Issn 1728-8657 хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата06.03.2017
өлшемі1,66 Mb.
#7791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Жарнамадағы шрифт. 

Шрифт түрлерінің саны ӛте кӛп. Әрбір жекеленген шрифтің ӛзіндік атауы бар және олардың 

негізгі суретінің бірнеше нұсқасы болады.   

Нақты  бір  жағдайларға  арнайы  шрифтерді  іріктеп  алып  қолдану  жарнама  обылысындағы 

маманданған  суретшіге  ғана  тән  болып  келеді.Шрифтік  жазулар  оқырманның  кӛңілін  оқығанда 

ӛзіне  аударатындай болып  мейілінше  маңызды  аргументтерді  айқындап  отырғаны  жӛн.  Шрифтің 

әрбір  суреті  жазуға  ӛзіндік  эмоциональді  айшық  береді.  Жарнамаланған  тауарға  іріктеп  алынған 

шрифтің  сәйкес  келуін  естен  шығармаған  дұрыс.  Осылай,  әрiптердiң  дӛңгелек  нобайлары  бар 

шрифттар  арқылы  күрделi  суретiн,    қарама-қарсы  штрихтармен  бұйымның  жеңiлдiк,  әдемiлiгiн 

айқындап отыруға болады.

  

Әрiптердiң  тiк  тӛртбұрышты  нобайы  бар  суреті    және  шрифтегі  кӛп  форманың  оңайлығы, 



заттың  берiктiк,  сенiмдiлiгiне  жарнама  жасайтын  мәтiндi  теру  үшiн  кӛп  қолданылады.  Негізгі 

сызықтары  жуан  болып  келетін  ауыр  шрифттар  жуу  машинасы,  тоназытқыштар,  электр 

полотерлердiң  жарнамасы  үшiн  лайықты,  ал  жеңiл  –  парфюмерлiк,  зергерлiк  бұйымдар, 

шiлтерлердiң жарнамасы үшiн тағы сол сияқты заттар жарнамасына декоративті негіздегі шрифтер 

ыңғайлы болады.  

Адам    кӛзінің  жекеленген  емес  топтасқан  әрiптерді    немесе  сӛздердiң  тобын,  олардың 

жолдарының ұзындық нақтылы формасын қабылдайтын қасиеті бар.Сондықтан шрифт суретiнен 

тысқары, оның ӛлшемi, әрiптер арасындағы қашықтық, басылымдағы жолдардың ұзындығы және 

мәтiннiң  орналастырылуының  маңызды  ӛте  үлкен.Мәтiнді  қабылдауындағы  үлкен  рӛлді  мәтiн 

жазылған бояудағы түс ойнайды. Үлкен кӛлемдегі мәтiн болатын жарнамалық құралдардағы түрлi 

түстi  фондағы  басылымның  сәйкестігіне  зер  салу  керек.  Қалқандардағы  жарнамалық  мәтiн 

ресiмдеуiнде келесi бір жәйттерді есепке алу керек:әрiптердiң пiшiні және ӛлшемi жарнамаланған 

парақтың  және  нысана  ауданының    ерекшелiктерiне  сәйкес  келуi  керек.  Ең  жақсы  нұсқа  әртүрлi 

ӛлшемдегі  бiр  суретi  қолдану  болып  табылады.  Оқырманға  жарнамалық  мәтiннің  әсері  күшті 

болуы үшін ол жердегі бояу түсін дұрыс таңдау қажет. Шрифттың түсi және фон әрдайым қарама-

қарсы болуы керек , ол сол кезде жеңiлдеу оқылып қабылданады. 

 


1.

 

Смирнов С.И. Шрифт в наглядной агитации. М., «Плакат» 1987. 



2.

 

Смирнов С.И. Шрифт и шрифтовой плакат. М Плакат, 1990. 



3.

 

Кликушин Г.Ф. Декоративные шрифты для художественно-оформительских работ . г.Казань 



2005г. 

 

Түйін 



 

     Мақалада  кӛркем  шрифтердің  декоративті  безендіру  жұмыстарындағы  қолданысындағы  орны 

туралы  айтылады  және  мәтін  композициясы  мен  мектеп  тәжірибесіндегі  және  жарнамалық 

жұмыстардағы қолдануға болатын шрифтер туралы нұсқаулар қарастырылған. 

 

Резюме 


 

    В  статье  рассматриваются  о  применении  художественных  шрифтов  в  декоративно-

оформительских  работах,  а  также  рекомендации  шрифтов,  которые  можно  использовать  в 

рекламных работах, школьной практике и текстовых композициях.     

 

Summary 


 

    The article discusses the use of fonts in decorative art and design works, as well as recommendations of 

fonts that can be used for promotional work, school practice and textual compositions. 

 

 



Оқушылырдың логикалык ойларын шығармашылық жаттығулар  арқылы дамыту 

 

Сулеев Ұлықбек Мырзабекұлы – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті. 

Магистратура және PhD докторантура институты. «Бейнелеу  өнері және сызу» 

мамандығының 1курс магистранты. 

 

Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы ӛзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол 

жеткен  табыстарды  сын  кӛзбен  бағалай  отырып  саралауды,  оқушылардың  шығармашылық 

потенциалын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. 

Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңында:  «Қазіргі  мектептердің,    біріншіден, 

практикалық  қызметінде  жинақталған  барлық  игіліктердің  сақталуы,  екіншіден,  қоғамның 

интеллектуалдық  қуатын  жетілдіру,  еліміздің  материалдық  –  қаржылық  ресурстарын  әрі  қарай 

дамытатын  адам  тәрбиелеу,  орта  білім  жүйесін  одан  әрі  дамытып  жұмылдыру  міндеттерін 

кӛздейді.  Бұл  міндеттерді  шешу  үшін  мектеп  ұжымдары,  әр  мұғалім    күнделікті  ізденіс  арқылы 

барлық жаңалықтар мен қайта құру, ӛзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика, жаңа қарым-

қатынас  жасаулары  қажет»,  -  деп  атап  кӛрсетілуі  мұғалім  іс-әрекетіне  жаңа  бағыт  сілтейді.  Бұл 

заңда  қазіргі  кезеңде  мұғалімдердің  біліктілігін  жетілдірумен  қатар,  кәсіби  қызметтің  ғылыми 

негіздерін практикаға қолдануға, практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше кӛңіл 

бӛлінген[1]. 

    Ұлттық  бәсекелестік  білімділік  деңгейімен  айқындалады.  Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық 

технологиямен байланысты  әлемдік  стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  ӛте  қажет деп 

кӛрсетті  Н.Ә.Назарбаев.  Қазіргі  уақыттың   негізгі  талаптарының  бірі  –  білімді  әлемнің  бүтіндей 

бейнесін  қабылдай  алатын,  логикалық  ойлауы  дамыған  жаңаша,  тәуелсіз  ойлай  алатын 

шығармашыл адамға айналдыру. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі  мақсаттары – баланың білімді 

игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты 

жеке  тұлғаны  тәрбиелеу.  Оқытудың  мақсаты  оқушыларға  білім  беру  ғана  емес,  сонымен  бірге 

олардың  ойлау  қабілетін  дамыту  және  белсендіру  оқушылардың  білімді,  дағдыны  меңгеру  үшін, 

болашақта  танымдық  және  тәжірибелік  іс-әрекетке  оқушыларды  дайындау  қажетті  шарт  болып 

табылады.  Шығармашылық  мәні  мен  мағынасына  тоқтала  кетсек,  негізігде  бұл  тақырыпта 

кӛптеген ғалымдар зерттеуден ӛткеріп тер тӛккен.  

    Шығармашылық»  -  жаңалық  ашуға  бағытталған  әрекеттер  жиынтығы.  Ол  жеке  адамнан 

бастап ұжымдық әрекеттердің де сипаты  болып табыла алады. 

    Психологияда  шығармашылық  –  адамның  ойлауының  және  ӛз  бетiнше  әрекетiнiң  жоғарғы 

формасы. Дегенмен шығармашылықтың объективтi және субъективтi болатындығы белгiлi. Оның 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру: өнер-теориясы-әдістемесі» сериясы, 

№2 (31) 2012 ж.

 

 



алғашқысы ғылымда, зерттеулерде бұрын болмаған жаңалық деп танылса, соңғысы субъектiнiң ӛзi  

үшiн жаңалық болып, оны әрі қарай жаңа бастамаларға шабыттандыратынымен сипатталады. 

    Педагогикалық шығармашылық - білім алу үрдісін мағыналы да мәнді, жарқын ету, таңдана, 

тамсана отырып тануға жағдай жасау, осы әрекет барысында білім алушылардың ӛз сұрақтарының 

пайда  болып  оларға  жауап  оларға  жауап  іздеулеріндегі  шығармашылық  белсенділігін  тудыруға 

кӛмектесу. 

    «Шығармашылық  проблемалық  сипаты  бар,  барлық  ішкі  байланыстарды  біріктіретін, 

нәтижеде жаңа  материалдық және  идеалдық құндылықтар  алынатын  адамның  мақсатты  әрекеті»  



(философиялық сөздік). 

Қазақстандық  ғалымдар  Т.Тәжібаев.  М.Мұқанов,  Қ.Жарықбаев,  Т.Сабыров,  т.б.  психологиялық 

еңбектерінде  адамның  жеке  басының  дамуы  мен    шығармашылығының  әртүрлі  аспектілері 

қарастырылады. 

    Шығармашыл  тұлға  –  ӛзінің  кәсіби  шеберлігін  арттырумен  тұрақты  айналысатын,  тәжірибе 

жасаудан  жасқанбайтын,  сол  мақсатта  ӛзінің  ішкі  күштерін  жұмылдыра  білетін,  ойы  оралымды, 

қиын педагогикалық мәселелерді ӛзгеше, ерекше тапқырлықпен шеше алатын адам. 

          креативтілік» тұлғаның (ұжымның) шығармашылық әрекетке дайын болуы

          идеяларды туғызуға қабілеттілік: 

          белгісізге қарай табысты қадамдар жасай алу; 

          ойлаудың интеллектуалдық белсенділігінің жоғары деңгейі. 

    Н.В.Кузьминаның зерттеулерінде «шығармашылық әлеует» ұғымы «энергоәлеует» ұғымымен 

байланыстырылады. «Энергоәлеует – адамның кейде ӛзі де дұрыс пайдаға асыра алмайтын, қайда 

бағыттауды біле бермейтін шығармашылық әлеуетінің маңызды сипаттамаларының бірі. 

    Шығармашылықтың  мәні:  «Шығармашылық  -  ізденіс  нәтижесінде  обьективті  және субьективті 

жаңалық алынатын, ішкі факторларға әсер ету арқылы әлеуеттің жоғарылауын қамтамассыз ететін 

адам  әрекеті»  және  де  «Шығармашылық  –  адамның  мәні,  оның  ішкі  күштерінің  яғни  әлеуетінің 

бастауы». Қазіргі кезде шығармашылық – қоғамның ӛрлеуі мен тоқырауының индикаторы болып 

саналады.  

    Шығармашылық  мәселесі  жӛнінде  Дж.  Голфорд,  А.  Маслоу,  К.  Роджерс,  Т.  Торренс,  Э.Фромм, 

тағы  басқа  секілді  кӛптеген  шет  елдік  ғалым  -  психологтары  зерттеген.  Әлемдік  психолого  – 

педагогикалық  әдебиеттерде  адамның  ойлауын  дамытатын  мәселелерді  А.Н.Монтьев, 

С.П.Рубинштейн,  М.В.Занков  т.б.  атақты  ғалымдар  теориялық  тұрғыдан  қарастырған  [2]. 

Қазақстандық  ғалымдар  Т.Тәжібаев.  М.Мұқанов,  Қ.Жарықбаев,  Т.Сабыров,  т.б.  психологиялық 

еңбектерінде  адамның  жеке  басының  дамуы  мен    шығармашылығының  әртүрлі  аспектілері 

қарастырылады. 

    Ойлау  дегеніміз  –  ақиқат  дүниені  ӛзара  барлық  байланыс  қатынастарымен  сәулелендіретін, 

миымызда  жалпылай  және  жанама  түрде  сӛз  арқылы  бейнеленетін  процесс  [3].  Балалардың 

ойлауын  дамыту  туралы М.Жұмабаевтың  сӛзімен алсақ:  «Ойлау  жанның  ӛте  бір  қиын,  терең ісі. 

Жас  балаға  ойлау  тым  ауыр,  сондықтан  басқыштап  іс  істеу  керек.  Оқулықтағы  берілген 

тапсырмалар,  суреттер  баланың  жанына  дұрыс  әсер  ететіндей,  оқушының  оқуға,  білімге  деген 

ынта  –  ықыласы,  құштарлығы  болуы  керек».  Оқу  материалын  балалардың  ойлау  қабілеті 

жетерліктей   жас  ерекшеліктерін  ескере  ұйымдастырса  ғана,  оның  ойлау  қабілетінің  дамуына 

мүмкіндік  туады.  Сондықтан  да  мұғалім  балаларды  үнемі  ойланып  оқуға  бағыттауы  тиіс,  бұған 

оқу  үрдісін  жүйелі  ұйымдастыру,  сабақта  бала  логикасын  дұрыс  дамыта  алатын  мүмкіндіктерді 

мол  пайдалану  арқылы  жетуге  болады.  Дұрыс  ойлаудың  формалары  мен  заңдары  туралы  ғылым 

логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау 

деп  аталады.  Логикалық  ойлаудың  ерекшелігі  –  қорытындылардың  қисындылығында,  олардың 

шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз 

анықталады.  Ұғымдар  арасындағы  байланыстар  мен  қатынастар  логикалық  ойлау  жолымен 

ашылады.  Бұл  байланыстар  мен  қатынастардың  дұрыстығын  теріске  шығаруға  болмайтыны 

пікірлерде  кӛрсетіледі.  Психолог  –  ғалымдар:  Н.Н.  Поспелов,  Ю.А.Петров,  А.Н.Леонтьев, 

«логикалық  ойлау»  ұғымына  нақты  анықтама  берген.  Олардың  пікірінше  «логикалық  ойлау»  

дегеніміз  логика  заңдылықтарын  пайдалана  отырып  ой-пікірлерді,  тұжырымдарды  қолдануға 

негізделген  ойлаудың  бір  түрі.  Оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілеттерін  дамыту  жӛнінде 

А.В.Запорожец,  Л.Н.Венгер,  И.С.  Якиманская  еңбектері  жарық  кӛрді.  Жоғарыдағы  авторлардың  

пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз: 


          барлық  логикалық  ойлау  операцияларын  (талдау,  жинақтау,  салыстыру,  жалпылау,  саралау) 

арнайы жүйелі түрде қалыптастыру

          ойлау белсенділігін, ӛзбеттілігін дамыту. 

    «Логикалық ойлау – логикалық сӛйлеудің негізі, ал мұны  – логикалық сӛйлеуді ұстаз дамытуға 

тиіс»,  деп  кӛрсетті  К.Д.Ушинский.  Бастауыш  сынып  баланың  логикалық  ойлауын  дамытудың  

негізгі  кезеңі  деп  есептеледі.  Ӛйткені  логикалық  ойлау  кейінірек  бейнелік  ойлаудың  негізінде 

қалыптасады,  ауқымы  кеңірек  мәселелерді  шешуге  ғылыми  білімдерді  меңгеруге   мүмкіндік 

береді.  Әйтседе  бұл  баланы  қайткенде де,  неғұрлым  ертерек  логикалық  «жолға»  шығару  дегенді 

кӛрсетпейді.  Біріншіден,  ойлаудың  логикалық  формаларын  игерудің   ӛзі  ойлаудың  логикалық 

жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған 

кӛрнекі схемалық ойлау  баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды 

игеріп  болғаннан   кейін,  бейнелік  ойлау  ӛзінің  мәнін  ешбір  жоғалтпайды.  Тәжірибе  барысында 

жасӛспірімдерде  ой  тұтастығының  сақталмауы  байқалады.  Мұндай  қателерді  болдырмау  үшін 

оқушының  ой  жүйелігінің  қажеттігін сезінуіне кӛз жеткізудің амал – тәсілдерін тауып, орнықты 

ой  түйіндеуге  жетелеу  қажет.  Шығармашылық  әрекет  психология  мен  педагогикада 

шығармашылық  әрекет  –  тұлғаның  шығармашылық  міндеттерді  ӛз  бетінше  шешуі:  білім,  білік, 

дағдыны  жаңа  жағдайға  тасмалдай  алуы,  белгіліден  жаңа  нәрсені  кӛре  білуі,  обьектінің  жаңа 

қызметін  байқай  алуы,  жаңа  шешімдер  қабылдай  алуы  деген  мәнге  ие.  Шығармашылық  –  еркін 

әрекет.  Ӛйткені  онымен  біреудің  мәжбірлеуімен  айналыспайды.  Шығармашылық  әрекет 

интуацияның орын алып, қиялдың қанат қағуы, сезімнің жоғарлауы нәтижесінде жүзеге асады. Бұл 

үздіксіз  ізденіске  әкеліп,  ол  жолда  адам  жеңістің  қуанышын,  түңілудің  кермек  дәмін  сезу, 

тоқтаусыз  толғаныс  пен  жалындау,  интеллектуалдық,  эмоционалдықдарындылықтың  қуанышына 

бӛлену  сияқты  сезімдерді  басынан  кешеді.  Ал  шығармашылық  тұлғаға  келер  болсақ,  ол  жайлы 

айтқан пікірлерді айта кетейін.  



Шығармашыл  тұлға  -  тәуекелшіл,  ӛзінің  кейде  тіпті  негізсіз  болып  кӛрінетін  батыл 

ойларынан  да  қорытынды  жасауға  әзір,  ӛзінде  бар  кӛп  идеяны  жария  етуден  жасқанбайтын 

кісі. (А.Н.Лук)  

Ю.З.Гильбух  шығармашыл  тұлғаның  қасиеттерiнің  құрамына  саналылықтың  әртүрлі 

деңгейінде қалыптасатын жаңашылдыққа бағыттылықты жатқызады. 

Шығармашыл  тұлғаның  қалыптан  тыс  ойлау  мүмкіндігі  кең,  шығармашылық  әрекетке 

дайын адам (Г.Нойер).  



Шығармашыл  тұлға  -    басқалардан  кӛмек  күтпей,  мәселенi  шешуде  басқа  бiреудiң  әдiсiн 

қайталамай, қалайда ӛзi шешуге тырысатын адам (Қ.Жарықбаев) 

     Білім берушілер тарапынан білім алушыға қатынастар типтерінің классификациясы: 

      - авторитаризм (педагог оқу үдерісінің қозғаушы күші, ал оқушы тек қана ―бұранда‖); 

      - еркіндік (оқушылардың толық таңдау еркіндігін және дербестік беру ); 

      - мейірімді – жеке даралық қадам (студенттердің жан-жақты, еркін, шығармашылықпен дамуын 

қамтамасыз ету); 

      - жұптастық; 

      - жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етуші, әлеуметтік-экономикалық факторлар; 

      - биологиялық және әлеуметтік жас туралы түсінік; 

      - жастарды тәрбиелеудің обьектісі мен субьектісі тұрғысында. 

     Білім  беру  жүйесінде  педагогтар  мемлекеттік  қызметкерлер  болып  табылады.  Педагог  ӛз 

мамандығының  сапасын,  біліктілігін  арттыруды  психологиялық  тұрғыдан  қамтамасыз  етуі  үлкен 

рӛл  атқарады.  Педагогтың  іс-әрекеті  кӛбінде  оның  кәсіби  шеберлігінің  кеңістігіне  қатысты, 

педагогикалық  қарым-қатынас  механизмдеріне,  оқушылардың  психологиялық  ерекшеліктерінің 

табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада-педагог 

ӛзін  -  ӛзі  дамыту  механизмдерін  қалыптастыруға  мақсат  қояды  және  оқушыларға  ӛз  қабілеттері 

бойынша  даму  бағыттарын  ұштайды.  П.Ф.Каптерев  кӛрсеткендей,  педагогикалық  іс-әрекеттің 

табысты  болуының  маңызды  факторларының  бірі  оқытушының  ―тұлғалы  сапалары‖  болып 

табылады.  Мақсатқа  ұмтылу,  табандылық,  еңбек  сүйгіштік,  қарапайымдылық,  бақылампаздық 

сияқты сапалардың міндетті болуы аталынып ӛтіледі. 

Тренинг  мақсат-міндеттері: 

 



Оқушылардың  шығармашылық мүмкіндіктерін ашуына жағдай тудыру;  

 



Ақпарат пен мәлімет кӛздерін жұмыс бағытына қолдана білу  бағдарын беру

 



тұлғаның теориялық білімін қолдануына мүмкіндік тудыру; 

 



 қатысушының ӛз жұмысында оң нәтижелерге бастар бағыттарды саралауы. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру: өнер-теориясы-әдістемесі» сериясы, 

№2 (31) 2012 ж.

 

 



Тренинг түрлері 

 



 креативтілік  тренингі  оқушылардың  шығармашылық  ойлауы  мен    шығармашылық  елесін 

дамытуға бағытталады;  

 

қарым-қатынас  тренингі  әртүрлі  адамдардың  тілдік  қарым-қатынас  стилін  жасау,  және 



сызбаны  сыздыра  білдіріп,  ӛзара  әрекеттестікті  тиімді  ететін  коммуникативтік  біліктерді 

жетілдіруге қызмет етеді;  

 

әртүрлі  педагогикалық-психологиялық    жайттарды  шешуге  бағытталған  тренингтер  



ұжымда ынтымақтасу дағдыларын қалыптастырады.  

    Ал  оқушылардың  ойлауын  дамытып,  дұрыс  ой  түйіп,  ӛздігінен  сапалы,  дәлелді  шешімдер 

қабылдай  білуге  үйрету  –  сызу  сабағының  міндеті.  Жаңа  буын  сызу  оқулығының   басты 

ерекшеліктерінің бірі – оның әрбір сабаққа  лайықталған  материалы, негізінен алғанда, түйіндесу 

тақырыбында  есеп және  сызу    шығармашылық жаттығулардың  тобынан   тұрады.   Солардың бірі 

—  балалардың  шығарамашылық  іс-әрекетке  бейімдеу  мақсатын  кӛздейтін,  оқулықта  берілген 

тақырып бойынша түйіндесу тақырыбы бойынша қазақ  ұлттық ою-ӛрнектеріне шығарамашылық 

жаттығулар  жасалады.  Бұрынғы  оқулықтардың  ешқайсысында  жаттығулардың  осындай  тобы 

қарастырылмағандықтан, қазіргі мектеп тәжірибесінде шығармашылық жаттығуларды орындаумен 

байланысты   оқушылардың  іс-әрекетін  ұйымдастыруда  үлкен  қиындықтар  туындап  отыр. 

Оқушылардың  шығарамашылық  жаттығуларды  орындау  икемділігін  бағдарлама  талаптары 

деңгейінде қалыптастыруда айтарлықтай кемшіліктер мен олқылықтар орын алуда. Сызуды оқыту 

процесінде  жаттығулардың  алатын  орны  ерекше.  Жаттығу  дегеніміз  не?  Жалпы  алғанда,  ғылым 

мен  тұрмыстың   әр  алуан  салаларында,  «жаттығу»  термині  әр  түрлі  мәнде  қолданылады.  Ал, 

педагогикалық  әдебиетте  жаттығу  ұғымы  оқытудың  әдісі  жӛніндегі  дәстүрлі  түсінікпен   іштей 

байланысты  мағынада  анықталады.  Анықтамалардың  кӛпшілігі,  жаттығу  дегеніміз  білімді 

бекітудің және білік пен дағдыларды қалыптастырудың, сондай-ақ оқушылардың ойлау қабілетін 

дамытудың негігі әдістерінің бірі дегенге әкеп саяды. [4-5]. Жаңа буын оқулықтарында сызу білім 

мазмұнының мүмкін деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ұсынылып отырған  жаттығулар ерекше 

назар аудартады. Олар бір сарынды іс-әрекеттер орындаудан бас тарта отырып, ӛзгермелі әр түрлі 

бағыттағы  ізденістер  тудыру  арқылы  оқушыны   шығармашылық  әрекет  жағдайына   енгізуге 

мүмкіндік   жасайды. Шығарамашылық  жаттығулар  ұсынылғанда,  оқушының  алдында   мақсатқа  

ӛзіне мәлім әрекет тәсілімен жете  алмайтын  проблемалық  жағдаят пайда болып, ол оқушының  

интеллектуалдық  қиналуын  туғызуы  мүмкін.  Осының  барысында   оқушы  жаңа  әрекет  тәсілін 

іздестіру  бағытындағы  шығармашылық  сипаттағы  іс  -әрекеттер   орындауға  талпынады.Осы 

тұрғыдан  алғанда   сызу  жаттығулары,  біздің  пікірімізше,  шығармашылық  жаттығулар  жасауға 

мүмкіндік береді деп атаған орынды сияқты. [6-7].    

      Шығармашылық жаттығу – бұл нақты мәні берілмеген, есепті шартты сызудың заңдылықтары 

арқылы 

орындау.  



    Шығармашылық  тапсырмалар  оқушылардың   жаңа  бір  нәрсені  ашуы,  яғни  оқушы  ӛзін  белгілі 

бір  жаңалықтардың  авторы  ретінде  сезінеді.  Бұл  оған  белгілі  бір  пән  тӛңірегіндегі 

қызығушылығын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Яғни,  оқушыны  ӛзіне  тарта,  баули  түседі. 

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандартты емес тапсырмаларды 

шығармашылық  жаттығулар  деп  атаймыз.  Сондықтан  шығармашылық  жаттығуды  ұдайы  жүргізе 

отырып  біз  оқушылардың  тек  пәнге  деген  қызығушылығын  ғана  емес,  логикалық  ойлауын  да 

дамыта  аламыз.  Мектеп  тәжірибесінде  шығармашылық  жаттығулар  үздіксіз  орындалмай 

жатқандығы  белгілі.  Кейбір  мұғалімдер  шығармашылық  жаттығу  міндетті  деңгейге 

жатпайтындықтан  оны  орындамайды,   орындағанымен  сабақ  соңында  асығыс  шешуін  

оқушыларға  жалпылама  айтқыза  салады,  яғни  талдау  жүргізілмейді.  Балаларда  ой  операиялары 

толық  жүргізілмегендіктен   логикалық  ойлаудың  даму  деңгейі  тӛмен  болады.  Ал  оқушылардың 

логикалық  ойлауын  дамытудың   бір  жолы  —  шығармашылық  жаттығуды  жүйелі  орындату. 

Сыныптағы   оқушылардың  білім  деңгейі  бірдей  емес.  Олардың  ішінде  сызуды  сүйіп  оқып 

сызатын,, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау 

жалықтырады. Сондықтан мұғалім  оқушыларға  міндетті емес тапсырмаларды үнемі орындатып 

отыруы тиіс. 

 

Оқушылардың логикалық ойлауын  дамыту үшін: 



 

есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру; 



 

сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру; 



 

Есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру; 



 

Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру; 



 

Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу. 



    Оқу  процесіндегі   осындай  іс-әрекеттердің   арқасында   қоғам  талап  етіп  отырған 

шығармашылық  қабілеті  жоғары,  ӛз  ойын  жүйелі  де  ашық  айта  алатын,  қоғамға  еркін  сіңетін, 

ӛндіріске белсене араласатын азамат қалыптастыра аламыз.  

 

1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңы. – Астана, 2004. 



Н.Назарбаев.  Еркін  елдің  ертеңі  –  кемел  білім  мен  кенен  ғылымда.  /Елбасының  Қазақстан 

Республикасы  білім  саласы  қызметкерлерінің  ІІІ  съезінде  сӛйлеген  сӛзі  /  Егемен  Қазақстан.  13 

қазан, 2004. 

2.  Сейдахметова  А.  Даярлық  сынып  оқушыларының  логикалық  ойларын  дамыту  жолдары.  // 

Бастауыш мектеп, 2000.  №8,9. 

3. Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы,  2002.  – 415 бет. 

4. Ильина Т.А. Педагогика. – Алматы, 1977 – 454 бет. 

5. Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. –Алматы, 2003. -  135 бет. 

6. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары, Алматы, 1994, 285 б. 

7.  Әбілқасымова  А.  Познавательная  самостоятельность  в  учебной  деятельности  студента.  — 

Алматы: Санат, 1998. -158 с. 

8.  Сабыров  Т.С.  Оқушы  жастардың  танымдық  әрекетін  арттырудағы  оқытудың  әдістері  мен 

формаларының  дидактикалық  жүйесін  тиімді  қолдануға  мұғалімді  даярлаудың  теориялық 

негіздері: п.ғ.д…. дисс. 13.00.01. – Алматы, 1996. — 278 с. 

9. К.Ж.Бұзаубақова «Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру»,Алматы, 2002ж 

10. Т.Мейірманқұлова «Білім берудегі инновациялық технологиялар», Алматы, 2000ж. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет