Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет95/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

Summary. This article discusses the problems of using information and communication technology in teaching 
chemistry, the role and importance of electronic textbooks made on the basis of electronic programs for their preparation.
Keywords: electronic textbook, distance learning, information and communication technologies, electronic 
programs.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның 
тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Әлеуметтік салада Білім 
беру сапасын жақсарту бағытына баса мән беру керектігін атап өтті. Осы жолдауда тағы бір өзекті 
мәселе бұл оқулықтардың сапасының төменділігі айтылды. Оқушыларды сапалы оқулықтармен 
қамтамасыз ету – тиісті министрліктің тікелей міндеті екенің атап көрсетті[1].
Қазіргі кезде білім беру процесінде компьютерлік технологияны қолдануға көп көңіл бөлінуде. 
Болашақта білім беру процесін компьютерсіз елестету мүмкін емес сияқты. Білім беру процесінде 
белсенді компьютеризациялау басталғанымен, алғашқы кезде компьютерлік технологияны қолдану 
көбінесе өте бір жаңа инновациялық құбылыстар үстінде дами бастады. Компьютерлік технология-
лар эффективтілігі жоғары және білім беру сапасын айтарлықтай көтеруі мүмкін. Бірақ білім беру 
процесінде компьютерді қолданып нақты жетістіктер мен нәтижелерге тек қана оны сауатты қолдануда 
ғана қол жеткізуге болады. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, 
бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық 
коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ор-
тасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық компьютерлік технология» ұғымы «оқытудың жаңа 
ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту тех-
190


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
191
нологиялары» және тағы басқа, тіркестермен тығыз байланысты. Қазіргі білім саласындағы оқытудың 
жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан – жақты білгір маман болу мүмкін 
емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, 
рухани тағы басқа, көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі да-
мытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық 
технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден 
оны дамытып нәтижесін көрсетеді[2].
«Ақпараттық компьютерлік технологиялар»- бұл термин бүгінде баспасөз беттерінде, теледи-
дар мен радиода жиі кездеседі. Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдары бар. 
Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның 
шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-мұғалімнің мүмкіндігін жоғарылататын құрал.
Қазіргі кезде дүние жүзінде білім беруді инновациялау процесі оқыту процесіне компьютерлік тех-
нологияларды жаппай ендіруді болжайды. Технологияның мультимедиасы электронды оқулықтарда, 
оқыту-әдістемелік комплекстерде, виртуалды лабораториялық жұмыстарда және тағы басқаларда 
қолданылады, олар соңғы уақытта танымалдыққа ие болып, дәстүрлік оқулықтармен қатар оқыту 
процестерінде кеңінен қолданыла бастады. Талапқа сай электронды басылымдарды жасау көптеген 
жаңарту мәселелерін шешуге және оқыту материалын маңыздауға, сонымен қатар, уақытында білім 
алушыларды керекті оқыту құралдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін еді. Одан басқа, элек-
тронды оқу құралдарын жасауда қолданылатын компьютерлік технологиялар дәстүрлік оқулықтарда 
жүзеге аспайтын көптеген дидактикалық мүмкіндіктерді үлестіріп беруге мүмкіндік береді[3].
Бұл жайттарға мына объективті мәселелер себеп болды: ғылым, техника мен мәдениеттің 
қарқынды дамуы информацияның тез ескіруіне әкеледі, әсіресе, информатика сияқты аймақтарда 
оқытушы оқытуды типографиялық шарттарда басылымдарға дайындау көп уақытты талап етеді, ол 
оқытушы оқулықтарда уақытында қамтамасыз етілуін, әсіресе, арнайы оқыту әдебиеттерін қамтамасыз 
етуді қиындатады.
Қазіргі заманға сай электронды оқулықтарды дайындау, жасау және құру – Қазақстандық білім 
беру деңгейінің сапалылығын артырудың және жоғарылатудың негізгі мәселелерінің бірі. Электрон-
ды оқулық құрудың технологиясы – педагогикалық информатиканың және ақпараттық жүйенің 
ең күрделілерінің бірі, өйткені сапалы электронды оқулықты құру көптеген соңғы инновациялық 
бағдарламаларды білуді талап етеді[3].
Біздің елімізде оқыту процесінде ақпараттық технологиялар енді қарқындап дамып келеді. 
Елімізде инновациялық тұрғыда оқытатын сапалы электронды оқулықтар енді қолға алына баста-
ды. Оқытушылар оқыту процесінде жаңа технологияларды аз қолданады. Бұл оқытушылардың 
компьютерлік және информациялық технологиялар жайлы білімінің жеткіліксіздігімен байланы-
сты. Көбісі олардың қолданылуы туралы көзқарастары өте төмен. Көптеген оқытушыларда оқыту 
процесінде мұндай жаңалықтардың қолданылуларына мүмкіндіктері жетіспейді.
Химия пәндерінен елімізде анимациялық-демонстрациялық жобалар мен интерактивті-
мультимедиалық оқулықтар жоқтың қасы деуге де болады. Негізінен, химиялық салалар бойынша 
сапалы мамандар, білімді азаматтарды дайындау үшін лабораториялық тәжірибелерді электронды 
оқулықтарда, мультимедиалық тұрғыда, дәстүрлі түрде де көрсету қажет.
Қазіргі кезде кез-келген пәнді қашықтықтан оқытудың бірден-бір әдісі электронды оқулықтар, 
слайдтар, презентациялар, аудио және видео сабақтармен оқыту болып табылады. Жалпы және 
бейорганикалық химия пәнінен лабораториялық практикумды қашықтықтан оқытуға дайындалған 
электронды оқулықта әрбір лабораториялық жұмысқа жеке мәзір құрылып, ішкі беттерін HTML-де 
(Гипертекстік белгілеу тілінде) және Microsoft Front Page ортасында гипермәтіндер мен гиперсілтемелер 
жасалынды.
Электронды оқулықтың құрылысын толық жасап болған соң, калькулятор, периодтық жүйе, 
анимациялық қимылдары Adobe Flash программасы арқылы дайындалды. Видеолабораторияны Movie 
Maker программасында жасап, электронды оқулықтың компьютерде автоматты түрде жүктелуі Design 
Autorun программасы арқылы ұйымдастырылды. Электронды оқулық дербес компью-терге жүктегенде, 
батырмасын шерткеннен кейін экранға 1-суреттегі оқулықтың басты терезесі пайда бо-
лады. 


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
192


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет