Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет28/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексі. – Ал-
маты: ЮРИСТ, 2018. – 3 б.
2. Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 
2019. – 4 б.
3. Әлибеков С,Т, Таможенное органы // Таможенное дело в Р.К. Алматы–2003
4. Қазақстан Республикасының Кеден органдары Кодекс. – Алматы: ЖЕТІ ЖАРҒЫ, 2018. – 11 б.


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
38
ӘОЖ930.85(274)
Бижан Н.Н.
з.ғ.к, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан
Дайрабаева Г.М.
п.ғ. к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Шеримкулова Г.Д. 
з.ғ.к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, 
Шымкент, Қазақстан
Акчабаев Ш.
Доктор Phd, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
КРИМИНОФАМИЛИСТИКАДАҒЫ АДВОКАТТАРДЫҢ РОЛІ
Түйін. Мақалада авторлар криминофамилистикадағы қорғаушылар ролін қарастырған.
Тірек сөздер: заң, құқық, қоғам, криминофамилистика, объект,субъект.
Резюме. В статье авторы рассматривают роль адвокатов в криминофамилистике.
Summary. In this article the authors examine the role of lawyers in kriminalistika.
Keywords: law, law, society, criminofamilistics, object, subject.
Қазіргі таңның қоғамдық қарым-қатынастарындағы проблемаларға қатысты сұрақтары, аталған 
еңбектегі өзектілігі, ҚР Конституциясының 13 талаптарында болып отыр. Яғни, «Әркімнің құқық 
субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті 
қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. Әркімнің 
өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Әркімнің білікті заң 
көмегін алуға құқығы бар. Заңда көрсетілген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі» деген қағидаттық 
талаптардың аясындағы қорғаушыға қатысты мәселелер [1; 10б.].
Сондай-ақ, тұлғаны қорғауға қатысты сұрақтар, Қылмыстық процестік кодексінде 7-бабы 1-бөлігі 
17-тармағына сай, қорғау – қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтiрiлген, айыпталған 
адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, күдікті, айыптауды теріске шығару немесе 
жұмсарту, сондай-ақ қылмыстық қудалауға құқыққа сыйымсыз түрде ұшыраған адамдарды ақтау 
мақсатында қорғаушы тарап жүзеге асыратын процестік қызмет – деп айқындалған.
Қорғау функциясын қорғаушы, яғни тұлғалардың құқықтарын және мүдделерін процесте 
заңда белгіленген тәртіппен қорғайтын және оларға заң көмегін көрсететін адам жүзеге асырады. 
Ол, ҚР ҚПК-нің 64бабы 3-бөлігінде: «Күдікті ұстап алынған жағдайда ұстап алу туралы хаттама 
жасалған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрiлмей, оның өзi таңдаған немесе тағайындалған 
қорғаушымен алғашқы жауап алуға дейiн оңаша және құпия кездесу құқығы қамтамасыз етiле оты-
рып, одан жауап алынуға тиiс. Ұстап алынған күдікті өзiнiң тұрғылықты жерiне немесе жұмыс орнына 
өзiнiң ұсталғандығы және ұсталып отырған жерi туралы телефон арқылы немесе өзге де тәсiлмен де-
реу хабарлауға құқылы» деп көрсетілген. 
Қорғаушының құқықтық статусы қылмыстық процестік заңнамада 66-бапта төмендегідей 
бекітілген.
1. Қорғаушы – қорғалуға құқығы бар куәның, күдіктiнің, айыпталушының, сотталушының, 
сотталған адамның, ақталған адамның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды 
жүзеге асыратын және оларға қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде заң көмегiн көрсететiн адам.
2. Адвокат қорғаушы ретiнде қатысады. Адвокат қылмыстық процеске қорғаушы ретінде 
қатысқан кезде қорғалуға құқығы бар куәның, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған 
38


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
39
адамның, ақталған адамның жазбаша арызы бойынша оларды адвокатпен қатар қорғауды мына 
адамдардың біреуі: жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы, қорғаншысы, қамқоршысы не қорғалатын 
адамды қорғаншылыққа немесе асырауына алған ұйымның өкілі жүзеге асыра алады. Шетелдiк 
адвокаттардың iске қорғаушылар ретiнде қатысуына, егер бұл Қазақстан Республикасының тиiстi мем-
лекетпен жасасқан халықаралық шартында өзара түсіністік негiзде көзделсе, заңнамада белгiленген 
тәртiппен жол берiледi.
3. Адамның қорғалуға құқығы бар куә, күдіктi, айыпталушы мәртебесін алған кезінен бастап, сондай-
ақ қылмыстық процестің кез келген келесі кезінде қорғаушы қылмыстық процеске қатысуға құқылы.
4. Егер қорғалуға құқығы бар куәлардың, күдіктiлердiң, айыпталушылардың, сотталушылардың 
бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, бiр сол адам олардың екеуiне бiрдей 
қорғаушы бола алмайды.
5. Адвокаттың өзi мойнына алған қорғалуға құқығы бар куәны, күдіктiні немесе айыпталушыны, 
сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ.
Сонымен қатар, заңшығарушы қорғаушының процеске мiндеттi қатысуын ҚР ҚПК-ң 67-бабын-
да атап өткен.
1. Қорғаушының қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуы, егер:
1) бұл туралы күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам өтiнiшхат берсе;
2) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам кәмелеттік жасқа толмаса;
3) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам дене немесе психикалық 
кемiстiгi салдарынан өзiнiң қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;
4) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi 
бiлмесе;
5) адамға жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру, өмiр 
бойына бас бостандығынан айыру не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмыс жасады деп 
күдік келтірілсе, айып тағылса;
6) күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен 
ұстау қолданылса немесе олар стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жiберiлсе;
7) күдіктiлердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, ақталғандардың 
мүдделерi арасында қайшылықтар болып, олардың бiреуiнiң қорғаушысы болса;
8) қылмыстық процеске жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының) немесе азаматтық талапкердің 
өкiлi қатысса;
9) iс сотта қаралған кезде оған мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор (мемлекеттік айып-
таушы) қатысса;
10) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам Қазақстан Республикасының 
шегінен тыс жерлерде болса және қылмыстық қудалау органдарына немесе сотқа келуден жалтарса;
11) процестік келісім және оны жасасу туралы өтінішхат мәлімделсе, міндетті.
2. Қорғаушының қатысуы осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 6), 10) тармақтарында көзделген 
жағдайларда – адамды күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам деп 
таныған кезден бастап, 7) тармағында көзделген жағдайларда – күдіктiлердің, айыпталушылардың, 
сотталушылардың, сотталғандардың, ақталғандардың мүдделерi арасында қайшылық анықталған кез-
ден бастап, 8), 9) тармақтарда көзделген жағдайларда – іске жәбірленушінің өкілі, прокурор қатысқан 
кезден бастап, 11) тармақта көзделген жағдайларда – күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам 
процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеген кезден бастап қамтамасыз етiледi.
Кәсіби қорғаушылар туралы сөз қозғалғанда адвокаттың кәсіби мінез-құлық ережесі де тілге 
тиек болары даусыз. Бұл орайда қорғаушы ісінің нәтижелі болуы – негізгі шарт болып табылады. Заңда 
бекітілген кәсіби мінез құлық ерекешеліктеріне тоқталсақ:
– кез-келген қажетті әрекетке оған қаншалықты күш жігер кетеріне қарамастан жасқанбай бар 
ықыласы мен құлшынысын білдіру;
– мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік емес ұймдар, жеке тұлғалармен 
заңнамадағы мәселелерді қарап-көру барысында өзін әдепті ұстау;
– өз кәсіби мінез-құлқын, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен занды 
мүдделеріне сәйкес қалыптасып, жеке отырып, іске негізсіз сөз бүйдан салуға, заң көмегін көрсетудің 
заңсыз әдістерін қолдануға, алдауға жол бермеу;


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
40
– көмек сұрап, өтініш жасаған тұлғалардың мүдделеріне адал болу және оның мүдделеріне қарсы 
қандайда болмасын әрекет жасамау.
Бұл заңнамаларда көрсетілген этикалық ережелер, осы түрғыда қоғамдық келісім ретінде кәсіби 
адвокаттар "Қорғаушылардың ар-ождан кодексін" қабылдау қажеттілігі – заман талабы. Ар-ождан 
кодексі заңдық күші белгіленген келісім күнінде ғана болғанымен, сезікті, айыпталушы, сотталушы, 
ақталушы мен қорғаушы арасындағы моралдық қатынасты және оның өз қызметіне жауапкершілікпен 
қарауды реттейді. Осы арқылы қорғаушы, оған деген қоғамдық сенім мен оның қоғамдағы мәртебесін 
күшейтуге болады. Бұл қабылданар құқықтық реформа да, заңнама да кейін қалып келе жатқан кәсіби 
қорғаушылар статусын қоғам алдында биіктетудің ерекше тәсілі болары сөзсіз.
Қорғаушы кәсіби 
этикасының тәжірибелік маңызы туралы А.Д. Байковтың пікірінше: "Адвокатура үшін кәсіби этика 
мәселесі маңыздылығының көптеген себептері бар. Бірінші кезекте, қорғаушының сот маңызды адам-
дар тобының санасына әсер ету үшін пайдаланатын болса керек. Қорғаушының жан-жақты жағымды 
ғылыми және оның бағытының құптылығы тікелей қоғамдық маңызға ие.
Қорғаушы қызметіндегі этикалық пробелмасы іс жүргізу аспектісімен тығыз байланыста болып 
отырады. Ол, әрдайым этикалық ұстанымдағы қалыпты қолданады. Этикалық ұстаным туралы ауызға 
алғанда, қорғаушының тактикасын қолдану барысында рухани адамгершілік және этикалық қалыпты 
бұзбауға тырысуы қажет екенін еске салмақпыз. Бұл ұстаным: "Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан 
Республикасы заңының 3-бабының 4-тармағында бекітілген қорғаушы қызметі қағидатының құрамдас 
бөлігі болып табылады.
Тактиканың теориялық негізі, ұғымы және мазмұнының мәселелері туралы жүргізілген зерттеу-
лер бойынша, авторлар мынадай тұжырымға келген:
1. Қорғаудың болуы екі факторымен: сезікті, айыпталушы, сотталушыға қатысты әділ де, заңды 
үрдіс кепілдігі болуы және қылмыстық сотқа дейінгі тергеп-тексеруде, сот өндірісінде жарыссөз баста-
масын жүзеге асыру қажеттілігі.
2. Қорғау үрдісі, жалпы түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың құүқығы 
мен мүдделерін қорғауға бағындырылған түрлі элементтердің құқықтық, материалдық-құқытық, 
функционалдық және криминалистік байланыстарын айқындаушы.
3. Кәсіби қорғау қылмыстық іс бойынша қорғаудың алуан түрлері болып табылады, сондай-ақ 
оған қорғауға қатысты барлық белгілері тән.
4. Заңға қайшы келмейтін жағдайда, қорғау құқығы – сотталушыны, айыпталушыны, сезіктіні 
қорғаудың барлық мәнін қамтиды.
5. Кәсіби қорғау үшін қорғау құрамдары мен тәсілдерін айқындау мәселелерінің тактикалық 
маңызы бар.
6. Қорғау жоспары айқындалмаса, қорғаушының көз қарасы түпкі нәтижеге қолданылатын 
құралдар мен оларды жүзеге асыру тәсілдеріне ықпал етеді. Кәсіби қорғау тактикасын айқындау бары-
сын екі аспектіге бөлуге болады. Бірінші – бұл ғылыми ережелері жүйелі, жеке салалардың негізінде 
нұсқаша жасалатын кәсіби қорғау тактикасы [2; 5б.].
Білікті заң көмегіне құқықтық қамтамасыз ету қағидаты жоғарыда аталып өткен Конс ти ту-
циясының 13-бабына және Кылмыстық процестік кодексіне негізделген, соларға сәйкес өз құқықтары 
мен мүдделерін қорғайтын қылмыстық процеске қатысушылардың бәріне бірдей қатысты. Бұл 
қылмыстық сот процесін жүргізуші мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға да қатысты.
Сондықтан, занда білікті заң көмегін алуға әркімнің құқығы бар деп көрсетілуі, кең мағынада 
берілген. Қаралып отырған қағидаттың ықпалы жүретін субъектілердің белгілі бір шеңберін белгілейтін 
заңды шектердің бар екенін, қылмыстық процестік кодекстегі қылмыстық іс жүргізу құқықтарын 
жүргізу субъектілердің құқықтары мен міндеттерін реттейтін нормаларды дәлелдейді.
Қорғау тактикасының ұғымы туралы жан-жақты қамтылған түсінікті алғаш рет 1967 жылы 
Г.Шафир берген болатын. Оның пікірінше, тактика -бұл қорғаушының өз міндетін орындауға ең жақсы 
мүмкіндік беретін заңды қорғау құрамының орналасуы мен үйлесім табу өнері. Қорғаушылар арасында 
1998 жылы ұйымдастырылған сауалнамаға қарағанда, оларда мақсатқа жетуге жағдай тудыратын 
қорғау тәсілінің үйлесіміне «тактика»- деп түсінетінін айтқан, яғни бүл пікірде қорғаушылардың 
71-пайызы қолданған.
Бұны айқындауда қорғау тактикасы ұғымының елеулі ерекшелігінің бірі есепке алынбаған. 
Мұнда «тактика» деп қорғау құралдарының үйлесім табуы, аталған құралдарды анағүрлым тиімді 


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
41
қодана білу. Шынында да, олардың көп маңызының бірі – қызметтің кез-келген саласында жоғары 
сатыдағы біліктілік шеберлігі деп айтуға болады. Қорғау тактикасында шеберліксіз де қолданылады, 
ол қаншалықты тиімді, дұрыс таңдалып, білгірлікпен жасалады ма? Мәселе сонда. 
Қорғау тәсілі – бүл өнер ғана емес, көбіне қорғаушының жеке саласына байланысты әрекеттерден 
де тұрады. Осы орайда қорғаушының нақты қолданатын қорғау тәсілі туралы айтуға болады. Алайда, 
қорғау тәсілі – субъект жүзеге асыру үшін пайдаланатын, қорғаудың белгілі жағдайында неғұрлым 
тиімді болатын әмбебеп ретінде айқындалады. А. Бойковтың пайымдауынша, қорғаушы жауап алуға 
қатысқанда тактиканың белгілі шартты бөлігі өнер түрінде өрнектеледі.
Қорғау тактикасының мазмұнындағы аралық мәселелерді қорғауда туындайтын қорғаушы мен 
оның қорғау мақсаты, қорғаушы мен басқада қылмыстық процеске қатысушылар арасындағы келіспе-
ушіліктер және оларды шешу жөнінде, іс жүргізу тәсілдері енгізілуі тиіс. Осыған орай, қорғаушының 
нақтыланған тактикасы туралы емес, қорғаушы қызметінде әдеттегі тактика жөнінде айтуға мүмкіндік 
жасайтын жинақтап, қорыту мен дерексіздендіру дәрежесі көрініс табады. Бұл мәселелерге мұндай 
көзқарас қорғаушылар қызметін жетілдіруге және барынша тиімді ұсыныс жасауға жағдай тудырады 
[3; 10б.].
Г.Шафирдің қорғау тактикасының айқындамасымен қатар, өзге ғалымдар да өз ойларын ортаға 
салғаны белгілі. Мәселен, Г.Воробьев қорғау тактикасын сот тергеуі тактикасы кодексінде қараудан 
ұсынады. Сот тактикасы, айыптау, қорғау тактикасы. Осы тұста, оның сот тергеуі мен қорғау 
тактикасы үғымын ғылыми санатқа жақындастыруға әрекет жасағаны байқалады. Ғалымның пікірін-
ше, қорғау тактикасы – бұл қорғау қызметін оңтайлы жүзеге асрыуға бағытталған ғылыми ережелер 
мен ұсыныстар жүйесі.
Г. Воробьев, қорғау тактикасын, жинақ техника және криминалистика бөлігі болып табылатын 
сот тергеуі тактикасының құрылымдық элементі деп қарайды. Қорғау тактикасы сот тергеуінде 
ғана емес, алдын ала тергеп-тексеруде де, қылмыстық сот өндірісін жүргізудің көптеген баптарында 
пайдаланғандықтан бұл анықтамамен келісе қою қиын.
Т. Варфоломеева болса, қорғау тактикасын жалпы түрде, ғылыми жетістіктер мен адвокат қызметі 
тәжірибесі негізінде жасалған нақтылы жағдайлар, анағүрлым тиімді тәсілдерді тандау жөніндегі 
нұсқама деп түсіндіреді. Осыған байланысты автор, тактикаға жалпы мәселелерде қорғау көзқарасын 
тандау, оны түрлі сатыларда жоспарлау және қорғаушының әрбір сатымен іс-әрекеттік тәсілдер мен 
әдістерді қолданатын тактикалық ұсынысын қосады. 
Автор, біздің пайымдаушымызша, субъектінің мақсаты мен міндетін шешуге бағытталған кез-
келген тактиканы белгілеу жолын есепке алмаған, ол көзқарасына ғана бағдар ұстау ұғымын, мазмұнын 
нашарлатады, оның көлемін айтарлықтай тарылтады, бай мазмұнын көрсетуге мүмкіндік бермейді. 
Автор қылмыстық сот өндірісін жүргізу барысында кез-келген тактикасының қажетті элементі болып 
табылатын тактика нысанын айқындай алмаған. Қорғау тактикасының ұсынып отырған құрлымдық 
элементтерінің тізбесі, қажетті ғылыми дәрежеде ұсыныс жасауға жағдай туғызбайды, ол мүлдем жет-
кіліксіз.
Қорғау тактикасын ғылыми ережелер жүйесі және қорғауды ұйымдастыру мен жоспарлау 
жөніндегі ұсынысы – негізделген, қорғау субъектісінің қорғау қызметі барысында процеске басқа 
қатысушылармен қатынасы және өзара іс қимылын есепке ала отырып, тәртіп жүйесін таңдауы, 
сондай-ақ қылмыстық процестік заңнамасымен күрделі жайдайларға сәйкес сезіктінің, айыптаушының 
құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғауға және заңды көмек көрсетуге бағытталған басқада ережелер 
мен мол тәсілдердің қатыстырылуы деген пікірде.
Қорғау тәсілі дегеніміз – әдіс, атап айтқанда қызметтегі белгілі бір жағдайда ретке келтіре-
тін мақсатқа жету әдісі. Бұл жерде, Г.Зоринның "әдіс" пен "тәсіл" ұғымдарын пайдалануына назар 
аударалық. Оның пікірінше, әдіс тергеудегі қылмыспен байланысты объектіге ықпал ететін тактикалық 
құрал жүйесі, ал тәсіл оның құрамдас элементтерінің бірі болып табылады. Мұндай түсіндіру заңды 
тәсілдер туралы нақты қисынды тұжырымның жасақтығынан және қорғау құрамының заңдылығының 
шектеліп көрсетілуінен туындап отыр. Қылмыстық процесті жүргізушілер, қорғау тәсілін қылмыстық 
іс жүргізу құралы ретінде қолданылатын ереже әдіс деп атайды, ал тәсілдер жүйесін ғылыми негіздел-
ген қорғау әдісімен тактикасын шектеу проблемасынан туындайды.
Жалып алғанда, қорғау тактикасы әдістен өзгеше, өзіне тән ерекшеліктері бар қызмет тәсілі, 
бұл қалыптасқан жағдайда істі жүзеге асыру бағдары іспеттес. Ал, әдіс болса, көп жағдайларда 


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
42
статистикадағы ережелер мен тәсілдер жиынтығы ретінде көрінеді, ал тактика болған немесе болуға 
тиісті жағдайда есепке ала отырып, процесте қолданатын ережелермен тәсілдер жиынтығы.
Қорғау тәсілі – бұл қорғау міндетін шешу мен мақсатқа жетуге мүмкіндік туғызатын, қорғау 
жағдайын есепке ала отырып, қолданылатын ғылыми ұсынымдарға негізделген қорғауды анағұрлым 
тиімді жүзеге асыратын тәсіл. Қандайда болсын тәжірибелік іс-әрекетті әзірлеу және өткізуде тәсілмен 
бірге үлгі бойынша, былайша айтқанда қалыптасқан, бастамасыз қадамдар, іс жасағы, әдістемелік 
сипаттағы келісімдер жасалады. Туындаған міндеттер шешімін бұндай құралдар ережелер деп аталды.
Қорғаудың тактикалық міндеті – қорғаудың негізгі мақсатында қүрылған қорғау нәтижесінің 
оңтайлы үлгісі. Тактикалық мақсат пен міндет нақты жағжайды есепке ала отырып, стратегияны іс 
жүзінде жүзеге асыруға бағытталады. Жалпы, мақсаттың мазмұны белгілі бір кезеңде тұрақты болып 
қалады. Ал, жеке мақсат анағұрлым қозғалыста өзгермелі болып отырады. Қорғаушы қызметі өзінің 
мақсаты жағынан тактакалық болып саналады, себебі, қорғау жағдайы үнемі өзгеріп отырады соған 
сәйкес міндетті түрде құбылмалы келеді.
Қорғаушы қызметі шешім қабылдау және орындау үрдісімен айқындалады. Шешім қабылдау 
теориясында қабылдау дәрежесіне орай шешімнің мына түрлері жасалған. "Не дұрыс?" деген ше-
шім қабылдау ақпараттық, "Қалай болуы тиіс?" деген сауалға жауап шешім -ұйымдастырушылық, 
ал "Қандай іс әрекет жасау қажет?" деген сұрақ шешімі оралымды деп аталды. Шешуді талап ететін 
сауалдардың өзі, іс-қимыл сипатын білдіретін міндеттерді айқындайды.
Бір сөбен айтқанда, қорғаушы 
қызметінің нақты істі тергеу жағдайын тандау, бағалау немесе сот талқылауын, іс-қимыл жоспарын 
жасау және белгілі әрекеттегі дайындығын, яғни ұйымдастыру болып табылады.
Осыларады айқындауда қорғау тактикасы ұғымының елеулі ерекшелігі есепке алынбаған. Мұнда 
тактикалық деп, қорғау құралдарының үйлесім табуы, бұл құралдарды анағүрлым тиімді қодана білуді 
атайды. Шынында да, олардың көп маңызының бірі қызметтің кез-келген саласында жоғары сатыдағы 
біліктілік шеберлігі деп айтуға болады. Адвокат қорғау тактикасында шеберліксізде қолданынады, ол 
қаншалықты тиімді, дұрыс таңдалып, біліктілікпен жасай ала ма, проблема сонда.
Келесі проблемалардың бірі қорғауды басқа да тұлғалардың жүзеге асыруы. Адвокаттар, кәсіби 
қорғаушы ретінде ғана танылғандықтан, сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегін 
қамтамасыз ете алатындықтан, қорғаушы бола алады.
Қорғаушылар өз мәртебесін дәлелдеу үшін, қажет жағдайда қылмыстық процесті жүргізетін органға 
өзінің тиісті адвокаттар алқасына жататындығы туралы құжаттарды, қорғаушының осы іске қатысу құқығы 
үшін берген ордерді немесе маңызы бойынша оған теңестірілген құжатты қорғаушыны тағайындау туралы 
қоғамдық бірлестіктің немесе оның басшы органдарының шешімін тапсыруға міндетті. 
Сондай-ақ, заң шығарушы, қорғаушы ретінде сезіктінің, айыпталушы мен сотталушының 
жұбайын, жақын туыстары мен заңды өкілдерін, кәсіподақтардың және басқа қоғамдық бірлестіктердің 
өкілдерін осы бірлестіктер мүшелерінің істері бойынша қатысуына жол береді. Бұл жағдайда заң, 
айыпталушының қорғауға өз жақын туысқандарын немесе заңды өкілдерін шақыруға және қорғауға 
жіберуге мәжбүр ететін моральдық себептерді ескереді.
Алайда, бұл жерде сезіктіні тек кәсіби емес қорғаушылардың жоғарыда аталған санатын жі-
берумен ғана шектеп, олардың іске қатысуға кәсіби қорғаушыларды шақыру мүмкіндігінен айыруға 
болмайтындығын атап көрсету қажет. Себебі, ол тұлғалардың қорғау міндетін жүзеге асыруға қажет 
және жеткілікті білімдері, тәжірибелігі әрдайым бола бермейді. Атап айтқанда, олар қорғаушы ретінде 
қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын органдардың шешімі немесе істі қарайтын соттың қаулысы 
бойынша жіберіліп отырады. Дегенмен, олардан ерекшелігі қорғаушылар қылмыстық процеске кәсіби 
қорғаушы-маман ретінде қатысады.
ҚР ҚПК-ке сәйкес жақын туыстар болып ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап 
алғандар, бірге туған және бірге тумаған туыс аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі және немере-
лері саналады.
Заңды өкілдер – олар сезіктінің, айыпталушының, сотталушының, жәбірленушінің, азаматтық 
талапкердің ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезіктіні, 
айыпталушыны, сотталушыны немесе жәбірленушіні қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен 
адамдардың өкілдері.
Франция мемлекетінде, соттардағы кәмелетке толмағандарға қатысты істерге тек мемелекеттік 
органдарда олармен кемінде 10 жыл қызмет атқарған тұлғалар ғана жіберіледі. 


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
43
ҚР ҚПК-538-бабы 2-бөлігінде он алты жасқа толған кәмелетке толмағандар туралы істер 
бойынша педагог пен психологтің іске қатысуға жіберілуін судьяның, тергеушінің, заңды өкілінің 
не қорғаушының еркіне қалдырған [4; 6б.]. Дұрыс емес, олардың процеске қатысуы міндетті болуы 
керек. Қорғаушының барлығы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу барысында ол істің кәсіби 
маманы деп айтуға келмейді және онымен келісуге де болмайды. Мұндай жағдайларда, қорғаушы ре-
тінде кәмелетке толмаған сотталушы тұлғаның тілін, жан дүниесін, оның сот процесінде айтып жеткі-
зе алмай отырған фактілерін түсініп, бұл келеңсіздікті жою үшін қорғаушы, психологтің, педагогтың 
қызметтерін атқаруы тиіс. 
Демек, кәмелетке толмағандардың ісі бойынша қорғаушының қорғалушы тұлғаға қатысты 
міндеттемелерінің жауаптылығы еселене түспек. Себебі, оның алдындағы, өз іс-әрекеттеріне жауап 
беру міндеттемелері шектеулі, қоғам құбылыстарын толық түсіне бермейтін, оны қабылдау үрдісінде 
кемшілік тұстары жүйелі түрде кездесіп отыратын, қылмыстық заңнамалармен бірінші рет кезде-
сіп отырған, өз санасында қылмыстық іске қатысты фактілерді дұрыс қалыптастыруда кедергілерге 
жолығатын, оны қайта жаңғырту процесінде толық қанды қамтамасыз ете алмайтын тұлғамен, заңның 
аясында дұрыс, тиімді және дер кезінде қызмет көрсету жауапкершілігі тұр. Бұл міндеттемелер-
ді орындау барысында қорғаушыға, олардың психологиясымен тығыз байланыста, білімі жетерлік, 
аталған тұлғалармен жұмыс істеу өтілімі бар қорғаушы болуы тиіс. 
Жоғарыдағыларды негізінде, төмендегідей қорытынды жасауға болады. Кәмелетке толмағандар 
ісі бойынша арнайы мамандандырылған қорғаушыларды /адвокаттарды/ дайындау – жұмыстың жаңа 
ұсыныстарының бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет