Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
181
Егемен қазақтанда да ауыл шаруашылығы ішінде осы бақшалық егіс сапасына көп көңіл бөліне
бастады. Мемлекет экономикасының ауқымды бөлімін қамтитын көкөністік және дәнді дақылдар
өндірісіне дұрыс көңіл бөлу арқасында елде өсірілетін бақшалық өсімдіктер саны 70 тен асты. Егіп,
баптау, зиянкестермен күресу т.с.с мақсатында 2000 жылдардан бастап көптеген егістік дақылдарына
мемлекет тарапынан субсидиялар беріле бастады.
Әдеби берілімдер бойынша насекомдардың зиянкестік әрекетінің
салдарынан көптеген
экономикалық шығындар туындауда
. Статистикалық мәліметтерге жүгінер болсақ дүниежүзінде
барлық ауылшаруашылық дақылдар өнімінің зиянкестерден келетін шығынның мөлшері, 29,7 млрд.
долларға бағаланған [1; 30б].
Ерсесек қоңыздырдың көлемі, ұзындығы 1,2 см ені 7 мм шамасында. Оваль пішінді және арқа
жағы тмпайып, көтеріңкі келген ашық сары мен қоңырқай жолақтары кезектескен қоңыз. Қабыршақ
астында
қанаттары бар, сол арқылы біршама ұзақтыққа көрші бақшаларға, алқаптарға ұша алады.
Бірақ
ұшу мерзімі өте қысқа, күн ыстық кезде және қыстауға дайындалу кезінде ғана алыс
қашықтықтырға ұшады.
Қоңыздың ұрғашылары жапырақтың астыңғы жағына ұрықтарын (300-350 жұмыртқа) салады. Ол
дамып ересек қоңызға жеткенге дейін, әрқайсысы түлеумен шектелетін төрт кезеңнен өтеді. [2;4;6 әдеб].
Зиянкестермен күресудің әр түрлі тәсілдері бар, оларға химиялық, физикалық және биологиялық
жолдарды жатқызсақ болады. Колорада қоңызымен күресте химиялық
жолға басымдық берілген,
химиялық препараттар түрі көп, оның құрамы әр түрлі өсімдік жемісін жеген адамдарға да зияны болуы
мүмкін. Сондықтан зерттеушілердің біршамасы өнімді пайдаланушы адамға зияны жоқ биологиялық
күрес тәсілін пайдалануды ұсынады. Кей авторлар зиянкестермен күресте олардың табиғи жаулары
құстар, бақалар немесе жыртқыш қандалаларды т.с.с. пайдалануды ұсынады [3;5әдеб]. Осы сияқты
колорадо қоңызының өсіп дамуына, көбеюіне көп кедергі келтіретін адамға зиянсыз өсімдік тектес
препараттар (тұнбаларды) пайдалануды ұсынады[4; 59б].
Достарыңызбен бөлісу: