Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
169
жоққа шығару ретіндегі шығармашылықтан тұратындығын есепке алады. Бір-біріне қарама -қарсы
болғанымен, бейнелеу мен шығармашылық бір- бірінсіз өмір сүре алмайды, өзара бір- бірін толықтырып,
бір-біріне енеді.
Сонымен, шығармашылық пен бейнелеу әртүрлі, бірақ өзара байланысқан құбылыстар.
Шығармашылықты адам мен адамзаттың мақсаттары мен мұқтаждықтарына сай табиғат пен әлеуметтік
өмірді шындықтың объективтік заңдарына сәйкес өзгеретін адам әрекеті ретінде түсіндіріледі.
Шығармашылықта материалдық және рухани процестердің диалектикасы орын алады, ол
танымдық және практикалық іс-әрекетті қамтиды. Шығармашылықтың әлеуметтік жағын қарастыра
отырып, сонымен бірге жеке бастың қасиеттері мен дарынын, рухани психологиялық ахуалын, оның
біліктілігін естен шығармаған жөн. Шығармашылық процестің, ішкі механизмін тереңірек меңгеру,
адамның шығармашылық мүмкіншілігінің мәнін түсінуге көмектеседі.
Белгілі философ Ә.Нысанбаев адамның шығармашылық мүмкіндігін оятудың маңызының зор
екенін көрсете келіп, негізгі үш түріне тоқталған»,
біріншіден, еңбек шығармашылығы өндірістегі же-
келеген қызмет түрлерін ғана емес, өндірістің барлық салаларын түгел қамтиды. Міндет әрбір жұмыс
орнындағы адам шығармашылықпен еңбек етуге мүдделі болып, оған жауапкершілікпен қарауы ке-
рек. Екіншіден, жұмысқа барлық уақытта да еңбекке қанағаттану сезіміне байланысты қарау. Өзінің
мамандығына көңілі толған адамның еңбегіде сапалы болады.
Үшіншіден, шығармашылықпен еңбек
етудің басты көрсеткіштері өнертапқыштық болып саналады. Шын мәнінде, өзіне сеніп тапсырылған
техниканың еңбек операцияларын, өндіріс технологиясын ұдайы жетілдіріп отыру ісіне барынша ат
салыспау мүмкін емес. Бұдан шығатын қорытынды адамның субъект ретінде қалыптасуына кедергі бо-
латын қайшылықтардан арылудың құралы, оның толық және сенімді ақпарат алып тұруы болып табы-
лады. Сонда ғана бұл ақпараттар адамның өзінің шығармашылық қуатын оятуға, сөйтіп, тұлға ретінде
қалыптасуына, сонымен бірге өзінің жаңаша жұмыс істеуіне мүдделілігін арттыруға бағыттайды.
Өйткені,осы аталғандар адамның өзін-өзі танытуға ұмтылысымен сипатталады.
Оқушының өз еңбегіне қанағаттану сезімі оның сабақтағы материалды меңгеруіне байланы-
сты болады. Демек, өткен немесе жаңа сабақ бойынша берілген тапсырманы орындауы сапалы бо-
лады.Шығармашылықпен еңбек етуге талаптанады. Оған балалардың өз шығармашылығымен еркін
тақырыпқа құрастырған ертегілерінен, мәтін мазмұнына сәйкес қиялы бойынша салған суреттерінен,
өткен
тақырыпқа ұқсас өлең, тақпақ шығару, логикалық тапсырмаларды орындауынан, анаграмма,
ребус құрастыруларынан көруге болады.
Философиялық сөздікте «мотив-адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған
мақсатқа итермелейтін сапалы әрекет», – деген анықтама берілген.
Қажеттіліктің негізінде туа отырып, мотив оны бара-бара айтарлықтай дәрежеде бейнелендіреді.
Мотив-ерік күштерінің әрекетін белгілі бір түрде негіздеу болып табылады. Оның өзі адамның қоғам
талаптарына деген қатынасын көрсетеді. Мотив – адамның іс-әрекеті мен қылықтарына баға беруде
маңызды рөл атқарады. Өйткені, адам іc -әрекетінің оның өзі үшін қандай субъективтік мәні болатыны
осыған байланысты.
Шығармашылық іс-әрекеттер оқушының жүйелі ойлау қабілетін, өздігінен білім алуға икемділігін,
дағдыларын дамытады, білім алуға қызығушылығын туғызады, ал мұның негізінде оқушының өзіндік
талпынысы, ерік жігері дамиды да сол арқылы оқу үдерісінде жоғары нәтижеге жетеді. Осыған бай-
ланысты бүгінгі таңда білім беру үдерісінде оқушылардың шығармашыл ойлауы мен шығармашылық
іс-әрекетін қалыптастыруға ерекше мән беріліп отыр. Өйткені, жеке тұлға өмірде кездесетін тосын
жағдайларда икемділік пен ойлаудың талдағыштық қабілетін көрсете алатын болуы қажет.
Жас ұрпақтың жан-жақты жетілуі олардың ойынға, оқуға, еңбекке, спортқа,
қоғамдық және
көркемдік іс-әрекетке белсенді араласуының арқасында іске асады
.
Достарыңызбен бөлісу: