Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
188
Жұмыс үстелінен шарт белгісін 2 рет шерту арқылы оқулыққа енеді.
2-сурет. Оқулықтың негізгі мәзір беті.
Оқулықтың негізгі мәзір терезесінде (6-суретте) жалпы химия пәні бойынша теориялық
мәліметтер, жалпы химиядан көрнекіліктер, есептер, тестілеу, әдебиеттер, авторлар және шығу батыр-
малар орналастырылған. Батырмаларды 1 рет шерту арқылы қажетті мәліметтерді оқи аласыз.
Электронды оқулықтарды жасау және құру – Қазақстандық білім беру деңгейін жоғарылатудың
негізгі мәселелерінің бірі. Сапалы электронды оқулық құрудың
технологиясы педагогикалық
информатиканың күрделі инновациялық бағдарламаларды білуді талап етеді.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі бойынша қашықтықтан оқыту жүйесінде электронды оқулықты
қолдану, электронды оқулық туралы түсінік және құрылымы, электронды
оқулықты дайындаудың
қазіргі таңдағы мәселелері мен мақсаты, электронды оқулықты
құруға қойылатын талаптары,
тиімділігі, артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы толық теориялық мәліметтер қарастырылды. Со-
нымен қатар электронды оқулық жасауда ақпараттық технологиялар мен программалау орталарының
маңыздығы келтірілді.
Зерттеу жұмыстың нәтижесінде периодтық жүйе элементтерін қашықтықтан оқыту электронды
оқулығы жасалынып, теориялық мәліметтермен қатар, тестілеу, кестелер, есептер, дыбысты видеола-
бораториялар дайындалып, оқулық құрамына енгізілді.
Қорыта
келгенде, электронды оқулықтар студенттердің:
– білім деңгейін тереңдетуге;
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
189
– өз бетімен іздену
қабілетін қалыптастыруға;
– ойлау жүйесі мен ойын дамытуға;
– химия пәнін үйренуге деген ынтасы
мен қызығушылығының артуына;
– сабақта өзін еркін ұстап, өз мүмкіншілігін
кеңінен пайдалана алуына;
– өз ісіне талдау жасай алуына көптен-көп көмегін тигізеді;
– қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;
– студент (білімгер) жұмысты орындау барысында ғылыми-зерттеу жұмысына тартылады, оның
бойында зерттеушілік қабілет пен ғылымға деген ынта қалыптаса бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: