Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік


БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет16/29
Дата31.03.2017
өлшемі7,65 Mb.
#10854
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29

БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ 
БІРІЗДЕНДІРІЛГЕН ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУ
А.Ж. СЕЙТМУРАТОВ, 
физика-математика ғылымдарының докторы, доцент 
А.Б. АЙМЫРЗАЕВА, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Респубикасы
Соңғы уақыттарда дәстүрлі болған  «қағаздан жасалған» оқулықтар мен және оқу құралдарымен 
ком пьютерлік,  демонстарциялық  және  басқа  техникалармен  қатар,  оқыту  құралдарының  түрлік  құ­
рамы  электрондық  оқулықтар,  электрондық  оқу  құралдары,  Интернет  сайттар  және  басқа  теле ко­
муникациялық құралдар сияқты жаңа педагогикалық қызмет құралдарымен толықтырылды. Көрініп 
тұрғандай, мұндай мәселелер білім салаларының мазмұнына біріздендірілген өңдеуді қалыптастыру 
сұрақтарымен тығыз байланысты. 
Білім  салаларының  мазмұны  біріздендіріліп,  өңдеудің  формальды  әдістерін  құру  қадамдары  осы 
зерттеу  шеңберінде  білім  беруді  ақпараттандыру  және  оларды  ақпараттық  толықтыру  құралда рын 
құруға  теориялық­техникалық  біріктірілген    жолды  әзірлеуге  әкелді, ол  ақпараттық  біріктіру    деген 
жұмыс атауын алды және мәліметтердің арнайы құрылған құрылымдарына сәйкес белгіленген бі лім 
салалары  түсінігінің  мәндік  бағыныштылығын  бейнелейтін  ақпараттық  құрылымдарды  біріктіру ді 
компьютерлік техника көмегімен автоматтандыруға негізделген. Ақпараттық біріктіру технологиясы 
нақты пәндерді оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктеріне еш байланыспайды. Сонымен қатар 
мұндай технология оқытудың нақты әдістемелік жүйелеріне сай келуге қабілетті ақпараттандыру құ­
рал дарын құруға бағытталған. 
Сипаттау барысында көрсетілгендей, кез келген оқу курсының мазмұны белгілі бір мөлшерде адам­
зат білімінің пәндік салаларының бірінің мазмұнын бейнелейді. Сондай­ақ оқу процесінің негізінде 
алынған пәндік саланың бөлігін білім саласы деп санауға болады. Мұнан басқа түсініктердің  көптігі 
мен нақты пәндік немесе білім беру салаларының арасындағы қисынды байланыстарды бөлу сұрақтары 
қарастырылған болатын. Мұндай түсініктер жүйесі тезаурустар деп аталған болатын. 
Айтып  өтетін  жайт,  түсініктер  мен  олардың  арасындағы  байланыстарды  ерекшелеуге  негіздел­
ген әдіснама кейбір ғылыми басылымдарда бар, соның ішінде, В.А. Петрушин «Сарапшылық оқыту 
жүйе
 
лері»  кітабында  былай  деп  жазады,  яғни  «...оқыту  процесінің  екі  негізгі  бағытын  ажыратады: 
түсініктерді  оқыту  және  икемділіктерді  қалыптастыру.  Түсініктерді  оқытуда  жаңа  концептуальды 
және нақты оқу материалдарын көрсетуге және түсіндіруге назар аударылады; түсініктерді анықтау, 
олардың қасиеттері мен қатынастарын сипаттау, объектілер мен процестердің сандық және сапалық 
сипаттамалары туралы мәліметтерді келтіру, түсінік қасиеттерін мазмұнды және формальды негіздеу 
және т.б.».
Кейбір  белгіленген  білім  салаларының    шеңберінде  құрылған  білім  берудің  электрондық 
басылым дары  мен    ресурстарын  оқыту  процесінің  екі  бағытының  әр  түрлі  пропорцияларында 
ескеруге  болады,  осыған  байланысты  ақпараттандырудың  мұндай  құралдарында  білім  сала­
сының  түсінігі,  сонымен  қатар  дағдылар  мен  икемділіктер,  проблемалық  жағдайларға  қатысты 
ақ па раттар  сияқты  түсініктер  болуы  мүмкін.  Көптеген  түсініктер  білім  беру  саласы  туралы  білім 
жүйесін  анықтайды,  ал  проблемалық  жағдайлар  туралы  ақпарат  шешілетін  міндеттер  туралы  білім 
жүйесін анықтайды. Білімді осылай берудің мақсаттылығы В.А. Петрушиннің пікірі бойынша былай 
анықталады,  пәндік  сала  туралы  білім,  оның  түсініктер  жүйесі  туралы  қазіргі  ғылыми  түсініктерді 
бейнелей отырып көптеген қалыптасқан оқу пәндері  үшін тұрақты және консервативті қатар шешілетін 
міндеттер  туралы  білім  әлдеқайда  мобильді  компонентті  құрайды,  оның  мазмұны  ағымдағы  оқу 
мақсаттарына байланысты болады. Басқа жағынан алғанда, пәндік сала туралы білім оның құрылымын 
және мазмұнын, ал шешілетін міндеттер туралы білім семантиканы сипаттаумен қатар прагматикалық 
ақпараттарды сипаттайды. 

131
Бұл  зерттеудің  сипатталатын  бөлігін  қарау  объектісі  пәндік  мазмұнға  тікелей  қатысы  бірінші 
типтегі білім жүйесі болып табылады және оның ішінде білім салаларына және мән қалыптастыратын 
түсініктердің көптігіне негізделеді. Сондай­ақ ақпараттық біріктіру технологиясын білім беру салалары 
туралы білімді қалыптастыру жолдарының бірі ретінде қарастыруға болады. 
Бұрын берілген анықтамаларымен қарама­қайшылыққа шықпай­ақ білім беру саласының тезаурусы 
көбейту  тапсырмасының  нақты  тәсілін  және  ондағы  қатынастарды  көрсетеді.  Егер  Т  деп  көбейту 
түсінігін белгілеген  жағдайда, ол осы білім беру саласының мән беруші кері болып табылады. Ал V деп 
элементтердің арасындағы барлық байланыстарды көбейтуді белгілесек, онда Zv тезаурусын арқылы 
декартты туындысына сәйкес тексерілген Т­ны өз­өзіне көбейту ретінде қарастыруға болады: 
Z
v
 = < T ´ T > |
v
 ,
Мұнда  Т  – көбейту элементтерінің арасындағы қатынас. Құрылымдыларға қатынасқа  сәйкес «бө­
лігі болатын», «ие болу», «бір түрлі болу», «мынадайлардан тұрады» және т.б. түрінде анықталатын  
байланыстар жатады. Педагогикалық мәнділікке ие семантикалық байланыстарға «жинақтау», «нақ­
тылау», «аналогия», «дәлдеу», «жеңілдету», «ауытқу»  және «түзету» қағидалары бойынша анықталатын 
байланыстар жатады. 
Бұл қағидалардың мәні келесіге негізделеді. 
Т Т’­ның жиынтығы болып табылады. Егер Т’ анықтамасы кейбір константтарды, барлық жиынтық 
кванторындағы өзгермеліге ауыстыру анықтамасынан алынады. Нақтылау жинақтау үшін кері қаты­
насты құрайды. 
Т’  Т­ның    аналогиясы  болып  табылады.  Егер  Т  анықтамасының  константына  Т’  анықтамасынан 
констант бейнесі бар болса. 
Егер Т’  Т­да пайдаланылатын мәліметтерді көбейту үшін пайдаланылатын қосымша қасиеттерге ие 
болатын болса Т’ Т­ның дәлдеуі болып табылады. 
Жеңілдету  дәлдеудің кері қатынасын көрсетеді. 
Егер Т’ әрекеті Т сияқты мақсатқа ие болып, бірақ жетістікке әкелмесе. онда Т’  Т­дан ауытқу болып 
табылады. 
Түзету ауытқу үшін кері қатынасты көрсетеді. Жинақталған қатынастардың тағы екі типіне сәйкес 
құралған түсінікаралық байланыстар – «мұрагер болу» және «базасы болу». «Мұрагер болу» қатынасы 
ретінде  «нақтылау»  немесе  «дәлелдеу»  семантикалық  қатынастың  бірі  таңдап  алынуы  мүмкін. 
«Мұрагер болу» қатынасының мәні мынадан тұрады, Т’ Т­ның мұрагері болып табылса, онда Т’ Т-ның 
түсінігіне және қасиетіне ие болады, бірақ бұл қасиетттер мен түсініктер Т’­де қайта анықталмайды. 
Кері қатынаста «ата болу» ретінде сипаттталады.
  «Базасы  болу»  қатынасы  ретінде  «белгілі  болу»  типіндегі  құрылымдық  қатынас  немесе    «же­
ңілдету»  типіндегі  семaнтикалық  қатынас  таңдап  алуы  мүмкін.  Дәлірек  айтсақ,  Т’  түсінігі, 
егер Т анық тамасы Т’ анықтамасына айтарлықтай сүйенетін болса, Т үшін базалы болып табылады. 
Мысалы: «кесінді» деген геометриялық түсінік үшін «түзу» және «нүкте» түсініктері базалы болып 
табылады. Кері қатынасты «өзекті болу» деп атаймыз.
Пәндік  немесе  білім  беру  тезауруcын  жобалауда  қатынастардың  бірі  байланыс  қалыптастырушы 
ретінде таңдап алынады. Егер негізгі ретінде «ата – мұрагер» қатынасы таңдап алынса, онда тез аурус 
жіктеуді  құрайды,  жоғарғы  деңгейлерінде,  әлдеқайда  жалпы  түсініктер  орналасқан.  Мұндай  жүйе­
лердегі  түсініктер  мен  байланыстардың  мысалы  ретінде  жануарлар  мен  өсімдіктердің  био логиялық 
жіктелуін,  химиялық  элементтердің  деңгей  бойынша  жіктелуін  көрсетуге  болады.  Егер  байланыс 
қалыптастырушы  ретінде  «өзекті  –  базалық»  қатынасы  таңдап  алынған  жағдайда  тезаурус  курделі 
обьектіні  немесе  процестің  деңгей  бойынша  сипатталуын  көрсетеді,  ал  оның  жоғары  деңгейлері 
әлдеқайда күрделі (құрылымдық немесе идеялық) обьектілерге сай келеді. Есептерді шығару кезінде 
курделі механикалық қондырғыларды (кеме, автомобиль қозғалтқышы, компьютер) деңгей бойынша 
сипаттау немесе мақсаттарды (әрекеттерді, дағдылырды) сатылау мысал бола алады.
Білім беру саласында тезаурусты құруда білім беруді ақпараттандырудың біріздендірілген құрал­
дарын жасау кезінде, оны пайдалануда байланыс қалаптастырушы қатынастарды таңдау мақсаттары­
мен нысандармен және оқу процесінде оны ары қарай қолдану контекстімен анықталады. 

132
Әдебиеттер:
1.  Бидайбеков  Е.Ы.,  Аймукатов  А.Т.  Обучение  компьютерной  графике  и  геометрическому  моде­
лированию в курсе информатики политехнического колледжа. – Алматы, 2008.
2. Үсенов С.С. Формированиe понятийной системы информатики. – Кызылорда, 2003.
Резюме
В статье предлагается обобщенная технология формирования тезаурусов образовательных облас­
тей. Сформированные подобным путем тезаурусы должны стать своеобразным сырьем для последую­
щего построения электронных иерархических структур и их обработки с целью автоматизированного 
построения унифицированных средств обучения.
Summary
The given research touches upon the generalized technology of creating the tethaurus of educational areas. 
The created by such a way thesaurus should become a unique material for further constructing the electronic 
hierarchic structures and their processing with the aim of automatic structure of unified means of training.
УДК  37.012
ЭФФЕКТИВНОСТЬ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ЭЛЕКТРОННЫХ
 УЧЕБНИКОВ В ПРЕПОДАВАНИИ ИСТОРИИ
А.Ж. ТУЛЕГЕНОВА, Н.И. ЕСИМХАНОВА, 
Аркалыкский государственный педагогический институт имени И. Алтынсарина, 
Республика Казахстан
Образование  признано  одним  из  важнейших  приоритетов  долгосрочной  Стратегии  «Ка­
захстан­2030».  Общей  целью  образовательных  реформ  в  Казахстане  является  адаптация 
системы образования к новой социально­экономической среде. Президентом Казахстана была также 
поставлена  задача  о  вхождении  республики  в  число  50­ти  наиболее  конкурентоспособных  стран 
мира.  Совершенствование  системы  образования  играет  важную  роль  в  достижении  этой  цели. 
Международный  опыт  подтверждает,  что  инвестиции  в  человеческий  капитал,  и,  в  частности,  в 
образование, начиная с раннего детства до зрелого возраста, вносят существенный вклад в экономику и 
общество. Данные принципы определены как цель Государственной программы  разви тия образования 
Респуб лики  Казахстан  на  2011­2020  годы,  а  это  повышение  конкурентоспособ ности  образования, 
развитие  человеческого  капитала  путем  обеспечения  доступности  качественного  обра зования  для 
устойчивого роста экономики [1]. 
В своем выступлении перед студентами  с лекцией «Казахстан на пути к обществу знаний» от 
5  сен  тября  2012  года  Президент  Республики  Казахстан  Н.А.  Назарбаев    отметил:  «Мы  движемся  к 
постиндустриальному миру, в котором правит триада «образование – наука – инновации». В связи 
с этим качественное образование, которое Вы получаете, является лишь стартовым интеллектуаль ным 
капиталом. Вам нужно непрерывно работать над собой, повышать свое образование, профессиональ­
ные компетенции» [2]. 
В  настоящее  время  в  условиях  информатизации  образования  меняется  парадигма  гуманитарных 
наук, изменяется структура и содержание образования. В Послании Президента народу Казахстана от 
27 января 2012 года было сказано, что в ходе модернизации системы образования важно осуществить 
внедрение в процесс обучения современные методики и  технологии [3].
Новые  методы  обучения,  основанные  на  активных,  самостоятельных  формах  приобретения  зна­
ний и работе с информацией, вытесняют демонстрационные  и иллюстративно­объяснительные мето­
ды,  широко  используемые  традиционной  методикой  обучения,  ориентированной,  в  основном,  на 
коллективное восприятие информации. 

133
Одними  из  наиболее  популярных  компьютерных  средств  обучения  стали  электронные  учебники 
(ЭУ),  позволяющие  реализовать  функции  обучения,  самообучения,  демонстрации  изучаемого 
материала, тренировки в применении изученного материала, контроля и самоконтроля, систематизации 
усвоенных  знаний  и  являющиеся  таким  образом  многоцелевым  средством  обучения.  Электронный 
учебник ставится в один ряд с автоматизированными обучающими системами. 
Поэтому использование электронных средств обучения и введение их в учебный процесс сегодня 
особенно актуальны.
Главной  задачей  использования  электронных  учебников  по  истории  является  интенсификация 
учебного процесса, повышения его эффективности и качества.
Одним из приоритетных направлений процесса информатизации современного общества является 
информатизация образования – процесс обеспечения сферы образования методологией и практикой 
разработки и оптимального использования новых информационных технологий, ориентированных на 
реализацию основных целей обучения и воспитания.            
Этот процесс инициирует преподавателя высшей школы на выполнение следующих обязательных 
условий:
  совершенствование  методологии  и  стратегии  отбора  содержания,  методов  и  организационных 
форм обучения, воспитания, соответствующих задачам развития личности обучаемого в современных 
условиях информатизации общества;
•  создание  методических  систем  обучения,  ориентированных  на  развитие  интеллектуального  по­
тенциала  обучаемого,  на  формирование  умений  самостоятельно  приобретать  знания,  осуществлять 
информационно­учебную,  научно­исследовательскую,  самостоятельную  деятельность  по  обработке 
информации;
• создание и использование компьютерных тестирующих, диагностирующих методик контроля и 
оценки уровня знаний обучаемых.   
Электронные средства обучения, обладающие повышенной мультимедийностью и динамичностью, 
способствует выработке фрактальной методологии, переходу к образному многомерному мышлению.
Электронный учебник – компьютерное, программное средство, предназначенное, в первую очередь, 
для  предъявления  новых  исторических  источников,  дополняющей  печатные  издания,  служащее  для 
группового, индивидуального или индивидуализированного обучения и позволяющее контролировать 
полученные знания и умения обучаемых. Являясь современным средством обучения, ЭУ существенно 
повышает  качество  и  эффективность  обучения,  мотивацию  студентов  и  оптимизирует  деятельность 
преподавателя [4]. 
   Электронные учебники по историческим дисциплинам применимы не только в качестве средства 
обучения, совершенствующего процесс преподавания, безусловно повышающего его эффективность и 
результативность, но и  зарекомендовали себя в качестве: 
– инструмента познания окружающей действительности и самопознания;
– средства развития личности обучаемого;
– объекта изучения (например, в рамках освоения курса истории древнего мира);
– средства информационно­методического обеспечения; 
– средства коммуникаций в целях распространения передовых педагогических технологий;
– средства автоматизации процессов контроля, коррекции результатов учебной деятельности;
– средства организации самостоятельной, научно­исследовательской работы и интеллектуального 
досуга студентов.
Особого  внимания  заслуживает  описание  возможностей  электронных  учебников,  использование 
которых создает предпосылки для интенсификации образовательного процесса по истории:
• незамедлительная обратная связь;
• компьютерная визуализация учебной информации об объектах или закономерностях исторических 
процессов, явлений, как реально протекающих, так и «виртуальных»;
•  архивное  хранение  достаточно  больших  объемов  информации  с  возможностью  ее  передачи,  а 
также легкого доступа и обращения пользователя; 
• автоматизация процессов информационно­методического обеспечения, организационного управ­
ления учебной деятельностью и контроля за результатами усвоения.          

134
Возможность электронного  учебника  существенным образом влияет на развитие личности обу­
чаемого, качественно иную подготовку специалистов новой формации и обеспечивает:
 развитие мышления, (например, наглядно­действенного, наглядно­образного, интуитивного, твор­
ческого, теоретического);
 эстетическое воспитание (например, путем использования возможностей компьютерной графики, 
технологии Мультимедиа);
 развитие коммуникативных способностей; 
  формирование  умений  принимать  оптимальное  решение  или  предлагать  варианты  решения  в 
сложной ситуации;
 развитие умений осуществлять научно­исследовательскую деятельность; 
 формирование информационной компетентности и информационной  культуры. 
Анализируя  теоретические  и  практические  аспекты  по  методике    использования  электронного 
учебника на занятиях по истории, можно сформулировать следующие выводы: 
– внедрение в процесс обучения истории электронного учебника позволяет формировать высо кую 
познавательную активность студентов, их самостоятельность в процессе образовательного госу дарст­
венного стандарта специальности «История»; 
–  электронный    учебник  позволяет  студентам  создавать  собственные  мультимедийные  проекты, 
интерак тивные доклады, рефераты, глоссарий, хронологические таблицы, схемы и карты; 
– электронный учебник является основным образовательным электронным изданием, созданным на 
высоком научном и методическом уровне. 
Практическое использование электронных учебников повышает эффективность и качество процесса 
обучения,  активизирует  познавательную  деятельность  студентов  за  счет  компьютерной  визуализа­
ции,  углубляет  межпредметные  связи,  индивидуализирует  и  дифференцирует  процесс  обучения, 
способствует формированию культуры учебной деятельности, информационной культуры обучаемого 
и обучающего.
Литература:
1. Указ Президента Республики Казахстан от 7 декабря 2010 года №1118 «Государственная програм­
ма  развития образования Республики Казахстан на 2011­2020 годы». – Астана, 2010.
2. Выступление Президента Н. Назарбаева перед студентами Назарбаев Университета. Казахстан на 
пути к обществу знаний // Казахстанская правда. – 2012. – №299­300.
3. «Социально­экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана». Послание Пре­
зидента – Лидера Нации Нурсултана Назарбаева народу Казахстана // Казахстанская правда. – 2012. – №32.
5. Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании. – М.: Школа­Пресс, 2007.
Түйіндеме  
Бұл мақалада қазіргі кезеңдегі қазақстандық білім беруді модернизациялаудың басым бағыты ре­
тінде тарихты оқытуда электронды оқулықтарды қолданудың өзектілігі мен тиімділігі қарастырылады. 
Электронды  оқулықтарды  тәжірибеде  қолдану  оқу  үрдісінің  тиімділігін  жоғарылатып,  сапасын 
көтереді,  компьютердің мүмкіндіктері арқылы студенттердің таным қызметінің белсенділігін артты­
рады,  пәнаралық  байланыстарды  тереңдетеді,  оқытуды  даралау  мен  дифференциалдауды  күшейтіп, 
оқушы мен оқытушының оқу мәдениеті мен ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді.
Summary
In the given article the urgency and the efficiency of use of electronic textbooks in teaching History are 
considered as the priority direction to modernizations of the modern Kazakhstan education. 
Practical use of electronic textbooks raises the efficiency and quality of the process of the education, actuates 
cognitive activity of the students to account of the computer visualization, deepens the relationship between 
the subjects, individualizes and differentiates the process of the education, promotes the formation of culture 
to school activity, informational culture of trained and training.

135
ӘОЖ 004.087:004.832:004
ИНФОРМАТИКАНЫҢ СОҢҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІН 
ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЕСЕПТІ ЭЛЕКТРОНДЫ ЕСЕПТЕУ 
МАШИНАСЫ  КӨМЕГІМЕН ШЫҒАРУ
А. Ж. СЕЙТМҰРАТОВ, 
физика-математика ғылымдарының докторы, доцент
 Ұ. Б. ЮЛДАШЕВА, 
магистрант
 Д.Ж. ЖАНЫСОВА, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы 
Мақалада математикалық есептерді шешуде есептеу алгоритмдерін құрастыру және информатика­
ның соңғы жетістіктерін пайдалана отырып есепті электронды есептеу машинасы  көмегімен шығару, 
соның  ішінде  алгебралық  және  трансценденттік  теңдеулерді  шешудің  сандық  әдістеріне  берілген 
есептерді шығару мақсатында төмендегі есептер қарастырылады.      
Айталық, бізге 
F(x) = 0
түріндегі теңдеу берілсін. Мұндағы F(x)  – алгебралық немесе трансценденттік функция. Егер біз 
F(x) функциясының графигін пайдалансақ, онда теңдеудің түбірлері, жуықтап алғанда, абсцисса осімен 
қиылысу нүктелері болмақ. Есепті ықшамдау арқылы берілген теңдеуді оған мәндес
f
1
(x) = f
2
(x)
теңдеуімен  алмастыруға  болады.  Мұндай  жағдайда  f
1
(x)  және  f
2
(x)  функцияларының  графиктері  са­
лынып, Ох осіндегі осы графиктердің қиылысу нүктелерін көрсететін кесінділері белгіленеді.
Мысал 1. sin 2x – lnx = 0 теңдеуінің түбірлерін айыру керек.
Түбірлерін графикалық түрде айыру үшін оны оған мәндес sin2x = ln x түрге келтіреміз. у = sin2x 
және у
2
 = ln x функцияларының графиктерін жеке­жеке саламыз.
Графикке қарап, оның z бір түбірі болатынын көреміз және ол [1; 1,5] кесіндісінде жатады.
Түбірлерді айыру туралы есептерді шешу барысында келесі жайттардың пайдасы бар:
1. Егер [a; b] кесіндісінде үздіксіз F(x) функциясы оның шеткі нүктелерінде әр түрлі таңбалы мәндер 
қабылдаса (яғни F(a) · F(b) < 0 ), онда берілген теңдеудің осы кесіндіде кем дегенде бір түбірі бар бо­
лады.

136
2. Егер F(x) функциясы монотонды (кемімелі немесе өспелі) болса, [a; b] кесіндісіндегі түбір жалғыз 
ғана болады.
Тексеру үшін  F(x) = sin2x – lnx функциясының [1; 1,5] кесіндісінің шеткі нүктелеріндегі мәндерін 
есептейік:  F(1)= 0,909298; F(1,5) = – 0,264344. Байқауымызша, [1; 1,5] кесіндісінде түбірдің болатынын 
аламыз.
Қарапайым жағдайда түбірлерді графикалық айыруды қолмен еептеуге болады, кейде күрделі жағ­
дайларда  теңдеудің  түбірі  берілген  кесіндіде  болуын  (санын)  анықтауда  компьютердің  қолданбалы 
бағдарламасын пайдалануға немесе программалау тілінде программа құрастыруға болады.
Айталық, F(x) = 0 теңдеуінің барлық түбірлері [A; C] кесіндісіне тиісті болсын, яғни F(A) · F(C)< 0
Бізге теңдеудің түбірлерін айыру керек, яғни бір түбірден жататын барлық [ab] Ì [AC] кесінділерді 
көрсету керек.
F(x)­тің мәнін x = A нүктесінен бастап оң жаққа қарай қандайда бір қадаммен қозғала отырып 
есептейміз.
F(x)­тің көршілес екі әр түрлі таңбалы мәндері пайда болған кезде, алынған кесіндіге  түбір тиісті 
болатынын аламыз.    
Теңдеудің шешімін программалау тілі көмегімен қарастырайық. Осыған сәйкес келетін алгоритмнің 
жалпы схемасын көрсетейік. Қойылған есептің нәтижесі экранда көрсетілген x
1
 және x
2
 параметрлерінің 
мәндері (белгіленген кесіндінің шеткі нүктелері) болады.

137
Мысал 2. cos x = 0,1теңдеуінің [­10; 10] кесіндідегі түбірлерін 0,1 қадаммен бөліктерге бөліңдер.
Бұл есепті Excel көмегімен шешуге болады. Компьютер экранында y = cos x – 0,1 функциясы ның 
графигінен басқа мәндері анықталған кесте және одан 0,1 қадаммен жеті бөлінген кесінділер­
дің нәтижесін алуға болады: ­9,7 < x

< ­9,6;  ­9,0<x
2
<­8,9;  ­4,3 < x
3
<­4,2;  ­1,8 < x
4
< ­1,7;   ­1,4 < x
5
< ­1,5;  
5,2 < x

< ­5,3;  7 < x

< ­7,1.
Түбірлерді айыру алгоритмінің схемасы бойынша программаны оңай құрастыруға болады. Төменде 
Turbo Pascal тілінде құрылған программаны ұсынамыз:
 
Program Separat_root;
uses crt;
var a,b,x1,x2,y1,y2,h:real; n,k:integer;
function f(x:real):real; {F(x)=0}
begin f:=cos(x)-0.1*x;
end;
begin
clrscr;
writeln (‘ Енгізу a,b,h ‘);  read (a,b,h);
k:=0; x1:=a; x2:=x1+h; y1:=f (x1);
while x2
begin y2:=f (x2);
if   y1*y2<0 then
begin  inc(k);
writeln (k, ‘– түбірі [ ‘, x1:4:1, , ‘ ;  ‘ , x2:4:1, , ‘ ] ‘ )
end;
x1:=x2;  x2:=x1+h; y1:=y2;
end;
repeat until keypressed


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет