Issn 1607-2782 Республикалық



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата27.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#10576
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

 
Әдебиеттер: 
1.  Бесков  В.С.,  Сафронов  В.С.  Общая  химическая  технология  и  основы  промышленной 
экологии. – Москва: Химия, 1999. – 36-45с. 
2.Баевский  Р.М.  Методико-экологический  мониторинг  здоровья  населения  //Медико-
экологические проблемы Приаралья и здоровья населения: сб.науч.тр. – Нукус, 1991. – С.65-68. 
3.  Приложение  по  МЗ  РК  №  183  ОТ  05.05.1993г.  Об  усилении  эффективности  проведения  
лабораторного контроля за остаточным содержанием пестицидов и нитратов по Кызылординской 
области за 2006, 2007, 2008, 2009г.г., – С.1-11. 
4.  ОТЧЕТ  о  результатах  работ  по  мониторингу  окружающей  среды  и  здоровья  населения 
Приаралья за 2006,2007, 2008,2009 год (Программа № 008).– С.1-75. 
5. Н.Г.Приходько. Безопасность жизнедеятельности. – Алматы, 2004. – С.18-32.  
6. Садовникова Л.К. Экология и охрана окружающей среды при жимическом загрязнений. – 
Москва: Высшая школа, 2006. – С.111-128 
7.  Вредные  вещества  в  промышленности.  Органические  вещества:  справочник  /    Под  общ. 
ред. Э. Н. Левиной, И. Д. Гадаскиной. – Л.: Химия, 1988. – 464с. 
8.  Вредные  химические  вещества.  Неорганические  соединения  элементов  I  –  IV  групп: 
справочное изд. / Под ред. В. А. Филова и др. – Л.: Химия, 1989. -592с. 
9. Вредные химические вещества. Радиоактивные вещества: справочное изд / Под ред. В. А. 
Филова и др. – Л.: Химия, 1990. – 732с. 
10.Қызылорда  облыстық  сан-эпидем.сараптама  орталығы  мәліметтері:  1.Сведения  о 
содержании  тяжелых  металлов  и  некоторых  химических  веществ  и продуктов   питания  и воде  за 
2005, 2006, 2007, 2008, 2009 г.г.1-6 б. 
 
Резюме 
 
В  данной  статье  «Анализ  исследований  проводимых  на  видоизменения  продукции 
биотрансформации  ксенобиотиков  в  процессе  метаболизма»  дается  описание  процесса 
метаболизма  ксенобиотиков,  к  которым  относятся  энзиматические  изменения  молекул  на  основе 
процесса  биотрансформации.  Метаболизм  ксенобиотиков  состоит  из  двух  фаз:  модификация  и 
конъюгация.  І-ая  фаза  метаболизма  определяет  уровень  биотрансформации.  ІІ  фаза  –  уровень 
биологической  конъюгации  эндогенных  молекул    промежуточных  продуктов  метаболизма. 
Важную роль играют первоначальные и завершающие продукты биотрансформации. 
          

91 
 
                                                                        Summary 
The article touches upon the descviption of the process of metabolism of  pollutants. Metabolism of  
pollutants  consists  of  2stages:  modification  and  connugation.  The  1
st
  phase  defines  the  level  of  
biotransformation. The 1
st
  phase defines the  level of biological connugation  of  endogenic  molecule  of  
interval products of  metabolism. The first and completing products of biotransformation are play ing the 
most important role. 
 
 
 
ӘОЖ  621.315:621.8.05:621.316.3 
 
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН СЫМСЫЗ БЕРУДІҢ ӘДІСІ
 
 
А.Қ.ҚАЛЫБАЕВА,  техника ғылымдарының кандидаты,
 
Ж. ӘЛИ, Ш.МҰХТАРОВ, 
 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Электр  энергиясын  беру  әдістерінің  шығу  тарихы.  1821 жылы Майкл Фарадей  
магниттiң  токтағы  өткiзгiш  бойымен  айналатынын  және  тоқтағы  өткiзгiштiң  магнит 
бойымен  айналатынын  бақылап,  электр  қозғағыштың  алғашқы  моделiн  жасады.  1831 
жылы  барлық  тұрақты  және  айнымалы  тоқ  генераторларының  жұмысы  негiзделген  - 
электромагниттiк индукцияны ашты.  
1860-1865 
жылдары 
Максвелл 
электромагниттік 
құбылыстардың 
негізгі 
заңдылықтарын  сипаттайтын  теңдеулер 
(Максвелл 
теңдеулері) 
жүйесі  ретінде 
құрастырған  электромагниттік  өріс  теориясын  жасады:  бірінші  теңдеу  Фарадейдің 
электромагниттік  индукциясын  білдірді;  екіншісі  -  ығысу  тогы  түсінігі  негізінде 
Максвеллдің  өзі  ашқан    магнитоэлектрлік  индукцияны  білдірді;  үшіншісі  -  электр 
мөлшерінің сақталу заңы; төртіншісі -
 магниттік өрістің құйындық қасиеті. Осы ойларды 
дамыта  отырып,  Максвелл  мынадай  қорытындыға  келді:  магнит  және  электр  өрістерінің 
кез  -  келген  өзгерістері  қоршаған  кеңістікті  сүзіп  өтетін  күш  сызықтарының  өзгеруін 
туындатуы  керек,  яғни  ортада  таралатын  импульстер  (немесе  толқындар)  болуы  керек. 
Осы толқындардың таралу жылдамдығы ортаның магниттік және диэлектрлік өтімділігіне 
тәуелді  болып,  электромагниттік  бірліктің  электростатикалық  бірлікке  қатынасымен 
анықталды. 
 Электромагниттік толқындардың табиғатта бар екеніне Максвелл сенімді 
еді. Максвелл теориясына сол замандағы физиктердің басым көпшілігі сияқты алғашқыда 
күмәнмен  қараған  неміс  ғалымы  Генрих  Герц
 1887-1888  жылдары  электромагниттік 
толқындардың бар екенін эксперимент жүзінде ашты. 
Тесла  трансформаторы  -  Тесланың  катушкасы  деп  те  аталатын  Никола  Тесланың 
ойлап тапқан құралы. Бұл құрал жоғары жиіліктегі жоғары кернеуді өндіретін резонансты 
трансформатор  болып  табылады.  1896  жылы  22  қыркүйекте  бұл  құрал    «Жоғары 
жиіліктегі ток пен потенциалды өндіретін аппарат» деген атпен патенттелінді [1]. 
Электр энергиясын берудің заманауи әдістері: 
1.  Электромагниттік  индукция  әдісі.  Тұйық  өткізгіш  контурда  оны  тесіп  өтетін 
магнит  өрісінің  өзгеру  нәтижесінде  электр  тогының  пайда  болуы  -  электромагниттік 
индукция деп аталады. 
Сымсыз  түрде  электр  энергиясын  берудің  электромагниттік  индукция  әдісі, 
элекромагниттік  өріс  толқынының  6/1  -  дегі  ара  қашықтықта  электр  энергиясын 
тасымалдайды.  Мысал  ретінде  трансформаторды  алайық.  Ол  екі  орамнан  және 
ферромагнитті  өзекшеден  тұрады.  Трансформация  кезінде  бірінші  орамындағы  энергия 
екінші орамға өздік индукция арқылы беріледі. Яғни бұл әдіс арқылы энергияны тек қана 
жақын  арақашықтықта  сымсыз  түрде  тасымалдай  аламыз.  Бұл  мәселенің  шешімі 

92 
 
«Резонанс  құбылысы»,  яғни  арақашықтықты  резонанс  арқылы  арттыра  аламыз.  Ол  үшін 
таратқыш  пен  қабылдағышты  бір  жиілікке  келтіру  қажет.  Егер  тоқтың  басқару 
толқынының  формасын  синусоидалыдан  синусоидалы  емес  өтпелі  толқын  формасына 
өзгертсек,  өнімділігін  едәуір  арттыруға  болады.  Импульсті  энергия  тарату  бірнеше  цикл 
ішінде  орындалады.  Осылайша  екі  өзара  байланысқан  кіші  коэффициенттегі  LC  - 
тізбектері арасында аса жоғары қуат таратылуы мүмкін. 
Қарапайым 
қолданыста 
бұл 
әдісті 
ұялы 
телефондарды, 
медициналық 
имплантанттарды  және  электромобильдерді  т.б  құралдарды  зарядтау  үшін  қолданылады 
[2], [3]. 
2.  Электростатикалық  индукция  әдісі.  Электростатикалық  немесе  сыйымдылық 
байланысы диэлектрик арқылы электр энергиясының өтуін сипаттайды. Практика жүзінде 
екі немесе оданда көп бейтрапталған электрлік ұстатқыштар, электродтар немесе түйіндер 
арасында  болатын  өткізгіш  қабатының  үстінде  орналасқан  электрлік  өріс  немесе 
дифференциалды  сыйымдылық.  Электрлік  өрісі  жоғары  жиіліктегі  және  жоғары 
потенциалдағы  айнымалы  тоқ  арқылы  зарядталған  пластиналармен  пайда  болады.  Екі 
электрод  пен  қоректендіруші  құралдың  арасындағы      сыйымдылық  потенциалдар 
айырмашылығын тудырады. 
Электростатикалық  индукция  әдісі    таратылған  энергия     қабылдағыш  құралдарда 
қолданылуы мүмкін. Мысалы: сымсыз шамдарда.
  
3.  Микротолқынды  сәулелену.  Радиотолқынды  энергия  таратуда  таратқыш  пен 
қабылдағыш  арасын  едәуір  ұзартып,  және  электромагниттік  толқынның  ұзындығын 
қысқартсақ, яғни  микротолқынды диапазонға дейін, онда біз барынша бағытталған, әсерлі 
энергия  тасымалын  аламыз.  Осылайша  тасымалданған  микротолқынды  энергияны 
қайтадан  электр  энергиясына  айналдыру  үшін  ректенна  пайдаланылады.  Бұл 
айналдырудың  ПӘК-і    95%  -  дан  астам.  Мұндай    әдіс  орбиталды    күн  электр 
станцияларынан  жерге  энергия жіберу  үшін    және  жер орбитасынан шығып  бара  жатқан 
ғарыш  кемелерін  электр  энергиясымен  қамтамасыз  ету  үшін  ұсынылған  болатын. 
Микротолқынды сәулелену  әдісінің  кемшілігі  және  қиындығы ол ғарыш саласында, яғни 
ғарыштан энергия жіберу үшін бізге таратқыштан 10 есе үлкен қабылдағыш керек [4][5]. 
Электр  энергиясын  берудің  альтернативті  әдісі.  (Электромагниттік  индукция 
мысалында). Берілген әдіс арқылы электр энергиясын беру үшін бізге мына заттар қажет: 
 
 
 Сурет 1 - Орамалар (катушкалар)  
 Сурет 2 - Транзистор (BD139,BD137 ….) 
 
 
 
 
 
 
 

93 
 
 
 
                            
 
                     
Сурет 3  - Конденсаторлар (полярлы емес)       Сурет 4 - Резистор (5,6 кОм немесе 5,1кОм) 
 
 
 
Сурет 5 - Тақша (плата) 
            Сурет 6  Қореқ көзі (6 В - 9 В  арасында) 

94 
 
 
 
Сурет 7 - Жарық диоды (кез - келген) 
 
 
 
Сурет 8  - Тәжірибе жүзіндегі сұлба 
 
Біздің  ұсынып  отырған  сымсыз  электр  энергиясын  тасымалдау  әдісінің  пайдалы 
жақтары  өте  көп.  Мысалы,  күнделікті  тұрмыста,  электр  энергиясын  тарату  желілерінде 
қолдану  өте тиімді.  Яғни, энергияны желілік  сымдарсыз тарату  әлдеқайда  қолайлы және 
бір  жағынан  желілік  сымдар  үнемделеді,  электр  энергиясымен  қамтамасыз  ету  қиын 
аймақтарға  энергия  көзі  жеткізіледі.  Мұндай  энергия  тасымалдау  әдісі  үшін  біз 
электромагниттік  индукция  заңы  мен  резонанс  құбылысына  сүйене  отырып  жасадық. 
Берілген  әдісте  энергия  шығыны  аз  әрі  қаржылай  тұрғыдан  да  тиімді  және  тағы  бір  айта 
кететін  жағдай  энергия  тасымалы  кезінде  бөгеттерден  өту  қабілеті  жоғары.  Практика 
жүзінде  біз  әр  түрлі  материалдарды  сынап  көрдік.  Оның  ішінде  ағаш  пластмасса, 
гидроорта,  қағаздар  металдар  пайдаланылды.  Жобамыздың  артықшылығының  бірі  осы.  
Қазіргі  кезде  электр  энергиясы  төңірегіндегі  тақырыптар  өте  жоғары  маңызға  ие. 
Сондықтан  ұсынып отырған энергия тасымалдау  түрінің болашағы зор.  
 
 Әдебиеттер:  
1.
 
Наталья 
Ковалевская.
«Держатели 
плазмы»
 
//Власть 
денег 
Март 
2007 
(№ 123) 
http://www.depo.ua/ru/vlast - deneg/2007_vd/2007_3_vd/99_vtoc/vdart1791.htm

2.
 
Шамиль  Гареев. 
«Электричество  будет  передаваться  без  проводов»
  //Великая  Эпоха 
12.06.2007  
http://www.epochtimes.ru/content/view/11092/5/
 . 

95 
 
3.  Владимир  Заманский. 
«Киевский  Тесла»
  //  «Газета  по-киевски»  15.09.2007 -  Статья  об 
инженере, 
повторившим 
опыт 
Теслы 
по 
беспроводной 
передаче 
электричества.  
http://pk.kiev.ua/city/2007/09/15/130048.html

4.«Бесконтактная  технология  передачи  энергии  CPS®(Contactless  Power  System)  компании 
VAHLE» (англ.) 
http://www.vahle.de/errorpage.html
.  
5.  “Беспроводная  передача  электричества”  -  Википедия.  Свободная  энциклопедия   
http://ru.wikipedia.org/w/index.php?title
 = Беспроводная_передача_электричества&oldid =49515430. 
 
Резюме 
В  предложенной    статье  беспроводной  передаче  электричества  есть  много  полезного. 
Например,  её  можно  установить  на  электростанциях  и  использовать  в  быту.  То  есть  передавать 
энергию  без  проводов  легче  и  проще.  Можно  передавать  энергию  в  дальние,  труднодоступные 
места,  и,  с  другой  стороны  приемлемо  экономить  линейные  провода.    Для  такой  передачи 
электричества  используется  эффект  резонанса  на  основе    закона  электромагнитный  индукции.  В 
данном способе передачи электричества потери очень малы, да и в финансовом плане приемлемо. 
И  еще  одно  преимущество  нашего  способа  -  это  обход  препятствий.  На  практике  используются 
разные материалы.  
Используются    дерево,  пластмасса,  бумага,  металлы и  даже   водяные  препятствия.   В наше 
время данная тема в области энергетики весьма актуальна. Поэтому авторы надеются, что данный  
способ будет иметь яркое будущее
 
Summary 
The proposed wireless transmission of electricity we have a lot of useful information. For example, 
it can be installed in power plants, and use in everyday life. That is to transfer energy without wires easier 
and  easier.  It  will  be  possible  to  transmit  energy  over  long,  difficult  places,  and  on  the  other  hand  is 
acceptable to save linear wire. Such transmission of electricity we used the resonance effect on the law of 
electromagnetic  induction.  In  the  process  of  the  electricity  transmission  losses  are  very  small,  and 
financially  acceptable.  And  another  advantage  of  our  method  is  to  avoid  obstacles.  In  practice,  we  use 
different  materials.  We  used  wood,  plastic,  paper,  metal  and  even  water  obstacle.  After  that,  we  started 
thinking about the  impact on  human  electromagnetic  waves. In  our project used low power, high-power 
theory,  this  should  not  influence  people.  Nowadays  topics  in  the  field  of  energy  are  highly  relevant. 
Therefore, we hope that this method will have a bright future. 
 
 
 
ӘОЖ 377.018.432:004.087 
 
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ  ИНЖЕНЕРЛІК 
– ТЕХНИКАЛЫҚ 
МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАФИКАЛЫҚ ОҚЫТУДАҒЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН  
ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
 
Н.С.ҚҰЛМЫРЗАЕВ
экономика ғылымдарының кандидаты, 
Б.Ә.НЫСАНҚҰЛОВА, магистрант,
 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
ХХІ  ғасырдың  басталуымен  адамзат  өркениеті  үшін  жаңа  ақпараттық  –
телекоммуникациялық  революцияның  жүруімен,  ақпараттық  технологиялардың  жылдам 
тарауымен,  қоғамдық  процесстердің,  көпсалалы  кооперациялардың  жаһандануымен 
сипатталған  дамудың  жаңа  дәуірі  –  ақпараттық  қоғам  пайда  болды.  Инфосфера  деп 
аталған  өмірдің,  білім  берудің,  қарым-қатынастың,  өндірістің  жаңа  ақпараттық-
коммуникациялық  ортасы  қалыптасып  келеді.  Ақпараттық  қоғамның  ұйымдастырылған-
технологиялық  негізі  болып  ядросы  Интернет  болып  табылатын  ақпараттық  желілер 
болып табылады. 

96 
 
Нәтижесінде  Интернет  желісінің  мүмкіндіктері  мен  ақпараттық  ресурстарын 
пайдаланып  мәтіндік  файлдармен,  графикалық  пен  дыбыстық  файлдар  алмасу,  әртүрлі  
дәстүрлі оқу материалдарын (баспа, дыбыстық,  аудиовизуальды)  қолдану, сонымен  қатар 
жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдаланатын  қашықтан  оқыту  жүйесінің  моделі 
жасалынды. 
Берілген  модель  қашықтықтан  білім  беруде  оқыту    ортасының  жүйесі  ретінде 
қолданылады.  
Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстан  халқына  арналған  2011  жылғы 
қаңтардағы  Жолдауында  «2015  жылға  қарай  білім  беру  ұйымдарының  50  пайызы  
электрондық  оқытуды  қолданатын  болады,  2020  жылға  қарай  олардың  саны  90  пайызға 
дейін өседі», – деген талап қойып отыр. 
 Осы  міндеттер  2011-2020  жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасындағы  білім 
беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  жүзеге  асырылуда.  Электрондық 
оқыту  біздің  мемлекетте  жаңа  технология  болып  саналатындығына  қарамастан,  «e-
learning» алғашқы  қадамдары Стэнфорд  университетінің қабырғасында ХХ  ғасырдың 60-
жылдарында жасалды. 
Телекоммуникациялық төңкеріс (революция)  саясат, экономика, ғылым, білім, өнер, 
тұрмыс,    қауіпсіздік  салаларын  қоса  алғанда  қоғамдық  өмірдің  әртүрлі  салаларында 
желілік  құрылымды  құру  мен  дамыту  үшін  жаңа  тиімді  мүмкіндіктер  береді.  Қоғамдық 
дамудың  жаңа  шарттары  жаңа  мамандарды  дайындауды, оқытудың  жаңа  қазіргі  заманғы 
технологияларын енгізуді, ақпараттық қоғамның адекватты талаптарын қанағаттандыруды 
талап етеді. 
Осыған  байланысты  жоғары  білім  жүйесінің  реформалау  процесі  соңғы  жылдары 
елдегі  жүріп  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  және  ғылыми-техникалық  өзгерістерді 
көрсетеді және жаңа білім беру технологияларына көшуді  ұсынады.  Қашықтықтан оқыту 
процесін  ұйымдастыру  үшін  E-Learning  жүйесі  қолданылады.  Ол  арқылы оңай оқылатын 
түрде,  қажетті  материалды  оңай  және  жедел  дайындауға;  белгілі  оқу  пәндері  бойынша 
курстарда  әзірлеу  және  ашуға;  оларға  қосымша  материалдар  –  анықтамалықтар, 
оқулықтар,  энциклопедиялар  жасауға;  мультимедиялық  технологияны пайдалана отырып 
оқылатын модульдерді жасау; студенттердің білімін  аралық аттестациялау және тексеруге 
арналған  және  жеке  жаттығулар  жасауға;  оқушылардың  үлгерімін  және  курсты  өту 
барысында оқыту прогресін бақылау мониторингін ұйымдастыруға болады. Қашықтықтан 
оқыту технологиясын пайдаланатын оқыту процесі оқытудың күндізгі, күндізгі – сырттай 
(кешкі),  сырттай  формалары  бойынша  жүзеге  асырылады.  Оқуға  қабылданғаннан  кейін 
студентке  жеке  оқуға  басым  бағытталған  қажетті  оқу  және  әдістемелік  материалдар 
беріледі немесе оларға желілік қолжетімділік ұсынылады.  
Қашықтықтан оқыту процесінде графикалық пәндердің маңызы зор.  
Инженерлік және компьютерлік графика кафедрасының оқытушылары «Өнеркәсіптік 
және  азаматтық  құрылыс»,  «Автоматтандырылған  басқару  жүйесі»,  «Биотехнология», 
«Сызба  геометрия»,  «Инженерлік  графика»,  «Компьютерлік  графика»пәндері  бойынша 
оқытудың қашықтықтан оқыту формасы бойынша сабақтар өткізеді. 
Соңғы уақыттарда әлемнің әр түрлі елдеріндегі жоғарғы оқу орындары қашықтықтан 
оқытуды  ұйымдастыру  үшін  компьютерлік  телекоммуникациялық  технологияларды 
қолдану  мүмкіндігіне  назар  аударып  келеді.  Компьютерлік  телекоммуникациялар  оқу 
материалдарын  және  сол  курсты  өткізуші  мұғаліммен  қарым-қатынасты  ұйымдастыруда 
қарастырылатын  эффективті  кері  байланысты  қамтамасыз  етеді.  Бұндай  алыстан  оқу 
формасы  соңғы  уақытта  сырттай  оқу  деп  аталатын  таныс  сөзден  өзгеше  «қашықтықтан 
оқыту» деген атау алды. 

97 
 
Жұмыс  обьектісі  қашықтықтан  оқытуды  басқаруға  арналған  LMS  Moodle  болып 
табылады. 
Жұмыс  мақсаты  болып  оқытуда,  тәрбиелеуде  және  дамытуда  қашықтан  оқыту 
моделін  құруда  максимальды  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  әр  түрлі  технологияларды 
қарастыру, зерттеу болып табылады. 
Қашықтықтан  оқыту  жағдайында  жаңа  оқыту  технологиясы  оқу  әдістемелік 
қамтамассыз  ету  мәселесі  өзекті  болып  тұр.    Оқу  -  әдістемелік  басылымдардың  кітап 
баспалы формасы, мультимедиалық технологияның пайда болуына қарай ескірді. Жоғары 
білім  берудің  қазіргі  жүйесінің  даму  тенденциялары  оқу  процесіне  белсенді  оқытудың 
әртүрлі  формалары,  әдістері  мен  құралдарын    кеңінен  енгізумен  тығыз  байланысты. 
Қазіргі  компьютерлік  телекоммуникациялар  оқытудың  дәстүрлі  құралдарымен  бірдей, 
кейде  олардан  біраз  тиімді  білім  беруді  қамтамассыз  ете  алады.  Интернет  арқылы  алуға 
болатын  оқыту  кешендері  және  бағдарламалары  бар  интерактивті  дискілер,  электронды 
оқулықтар  мен  басқа  да    мультимедиалық  құралдар  оқушыларды  оқу  процесіне 
белсендіруге  баулып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  көптеген  дәстүрлі  оқу  орталарына 
қарағанда осы процесті басқаруға мүмкіндік береді.       
Қазіргі  кезде  оқу  материалдарын  ұсынудың  жаңа  формасы  ретінде  электронды 
оқулықтар  жиі  қолданыла  бастады.  Электронды  оқулық  теориялық  материалды, 
тренажерлерді,  зертханалық  жұмыстарды,  тестілер  мен  білімді  бекіту  және  тексерудің 
басқа  да  әдістемелік  формаларын  қамтиды.  Университеттің  инженерлік  және 
компьютерлік  графика  кафедрасында  студенттердің  сызба  геометрия  және  инженерлік 
графика бойынша алған теориялық білімдерін практикада шыңдауға арналған электронды 
оқу құралдары жасалған  [1,2] . 
Оқу  құралдары  теориялық  материалдарды,  жаттығуларды  орындауға  арналған 
тапсырмалар  мен  бастапқы  мәліметтерді,  бақылау  графикалық  жұмыстарға  арналған 
тапсырмаларды  және  оларды  шығару  нысандарын,  ұсынылған  әдебиеттер  тізімін 
қамтитын жұмыс  дәптері  формасында  шығарылған.  Есептер  мен жаттығуларды  орындау 
үшін  оқу  құралдарының  қажетті  беттері  шығарылады  және  орындалмаған  тапсырма 
оқытушыға тексеруге ұсынылады. 
«Компьютерлік  графика»  пәні  бойынша  сабақты  өткізуде  КОМПАС  және  AutoCAD 
автоматтандырылған жобалау жүйесіндегі жұмыстар бойынша электронды оқу құралында 
жасалған.  [3,4,5,6].  Құралдың  материалды  жазық  сызбаларды  орындау  және  үшдеңгейлі 
үлгілерді  салуда    КОМПАС  және  AutoCAD  жүйелеріндегі  жұмыстардың  негіздері 
бойынша  теориялық  сұрақтарды,  зертханалық  жұмыстарды,  жеке  бақылау  жұмыстарына 
арналған тапсырмалардың нұсқаларын қамтиды.  
Зертханалық жұмыстар мен жеке бақылау жұмыстарының нәтижелерін тексеру үшін 
студент өзінің өзіндік жұмысының соңғы нәтижесін сызу формасында  немесе үшдеңгейлі 
модель кескіндемесі формасында оқытушыға ұсынады. 
Студенттердің  орындаған  аттестациалық  жұмыстарын  тексеру  және  қабылдаудың 
бекітілген  тәртібіне  орай,  графикалық  пәндерді  оқыту  процесінде  туындайтын  кейбір 
мәселелерді қарастырғым келеді. 
«Өнеркәсіптік 
және 
азаматтық 
құрылыс», 
«Басқару 
және 
ұйымдардың 
автоматтандырылған 
жүйесі», 
«Биотехнология» 
сияқты 
инженерлік-техникалық 
мамандарды  оқыту  процесінде  қашықтан  оқыту  технологиясын  пайдалану,  қашықтан 
оқыту    жүйесінің  жалпы  қабылданған  тәсілдерінен    біршама  ерекшеленеді.  Бұл 
ерекшеліктер  инженерлік  –  техникалық  мамандықтардың  оқу  бағдарламасында 
графикалық  жұмыстар  мен  жобалардың  санының  көп  болуымен  түсіндіріледі.  Оқу 
процесін  ұйымдастырудың  қазіргі  деңгейінде,  графикалық  жұмыстарды  орындайтын 
студент пен оқытушының қашықтан жасалатын қарым–қатынасы келесі рөлдері бойынша 
жүреді. 

98 
 
Дәстүрлі 
тәсілмен 
орындалған 
графикалық 
бақылау 
жұмыстары, 
қорғау 
процедурасынан  бұрын,  студенттердің  жіберген  қателіктері  мен  кемшіліктерін  анықтау 
және  түзету  мақсатында,  оқытушының  аралық  тексеруінен  өтеді.  Кәсіби  қол  босамау 
немесе  студенттің  ЖОО  арақашықтығының  өте  алшақ  болу  жағдайында,  тексерілетін 
сызбаларды  пошта  қызметін  пайдалану  арқылы  немесе  сканерленген  түрде  электронды 
пошта  арқылы  жіберуіне  болады.  Бұл  жағдайда  екінші  нұсқа  тиімді  болып  саналады, 
өйткені  пошта  арқылы  салу  біраз  уақытты  қажет  етеді  және  жіберілетін  корреспонден 
сақталымдылығына  кепілдік  бермейді.  Тексерілген  сызбаларға  рецензия  (пікір) 
электронды  пошта  немесе  мысалы,  мәтіндік  файл  формасында  басқа  да  қол  жетімді 
телекоммуникациялық құралдар арқылы жіберіледі. Бейнеконференция, чат немесе басқа 
тәсілдегі форматтағы Online режимінде туындаған мәселелер бойынша сөйлесуге болады. 
Оқытушы  мен  студенттің  бұндай  қарым  –  қатынасында  сызбаларға  тікелей  өзгерту  және 
түзету  енгізу  мүмкін  болмайды.  Компьютерлік  техника  оның  ішінде  графикалық 
жүйелерді,  жобалаудың  автоматтандыру  жүйесін  пайдалану,  сызуды  орындау  процесін, 
оның  электронды  түрінде  оқытушыға  тексеруге  жіберуді  және  кері  қайтаруды, 
оқытушының  нақты  қате  жерлерін  түзете  отырып  ескерту  енгізуін  біраз  жеңілдетеді. 
Электронды  түрдегі  сызуларды  редакциялау  және  қателерін  түзету,  бағдарламалық 
продуктының  пайдаланған  арнайы    аспаптарын  пайдалана  отырып  жасалады. 
Қолданыстағы  мемлекеттік  білім  беру  стандарттарына  сәйкес,  «Сызба  геометрия», 
«Инженерлік 
графика» 
пәндерінің 
жұмыс 
бағдарламасы, 
бақылау 
графикалық 
жұмыстарының автоматты орындалуын қарастырмайтынын атап кеткен жөн.  
Сызба  геометрия  және  инженерлік  графика  –  конструкциялық  құжаттаманың 
құрамына  дәстүрлі  тәсілмен  (қолмен  сызу)  кіретін,  сызулар  мен  басқа  да  құжаттарды 
орындаудың  студенттердің  практикалық  дағдысын  игеруі  маңызды    міндеттерінің  бірі 
болып  табылатын  оқу  пәндері.  Бақылау  жұмысының  сапасын  оқытушы  күнделікті 
тексеріп  тұрады,  ол  оқытушының  анықталған  кемшіліктерді  дер  кезінде  түзетуіне 
мүмкіндік береді.  
Студенттердің  алған  білімін  тексеруде  аттестациялық    тексерудің  маңызы  зор. 
Бұндай  тексеру  жазбаша  жұмыс  формасында,  емтихан  немесе  сынақ  формасында 
өткізіледі. Қашықтықтан орындалған графикалық пәндер бойынша емтихан немесе сынақ 
жұмыстары,  студенттің  алған  теориялық  білімдері  мен  сызу  дағдысының  деңгейін  нақты 
көрсетпейді.  Кей  жағдайда  қашықтан  тексеруге  жіберілетін  жұмыстардың  авторлығына 
күмән тудырады.  
Әдебиеттер: 
1. Электронные учебники Мордовского университета. Асташов А. М.,  Мартынова Л. 
А., Завалишин Е. В. Задачи и контрольные задания по начертательной геометрии: рабочая 
тетрадь. – № 0321000016 от 02.03.2010 г. 
2.  Электронные  учебники  Мордовского  университета.  Шипова  Г.  М.,  ОшкинаЛ.  М. 
Задачи и контрольные задания по инженерной и компьютерной графике: рабочая тетрадь. 
– № 0320901039 от 03.06.2009 г. 
3.  Электронные  учебники  Мордовского  университета.  Ошкина  Л.  М.  Система 
автоматизированного  проектирования  КОМПАС:  учебное  пособие:  учебное  текстовое 
электронное  издание.  Часть  I.  Работа  в  модуле  плоского  черчения.  –  №  0320802684  от 
16.01.2009 г. 
4.  Электронные  учебники  Мордовского  университета.  Ошкина  Л.  М.  Система 
автоматизированного  проектирования  КОМПАС:  учебное  пособие.  Часть  2.  Работа  в 
модуле трехмерного моделирования. – № 0320900753 от 28.04.2009 г. 
5.  Электронные  учебники  Мордовского  университета.  Ошкина  Л.М.  AutoCAD  для 
архитекторов  и  дизайнеров:  учебное  пособие:  учебное  мультимедийное  электронное 
издание. Часть I. Выполнение чертежей. – № 0321002659 от 25.12.2010 г. 

99 
 
6.  Электронные  учебники  Мордовского  университета.  Ошкина  Л.М.  AutoCAD  для 
архитекторов  и  дизайнеров:  учебное  пособие:  учебное  мультимедийное  электронное 
издание.  Часть  2.  Моделирование  пространственных  объектов.  –  №  0321002660  от 
25.12.2010 г. 
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  опыт  использования  технологий  дистанционного 
образования  на  инженерно-технических  специальностях  ВУЗа  применительно  к 
графическим  дисциплинам  таким  как  «Начертательная  геометрия»,  «Инженерная 
графика» и «Компьютерная графика». Уделяется внимание активным средствам обучения 
в форме электронных учебников, разработанным преподавателями кафедры инженерной и 
компьютерной  графики.  Рассматриваются  особенности  проведения  промежуточного  и 
аттестационного контроля графических работ дистанционным способом. 
 
 
 
Summary 
The  article  discusses  the  experience  of  using  technologies  of  distance  education  in 
engineering  professions  University  named  after  in  graphic  disciplines,  such  as  "descriptive 
geometry. Engineering graphics "and" computer graphics ". Attention active learning tools in the 
form of electronic textbooks, developed by teachers of engineering and computer graphics. The 
peculiarities  of  the  intermediate  and  performance  control  of  graphic  works  remote  way. 
Methodological  characteristics,  distance  education,  remote  technology,  educational  process, 
form and means of active learning, electronic textbooks, computer telecommunications, Internet, 
engineering  graphics,  worksheets,  computer  graphics,  interim  monitoring,  assessment, 
educational standards. 
 
 
 
 
 
 

100 
 
ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРЫ
 
 
УДК 532.536 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет