Issn 1999-4214 (print) issn 2957-5095 (online) еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата23.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#120748
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Әдістеме мен зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында сипаттама әдісі, 
жинақтау, семантикалық талдау әдістері пайдаланылды.
Талқылау мен бақылау. Тіл білімінде ғаламның тілдік бейнесін зерттеу 
мәселелері кеңінен қарастырылып келеді, шетелдік ғалымдар да (М. Минский, 
И. Стенгерсом, М. Хандеггер, Л. Витгеншейн, Г. Геру, Дж. Холтон, А.Я. Гуревич, 
П.И. Дышлевый), отандық ғалымдар да (Е. Жанпейісова, Ж. Манкеева, Н. Уәли, 
Г. Сағидолда, 
Э. Оразалиева, 
Қ. Жаманбаева, 
С. 
Жапақов, 
А. 
Ислам, 
Б. Ақбердиева, Б. Тілеубердиев) ғаламның тілдік бейнесінің адам танымында 
алатын орны зор екенін атап көрсетеді. Дегенмен, М. Минскийдің фрейм туралы 


Фрейм арқылы сөздік қорды арттыру
 
Еуразия гуманитарлық институты ХАБАРШЫСЫ
№ 1/2023
23 
түсінігі көмескі сипатталған деп есептей отырып, «... человек, пытаясь познать для 
себя новую ситуацию или по-новому взглянуть на уже привычные вещи, выбирает 
из своей памяти некоторую структуру данных (образ), называемую нами 
фреймом...» дей келе, ғалым өз кітабында кейбір тәсілдерді атап кеткенмен, 
қоршаған орта моделін беруден бас тартқанын байқаймыз [1, 7]. Ал, Ирвинг 
Гофманның қолдануында фрейм «болжаланып тұрған оқиғаның матрицасы» 
немесе «интерпретациясы» деп беріледі. Гофман «барлық типтік жағдайлар үшін 
белгілі бір сөйлеу «матрицалары» бар: телефон арқылы сөйлесуді бастау үшін, 
әңгімені аяқтауға арналған оралымдар қаншалықты маңызды болып көрінсе де, 
олар әлеуметтік әлемді қабылдауды құрылымдайды» деп көрсетеді [2, 18]. Кез 
келген күрделі, ауқымды нәрсені құрылымдау көбіне фрейм жиынтықтары
арқылы оңтайландырылады, бізге тиімдісі – фрейм модельдеуге тез келеді. 
Жоғарыда атап кеткеніміздей, фреймнің түпкі мағынасы қаңқа, тірек дегенді 
білдіргенмен, оның өзі «төл фреймдер» шеңберінде табиғи және әлеуметтік 
фреймдер деп екіге бөлінеді. Мәселен, С.А. Жаботинская фреймді 5 түрге бөледі: 
заттық фрейм, акционалды фрейм, посессивті фрейм, сәйкестендіру фреймі, 
салыстырмалы фрейм деп. Сонымен қатар, ғалымның пікірі бойынша, статикалық 
және динамикалық жіктеу бар [3, 8]. Яғни статикалық фрейм адамның жинақтаған 
білімін жүйелеп, белгілі бір модельге келтіру, ал динамикалық фрейм адамның 
тілдесім барысындағы дискурстық әрекетінің мағыналық қаңқасы.
Фрейм ұғымын қолданудағы барынша мән беретін ұғым – слоттар, яғни 
түйіндер, олардың өзара байланысы. Ең маңыздысы әрбір түйін белгілі бір 
түсінікке баланады. Нақтыланған түйіндер жиынтығы (фреймдер) кез келген 
оқиғаны, үзікті, жағдаятты «түсіну» үшін қажетті негіз болып табылады. Яғни 
біз тіл үйренушіге ұсынатын тақырыптың аясында қандай әрекеттер? ( етістік),
неге? (себеп-салдары), ол қай жерде? (мекені), қашан? (мезгілі), кім арқылы? 
(арадағы байланыстырушы) не үшін? (мақсаты) қандай? (сипаты) нақты әрекетті 
баяндығысы келеді деген сияқты сұрақтарды қамти аламыз. Тағы атап кеткіміз 
келетіні әрі маңызды акцент – сол бірнеше түйін үзіктерінің (слоттардың) 
фреймде сатылы қолданылып, қажетті ақпаратты жүйелеуге, ақпаратты 
ұйымдастыруға, жеңілдетуге мүмкіндік беретіні болып тұр. 
Т.А. Ван Дейк фрейм мен тілдік актіні танымның кешенді бір бөлігі деп 
есептеп, «фрейм – бұл аморфты емес жалпы білім, ол – концептуалды жүйе 
ретінде ұйымдастырылған білім. Фреймдер білімнің еркін бөлініп алынған бір 
ғана бөлшегі емес. Біріншіден, олар белгілі бір концепті айналасында 
ұйымдастырылатын бірліктер» деп сипаттайды [4, 16]. Байқағанымыздай, 
ғалым фреймді конвенционалды (шартты) бірлік деп тұжырым жасайды. 
Отбасы фреймінің ерекшелігі, слоттарға бөлінуі.  
Қазақ тілін меңгеру барысында қамтылатын тақырыптарды фрейм түрінде 
берген жағдайда тілдік бірліктерді визуализациялауға келеді, яғни фрейм – кестені 
пайдалануға болады, екіншіден, материалды ықшамдай аламыз, слоттар арқылы 


Ғ.А. Байтилеуова, М.П. Ешимов, Р.И. Дүйсенбаева
 
24 
№ 1/2023
ВЕСТНИК Евразийского гуманитарного института.
BULLETIN of the Eurasian Humanities Institute.
қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің қисынды байланысын көре аламыз. Әрине, 
нақты бір тақырыпқа берілетін мәтіндердің жасырын мақсаты – грамматикалық 
категорияларды, қажетті лексиканы, синтаксистік құрылымдарды қолдана отырып, 
слоттар реті арқылы тілдесімге келу. Біз мақаламызда қазақ тілінен кез келген 
курсты бастайтын «Отбасы» тақырыбын қарастырғымыз келеді.
Орыс тіл білімінде ғалым Н.Ю. Шведова отбасы концептісін басты немесе 
ұлы концепт деп қарастырады екен. Оның пікірі бойынша, отбасы концептісі 
тарихи қалыптасқан адамның рухани әлеміне қатысты тұтас ілдік ұғым. Ал 
қазақ 
тіл 
білімінде 
«Отбасы» 
концептісін 
Ж.Б. 
Амантай 
«Қазақ 
лингвомәдениетіндегі отбасы концептісінің қолданысы» мақаласында жан-
жақты талдап, оны көпсемалы концепті деп сипаттайды [5].
Б.Құсбекова «Орысша-қазақша терминологиялық анықтамалық» сөздігінде: 
отбасы – қоғамның негізі және оның барлық мүшелерінің, әсіресе балалардың өсуі 
мен аман-есендігіне арналған табиғи орта деп анықтайды [6, 237]. 
Қазақ тілінде «отбасы» сөзіне мағыналас сөздерге үй-іші, шаңырақ, шаңырақ 
асты, отау, әулет деген сөздерді жатқызамыз. Қазақ халқының ұлттық санасында 
отбасы сөзі мәдени маңызды ұғым, ол үш ұрпақтан тұрады: ата, әке, бала.
Отбасы сөзін сөздік құрамына талдайтын болсақ, ол екі түбірден 
құралып, от деген бірінші бөлігінің білдіретін негізгі мағынасы іс-әрекеттен 
туындайтын жану құбылысы, яғни от жағу, от тұтату, от шашу деп берілсе де, 
«от» – барлық зұлымдықты жоятын, рухты тазартатын қасиетті күш.
«ОТ» сөзінің негізгі семасын – «жылу/жылу көзі», «жарық» деп қарастыра 
келіп, доминанты «от» сөзімен қолданылатын фразеологизмдерді де 
қарастыруды жөн көрдік. Мәселен, отау үй, ақ отау, отау құрды (отасты), отаса 
алмады, отауы бұзылды, отау тікті, келіннің отауы, отауы бөлек деген сияқты.
Сонымен қатар отбасы концептісінің семантикалық аясының бірі ретінде
үй/шаңырақты алып, қазақтардың санасында оның ең маңызды концептілер 
қатарына жататынын көрсету болмақ. Ескеретін жағдай, отбасы мен шаңырақ
фреймдері қазақ тілінде синонимдік қатар құрап, эквивалентті мағынаға ие 
бола алады. Отбасы фрейміне кіретін слоттарды айқындау, жіктеу қажеттілігі 
болғандықтан, слоттың екі элементтен тұратын конструкция екенін атап 
кеткіміз келеді, бірінші – ұяшық атауы және екіншісі- ұяшық мәндері. Слот 
фрейм арқылы ұсынылған негізгі ұғымды сипаттайтын түсініктерді анықтау 
үшін пайдаланылады. Слоттар тақырыптық қағида бойынша бір немесе басқа 
қосалқы ұяшықтарға біріктіріледі. Әрбір ұяшық белгілі бір когнитивтік 
ерекшелікті білдіру формасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет