К.Сундетулы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет