Issn 1728-8657 хабаршы вестник


МУЗЫКА САБАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата06.03.2017
өлшемі1,66 Mb.
#7791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 

МУЗЫКА САБАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ 

ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

Жұмабай Гүлден 2 курс магистранты 



 

«Құндылық»  -  деген  ұғым  философия,  қоғамтану  және  педагогика  сынды  гуманитарлық 

ғылымдарға  тән  негізгі  ұғымдардың  бірі  болып  табылады.  Мәселен,  философияда  құндылық 

дүниедегі  обьектілердің  ерекшеліктерін  адам  мен  қоғамға,  қоғамдық  ӛмір  мен  табиғаттағы 

құбылыстардың  дұрыс  немесе  бұрыс  мәнін  кӛрсетету  үшін  қолданылады,  яғни  жақсылық  пен 

жамандық, әсемдік пен кӛріксіздік т.б.  

Сондай-ақ,  құндылық  қоғамдық  сана  ретінде  қолданылады,    яғни  әділеттілік  немесе 

әділетсіздік деп  сипаттап  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  оларға  баға береді,  оларды  мақұлдайды 

немесе    айыптайды  және  олардың  жүзеге  асуын  талап  етеді  немесе  кемшілікті  жоюдың  ӛлшемі 

болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтардың арасында философтар мен алдыңғы қатарлы  

ойшылдар,  педагогтар әрқашан бірінші орында  адамның құқығын, оның бостандығын және соған 

сәйкес келетін тәрбие мен білімді қарастырған. 

Кез  келген  халықтың  ӛмірінде  жалпыадамзаттық  құндылықтардың  орнығуы  қоғамның 

тарихи дамуының заңды нәтижелері болып табылады. Адам құқығының адамгершілік мүмкіндігі 

басқа жалпыадамзаттық құндылықтар сияқты  ғасырлар бойы жинақталып, жаңа үлгінің негізінде 

адамның мінез-құлқын реттеуші ретінде қызмет етеді.  

Жалпыадамзаттық  құндылықтар  –  түрлі  халықтың,  түрлі  діннің,  түрлі  дәуірдің  рухани 

мақсаттарын  жақындастыратын  құбылыс.  Сол  себепті  де  ол  жалпыадамзаттық  деп  аталады.  ХХ 

ғасырдың соңында Халықаралық топ алғаш рет дүниежүзілік тарихта адамның құқықтары туралы 

халықаралық  негізге  алынатын  құжаттар  жасады.  ―Адам  құқықтарының  жалпыға  бірдей 

Декларациясы‖,  ―Баланың  құқықтары  туралы    конвенция‖  және  т.б.,  оларда  тәрбиенің  

методологиясы  мен  теориясы,  жаңартылған  мақсат  пен  мүдделер  қарастырылған.  Онда 

халықтардың мұраттарын және рухани құндылықтарын дамытуда жаңа кӛзқарастарға негізделген 

халықаралық  стандарт  болып  табылатын  жалпыадамзаттық  құндылықтар  -  адамның  құқықтары 

мен бостандығы кӛрсетілген. 

А.Г.Здравомыслов қоғамның рухани құндылықтарын қарастыра отырып, бұл ұғымға идея, 

мұрат, адамгершілік ережелері (ӛлшемдері), терең ғылыми білім, мәдениет пен еңбекті қоса енгізіп 

отыр.  Сонымен  бірге,  ол  құндылықты  «заттардың  әлеуметтік  қасиеті  кӛрініс  табатын  адамның 

рухани  қызметінің  ерекше  нәтижесі»  деп  қарастырады.    Автор,  сондай  ақ,  «сезім  мен  ойлардың 

ерекше қосындысынан тұратын, ӛзінің бойына ғажайып  үлгілерді сіңірген ерекше рухани мазмұн» 

екендігін атап кӛрсетті [1]. 

Тәрбие  адамдарға  тән  әлеуметтік  категорияға  жатады  және  тұлғаны  қалыптастыруда 

шешуші  рӛл  атқарады.  Тәрбие  туралы  түсінікке  баланың  жеке  басының  қалыптасуы  мен  дербес 

ерекшеліктерін  ескерумен    іске  асырылатын  толық  қанды  және  толық  құқылы  тұлға  тәрбиелеуге 

болады  деп  тануды  талап  ететін  және  педагогикалық  процестің  субьектісі  ретінде  тұлғаның 

қоғамдағы жаңа ұстанымы орнығады. 



Тұлғаның «қалыптасуы» ұғымына баланың қоғамда ӛздігінен ӛмір сүруге қабілеттілігі, ӛз 

тағдырына  ӛзі  үкім    ете  білуі  және  ӛзінің  қарым-қатынасын  түсіне  білу  қабілетін  меңгерген, 

сонымен  бірге  құндылық  атаулыны  тұрақты  таңдай  алу  сияқты  дамудың  шартты  түрдегі 

жетістіктері  жатады.  Тұлғаның  қалыптасуы  –  тұлғаның  шындықпен  ӛзара  әрекеті  барысындағы 

ӛзгеріске  түсу  үрдісі  және  оның  дене  құрылысы  мен  әлеуметтік-психологиялық  жаңаруындағы 

ӛзгерістердің пайда болуы. 

Оқушылардың  бойында  ұлттық  құндылықтарды  қалыптастыруда  пән  сабақтары  мен 

сабақтан тыс уақыттағы іс-шараларды кіріктіре отырып жүргізу негізгі орын алады.  

Мектеп  оқушыларының    бойында  ұлттық    құндылықтарды    қалыптастыруда  пән 

сабақтарына қойылатын  талаптар бар. Мәселен: 

_

 

пән  сабақтарының  мектептегі  және  сыныптағы  жүргізілетін  тәрбие  жүйесімен    ӛзара 



байланыста жүргізілуі, пән аралық байланыс, ӛткен тақырыптармен жүйелі сабақтастық, 

оқушылардың іс-тәжірибесі; 

_

 

пән сабақтарының алдына қойған мақсатының нақты болуы және педагогикалық тұрғыда 



негізделуі; 

_

 



сабақтың  құрылымында  тәрбиеге  арналған  мазмұнның  қамтылуы,  сабақ  мазмұны 

оқушылардың адамгершілік іс-әрекетінің негізі болуы, берілетін білім мен оқушылардың 

адамгершілік іс-әрекеті арасында байланыстың болуы; 

_

 



пән  сабақтарында  оқушылардың  адамгершілік  сезіміне  ықпал  ететін  мазмұнның 

қамтылуы; 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру: өнер-теориясы-әдістемесі» сериясы, 

№2 (31) 2012 ж.

 

 



_

 

сабақ үстінде оқушылардың танымдық, белсенділік іс-әрекеттеріне ықпал ету,  сабақтағы 



қамтылған материалдар олардың санасына, кӛңіл-күйіне әсерлі болуы керек; 

Белгілі  кеңестік  педагог-ғалымдар  А.Н.Леонтьев,  А.В.Петровский,  Ю.К.Бабанский, 

В.П.Беспалько,  т.б.    оқушыларға  тәрбие  беруде,    олардың  бойында  тәрбиелік    құндылықтарды 

қалыптастыруда пән сабақтарының мүмкіншілігінің мол екенін  айтады [ 2]. 

 

Оқушыларға музыкалық білім беру  - білім мен тәрбие берудің, олардың рухани дүниесін 



дамытудың  маңызды бір бӛлігі болып табылады. «Музыка» пәнінің негізгі атақаратын қызметі – 

қоғамның  әлеуметтік  сұранысына  жауап  бере  отырып,  оқушыларды  ұлттық  музыкаға  баулу. 

Себебі, халықтық музыка фольклоры негізінде бала жүрегінде ұлтқа, елге, Отанға сүйіспеншілігі 

оянады, елжандылық қасиеті қалыптасады.  

 

Музыкалық  тәрбие  берудің  басты  мақсаты  –  оқушылардың  шығармашылық  ой-ӛрісін 



және жеке қабілеттілігін дамыту, халық музыкасы мен классикалық шығармаларды түсіне отырып, 

қабылдай алатын, музыка ӛнері арқылы әсемдікті, сұлулықты сезіне білетін, ішкі рухани дүниесі 

бай, жеке тұлғаны тәрбиелеу.  

 Халық    музыкасына  құрметпен  қарау,  ұлттық  салт-дәстүріміз  бен  әдет-ғұрпымызды 

қастерлеуге тәрбиелеу, қазақ музыкасы мен ӛнерінің ӛзара байланысын түсінуін қамтамасыз етеді. 

Музыка  сабақтары оқушылардың  музыкалық  мәдениетті, халықтың  бай  рухани  мұраларын 

игеруге  қызығушылығын  тудырып  қана  қоймай,  олардың  бойында  ұлттық  құндылықтарды  да 

қалыптастыруы  тиіс.  Музыкалық  ӛнердің  негізгі  сипаттамаларын  оның  тарихи  дамуында 

қарастыру  оқушыларды  орындау  дәстүріне,  халық  музыкасының  озық  үлгілерінің  ұрпақтан 

ұрпаққа берілуіне, жалғастығын табуына баулиды және бұл музыка сабағының мәнін анықтайды. 



 

1.

 



Қалиев  С.,  Майгаранова  Ш.,  т.б.    Оқушылардың  тұлғалық  қасиеттерін  дамытудың 

педагогикалық негіздері. – Алматы. ―Білім‖ 2001. 

2.

 

Бурбаев Т. Ұлт менталитеті. – Астана. ―Елорда‖, 2001. 



 

Түйін 


 

Аталған    мақалада    музыка  сабақтары  арқылы  оқушылардың  бойындағы  ұлттық 

құндылықтарды  қалыптастырудың  педагогикалық  негіздерін  қарастырылған.  Сонымен  қатар, 

автор  құндылықтар,  жалпыадамзаттық  құндылықтардың  орны  мен  қолданысын    философиялық, 

ӛнертанушылық, мәдениеттанушылық аспектілердегі кӛрінісін анықтап саралаған. 

 

Резюме 



 

Педагогические  основы  формирование  национальных  цінностей  у  учащихся  через 

музыкальных  занятий.  А  так  же  автор  определяет  сущность  и  применение  цінностей, 

общечеловеческие ценности в философских, культурологических, искусствоведческих аспектах.  

 

Summary 


      Pedagogical basis, the formation of national цінностей the students through music lessons. As well as 

the author defines the essence and application of цінностей, universal human values in the philosophical, 

cultural, artistic aspects. 

 

Студенттерге арналған Мүсін ӛнеріндегі  



үйлесімділік (композиция) негіздері 

 

Даукенов С.- Абай атындағы ҚазҰПУ-ң көркем сурет факультетінің «Академиялық сурет және 

АПОӘ» кафедрасының аға оқытушысы 

 

Бейнелеу  ӛнеріндегі  үйлесімділік  заңдылықтарының  біртұтастығымен  қатар,  әр  жеке  бейнелеу 

ӛнеріне тән ӛзгешеліктері бар. Бұл ерекшеліктер әр ӛнер саласына сай кӛрініс табады. Мысалы: графикалық 

туындылар, тірі жазу шығармалары қағаз немесе картон, кенеп бетінде бейнелеуге бағытталса, мүсін ӛнері 

кӛлемді бедер, толық мүсіндік туындыларды жан- жақты кӛлемді мүсіндеуге тіреледі. Графикалық тірі жазу 

(живопись)  ӛздерінің  үйлесімділік  (композициялық)  ерекшелігіне  сай  орындалса,  мүсіндік  шығармалар 



бейнені  кӛлемді  орындауға  міндетті  етеді.  Кӛлемді  мүсіндер  нақты  қажеттілікке  сай,  бӛлме  ішінде, 

қабырғада, (интерьер) не болмаса алаңда (экстерьерде) орналасуы мүмкін. Графикалық тірі жазу (живопись) 

туындылары  үйлесімділігін  қағаз,  кенеп  бетінде  тауып,  заңдылықтарына  сай  орындалады.  Ал  мүсіндік 

үйлесімділік (композиция)  да ӛз ерекшеліктеріне негізделіп түрлі талаптар мен заңдылықтарды қолдануды 

қажет етеді. 

Студенттерге мүсіндік туындыларды орындауға қажетті үйлесімділік заңдылықтарын жүйелі түрде 

жеткізу керек. Осы мақсатта үйлесімділік оның маңызы, мақсаты туралы толық білімді беру басты міндет. 

Мүсіндегі  үйлесімділікті  игеру  студенттердің  сурет,  пластикалық  анатомия,  ӛнер  тарихы  тағы  да 

басқа  білімдерге,  соның  ішінде  дүниежүзілік  таным  шеңберіне  философиялық,  этникалық  ерекшеліктер 

т.с.с. Кӛптеген аспектілер студенттің шығармашылық (творчестволық) ізденіс қабілеттілігін арттырады. 

Мүсін  ӛнеріндегі  үйлесімділік  бедер,  кӛлемді  мүсіндік  туындылардың  әртүрлі  шешімдерін  табуға 

кӛмектеседі. 

Мүсіндік туындыны орындау ӛте күрделі процесс, ол барлық шығармашылық шеберлікті, жұмысты 

орындаудағы жүйелілікті талап етеді. Үйлесімділік шеберлігіне жету үшін күнделікті ӛмірді зерттеу арқылы 

қажетті бейнелер мен түрлі тақырыптық ізденістерді таба білуі керек. 

Мүсін  пәнінде  мүсіншілерге  қажетті  шеберлік  шыңдалса,  сурет  сабақтарында  кӛлемді  денелерді 

қағаз бетіне сауатты үйлесімділікпен, реңдік шешімін табуға үйретіледі. 

Мүсіндік үйлесімділік ізденіс кезеңі суретші-мүсіншінің ӛз ойын қағаз бетіне түсіруден басталады. 

Суретшілік шеберлігі мүсіншіге ауадай қажет. Студенттер мүсінді игеру барысында пластикалық анатомия 

сурет  пәнімен  сабақтасқан  кезде,  салынған  суреттің  қағаз  бетінде  кеңістікте  орналасуын  ескеруіне  негіз 

болады.  Студент  бассүйекті  балшықтан  мүсіндеген  кезде  оның  кӛлемін  жан-жақты  кӛрік  зерттейді,  оны 

қағаз бетіне бейнелеген кезде осы кӛлемді саналы түрде ескеріп отырғаны оған кӛмегін тигізеді. 

Сурет пәнімен қатар мүсіншіге  (стилизация) сәнді  түрлендіру тәсілінің үйлесімділік, құрылымдық 

негіздерін білгені аса қажетті. Сәнді түрлендіру (стилизация) – дегеніміз, таңдап алған бейнені (аң, құс т.б.) 

суретке  салып,  оның  құрылымдық  ерекшеліктерін  талдап,  бірнеше  сәнді  бӛліктерге  бӛліп,  әр        бӛлікті 

ӛзіндік  ерекше  қалыпқа  келтіру,  осы  жеке  бӛліктерді  нақты  бейне  тұлғасына  орналастыру  арқылы  сәнді 

түрлендірілген (стилизацияланған) аң немесе құс бейнесін мүсіндеу. Студент тапсырманы орындаған кезде 

осы жоғарыда айтылған талаптардан хабары болуы тиіс. 

Мүсіндік үйлесімділікті жүйелі түрде оқытып, оны нақты игерудің жолдарын белгілеуге болады. Ол 

үшін  студенттерге  шығармашылық  жобалау  принциптері  мен  методтарға  үйрету  керек.  Тапсырманы 

орындау  заңдылықтары  мен  қойылған  үйлесімділік  талаптарын  орындау  мүсіннің  (конструктивтік) 

құрылымдық,  технологиялық  орындалу  бағытын  (функционалдық),  қандай  материалдан  орындалатынын 

жан-жақты  (комплексті)  ескеруді  қажет  етеді.  Бұнымен  қатар  мүсіндік  шығарманың  ӛлшемін,  айнала 

ортамен байланысын, ритмдік, контрастік, әсіресе пластикалық ерекшелігін сомдау басты міндеттер екенін 

ұмытпау керек. Мүсіндік форманың қандай материалдан жасалатын ізденіс кезінде ескерілуі тиіс, (мрамор, 

гранит, қола, аллюминий т.б.) соған байланысты үйлесімділік ерекшелігі белгісін табады. 

    Сабақтар  барысында  студенттер  үйлесімділік  заңдылықтарын  іс  жүзінде  игереді.  Практикалық  сабақтар 

мынадай жүйеде жүргізіледі: 

 

Тапсырма бойынша түсініктеме, үйлесімділік заңдылықтары, ӛлшем, ритм, контраст сәнді түрлендіру, 



мүсіннің қай материалдан орындалатын ескерту. 

 



Тақырыпқа сай қағаз бетіндегі нобайлар сызу арқылы ізденістер. (бірнеше вариант). Нобайды бекіту. 

 



Талданып, нақты белгіленген нобайға байланысты пластилинмен бастапқы нобайды мүсіндеу. 

 



Жан-жақты ӛңделіп нақты таңдалған мүсіндік шешімді балшықтан қажетті ӛлшемде орындау. 

 



Аяқталған жұмысты тиянақтап, қажетті түзетулер енгізі, қалып құюға дайындау. 

 



Дайын үйлесімділігі табылған мүсіннен қалып алу. 

 



Алынған қалыпқа гипс құю арқылы балшық мүсінді нақтылау, қалыптан босату. 

 



Гипс моделін ӛңдеп, мүсінді қажетке сай безендіру (бояу). 

Осы жүйелі талаптарға сай әр автор ӛз шығармаларын дүниеге келтіре алады. 

Ӛнер  туындыларының  шешімін  табу  кезінде  «композиция»,  «құрылым»,  «конструкция» 

«функцианалдық» деген ұғымдардың байланысын ескеру.  

Композиция  курсын  арнайы  оқыту  пәндерімен  байланыстыру.  Бұл  дегеніміз  композициялық  ӛнер 

тарихы, шығармашылық психологиясымен, сурет ӛнерімен ұштастырып зерттеумен жүзеге асырылады. 

Туындының композициялық шешімін іздену кезеңінде оның ақырғы технологиялық негізін де естен 

шығармау керек. Осыдан келіп: композиция тақырыбы, неден жасаланытыны (тас, бетон, қола, гипс, мрамор 

гранит, ағаш т.б.); ӛлшемі; түсі; қоршаған ортамен байланысы келіп шығады.  


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру: өнер-теориясы-әдістемесі» сериясы, 

№2 (31) 2012 ж.

 

 



Тағы  да  ескерілетін  жай  туындының  қоршаған  ортадағы  алатын  орны,  оның  қажеттілігі,  соған 

байланысты: туындының кӛлемі, массасы, құрылымы болып табылады.  

Композициялық шешімін кезеңі туындының кӛрермендердің кӛру технологиясын ескеруді де қажет 

етеді, себебі ӛнер туындысы қай жерде орналасады, кеңістіктегі сенімді қабылдануы жан-жақты, кӛріністік 

иллюзияларды ескеру, оның константы немесе басқаша кӛрінетін де ойдан шығармау.  

Туындының кӛркемдік шешімі, оның шынайылығы. Бейненің жалпылығы, жеке бӛліктермен толық 

байланысы. Объективті және субъективтіліктің бірлігі, рационалдылық пен эмоционалдық ұштастығы. 

Туындының  эксцентрлігі  –  немесе  бейненің  әсерлік  қасиеттері:  бейненің  жағымды  немесе 

жағымсыз әсері. 

Белгінің  немесе  композициялық  топтың  сыртқы  кӛрінісі.  Контрастылық  пен  қарама-

қайшылықтардың  тепе-теңдігі,  осылардың  қосындысы  ӛнер  туындысын  қабылдаудың  ұстамдылығы  мен 

әсерлігіне алып келеді.  

Композиция  туындының  пластикасын,  бірнеше  бұйымдардың  біртұтастық  шешімін,  бейнелердің 

әуендік аккордын шебер байланыстыруды да талап етеді.  

Ерекше  ескеретін  жай,  қажет  кезінде  туындының  сәндік  безендіру  біртұтастығын,  яғни 

стилистикалық бірлестігін де есте ұстау болып табылады. Бұл ӛрнектік мақалада болуы мүмкін. Бұл кезде 

стилизация (бұйымды сәнді ӛрнектеу) да ӛз шешімін сауатты табуы тиіс.  

Ең негізгі  талаптардың бірі ретінде композициялық туындының ұлттық нақыш-нышанын табу дей 

аламыз. Осыған сай түс те, ритм-ырғақ та, туындының барлық сапалық, эмоционалдық, эстетикалық тағы да 

кӛптеген параметрлері тоғысады. 

Мүсіндік  композициясы  –  студенттердің  шығармашылық  дайындықтарын  жоғарғы  оқу  орнында 

оқыту  жүйесінің  маңызды  бӛлігі  болып  табылады.  Бұл  оқыту  процессін  ғылыми    негіздермен 

байланыстыруды  талап  етіп,  жоғарғы  маман  дайындаудағы  жүйелікті.  Студенттерді  композициялық 

(үйлесімділік)  біліктілікке  баулу  шығармашылық  күрделі  туындылардың  шебер,  жан-жақты  сауатты, 

ерекше, жаңа шешімдерін табуға бағыттау, болашақ маманның 

   Жоғары  оқу  орыны  мүсіншіні  жеке  шебер  творчестволық  тапқыр  маманды  қалыптастыруға  ат  салысады, 

бұл  дегеніміз  болашақ  маман  ӛзінен  архитектордың,  ғалымның,  инженердің  творчестволық  жұмысты 

басқарушының  қасиеттерін  ұштастыр  алуы  тиіс  деген  сӛз.  Мүсінші  сурет  қоғамның  жинақталған  мәдени-

тарихи,  этникалық  және  де  басқа  белгілерін  кӛре  біліп,  талдап  ӛз  туындылары  арқылы  кӛрсете  білуі  тиіс. 

«Композиция» латынның «compotio» - құрастыру, байланыс деген ұғымынан алынған. 

     Композиция  –  бұл  формалардың  біртұтас  кӛркем  –  шынайы  жүйесі,  ол  кӛркем  туындының 

функциональдық, құрылымдық технологиялық талаптарына жауап беретін нақты ұғым. 

    Үйлесімділік  заңдылықтарын  игеру  мақсатында  бірнеше  тапсырмалар  орындауға  болады.  Бұл 

тапсырмалар  жайдан  күрделіге  ӛту  негізінде  құрастырылған.  Ең  бастапқы  тапсырма  натюрморт  жанрына 

арналған. Жұмыс барысында бірнеше натюрморттық жанрда барельефтік плакеткалар орындауға болады. 

Резюме 

      В    статье  рассматривается  вопросы  профессиональной  подготовки  студентов  на  занятиях 

скульптуры. А так же автором анализируется основы композиции в скульптурном и пластическом 

искусстве 



Түйін 

   Автор мақалада мүсін сабағында студенттерді кәсіби тұрғыда даярлау мәселелерін қарастырған. 

Сонымен қатар мүсін және пластикалық ӛнердегі композиция негіздерін терең талдап кӛрсетеді. 

Summary 

     Discusses  the  training  of  students  in  the  classroom.  And  as  the  author  examines  the  basics  of 

composition in sculpture and plastic arts. 

 

 



Офорт техникасындағы түсті офорт мәнерін тәжірибеде үйрену жолдары 

 

М.Ғ-М.Канленов – Абай атындағы ҚазҰПУ көркемсурет-графика факультетінің графика және 



дизайн кафедрасының аға оқытушысы 

 

Түсті  офорт  ӛзінің  кӛркемдік  ерекшелігімен  және  техникалық  күрделілігі  бойынша 

офорттың жеке түрі болып қарастырылып ерекшеленеді. Түсті басылым офорттың барлық мәнері 

бойынша авторлық болып есептеледі. Түсті офорттың негізгі мақсаты -  бірнеше тақтадан тұратын 

басылымның ерекше шешімін тауып кӛптеген түстерді шығармашылық тұрғыда байланыстыру/1/. 

Түстерді  табу  барысында  кӛркем  сәнділікке  айналдырып  жіберуден  сақтану  және  түсті 

офорттың шарттарын сақтауды қадағалау керек. Түстердің ерекшелігін табуда әртүрлі мәнерлерді 

араластыру  арқылы  да  шешуге  болады.  Керекті  түстер  шешімін  дәл  табу,  бірнеше  түсті  тақта 

басылымдарымен  тығыз  байланысты.Осы  басылу  әдістерінің  ерекшелігін  түсіну  үшін  металдың 

ойылуы, түстердің үйлесілімділігін сәйкестендіру жолдарымен жұмыс жасап іздену керек. 

Түсті офорттың дамуы: Металда орындалатын түсті офорт XVII ғасырда Европада пайда 

болып,  XVIII  ғасырда  ӛрлеу  кезеңі  болды.  Түсті  офорттың  даму  ортасы  Англия  мен  Франция 

болып  саналады.  Сол  кезде  түсті  офорт  екі  бағытта  дамыды,  ол  шығармашылық  және  баспа 

жолдары. 

XVII  ғасырдың  аяғында  голланд  суретшісі  Г.  Зегерс  ӛзінің  түсті  офорт  жұмыстарымен 

таңғаларлық туындылар орындады. 

XVII  ғасырда  мецо-тинто  әдісінде  бір  тақтадан  бірнеше  түстер  беру  арқылы  түсті 

ойылымдар  қарқынды  дамыды,  бұл  техникада  ағылшын  суретшілері      Ф.  Бартолоцци  және  У. 

Райланд ерекше еңбек етті. 

1711 жылы француз суретшісі Ж. Леблон түсті офорттың бірнеше тақтамен орындалатын 

жаңа түрін ойлап тапты. Бірнеше тақтамен орындалу әдісінде офорттың әртүрлі мәнерін қолдануға 

болатыны анықталды. 

Офортта  бірнеше  тақтамен  күйдіру  және  құрғақ  ине  арқылы  Рафаэлли  кӛптеген 

шығармашылық  жұмыстар  орындады.  Сонымен  қатар  жұмсақ  лак,  акватинто,  лавис  мәнерлерін 

қолдана отыра Пикассо да бірнеше жұмыстар жасаған. 

Түсті  офорт  суретшілердің  шығармашылық  жұмыстарын  түрлендіріп  небір  ғажайып 

кӛріністер орындауға мүмкіншілік береді. 

Эскиз  дайындықтары:Түсті  ойылымды  орындау  үшін  эскиздік  жұмыстар  арқылы  қанша 

түсте  және  неше  тақтадан  тұратынын  анықтап  алу  қажет.  Түстердің  үйлесімділігі  және  қай  түс 

бірінші  басылатыны  ажыратылады.  Түстер  ӛз  орнына  дәл  түсу  үшін  әр  эскизде  қағаздын  шетіне 

белгі салып отырады. 

Офорт  тақтасы  1-1,5  мм.  қалындықта  болғаны  дұрыс.  Егер  тақта  қалың  болса,  тақтадан 

басылым алғанда станоктың қатты қысымынан қағаз жылжып және созылып кетеді. 

XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында түсті офортқа Ресей суретшілері де қызығушылық танытып, 

жұмыс  жасауға  ден  қойды.  Осы  кездері  күйдірілген  сызық  және  акватинто  мәнерінде  ерекше 

құнды,  жақсы  жұмыстар  жасаған  суретшілер    М.Якунчикова,  Овсянников,  М.Добров,  Щусев 

болды.  Ал  1920-шы  жылдардан  бастап  Кеңес  кезеңіндегі  суретшілер  де  түсті  офорттың 

құндылығын  жоғалтпай  кӛптеген  жұмыстар  орындады.  Соның  ішінде  осы  түсті  офорттың 

кӛркемдік  ерекшелігін  терең  ашуға  мән  қойған  суретшілер  Н.Пискарев,  Д.Кутателадзе,  С.Шор, 

Пащенко, В.Толли және Тихемец т.б. болды. 

Қазіргі заманда түсті офорт лайықты деңгейінде ӛз орнын ала алмауда, оның себебі: кейбір 

суретшілер  офорттың  жеңіл  әдістерін    қолданып,    үстіртін  жұмыс  жасап  офорт  техникасының 

тазалығын  жоғалтуда.  Терең  басылымның  кӛркем  мәнерлігін,  сонымен  қатар  графикалық 

мәдениеттілігін,  металл  басылым  тақтасының  ӛңделу  техникасын  толық  зерттеп  меңгеріп 

игермеуі. 

Арнайы  түсті  офортқа  жасалған  эскиздер  ерекше  маңызды.  Мұнда  түсті  офорттың 

композициялық  шартты  шешімдерін  дұрыс  табу  қарастырылуы  керек.  Эскиздің  бастапқы 

орындалу кезеңінен бастап негізгі түстермен, негізгі реңдерді табу жұмысты жеңілдетеді. Эскизді 

ойластыру барысында суретші түсті офорт жоспарын құрады. 

Офорттың  қандай  мәнерінде  жұмыс  орындалатынын  ескере  отыра  бояудың  және  баспа 

тақтасының  қанша  түрін  қолданатынын  анықтау.  Тақталардың  реттік  орындалуын  анықтау.  Осы 

орындалған шарттар бойынша алдымен бейнеленген суреттердің кескін сызық түрлері күйдіріледі. 

Суреттің құндылығын жоғалтпау үшін басылым тақтасының қозғалып кетпеуін қадағалау. 

Ойластырылған  композицияның  қателіктерін  түзеп  кӛріністің  негізгі  нұсқасын  калькаға 

аударамыз.Әр  тақтадағы  эскиздер  бір-бірімен  беттесу  үшін  суреттің  қарама-қарсы  ұштарынан 

белгі салу керек. Осы белгілер барлық калькаларға белгілену қажет. 

Металл  тақтасын  дайындау:  Ойластырылған  ой  мен  орындалу  мәнері  бойынша  металл 

тақтасы  таңдалады.  Түсті  офортқа  қолайлы  металл  -  мыс  немесе  болат,  бұл  металл  түрлері 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру: өнер-теориясы-әдістемесі» сериясы, 

№2 (31) 2012 ж.

 

 



тақтадағы бояуды сүрткенде химиялық және механикалық әсерге жылдам берілмейді. 

Тақталар  керекті  ӛлшемде  бір-біріне  сәйкес  және  бірдей  кесіліп  алынғаннан  кейін 

тақтаның қырлары ӛңделіп, беті сызықтар мен дақтардан тазартылады.  Тақта бетіндегі сызықтар 

мен  дақтарды  алдымен  құмқағазбен  тегістеп  тазалап,  содан  кейін  пастагой  жағып  киізбен 

жылтыратып тазартамыз. Тақта бетіне тӛсем жасалады. 

Тақта  бетіне  суретті  аудару:  Түстердің  сәйкестігіне  байланысты  тӛсем  жасалған  тақта 

бетіне нұсқаны аударамыз. 

Түсті  офорт  ӛте  ұқыптылықты  талап  етеді.  Басылым  тақтасын  дайындаудан  бастап 

басылым  алғанға  дейін  жұмысқа  зейін  қойып  ұқыпты  орындау  керек.  Сәл  ұқыпсыздық  немесе 

дәлсіздік суреттің қисайып кетуіне әкеліп соғады. 

Ойылу  ерекшелігі:  Түсті  офорттың  күйдірілуі  мен  басылым  алынуы  ақ-қара  басылымға 

ұқсамайтын  ӛзіндік  ерекшелігі  бар.  Бұнда  түсті  офорттың  кей  түстері  үлкен  дақ  басылымдарын 

алғанда  айқын  түстер  бере  алмайды.  Сол  себептен  тақтаны  күйдіру  кезінде  әр  түске  арналған 

тақтаның  ӛзіндік  күйдіру  уақытын  зерттеп  біліп  алған  дұрыс.  Түсті  офортта  ӛзіндік  күйдіру 

ӛлшемі  болады.  Ең  дұрысы  әр  түске,  түрлі  сызықтар  мен  мәнерлерге  арналған  күйдіру  уақыт 

ӛлшемін анықтап алған дұрыс. Жұмыс барысында байқау басылымын алып анықтауға да болады. 

Түсті офорттың ойылу және басылым алу әдістерінің кӛптеген түрі бар, бұл жинақталған 

кӛпжылдық тәжірибенің нәтижесі. 

Металда орындалған түсті офорт басылымдарының әдіс-тәсілдері арқылы ӛнерде кӛркем, 

құнды жаңалықтар ашылды.Қазіргі заман суретшілері ӛткен ғасырларда орындалған жұмыстардың 

әдіс-тәсілдерін  қолдана отырып, жаңаша жолдар тауып түсті офорт техникасын жандандыруда. 

Бірнеше тақтадан тұратын түсті офорт: Бірнеше тақтадан тұратын түсті басылым ӛте 

күрделі,  бірақ  бұл  әдіс  түсті  офортты  орындауда  ең  тиімді.  Әр  түске  арнайы  жеке  тақталар 

ойылады,  тақталарды  басылым  қағазына  рет-ретімен  дәл  келтіре  отыра  түсті  басылым  алынады. 

Кей  жағдайларда  бір  түстің  үстіне  екінші  түс  басу  арқылы  үшінші  бір  түс  алуға  болады.  Әр 

тақтаның   қандай  мәнерде  орындалатынын  негізге  ала   отырып,  бірнеше  тақтадан  тұратын  түсті 

офортты орындайды. 

Түсті офортта, түстердін үйлесімділігін табу жолдары әртүрлі болуы мүмкін. 

а)  Таза  сызық  мәнерінде  (күйдірілген  сызық,  жұмсақ  лак,  құрғақ  ине,  резерваж-қаламұш 

т.б.) барлық тақталар бір немесе түрлі сызықтардың үйлесімді шешімінде орындалады; 

б) Жазықтық бетіндегі сәнді орындалудың ( акватинта, резерваж-қылқалам, лавис, меццо-

тинто  т.б.)  барлық  тақталары  айтылған  мәнердің  бірінде  немесе  түрлі  үйлесімді  ойылу  әдісінде 

орындалады. 

Түсті офорттың ойылу жолдары мен түстік үйлесімділігі әртүрлі. Офортты жаңадан бастап 

үйренушілер офорттың қарапайым, жеңіл жолдарынан бастаған дұрыс. 



Сызықтық  түсті  офорт:  Түсті  офорттың  кең  таралған  мәнерлерінің  бірі  –    күйдірілген 

сызық  пен  жұмсақ  лак.  Олардың  орындалуы  қарапайым  және  түсті  басылымға  шыдамды. 

Резерваж мәнерінің орындалу жолдары да осыларға ұқсас және сапалы болып келеді. 

Құрғақ ине мәнері кӛп мӛлшерде басылым алуға шыдамайды, сондықтан таза басылымды 

бірден басып алуға әрекеттену керек. Кӛп мӛлшердегі басылымды алу кезінде станоктың қысымы 

азайтылып реттетіліп отырылады.  

Түсті офорттың екі түрлі ойылу мәнері болады: 

а)  Бірінші  тақтада  кӛріністің  кескін  сызықтары  нақты  кӛрсетіледі  де,  қалған  ойылған 

тақталар кӛмекші түс береді. 

б)  Жұмсақ  лак  мәнерінде  орындалу  пастель  немесе  түсті  қарындашпен  орындалғандай 

нәзік  кӛрініс  береді.  Осы  мәнерде  орындау  кӛп  түс  қолдануға  ыңғайлы  және  заттардың  кӛлемін 

шығаруға жеңіл.  



Түсті  акватинта:  Акватинта  мәнері  түсті  офортта  жие  қолданылады.  Санаулы  тақталар 

арқылы әдемі сәнді түстер шығаруға болады.  

Әдемі  реңдік  кӛріністерді  табу  үшін  әртүрлі  дақтары  бар  басылым  тақтасын  рет-ретімен 

басу  арқылы  кӛп  түстер  шығарылады.  Түсті  акватинта  офорттың  барлық  сызықтық  мәнерлеріне 

үйлеседі. 

Түсті  офортты  кәсібей  тұрғыда  басып  алуды  үйрену  үшін  алдын-ала  әртүрлі  мәнерде 

орындалған  басылым  тақталарынан  қағазға  дұрыс  басып  шығару  жаттығуларын  жасап  үйрену 

керек.  Тақталардың  басылымын  алу  барысында  алдымен  ашық  түстер  соңында  кескін  сызықтар 



басылады. 

Түсті  офортта  кӛптеген  басқа  да  әдіс-тәсілдер  пайданылады,сонын  бірі  әртүрлі  түстерге 

линолиумнан дайындалған тақталар қолданылады. Линолиумнан дайындалған тақталар тұтас бір 

реңді немесе түсті бере алады, сондықтан бұндай тақталарды үлкен дақ түстерін беруге арнайды. 



Басылым түрі: Басылым алу алдында тақталардың беті майдан скипидармен тазартылады. 

Тақталар  басылу  ретімен  белгіленіп  қойылады  да,  әр  тақтаға  арналған  бояулар  езіледі.  Арнайы 

былғарыдан  жасалған  тампонмен  бояуды  сызықтарға  тығындап  жағады.  Тақтаның  беті 

жылтыратылып  тазаланады,  сызықтар  арасында  қалған  бояу  станоктын  қысымы  арқылы  қағазға 

басылып шығады. Қағаздағы бояу кепкеннен кейін үстіне екінші түс басылады. 

Түсті офорттың түрлі мәнерін игеру және әр мәнерді бір-бірімен үйлесімді байланыстыру 

офорт үйренушілердің алдына қойған негізгі мақсаты болып есептеледі.  

Түсті  офорттың  орындалуы  қиын  болғанына  қарамастан    кӛптеген  суретшілер  ӛздерінін 

негізгі шығармашылық туындыларын осы эстамп түрінде орындауда. 

Түйін 


   Бұл  мақалада  офорт  техникасындағы  түсті  офорт  мәнерінің  ерекшелігі  қарастырылады.  Автор 

болашақ  графиктерге  кәсібей  деңгейде  білімін  ұштауға  бағыт  береді.  Офорт,  графика 

техникасындағы қызықты бір сала оны  автор толық ашып кӛрсетіп отыр. 

Резюме 


      В  данной  статье  рассматриваются  особенности  техники  выполнения  офорта,  в  часности 

манеры  цветной  офорт.  Автором  выделены  необходимые  профессиональные  навыки  и  умения 

будущих графиков. Техника офорт автором рассматривается как одна из интересных и насущных 

техник графики. 

Summary 

 

This article discusses the features of the technique of etching, in particular manners colored etching. 



The author provided the necessary professional skills for future graphs. Technique of etching the author is 

considered to be one of the interesting and pressing techniques. 

 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет