Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
145
ӘОЖ 37.378
Абдрашова Э.Т.
магистр,
аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік
инновациялық университеті,
Шымкент,
Қазақстан
Мамиков С.А.
магистр, аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Накай А.А.
магистр, аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Казақстан
Жуманова Р.Е.
магистр, оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Казақстан
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІПТІК ҚҰЗЫРЛЫҚТАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Түйін. Бұл мақала құзыреттілік тәсілде білім беруде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мәселелерін
зерттеуге арналған. Құзыреттілік тәсіл білім алушыларда оқу үрдісінде белгілі бір құзыреттіліктерді
қалыптастырумен анықталады, ал оқу іс-әрекеті зерттеу немесе практикалық-түрлендіргіш сипатқа ие
болады. Білім алушылардың оқу-танымдық қызметін белсендірудің, олардың жеке басының кәсіби маңызды
қасиеттерін қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі проблемалық оқыту болып табылады. Проблемалық
жағдайларды құру, оларды талдау және шешу-бұл индустриялық еңбектің өзгермелі мазмұны жағдайында
еркін және тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттерді қалыптастырудың маңызды резерві.
Достарыңызбен бөлісу: