Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
182
өңірінде көптеп өсірілетін, өсімдік. Оны құрғатып, құрамына әр түрлі заттар қосып езу арқылы на-
сыбай алынады. Осындай насыбайдың 200 г. ыдысқа салып үстінен 10 л. жылы су құйылады. Ыдыс
жақсы жабылатын болғаны жақсы. Тұнба жылы жерде тікелей күн түспейтін жер болғаны абзал, 3-4 күн
тұрады. Дайын болғанын тұнбаның сарғыш жасыл түске енгенінен білуге болады. Дайын болған тұнба
иісі ашқылтым, жағымсыз, қарапайым сүзгіден (дәке, елгезер т.с.с) өткізіп, арнайы шашыратқыштар
арқылы картоп жүйектеріне шашып шығуға болады. Әдетте 10 л тұнба 1га алқапқа жеткілікті. Егістік
күн ашық, таңғы немесе кешкі желсіз кездерде өңделгені жақсы. Біз тұнба дайындауға сыйымдылығы
10 л. ауызы жақсы бітелетін, пластмасса канистра пайдаландық. Сүзгі ретінде екі қабатталған дәке
пайдаланылды.
Осындай тәсілмен өңделген аймақта колорад қоңызымен қатар басқа да насекомдар, кенелер,
өсімдік биттері, құмырсқалар да жоғалады. Тәсіл қарапайым, бірақ әсері де қысқа 5-6 күннен кейін
қоңыздар қайта пайда бола бастайды.
Сондықтан тұнбаны жиі жасап, аптасына сеуіп тұру керек.
Достарыңызбен бөлісу: