Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет97/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. 
Қасым-Жомарт Тоқаев
. Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің 
негізі
. Қазақстан халқына жолдауы. Астана: 2 қыркүйек қаңтар 2019ж.
2. Гречихин А.А., Древс Ю.Г. Вузовская учебная книга: Типология, стандартизация, компьютеризация. 
М.: Логос, 2000.
3. Беспалько В.П. Образование и обучение с участием компьютеров. – М.: Изд. Московского психолого-
социального института, 2002. – 352 с.


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
195
ӘОЖ 3786:37
Күнпейс Ж., Нурмухамбетова Т., Дүйсекова М.Т., Нұрлыханқызы Е.
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБ ІЛЕТІН ДАМЫТУ
Түйін. Мақалада жолдары мен мүмкіндіктерін дамыту, шығармашылықпен х қабілеттерін дамыту, 
ұсынылатын оқу материалдарында көркем еңбек.
Кілт сөздер: Творческие спосовности,активность, творческая личность, одаренность, творческие дей-
ствия.
Резюме: В статье рассматриваются пути и возможности, развития творчески х способностей учащих-
ся, предлагаемые в учебных материалах художественного труда.
Ключевые слова: творческий поиск,активность, творческая личность, одаренность, творческая дея-
тельность.
Summary.. The article discusses the ways and opportunities for the development of creative abilities of students 
offered in the educational materials of artistic work.
Keywords: creative search, activity, creative personality, giftedness, creative activity.
Егемендік Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Әр баланың қабілетіне қарай 
жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер қарастырылған. 
Өйткені, бүгінгі таңда ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге жұмыс 
жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандарды қажеттеп отыр. Ал білікті мамандардан 
білім алып шыққан жастардың қоғамға тигізер пайдасы одан зор болуы тиіс. Сондықтан еліміздің 
барлық жоғары оқу орындарының білім беру жүйесі де қоғам дамуымен бірге қарқынды дамып
жетіліп отыруы тиіс.
Жас ұрпаққа сапалы білім беру арқылы оқушы санасын біз айтып отырған қоғам талаптарына 
сай болуы үшін, бірінші кезекте оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуды көздейтіні белгілі.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Ол үшін адам 
баласы,өмірде дұрыс жол таба білуі үшін, адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер 
қабылдай білуге үйренуі керек.
Шығармашылық адам бойындағы ашылмаған даралық қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне 
жол бермеуге, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
Жалпы шығармашылық – мағынасы кең, сан – қырлы ұғым. Ол мазмұны мен ұғымының тығыз 
байланыстылығымен ашылады. Дегенмен шығармашылық – таным, шығармашылық – ғылыми және 
шығармашылық – көркемдік ізденістерден тұрады.
Педагог ғалым Б.Ортаев өзінің ғылыми еңбектерінде «Шығармашылық – қандай да бір сапа-
лы жаңаны тудыратын және қайталанбайтындығымен, даралығымен ерекшеленетін іс- әрекет деп 
түсіндіреді [1].
Зерттеудің нәтижелерін тұжырымдай келе бірқатар педагогтар, адам шығармашылық жұмыспен 
шұғылданған кезде оның бойындағы барлық рухани күштер іске қосылады, таным, түйсік, пай-
ымдау, оқу мен практика кезінде жинақталған шеберліктері, әсіресе, қиял арқылы ойлау үдерісі 
шығармышылық жұмыста өз нәтижесін береді. Демек, шығармашылық іс-әрекет оқу мен тәрбиелеудің 
белгілі бір мақсатты көздеген жаңашыл ізденістен туындайтын нысандарды жасау құралы ретінде 
қарастырылады.
Шығармашылық нәтижесі іздену барысында пайда болатын затта, іс-әрекетте және ойда орын-
далады. Олай болса, шығармашылық адам іс-әрекетінің барысы тәрізді маңызды сипатта болатын пе-
дагогика ғылымында тереңінен зерттелінгендігі атап өтілген [2].
Кейбір ғалымдардың анықтамасы бойынша шығармашылық – жаңаның, бұрынғыны 
қайталамайтын ойлау қабілетінен туындаған өнімнің пайда болуына қол жеткізетінін, шығармашылық 
ойдың белгілі бір нәтижеде танып білудің жолдары деп кеңінен қарастырылған.
195


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
196
Өйткені, адам туынды ғана емес жаратушы да. Ол өзін жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен өзі 
жойылуға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап 
тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру – білімнің 
басты мақсаты болып танылады.
Сонымен бірге кейбір ғалымдардың берген анықтамасында шығармашылық-жаңа нәрсе ойлап 
табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. «Шығармашылық» сөзінің мәні неде? – деген сұраққа жауап бе-
руге тура келеді. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару, іздену, ойлап табу» дегенге саяды. Демек, 
бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу.
Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Н.Пономарев оны «даму» ұғымыен қатар қояды. 
Өйткені, әрбір жаңалық әсіресе интелектуалдық тұрғыдағы баланы жаңа психикалық сапаға көтереді 
деп түсіндіреді[3].
Бұдан біз «шығармашылық» ұғымының негізгі белгісі «жаңалық» болғанымен, ондағы тұлғаның, 
адамзаттың, қоғамның дамуына әсер ететін ерекше күштің бар екенін байқаймыз.
Сондықтан, білім берудің барлық сатысында, әсіресе 60-70 жылдар барысында мектеп 
оқушыларының шығармашылық іс – әрекетін анықтау, оны дамыту мәселелеріне көңіл аударуды қажет 
ететіндігі зерттеле бастады. Дегенмен, оқушыларды шығармашылық іс- әрекетке дайындау оқытудың 
барлық үрдерісінде жүзеге асуы қажет деп түсіндіреді.
Аксиологиялық көзқарас авторлары (Г.С.Батишев, Н.С.Злобин, М.С. Каган т.б.) шығармашылықты 
байқау арқылы құндылық өлшемдері, адамның субъективті іс-әрекетпен байланысты қажетсінуі және 
қызығушылығының дамуы деп қарастырады[4].
Онтологиялық ойдың авторлары В.С.Библер, С.С.Гусев және т.б шығармашылықты адамның 
ортада болмысымен байланыстырады.
Педагог ғалым А.Сайпов өзінің еңбегінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың 
өзектілігі мына төмендегі сұрақтармен атап көрсетеді[5]:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді. 
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сыни көзбен қарауға.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды,қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Демек, шығармашылық еңбектің арқасында баланың пәнге деген қызығушылығы артып, кез-
келген тақырып аясында баланың дүниетанымы, баланың сабаққа белсенділігі арта түседі. Мысалы 
ретінде:Мен кез келген істі- істей аламын деген, өз біліміне сенімділігі. Мұндай құлшыныс, мақсат 
мұрат кез-келген оқушыда әрдайым байқала бермейді. Жасыратыны жоқ, жалпы білім беретін орта 
мектеп оқушыларының барлығы белсенділік көрсете бермейтіні анық. Сыныптастарын өзімен бірдей 
құрбы ретінде санағанымен, оқу пәндерінің ортақ тақырыптарын даралап айтып беру, өз ойын айқын 
түрде түсіндіріп беру немесе математикалық есеп шарттарын, амалдарын дұрыс орындауда даралық 
қабілеттерін көрсете бермейтіні де дәйекті.
Осындай мәселелерді орынды шеше білуге оқушыны бағыттай білу, тек қана білікті ұстаздардың 
арқасында білімге құштар оқушының даралық қасиеттерін аша білеміз.
Сондықтан, кез-келген оқушыны жай ғана оқыту, дамыту емес, бүгінгі күні ХХІ ғасырдың 
ақпараттанған,жан-жақты мәдениетті, білімді өз ісінде тиімді пайдалана білетін, өмірге икемделген, 
қоғамдық ортадағы бәсекеге қабілетті, дарынды шәкірт тәрбиелеу барлық ұстаздардың міндеті болып 
табылады.
Шығармашылық, жалпы айтқанда, тұлғаның жасаған жаңаша өзгерістері мен іс- әрекеттері. 
Оқушылардың білім мен дағдылары оқу қызметінде жүзеге асырылған жағдайда ғана шығармашылық 
нәтижесін береді. Осындай іс-әрекеттер шығармашылық идеялар, ойлар тудыра отырып жаңалық 
енгізуге әсерін тигізеді.
Сайып келгенде, жалпы білім беретін орта мектептің байырғы оқу пәндерінің бірі технология 
пәнінің оқу материалдарының барысында сәндік-қолданбалы өнердегі әртүрлі кестелеу, тоқымашылық, 
тігіншілік, бұйым бетіне өрнек салу жұмыстары тұлғаның шығармашылық іс-әрекетінің маңызды түрі 
болып табылады. Әсіресе қыз балаларды жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарындағы 


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
197
сәндік-қолданбалы өнері арқылы шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту мәселелері 
оқушылардың пәнге деген қызығушылық іс әрекеттері, оқушының шығармашылық белсенділігінің 
жоғарылауы, теориялық және тәжірибелік тұрғыда байқала бастайтыны дәйекті.
Демек, шығармашылық іс-әрекеттің қарама-қайшылықтары тұлғаның математика,бейнелеу 
өнері, еңбекке байлу сабақтарынан алған білімінің тереңдігіне байланысты шешіледі[7]. Материал-
дарды көркем өңдеуден оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруға тұлғаның қызмет 
дағдысы, спецификалық ерекшеліктері қажет. Осыған байланысты шығармашылық іс-әрекет арқылы 
оқушылардың бойында қалыптасатын төмендегі дағдыларды атап өтеміз:
– шығармашылық қызмет оқушылардың белсенділігін айқындайды және нақты мақсатқа жету 
үшін қарама-қайшылық мәселелерін анықтауға бағытталады;
– субъект шығармашылық іс-әрекеттің алдына мақсат қояды, қойған мақсатқа жетуге қабілетін 
арттырады;
– шығармашылық іс-әрекет басқа қызмет сияқты әлеуметтік және тұлғаның дағдысын, іс-
әрекетін қалыптастырады.
Әсіресе 7-8 – сыныптардың оқу материалдары негізінде ұлттық қолөнерді оқытуда оқушыларды 
шығармашылық іс – әрекетке баулу халқымыздың сәндік-қолданбалы өнерінің ролі зор болып 
келеді. Өйткені , халқымыздың ертеден келе жатқан ұлттық өнерінің түр сипатын заманауи тұрғыдан 
жаңартып, ұлттық қолөнеріміздің бай мұрасын қайта тиімді жағынан қарастырып, әшекейлік жағы 
құлпыра түсуді талап етеді.
Кешегі күнге дейін,ұлтымыздың ұлттық қолөнері арқылы балаларының бойына эстетикалық 
талғамның қалыптасуы, шығармашылық іс-әрекетінің дамуы ата-анасының іскерлігінен, 
жауапкершілігінен туындайды деп білеміз. Қыз балаларды аналары қолөнердің кең тараған түрлері- 
кілем тоқуға, сырмақ сыруға, құрақ құрауға, кесте тоқуға, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасап, киім 
тігуге баулып отырған. Бұндай өнер туындыларын жасау ерекше талғампаздықты, нәзік икемділікті 
жоғары эстетикалық талғамды талап етеді. Ана балаға өмір сыйлаумен ғана емес ол өзінің бар білгенін 
абзал, адамгершілік қасиеттерге баули отырып, ұстамдылықты, сабырлылықты, төзімділікті, өмірде 
кездесетін қиыншылық атаулыны қажырлылықпен жеңе білуге баулыған. Арғы ата-бабаларымыз 
жігіттердің бойына өнер мен еңбекті адамгершілік қасиеттерімен ұштастырып, ағаштан, темірден, 
теріден тұрмысқа қажетті түрлі бұйымдар жасауға, яғни қолөнер кәсібіне, шеберлікке баулып отырған.
Дегенмен, мектеп оқушыларын технология пәні арқылы сәндік – көркем еңбекке баулуда 
технологиялық даярлықтың шығармашылық мақсаттарын төмендегідей анықтауға тура келеді:
а) оқушыларды қоғамдық қатынастар арқылы технологиялық бейнесін қалыптастыра отырып 
олардың шығармашылық қабілетін, тұлғалық касиетін дамыту;
б) оқу және оқудан тыс еңбектік іс – әрекеттердің түрлеріне қатысу барысында қоғамдағы 
тұлғалық орнын табу.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер өз шешімін табуы керек:
– оқушылардың жан-жақты технологиялық ойлауын қалыптастыру;
– оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу арқылы, еңбекке деген кажеттілікті шығармашылық 
тұрғыдан қалыптастыру және олардың белсенділігін үнемі жетілдіріп отыруға үйрету;
– шығармашылық іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгеріп әр түрлі шешімдер қабылдауға мүмкіндік 
беретін іскерлікті қалыптастыру;
– еңбек, технологиялық, эстетикалық, экологиялық т.б. мәдениетін калыптастыру;
Осы орайда оқушылар жұмыс барысында халқымыздың көне ұлттық өнерлерін зерделей оты-
рып, шығармашылық көзқараспен жұмыс барысын жоспарлайды, іс-әрекеттің нәтижелі болуы үшін 
барлық мүмкіншілікті пайдалана отырып, алдына қойған мақсатына жетуді жүзеге асыруды ойлай-
ды. Ең маңыздысы, ұлттық қол өнерімізді бүгінгі қоғамның талабына сай, ұлттық болмысымызды 
шығармашылық тұрғыдан байыта түсуді көздейді.
Қорыта айтқанда, мектеп оқушыларының сабақ барысында өңдеуге қажетті материалдарды 
көркем өңдеуде шығармашылық іс-әрекетін талдау барысын төмендегіше қорытындылауға болады:
– оқу үдерісі және шығармашылық іс-әрекетті дамыту бір-бірімен тығыз байланысқан. Бір 
жағынан оқу шығармашылық іс-әрекеттің негізі болып табылса, екінші жағынан оқу үдерісіне қажетті 
мақсат болып табылады;


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
198
– шығармашылық іс-әрекет оқушыларға олардың шығармашылық потенциалын дамытуға 
мүмкіншіліктерін тудырады.
Демек, білім беру барысындағы үдеріс оқушылардың қызығушылықтарын оятады, оны 
объективті және субъективті бағалауға бағытталған олардың іс-әрекеті деп санауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет